Қарашығанақ мұнай газ конденсатының геоэкологиялық проблемалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Қарашығанақ мұнай газ конденсаты

Орындаған: Байдалы Сансызбай
Тобы: ГиР-17 қт

Атырау 2020 жыл
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

II. 1 Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны
II. 2 Кен өндірудегі өндірістік обьектілері;
II. 3 Кенішті игеру
III. 1 Қарашығанақ жбасының 10 жылдығы аталып өтті

III. 2 Қаращығанақ мұнай-наз конденсаты

III. 3 Қарашығанақ газ конденсатының геоэкологиялық проблемаларына байланысты жүргізілетін шаралар

IV. Қорынтынды
Кіріспе
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны Ақсай қаласының солтүстігінде 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылды. Оның ауданы 30000 га, мұнай-кен конденсаты 1200 млн тонна, газ 1350 млрд м3 астам.
Ресейге Орынбормұнай өңдеу зауытына ұзындығы 130 км құбыр салынып, газ бен конденсаты экспортқа шығаруға байланысты оны өндіру 1984 жылдан басталды, 40 жылға есептелген оның өнімін бөлісу, кен орнын пайдалану және болашақта өндіруді қамтитын келісімге (ОСРП) 1997 жылы қол қойылды. Келісім Қазақстан Республикасымен бірлескен кәсіпорвн компаниялары Сэджип (32,5%), Бритиш газ Интернешинл (32,5%), Тексако (20%), Лукойл (15%) аралығында құрылды.
Қарашығанақ кен орнын өндіру ОСРП-ке сәйкес, жетекші құжат негізінде жүргізіледі.
Қарашығанақ интегрилі ұйым (ҚИҰ) кен орнының потенциялын толық жүзеге асыру үшін өндіру жабдықтарының өндіріс қуатын кеңейту жұмысы тапсырылды. Бүгінде өндіріс өндіру объектісі ГП-5 скважиннен газ бен конденсат алады, бір-бірінен айырады, Орынбор қаласына экспортқа дайындайды. Бұл құрылысты қайта құру жұмысы жүргізіледі.

II 1. Қаращығанық мұнай-газ конденсат кен орны
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны әлемдегі мұнай-газ конденсаты кеніштерінің бірі. Оның қойнауында 1,2 млрд тонна мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше метр газ бар.
Бүгінгі таңда Қарашығанақ Қазақстандағы 5,5 млрд доллардан асатын шетелдік салымымен ірі инвестициялық жоба болып табылады.
Кенішті игеру төрт халықаралық компаниялар басшылығымен жүзеге асырылуда. Олар Би-Джи Групп. (Ұлыбритания), Эни (Италия) 32,5% құрайды, Шеврон (АҚШ) - 20% және Лукойл (Ресей) 15% капитал үлестері бар. Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін осы төрт компания Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. Компаниясы болып бірікті. Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг өз қызметін Қарашығанақ әріптестерінің Қазақстан Үкіметімен 1997 жылғы қарашада қол қойылған өнімді бөлу жөніндегі негізгі келісімге сәйкекс жүзеге асырады. Келісімнің шарттарына сәйкес КПО Қарашығанақ жобасын басқаруды 2038 жылға дейін жүзеге асыратын болды.

II 2. Кен өндірудегі өндірістік объектілер.
Кен өндіруге өндірістік дайындықтың жаңа объектілеріне мыналар кіреді:
1. Газ және конденсатты бір-бірінен бөлетін ГП-2 қондырғыны орнату, одан өңделмеген конденсат жаңа Қарашығанақ өңдеу комплексіне (ҚӨК) жіберіледі.
2. Қарашығанақ өңдеу комплексі. Концорциум Каспий құбырына беру алдында конденсатты тұрақтандыруға және газды экспортқа тасымалдау немесе жер қабатына қайтадан айдар алдында тазалауға арналған.
3. Өндіру өнімдерін жинақтау. Көмірсутекті шикізат скважинадан ГП-2, ГП-3 және ҚӨК-не беру үшін спутникті жинақтау бекетіне жеткізіледі.
4. Өндіріс ішіндегі құбырлар. (газ және сұйық өнімге арналған) ГП-2, ГП-3 және ҚӨК құрылыстарын өзара жалғастыруға арналған.
5. Экспортты құбыр. ҚӨК-мен Атырау қаласына мұнай мен конденсатты тасымалдауға арналған онда Ресейдің Новороссийск қаласында көмірсутекті шикізатты экспортқа шығару үшін ККҚ құбырына жалғастырылады.
6. Скважиндер. 2013 жылы Қарашығанақ кен орнында 240 өндіретін және 60 айдамалау скважиндері болады. КПО серіктестері Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1997 жылдың қарашасында өнімді бөлісу жөніндегі 40 жылдық негізгі келісімге қол қойған кезде Қарашығанақ мұнайының нарыққа шығуын қамтамасыз ететін жаңа өндірістік объектілер салуды міндеттеріне алған болатын.

4,3 млрд дллар құрайтын осы жбаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен 5 жылдан сәл ғана асқан кезде осы міндеттер орындалған болатын. Атап айтқанда Қарашығанақ қайта өңдеу кешені, газды жер қабатына қайта айдау және кешендік әзірлік қондырғысы, сондай-ақ Қарашығанақ - Үлкен Шаған - Атырау экспорттық құбыры сияқты жаңа объектілер салынып, іске қосылды. 2003 жылдың 1-ші тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарашығанақ кенішінің осы жаңа өндірістік объектілеріне ресми түрде старт берді.
Бүгінде Қарашығанық мұнайы 635 шақырымдық құбырменен Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы әлемдік нарыққа тасымалдануда. Мұның өзі Қазақстандағы ірі халықаралық жобалардың бірінің дамуындағы жаңа кезеңді паш етеді.
Соңғы ішінде кеңес уақытында салынған өндірістік қуаттар қайта жабдықталды, 100-ден астам құбырлар күрделі жөндеуден өтті, қуаты 120 меговат құрайтын электростансасы салынды. Құрылыстардың қызған шағында оған 20 мыңнан астам жұмысшы тартылды, оның 80 пайызын қазақстандық мамандар құрайды.

II. 3. Кенішті игеру
Қарашығанақ кеніші 1979 жылы ашылды. 1985 жылы газ бен конденсаттың аз ғана көлемі Ресейге, атап айтқанда, Орынбор қаласындағы қайта өңдеу зауытына құбыр арқылы тасымалдана бастады.
1992 жылы Қазақстан Республикасының үкіметі өнімді бөлісу жөніндегі келісімге қол қоюға шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізе бастады. Бес жылдан кейін Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. Қарашығанақты игеруге 40 жыл мерзімге лицензия алдв.
2002 жылы жобаны игерудің негізгі ә фазасы басталды. Оның шеңберінде газ бен сұйық көмір сутектерін қайта өңдейтін, газды жер асты қабатына қайта айдайтын КПК және УПКГ-2, кенішті құбыр консорциясы жүйесімен қосатынжәне Қарашығанақ мұнайын одан әрі қара теңіздегі Новоросийск порьына дейін тасымалдауға мүмкіндік беретін 635 шақырымдық Қарашығанақ - Үлкен Шаған - Атырау экспорттық құбыры сияқты жаңа өндірістік объектілер салынып, іске қосылды. Бұған қоса КПО ескі өндірістік қабаттарды қайта жабдықтау мақсатында кең клемді жұмыстар жүргізу.
Атап айтқанда 100-ден астам ұңғыма күрделі жөндеуден өтті, 120 меговаттаың газ турбиналық электр стансасын салып, іске қосты.
Құрылыстың қызған шағында 20 мыңнан астам жұмысшы тартылды, оның 80 пайызы Қазақстандық мамандар болды. 500-ден астам Қазақстандық компантялар тауарлар жеткізу мен қызметтер көрсетуге келісім шарттар алды.

III. 1. Қарашығанақ жобасының 10 жылдығы аталып өтті
Тоқсаныншы жылдардың орта кезінде ел экономикасы адымын ашып, бауырые жаза алмай, өліара шақты бастан кешті. Осындай кезеңде республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауқымы мен жер асты байлығының мөлшері бойынша әлемдегі ең үлкен кен орнының қатарына кіретін Қарашығанақты игеруге шетелдік инвемторлады тарту жөнінде шешім алды. Сөйтіп, 1997 жылдың күзінде Қарашығанақ газ конденсаты кен орны өнімін өзара бөлісу жөніндегі түпкілікті келісімге қол қойылды. Міне, бүгінде осындай тарихи құжаттың қабылданғанына 10 жыл толып отыр.
Кеше Жайықтың жағасындағы қалада осы мерейлі датаға байланысты кешенді шаралар мәреге жетті. Ол осы шараларға таяу және алыс елдерденарнайы келген қонақтардың Оралдағы күрделі жөндеуден өткен "Динамо" стадионының жаңадан ашылуна қатысуынан басталды. Өйткені, кеніштегі КПО Б. В. Компаниясы алғашқы жылдардан бастап Ақжайықтағы әлеуметтік жобаларға қаржылай көрсетіп отыруды дәстүрге енгізгенді. Осы ретпен аталмыш стадион құрылысын қаржыландырған да шетелдік консорциум болатын
Бұл нысан халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Оның мінберіне 2500 адам еркін жайғасып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарашығанақ мұнай газ конденсаты
Қарашығанақ мұнай - газ конденсаты кен орны
Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық
Ароматикалық көмірсутектерінің көмірсутектер фракциясы
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Мұнай мен газды өндіру
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер