Ақпараттық мәдениет және ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жалпы мәселелері


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ЖОО кітапханалары оқырмандарының
ақпараттық мәдениетін көтеру
Орындаған Нұрғалиева А. Қ.
4 курс (4 жылдық) студенті
Ғылыми жетекшісі
ф. ғ. к., профессор Т. Н. Ермекова
Алматы, 2019
Жоспар
Кіріспе . . . 4
І тарау: Ақпараттық мәдениет және ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жалпы мәселелері
1. 1 Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның қалыптастыру негіздері . . . 7
1. 2 Ақпараттық мәдениет және оның түрлері . . . 13
ІІ Тарау: ЖОО кітапханаларындағы ақпараттық мәдениетті дамыту бағыттары
2. 1 Ақпараттық ресурстар және оларды пайдалану ерекшеліктері . . . 20
ІІІ Тарау ЖОО кітапханаларының қорларын жинақтауды жетілдірудің қазіргі кездегі жағдайы және мақсаттары . . . 45
3. 1 Қазақстандық кітапханалардағы ЖОО кітапханаларының қорларын жинақтауды жетілдірудің қазіргі кездегі жағдайлары мен мақсаттары . . . 45
3. 2 Шетелдік кітапханалардағы ЖОО кітапханаларының қорларын жинақтауды жетілдірудің жағдайлары мен мақсаттары . . . 54
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60
КІРІСПЕ
Білім бар жерде жерде кітап көбейеді. Кітап бар жерде білім өркендейді. Қазірге дейін кітапханаларға болған көзқарас, сол қоғам мүшелерінің білімге деген көзқарасының өлшеуі болып саналады. Кітап - білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше. Кітапхана экономикалық потенциалдың өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға адамдардың, әсіресе жастардың, ойөрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруға пәрменді ықпалы бар фактор екенін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттерінің бірі болып табылады. Олай дегеніміз, кітапхана аз ғана тарихи уақыт ішінде айтарлықтай табысқа жетті. Қазіргі күнде де кітапханалардың өрістеуі шарықтамаса, толастаған емес. Бұның айғағы ретінде де тәуелсіздігіміздің туы қолымызда желбірегеннен бері, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың назарынан да тыс қалмады. Соның айғағы, халқымыздың рухани тыныс тіршілігіне тың серпін әкелген игілікті іс ретінде зор бағаға ие болып отырған Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламадағы мәдени мұраны сақтау мен өркендетудiң бағыттарында: ТМД елдері мен шетелдік мұрағаттарындағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды, қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру; ұлттық әдебиетіміз бен өнеріміздің бай мұрасын зерттеп, жүйелеп, көп томдықтар түрінде басып шығару еді. Осы “Мәдени мұра” бағдарламасы іс-шаралары бойынша қазіргі күнде біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Оған кітапханалардың қосып жатқан үлесі мол. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс 4 істей бастады.
Кітапханалардың қалыптасуы, кітапхана қызметкерлерін дайындау, олардың әлеуметтік ахуалы XX ғасыр басында қазақ қоғамының өтпелі кезеңінде болды, оның таңдаулы үлгілерінің, ізденістері мен тәжірибесінің Қазақстандағы бүгінгі мәдени процестер үшін де маңызы бар. Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы курсын оқу барысында болашақ маман − әлемге әйгілі Александрия және Отырар кітапханасынан бастау алып, Қазақстанның партиякеңес органдарының кітапханаларды құрудағы және дамытудағы қызметін, кітапханалардың жалпы жүйесінің қалыптасуын және дамуын, оның жұмысының мазмұны мен түрлерін, әдіс-тәсілдерін, мамандар даярлаудың ерекшеліктерін оқып, үйренеді. Бүгінде кітапхананың тарихын студенттердің зердесіне құйып, оларды осы тағылыммен таныстырып, тарихи санасын қалыптастырудың маңызы зор.
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып, шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі - кітап проблемасы. Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақ тіліндегі оқулықтар сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс», - [1] деп, атап көрсетеді. Дипломдық жұмысты жазу барысында, кітап проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А. С. Пушкин ажал сағаты тақаған кезде кітап сөрелеріне карап: «Қош болыңдар, достар!» деген екен. «Егер мен байысым, тек қана кітап сатып алар едім», - деп, М. Горкий рухани байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой салған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Адамзат мәдениетін қалыптастырып дамытуда, адам парасатын биіктетуде, білімін шыңдап көтеруде баға жетпес үлкен қазына кітап екенін ескерсек, басты проблемаға айналып отырған кітап мәселесін баспасөз бетінде жариялау, яғни алдымызда тұрған проблемаларды ертеңгі күннің игілігі үшін ойдағыдай шешуге ат салысу - рухани азығымызға бей-жай қарамайтын зиялыларымыздың түпкі мақсаты, басты міндеті болмақ. Ал мен өзімді толғантып жүрген кітап әлемінің қыр-сырларымен танысып, мүмкіндігінше жан-жақсы іздене отырып түсінік беруге тырысып бақтым. ЖОО кітапханаларындағы оқырмандардың ақпараттық мәдениетін көтеру және де оны дамытудағы жасалып жатқан жәйттер туралы толығырақ ақпарат беруге тырыстым. Қазіргі таңда осы тақырыпты кім көтеріп жатыр, не жазып жүр, қалай жазып жатыр деген мәселенің басын ашу, талдау менің алғашқы міндетім болмақ.
Зерттеудің әдістер: Дипломдық жұмысты жазу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама, салыстырмалы және салыстырмалы-тарихи әдіс сонымен қоса жинақтау, логикалық сараптау әдістері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және және қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І ТАРАУ: АҚПАРТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның қалыптастыру негіздері
Қазақ жерінде алғашқы кітапханалардың құрылуы орыс ағарту ісі мен мәдениетінің тарауымен тікелей байланысты. Орыс мәдениеті Қазақстанға әртүрлі жолдармен ене бастады. Соның бір негізгі жолы - алдыңғы қатарлы орыс интеллегенция өкілдері және оның әдебиеті. Ресейде кітапхана ісінің дамуына ықпалын тигізген белгілі қайраткерлер − В. И. Собольщиков, В. В. Стасов болса, ал Қазақстанда кітапхана ісінің мектеп пен училище кітапханаларын алғаш ұйымдастырушы, кітапхана ісінің негізін қалаушы педагог − Ыбырай Алтынсарин еді. Ол мектеп кітапханаларын ашуға тікелей араласып балалардың сауатын ашып, оқуға үйретумен қатар, олардың кітап оқуына жетекшілік жасау, келешекте мамандығына байланысты кітап байлығын пайдалана білуге үйретуіміз қажет деп санады. Ы. Алтынсарин мектеп кітапханаларын қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің ошағына айналдыруға тырысты. Ыбырай Алтынсарин мектеп пен училище кітапханаларының негізгі міндетіне көңіл бөле отырып, сол кітапханаларды мүмкіндігінше жалпы көпшілік халықтың пайдалануына жағдай жасай отырып, өзі кітаптарды, оқу құралдарын кітапханаларға жинақтайды. Кітап қорын толықтыру мақсатында орыс жазушылары мен ағартушылардың шығармаларын қазақша аударды. Оларды орыс-қазақ мектептерінде оқулықтар, қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға ұсынады. Ы. Алтынсарин аудармалары, мектеп кітапханаларында кітап қорының негізін құрады. Олар: И. А. Крылов, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинскийдің т. б. жазушылардың шығармалары еді. 1879 жылы Қазақстандағы мектеп кітапханаларына Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» деген бірінші кітабы қазақ тілінде берілді. [3, 15 бет]
Бұл тек оқу құралы ретінде ғана пайдаланып қоймай, көпшіліктің оқитын кітабына айналған «Қырғыз хрестоматиясы» 2 мың данамен басылып шығады. Ы. Алтынсарин мектеп пен училище кітапханалары үшін кітаптарды және оларды әрбір мектепке бөліп жеткізу ісіне көңіл бөліп, көп еңбек етіп, кітапханаларды демократияландыруға тікелей көмектесті. Алтынсариннің пікірінше, кітапханалар - барлық халықтарға бірдей қызмет етуге тиіс. Осылай алғаш рет қазақ даласында кітапханалардың халық ағарту саласындағы қызметінің маңыздылығы байқалынды. Олардың жұмысын ұйымдастыру, атап айтқанда каталогтар құрастыру, кітап қорын толықтырып, оны сақтау, оқырмандарға қызмет ету жөніндегі мәселелер арнайы қаралып, ерекше көңіл бөліне бастайды. Осындай қазақ мәдениетіне өз септігін тигізген ойшылдардың бірі - Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж. ) озық мәдениетті игеріп, қабылдаған, өз заманының алдыңғы қатарлы ойшылдарының деңгейіне көтерілген алғашқы қазақ ғалымы еді. Н. Потаниннің естеліктерінде Шоқанның кітап оқуы оның әр нәрсеге сынай қарайтұғын қабілетін одан әрі дамытып, мінезқұлық мәселелерінде, шығыс филология саласында таңқаларлықтай нәтижелерге жеткендігі көрсетілген. Ол: «Егер Шоқан қырғыз халқының ішінде оқырман ортаға тап болса, ол өз халқының данышпанына айналып, өз туыстарының әдеби қайта өрлеуінің негізін қалаған болар еді», -деп ерекше атап өтеді.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде қолданылған оқу орындарының жарғысы бойынша гимназия мен уездік училище кітапханаларының слеті ұйымдастырылады. Оқушылар кітапханаларын аша отырып, өкімет оған ең алдымен өзінің самодержавиялық-крепостниктік идеологиясын енгізіп, полицейлік бюрократтық аппараттың сенімді шен иелерін дайындау үшін пайдалануды мақсат етеді. Сол кездегі оқушы кітапханаларының қоры мен іздеген кітаптарын табуға ниеттенген оқырмандардың жағдайын көз алдыңызға келтіру үшін тағы да Потаниннің естеліктеріне жүгінейік: «Біздің кітап оқуымыз кедей болатын, оқушылар кітапханасы түгелдей дерлік тек орыс генералдарының өмірбаяндары мен әртүрлі соғыстардың сипаттамаларынан құралған еді. Ең қызық кітап балаларға арнап өңделген «Дюман Дервилдің саяхаты», «Маншлейннің жазбалары», «Карамзиннің тарихы» болатын. Тіпті бұл кітаптардың өзі біздің қолымызға қиыншылықпен түсетін. Шоқанға басшылардың іргелі кітапханалардан кітап алуға рұқсат бергені мен үшін бақыт еді. Шоқан қол жеткен кітап қоймасынан «Палластың саяхатын» және «Рычковтың күнделікті жазбаларын» әкелген біздің өсіп дамуымыздың бүтіндей бір дәуірі еді. [3, 27 бет]
Ш. Уәлиханов: «Халықтың қалыпты өсуі мен дамуы үшін ең алдымен бостандық пен білім қажет. Демек, ең алдымен оқып үйрену қажет», деп жазады. Бұл тілек қоғамдық майданға Абай Құнанбаевтың келуімен жүзеге асады. Ұлы ақын және ағартушы демократ Семей қаласында діни білім алады, парсы, араб тілін үйреніп, Фирдоуси, Сағди, Омар Хайям шығармаларының түп нұсқасын оқиды. Орта Азия мен Қазақстанның мәдениет қайраткерлері өздерінің естеліктерінде рухани байлықты медреседе оқудан гөрі, жасырын түрде кітап оқу арқылы толықтырғанын көрсетеді. Абай орыс халқының алдыңғы қатарлы мәдениетімен Семейдегі Н. В. Гоголь атындағы кітапханадан кітап оқу арқылы танысады. Осы кітапханада ол саяси айдаудағы Е. Н. Михаэлиспен танысады. Орыс зиялыларының ішінен Абайды ерекше бағалап сүйген - П. Е. Михаэлис еді. Абай Михаэлистің ұсынуы бойынша Пушкин, Лермонтов, Крылов т. б. классиктердің шығармаларын оқиды. Семейдегі мұражай мен кітапхана П. Е. Михаэлистің күш салуымен ұйымдастырылады. 1885 ж. Америка тілшісі Семейдегі мұражаймен, Абай кітапханасымен танысады, ондағы Сиенсер, Бокль, Милль, Стендаль шығармаларын, В. Скотт, Диккенс, Мариэтта, Троллер, т. б. романдары мен повестерін көріп таң қалады. Мұндай кітаптардың жинақталуы және пайдалануы, интеллигенция үшін абырой, бұл кітаптар Семей туралы бұған дейін көргенім мен естелігімнен де жоғары пікір қалдырды», деп Семей қаласындағы өткізген күндері туралы өзінің «Сібір және жер аудару» атты кітабында жазады. Егер Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» қазақ тіліндегі алғашқы әдеби қадам болса, Абай шығармалары қазақ халқының мәдени өмірінде жаңа дәуірді ашты, жалпы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай арқылы қазақ мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Орыс халқы мен қазақ халқының арасындағы мәдени қатынастардың нығаюы кітапхана ісінің дамуының алғашқы баспалдағы болды
Осы тұрғыда тоқтала кететін үлкен бір жайт ол ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет -адам ойы қолының ісі. Мәдениет саласындағы сияқты ешбір адам салада адамның ақыл-парасаты творчестволық сипат көрсетпейді. Мәдениеттің құрылуының арқасында адам шынайылықты көрсететін символдар әлемін жасады. Символдар әлемі адамның шешендікке бейімділігі сияқты, сөз нақышын келтіреді. «Шартты белгілерді таңбалау үшін біз қолдатын осы терминнің көмегімен хабарлама жасау іске асты». Адамның эволюциялық дамуында маңызды рол атқаратын сөйлеу адамның нақты ерекше құбылысы. Кебернетика ғылымының негізін салушы К. Вейнер «Барлық адамның әлеуметтік өмірі оның қалыпты көрінісінде тілдің айналасына шоғырланады. [1, 12 бет] Тіл адамға тамаша ынта береді және адамның жетістігін білдіреді» деп жазды.
Біздің өркениетіміздің ақпараттық шежіресінің шығу тегі тарихтың түп тамырында жатыр. Тарих жағынан ақпараттанудан түсіну неғұрлым толық.
К. К. Колин, А. И. Рахитов. Э. П. Сененюк т. б жұмыстарында көрсетілген. Онда ақпараттық мәдениеттің даму үрдісіне баса назар аударылып, оның тарихи және әлеуметтік себептестігі анықталып, ақпараттық мәдениеттің тарихи үлгісін қалыптастыруға талпыныс жасайды. «Ақпараттардың компаненттері мен уақытша қозғаушы күштер үйлесуі тиіс» дейді.
Алғашқы ақпараттық ревалюцияны тіл, сөйлеу технологиясы, оның берілу, есте сақталуымен байланысты. Бұл өнер адамның жинақталған білімін сақтап қана қоймай, оның кеңінен таралуына мүмкіндік берді. Сонымен бірге, құжаттық ақпаратты таратушылар шығып, қарым-қатынас сферасы кеңейді. Оның аумағының түрлері мен мүмкіншіліктерінің арқасында ақпараттық мәдени дамуының жаңа сатысының пайда болуына алғы шарттар жасалды. [3, 7 бет]
Кітап шығару үшінші ақпараттық революцияның ең тиімдісі технология өнері болды. Ол индустриалды қоғамды, мәдениетті және қоғамдық, тарихи іс-әркеттерді ұйымдастыру әдістерін түбегейлі өзгертті. Қоғамдық ақпараттық құжаттарды пайдаланушылардың саны өсті, ең бастысы-ақпараттық, ғылымды, ақпараттық мәдениетті неғұрлым кеңінен тарату басталды. Кітап шығару адам ойының бүкіл жетістігін жинақтауға, білім алу үрдісін жеделдетуге мүмкіндік берді, адамдар арасындағы сауаттылық күшейеді.
"Ақпараттық мәдениет " екі басты ақпарат және мәдениет ұғымдарына негізделеді. Осыан қарап оның "мәдени" және "ақпараттық" жақтарын ерекше айыруға болады.
Мәдени жағынан көптеген анықтамалар білім жағына, ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыруды көздейдін ақпараттық іс-әрекеттерге сүйенеді. Ақпараттық мәдениетті бәрінен бүрын жалпы мәдени өмірінің мағызды салаларының бөлігі ретінде ұғыну қажет. Ол адамның әлееттік жаратылысымен тығыз байланысты. Сондай-ақ мәдени болмысты адамның тиімді түрде игеруіне ықпал етеді. [1, 31 бет] Ақпараттық мәдениеттің қызметін копьтелеу немесе ақпараттық техника саласы деп қана қарауға болмайы. Шындығында ол өте кең ауқымды сала және ғылыми үрдістерді, білімді, табиға және әлеуеттік басқару үрдістерін тұрмыс саласын, бос уақыт т. б. қамтиды. Қоғамға есептеуіш техниканың енуіне байланысты бұл сала кеңейе келеді.
Субьектіге байланысты ақпараттық мәдениетті таратушыларды үш деңгейде қарастыруға болады: тұлғаның ақпараттық мәдениеті, жекелей топтың ақпараттық мәдениеті (белгілі бір әлеует, ұлттар, жас ерекшелігіне бйланысты немесе кәсіби топтар т. б. ) жалпы қоғамның ақпараттық мәдениеті болып табылады. Бүгінгі таңда ақпараттық ұғымға әр түрлі авторлардың әр түрлі мағлұматы жетерлік. Ендеше сол тұрғыда ой тербеген бірқатар тұлғалардың тұжырымдарына тоқталып өтсек.
Ақпараттық мәдениет - тұлғаның ақпараттық қасиетін қалыптастыру мен қоғамда ақпараттың қызмет етуімен байланысты мәдениет саласы. (Вохрышева М. Г. Формирование науки об информационной культуре Проблемы информационный культуры: Сб ст. Вып. 6. Метология и организация информационно - культурологических иследований Науч. ред. : Ю. С. Зубов, В. а. Фокеев - М. ; Магинитогорск, 1987 - С. 57) [2, 8 бет]
Тұлғаның ақпараттық мәдениеті - әлеуметтік маңызы бар ақпараттардың барлығын игеру барасында жеке тұлғаның ішкі сезімдерінің үйлесімі. (Зиновьева Н. Б. Информационная культура личности: Введение в курс: Учеб. пособие для вузов культуры и искуства/Подред. И. И. Горловой; Краснодар. гос. акад. культуры - Краснодар, 1996 - С. 141)
Ақпараттық мәдениет - аксиологиялық сипаттағы, яғни мәдениет құндылығына негізделген ақпараттық іс-әрекет. (Гречикин А. А. Информационная культура: Опыт типологического определения / проблемы информационной культуры: Сб. ст. / Под. ред. Ю. С. Зубова. И. М. Андреевой М., 1994 - С. 15) [2, 8 бет]
Ақпараттық мәдениет - өркениеттің даму кезіндегі кез-келген салада мамандардың қол жеткізе алатын ақпараттық мүмкіншіліктерінің жиынтығы.
(Семеновкер Б. А. Информационная культура от папируса до компактных оптических дисков. // Библиогр - 1994., №1., С-12. [2, 8 бет]
Біз жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда күнделікті өмірге қажетті кәсіптік және басқа да білімнің өздігінен өсіп өнуін қажет деп санаймыз. "Ақпараттық мәдениет" - көптеген нәрселерді қамтиды:
- Көптеген психологиялық қиыншылықтармен байланысты туған ақпараттың жетіспеуін болдырмау үшін жеке тұлғаның түсінігінде жаңа ақпарат іздеу мәдениеті;
- оқу танымы мен акпаратты кабылдау, жаңа мэтіндік хабарламалар ерекшеліктерін түсіну мен кұжатты талдау кажеттілігі;
- кез-келген кәсіптік окудың білім алу кұралы екенін ұғыну;
- компьютерлік технология мен интеллектуалды әдістемені пайдалана отырып, акпараттарды кайта өңдей білу;
- кұжаттар мен мәліметтер базасына ез бетінше ізденіс жасай білу жэне жеке басылык ізденіс жүйелерін жүргізу;
- кез-келген іс-әрекеттің табысты болуы үшін түлга аралык кәсіптік катынастың маңыздылыгын түсіну;
- коммуникациялык біліктілік деңгейін арттыруга үмтылу;
- басканың көзкарасы мен пікіріне шыдамдылык көрсетуге тәрбиелеу, білімді тек кана алмай, беруге де даярлык жасау;
- телекоммуникациялык байланыс каналдары аркылы бірігіп жүмыс істеп, серіктес таба білу; - өз ісіңнің нәтижесін анык көрсете алу;
- езіндік интелектуалды колдану мөлшерін білу;
Акпараттык мәдениет адамдардың акпараттык тәлімінен көрінетіні баршамызға аян. Демек ақпараттык тәлім дегенде түсінетініміз жаңа білім алып, оны игеру үшін адаманың колданатын күш-қуатының жиынтығы. Өркениеттің дамуымен байланысты білімсіз адамдардың ығыстырылып қалатыны айдан анық. Егер бұрын әлеуметтік теңсіздіктің себебі оның шығу тегі мен азаматтық құқығының болуымен коғамдағы әлеуметтік жағдайының кұрылымына қатысты болса. Бүгінгі таңда ол ақпараттық мәдениет деңгейінен туады. Ақпараттық тәлім, бір жағынан жеке тұлғаның белсенділігін таным субъектісі ретінде бейнелесе екінші жағынан ақпараттық тәлімнен жинақталған ақпарат қорларын пайдалануға кол жеткізуге болатыны көрініп тұрады. Көп ұзамай-ақ әрбір адамның тағдыры күнделікті өмірде жаңа ақпартты уакытында тауып оның желісін пайдалануға оның қаншалықты бейім екендігімен байланысты болады. Кәсіби маман даярлауды ұдайы жетілдіру студенттерден білім, іскерлік дағдыларының тұтас жүйесінің дамуын калыптастыруды, сондай-ақ өздігінен кызмет ету тәжірибесін, жеке басының жауапкершілігін талап етеді. Жеке инновацияны игеруде сапалы, жаңа мазмұнды табыс таба білу оку процесінің тиімділігін арттырады. Жоғары оку орнында студенттің білім алуына кажетті икемділік - оку, өздігінен білім алып, шығармашылық ой толғау. Оның кәсіби қалыптасуы осыған байланысты. Біздің заманымызда тез ескіретін білім жиынтығын меңгергенше, окуға бейімділік, өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық ой толғау неғұрлым маңыздырақ саналады. Студенттердің мәдени танымын калыптастыру жоғары оку орындарының басты міндеттерінің бірі, ал студенттік жылдарында кұрылған адамның мәдени дәрежесі оның кәсіптік шеберлігінің сәттілігі. Ақпараттык мәдениет деңгейі жеке тұлға қарекетінің жетістігіне елеулі әсер етеді. [7, 45 бет] Бүгінгі таңда ақпарат тауып, пайдалана білудің өзі білімнен гөрі, әлеуеттік мәртебеге ыкпалы зор. Әр түрлі әлеуеттік топтардың ақпараттық тәлімін байкауға салыстыруға, бағалауға болады. Қоғам мақсаттары үшін жарамды адамдардың ақпараттық тәлімін окып үйренудің әдістемесі жасалды. Зерттеушілер төмендегідей кұрамдас бөліктері бар XXI ғасырдың басындағы мамандардың ақпараттык тәлімінің үлгісін үсынды:
- үздіксіз білім берудің маңыздылығын үғыну;
- әлемдік ақпараттық ресурстардан хабардар болу;
- акпарат алудың әр түрлі каналдарын комплексті түрде пайдалану;
- өзіндік ақпараттық біліктілік деңгейіне шынайы баға беру және өзінің психикалык күйіне ой жүгірту;
- кәсіптік карым-катынасты этикалык нормаларды сақтау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz