Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғауға жіберілді
__________2020 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Мектепке дейінгі балалардың танымдық шығармашылық қабілетін дамытуда Воскововичтің дамытушы ойындарының рөлі

Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

Орындаған 4-до-1
тобының білім алушысы

Ғылыми жетекші
__________2020 ж.

Норма бақылаушы
__________2020 ж.

Өскемен қаласы, 2020 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Мектепке дейінгі балалардың танымдық шығармашылық қабілетін дамытуда Воскововичтің дамытушы ойындарының рөлі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі: 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

Өскемен қаласы, 2020 ж.
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Математиканы оқытудағы ойынның тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде математикаға оқыту технологияларының теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін Воскобовичтің ойындарын ұтымды пайдалану арқылы дамыту ... ... ... ... ... ..16
2.1 Воскобовичтің дамытушы ойындарының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..16
2.2 Әртүрлі жас ерекшелік топтарында Воскобовичтің дамытушы ойындарын балалардың математикалық білімдерін меңгертуде қолданылуы ... ... ... ... ... ...20
2.3 В.Воскобовичтің таңғажайып Күлгін орманы - дамытушы орта ... ... ... 23
Эксперимент жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа белсенді әдістер, технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.
Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада тәрбиелеп оқытудың басты құралы - бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістерге орай мектепке дейінгі мекемелерде оқытуды жетілдіру әр педагогтан оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.
Қазіргі таңдағы білім беру заманауи жүйесінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беруде әлемдік тәжірибелерді, жаңа бағыттарды жаңа өзгерістерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Балалардың ерте дамуының өзектілігі балаға білім беру, оның терең ақыл-ойлылығы, дене бітімінің дамығандығы, ақылды және дарынды болуы болып табылады. Біз ақылды, ішкі жан сезімі бай, дене бітімі қалыптасқан, сана сезімі дамыған жас азаматтарды тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет, ол еліміздің және біздің жетістігіміздің жемісі болып табылады.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандартын басшылыққа ала отырып Таным білім беру саласының қарапайым математика бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекетін әрбір педагог-тәрбиешіден шығармашылық ізденістерді қажет етеді.
Қазіргі кезде қарапайым математикаға оқытудың жаңа технологиялары: Киюзенер әр түсті таяқшалары, Мария Монтессоридің өзіндік дамыту технологиясы, Деньештің логикалық блоктары, Никитиннің кубтары, Воскобовичтің дамытушы ойындары, ТРИЗ технологиясы оқу үрдісін ұтымды ұйымдастырып жүргізуге ықпал етеді. Мектепке дейінгі мекемелерде математиканы жүйелі, кешенді оқу өткізу арқылы балалардың интеллектуалдық қабілетін, ақыл-ой дағдыларын, танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын жаңаша бағыттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыруда дамытылады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында Таным пәндік-дамытушы орталық қазіргі заман технологиялары Кьюзенер әр түсті таяқшалары, Мария Монтессоридің өзіндік дамытушы ойындары, Деньештің логикалық блоктары, Никитиннің кубтары, Воскобовичтің дамытушы ойындарының дидактикалық құралдарымен жабдықтау ұсынылады. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін, оқыту мазмұнын түбегейлі өзгертетін педагог-тәрбиешілер кәсіби құзіреттілігінде жаңа белсенді әдістер мен технологияларды меңгеру болып отыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы заманауи білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беруде әлемдік тәжірибелерді, жаңа бағыттарды, жаңа өзгерістерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Баланың дарындылығы, сенсорлық тәжірибесі өмірге келген кезден бастап қалыптасады. Ойын - мектепке дейінгі жастағы балалардың ең қажетті іс-әрекеті. Ойын барысында бала жоспарлайды, жасаған іс-әрекетін сараптайды, қиыншылықтарды жеңу жолдарын іздестіреді, осыған байланысты баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау және т.б. таным қабілеттері дамиды. Дамытушы ойындардың өз атаулары бар: үйретуші және дамытушы. Ойындағы үйретуші мақсат - бала ойынды ойнай отырып, өзіне қажетті білімді алады және бала бойында іс-әрекетті ары қарай өрбіту тәсілі пайда болады. Педагогикалық процесте дамытушы ойындарды қолданудың ерекше орны бар. В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындарының маңыздылығы:
Психикалық процестегі дамуы: зейіні, қабылдауы, ойлауы, қиялы, тілі. Ойынды әрдайым ойнағанда және ойын тапсырмаларын қиындатқан сайын қиыншылық әлемін жеңу жолдарын ойлайды, іздестіреді және табады. Балалардың шығармашылық дамуы: Ойын бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді ашады, жеке тұлға ретінде дамуына жағдай туғызады. Балалардың тілінің дамуы: сөздерді біледі және сөз тіркестерін толықтырады, дыбыстарды дұрыс айту жолдарын меңгереді, тіл байлығы дамиды. Мектепке дейінгі балалардың бойындағы әлеуметтік-адамгершілік қабілеттері: балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынастар қалыптасады. Бейнелеу өнерінің тәрбиесі: бір нәрсені жасай отырып, бала оның әдемілігі, оның осы іс-әрекеттегі қажеттілігі туралы ойлайды, шығармашылық қиялы арта түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктері мен логикалық ой-өрісін Воскобовичтің дамытушы ойындары арқылы дамытудың тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
+ Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;
+ Логикалық ойлай алу қабілеттерін қалыптастыру;
+ Балалардың бойында танымдық қызығушылықтары мен бақылау қабілеттерін дамыту;
+ Балалардың бойында шығармашылық қабілеттерін ояту;
+ Балалардың зейінін, қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Курстық жұмыстың болжамы:
Егер математикаға оқыту жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес Воскобовичтің дамытушы ойындар құралдарын жүйелі пайдалану арқылы ұйымдастырса, онда баланын тұрақты математикалық білімі мен ақыл - ойының, логикалык ойлау кабілетін арттыруға негізгі болады.
Курстық жұмыстың зерттеу көзі: педагогикалық және психологиялық әдебиеттер, ғылыми жұмыстар, педагогқа арналған әдістемелік нұсқаулар.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: математика сабағында Воскобовичтің дамытушы ойындар құралдарын қолдану әрекетін дамыту үрдісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, эксперимент жұмысы және пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері.

1.1 Математиканы оқытудағы ойынның тиімділігі.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандыктың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындық болады.
Математиканы оқыту кез - келген басқа пәндер сияқты білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешеді, балалар да бағдарламаға сәйкес бірқатар біліктер мен дағдыларды игереді.
Математикаға оқыту кезінде балаларда материалистік көзқарас қалыптасады. Сан, арифметикалық амалдар, санау системасы, геометриялық фигуралар және математикалык алғашқы ұғымдар беріледі.
Сонымен қатар, оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асыру. Бұл балалар бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалық фактілерді тани білуге үйренеді, екінші жағынан нақтылы практикалық есептерді шешуге үйренеді, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен балаларды қаруландырады және де жаңа қоғам адамдарын тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Математика сабағының тағы бір ерекшелігі жеке адамның еңбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сиякты ерекшеліктерін қалыптастыру міндетін шешіп, баланың еркін, зейінін, қиялын дамытуға барынша мүмкіншілік жасайды, математикаға деген ынтасын барынша артыруға көмектеседі.
Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, баланы қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Ал, математикалық білімді іс-әрекет үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.
Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талаптану және талдау мен талқылау жүргізу, қорытынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.
Сонымен, математиканы оқыту төмендегідей өзара байланысты 4 түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгілі бір көлемін окушылардың игеруі;
Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғары
ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
Дамытушылық: математиканың логикалы қ кұрылымдары,
ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
Практикалық: барлық меңгерген матем атикалык білімдерін
нактылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты біліктілікті қалыптастыру .
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны окытып-үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін кұруға және окытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе - оқыту мазмұны мен онын құрылысын анықтау болып табылады.
Математиканы оқыту процесінде көрнекілік принципін жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың нақты білім қоры, оның ойлау әрекеті негізінде жинақталады. Оқу-көрнекі құралдарын оқушылар пайдалана отырып, алғашқы жалпылау және қарапайым байланыстарды орнатады.
Көрнекілік -- бұл қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Нақтылау нормалары: сөз, образ, сурет, сызба, схема т.б. бола алады.
XVII ғасырдың өзінде Ян Амос Коменский оқытудағы көрнекілікке қойылатын талаптарды негіздеді. Оның айтуынша, ақыл-ойға түйсік әсерін тигізбесе, оған өздігінен ештеңе қонбайды. Сондықтан, оқуда заттарды талдап, тұжырым жасамас бұрын сол нәрсе, заттарды байқаудан бастау керек деген.
Коменскийдің ойынша, білім түйсікке негізделуі керек. Көрнекі сезім арқылы қабылданған білім есте анағұрлым тұрақты сақталатынын дәлелдеді.
Я.А.Коменский былай деген: "Педагог үшін алтын ереже -- бала сезімі арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ түріп тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап қаттылығы мен жұмсақтығын, тағы-тағыларын байқасын". Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелерімен бірдей түйсініп қабылдағаны жақсы ("Ғылыми дидактика" XX -- тарау). Бұл жағдайды ол балаларды оқытуда ең бағалы дәреже деп санады. Кейінгі кезеңдерде педагогика классиктері, әдіскерлері оқыту әдістеріне зерттеулер жүргізіп, көрнекілік принципін нақтылай түсті.
Көрнекі құралдардың бұл мүмкіншіліктері А.М.Пышкало жазған мақаланың бірінде: "Әр алуан нәрселерімен және геометриялық фигуралар модельдерімен жанаса, көптеген тәжірибелерді орындай отырып, оқушылар олардың қандай материалдан жасалғандығына, түр-түсіне, салмағына және т.с.с қатысын шамалы өмірге анағұрлым ортақ қасиеттерді айқындайды"-деп жазған.
Қазақстандағы ұлы ағартушылардың қазақтың алдынғы қатарлы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері орын алады. Соның бірі Абай өзінің шығармаларында ақыл-ойды дамытып, ғылыми білім алудың қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, қиял, ерік-жігер сияқгы психикалық процестерді дамыту керек - деді.
Ұлы Абай: " Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады " (А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы, 2-том, 43 сөз, Алматы, 1954, 241-бет) -- деген дана ойы педагог классиктердің пікірімен ұштасады.
Сонымен, көрнекілікті пайдалану, заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе - заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондыктан, көрнекілік оқушылардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.
Бірақ, бүкіл оқу барысын көрнекілікпен ғана шешуге болмайды. Педагогика классиктері байқаудың абстрактілік ойлаумен тығыз байланысты болатындығын ескертті. Олардың ойынша, байқау - ақыл-ой арқылы бағытталуы тиіс. Я.А.Коменский өз сөзінде былай деген: "Егер жоғарғы байқаушы ақыл-ой, сыртқы сезімдерді мұқият түрде қадағаламаса, сыртқы сезімдер бос, құрғақ материал болып қалуы мүмкін".
Осы кезде байқау мен сөз сөйлеуді тиімді түрде байланыстыру мәселесін шешуде академик И.П.Павловтың адам санасындағы бірінші және екінші сигналдық системалардың өзара байланысы жөніндегі, яғни бірінші сигнал қоршаған ортадан келетін нақты материалдар, екінші сигнал - сөз сөйлеу.
Екінші сигнал бірінші сигналсыз болмайды, екеуі бір-бірінен айырылмайды. Адамда сөз бен ойлану дамыған сайын екінші сигнал системасының функциясы өсе береді. Бірақ сөз сөйлеу қоздырғыштары бірінші сигналдың әрекеттері арқылы бекітілмесе, тек сөйлеу, сөз сөйлеу қайталана берсе, ол адамды ақиқат шындықтан алыстата береді. Сонымен бірге, бірінші сигнал системасы арқылы алынған білім сөз сөйлеу арқылы айтылмаса, ол зат нәрселерді қабылдау, сезіну дәрежесінде ғана қала береді, логикалық дәрежеге көтерілмей қалады.
Математика нәрселердің өзімен айналадағы өмір құбылыстарын ғана емес "нақтылы өмірдің кеңістік формалары мен сандық қатынасын" (Ф.Энгельс) зерттейді. Сондықтан, математиканы оқытқанда дәл осы жақтарын айырып, алуға тырысады; нәрселердің сапалық белгілері болса, еленбей қала береді. Математикалық қатынастар мен операцияларды оқып үйрену үшін көбінесе арнаулы көмекші құралдар пайдаланады. Мұндай құралдар кейде нәрселердің өзіне немесе айналадағы өмірден алынған жағдайларға қарағанда анағұрлым көрнекі болып шығады.
Көрнекі құралдардың әр алуан дидактикалық қызметіне және мүмкіншіліктеріне байланысты олардың сабақ үстінде комплексті түрде қолданылуы қажет болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Міндеті:
1. Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2. Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1. Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2. Шартымен міндеттерін біртіндеп күрделендіру
3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4. Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне балаларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Ойын әрекеті негізінен үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіпті койындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

1.2 Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде математикаға оқыту технологияларының теориялық негізі.
Балабақша бағдарламасын ғылымға бағыттап білім беру қажеттілігі қазіргі ғылым мен техниканың тез өсуімен қатарласып педагогиканың алдына тағы бір проблема қойды. Демек, оқыту процесінде балаға ерте жастан бастап тек дайын білімді дене бітімі жағынан шапшаң дамуынан қалып қоймау үшін берілмей, оның ақыл-ой қабілетін де дамытып отырудың маңызы зор.
Осыдан талдау, синтездеу, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, жіктеу, сериялау және т.б. сияқты ойлау операцияларын калыптастыруға, сондай-ақ танымдық ынтаны бақылауды, сөзді дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың дамып келе жатқан әдістерін пайдалану қажеттігі жөнінде қорытынды келіп шығады. Тек есте сақтау арқылы үстірт меңгерілген білім өмірде де пайдаланылмайды. Білімді тек есте сақтау арқылы ғана меңгерген бала жауап беруге әрқашан әзір болады, себебі ол өз жауабына күмәнданбайды.
Тәрбиешінің міндеті - балалар әрекетін ұйымдастыру, өйткені бала тек әрекет үстінде ғана жетіледі. Баланың алдына қандай да бір міндет қойылса, сол міндетті шешуге талпыныс пайда болады. Бірақ ол мұны әрекеттің, мінез-құлық пен ойлаудың жаңа әдістерін меңгергенде ғана іске асыра алады. Сондықтан қажеттілік пен мүмкіндіктің арасында, белгілі мен белгісіздің арасында қарама-қайшылық кездеседі. Бұл қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші болып табылады. Сонымен, тәрбиешінің бағыттаған әрекеті арқылы оқыту баланың психикалық жағынан өсуіне әсер етеді. Соңғы онжылдықтарда баланың ақыл-ойының даму проблемасына көптеген зерттеулер арналды.
Балаларға математика элементтерін оқыту әдістемесі үшін Ресейдің ғылыми-зерттеу институтында Г.С. Костюктың басшылығымен жүргізілген зерттеулерге ерекше назар аударады. Обьектілердің белгілерін айыра білу дәрежесі, әдеттегіге қарағанда, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту жағдайында өте жемісті болатынын көрсетті. Балалар қатар тұрған әрбір элемент шамасының салыстырмалылығын меңгере отырып, сериялау операциясын да табыспен игереді. Салыстырмалылықтың бұл принципі балаларды оқыту үстінде басқа да модельділікке ауыстырылады.
Оқыту процесінде бес-алты жастағы балаларда сан ұғымы жақсы қалыптасады, сан объектілердің басқа барлық кеңістіктік-сапалық белгілерінен абстракцияланады. Көру және ішкі жиын мен жиынның, бөлімше класс пен класстың арасындағы болымсыз айырмашылықты анықтау, өз пікірі мен пайымдауының шындығын дәлелдеу қабілеттері дамиды. Балалар нақтыдан абстрактыға, дұрыс ойлауға тез өтеді; оларда ғылыми ұғымдарды меңгеру үшін қажет болатын ойлау операциялары қалыптасады. Жүргізілген барлық психологиялық зерттеулер оқыту процесінде баланың психикалық дамуында сапалы өзгерістер болатынына көз жеткізді.
Оқыту балалардың интелектуалдық әрекетінің төменгі структурасынан жоғары структурасына өтуін шапшаңдатып қана қоймайды. Оқыту олардың білім алуының қажетті жағдайы болып табылады. Мұндайда жаңа структуралар жай сырттан әкелінбейді, олар оқыту процесінде оқушылар қоғамдық тәжірбиеде меңгеру арқылы іске асқан үлгі бойынша бұрын қалыптаскан структуралардан жасалып шығады. Бұл процесте сырттан жасалатын әсер әрқашан оқушылардың ішкі белсенділігі арқылы әрекет еді, деп жазды Г.С. Костюк.
Сонымен, Рессей психологтарының зерттеулері балалардың өсіп - жетілуінде оқудың жетекшілік ролін нанымды түрде дәлелдеп берді. Мұндайда оқыту әдістемесінің тиянақты жасалуының және білімді хабарлап қана қоймай, ойлау операцияларын жетілдіріп отырудың да маңызы зор.
Әрбір баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық білімнің үлкен үлесі бар. Себебі математика - басқа ғылымдар саласының дамуының тірегі, қоршаған ортаны білудің басты көзі. Олай болса балаларға математикалық білім негізінің алғашқы бастауын үйретуді балабақшадан бастаған жөн болады.
Математика ғылымының табиғаты өзіндік ерекшеліктері және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды. Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен карулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындық болады. Математиканы оқыту кезкелген басқа пәндер сияқты білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешеді, балалар да бағдарламаға сәйкес бірқатар біліктер мен дағдыларды игереді.
Математиканы оқыту кезінде балаларда өмірге деген алғашқы көзқарасы қалыптасады. Сан, арифметикалық амалдар, санау системасы, геометриялық фигуралар және математикалык алғашқы ұғымдар беріледі.
Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асыруда балалар бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалық фактілерді тани білуге үйренеді, екінші жағынан нақытылы практикалық есептерді шешуге үйренеді, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен балаларды қаруланадырады және де жаңа қоғам адамдарын тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі жеке адамның еңбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сияқты ерекшеліктерін қалыптастыру міндетін шешіп, баланың еркін, зейінін, қиялын дамытуға барынша мүмкіншілік жасайды, математикаға деген ынтасын барынша артыруға көмектеседі.
Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, баланы қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Ал, математикалық білімді іс-әрекет үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады. Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талаптану және талдау мен талқылау жүргізу, қорытынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі. Сонымен, мектепке дейінгі жастағы балаларға математиканы оқыту төмендегідей өзара байланысты 4 түрлі мақсатқа жетуді көздейді:
1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгілі бір көлемін балалар игереді;
2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғары ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастырады;
3. Дамытушылық: математиканың логикалык кұрылымдары, ойлаудың математикалық стилін дамыта түседі;
4. Практикалық: барлық меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты біліктілікті қалыптастырады.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып-үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін кұруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе - оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандартын басшылыққа ала отырып, Таным ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Математика сабағында қолданатын дидактикалық ойындар
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану
Дидактикалық ойындар математика сабағында
Пәндер