Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы


Кіріспе
Адам танымдық, дем алу, тынығу, емделу, рухани және физикалық қалпына келу, спортпен шұғылдану мақсатында ерікті турде саяхаттайды. Соның салдарынан оның қажеттіктерін зерттеп жүзеге асыратын туризм ғылымы туады. Туристiк қызметтерге сұраныстың айқындауыштары мыналар: өмiр деңгейiнiң артуы, интернет арқылы туристiк қызметтердi сатып алудың ұлғаюы, турлардың құрама пакеттерiне, дәстүрлi мәдениеттi өмiр мәнерiн бастан кешiруге, табиғи ресурстарды мақсатты түрде толыққанды қолдануға мүмкiндiк беретiн турларға сұраныстың ұлғаюы болып табылады. Қазақстандық туристiк сала қолда бар туристiк әлеуетке қарамастан осы артықшылықтарды әлi толығымен пайдаланған емес. Қазақстандағы туризм саласы халық шаруашылығының өзге салаларына қарағанда жас. Дегенмен, пайда болу уақытының қысқалығына қарамастан туризм ел экономикасында ойып тұрып орын алған өзге де шаруашықтар қатарына қосылып үлгерді десекте болады.
Алайда, туризм қоғамдық құбылыс ретінде бірден қалыптаса қойған жоқ. Қазақстандық туризмнің лезде аяққа тұрып кетуіне бірден-бір ықпалын тигізген фактор ол - табиғи-рекреациялық ресурстардың алуан түрлілігі. Орасан зор территорияда құлазыған шөл дала мен маясы жайқалған орманды дала, теңіздер, көлдер, гүрілдеп аққан тау өзендері, сарқырамалар, көк тіреген асқар таулар, үңгірлер, шипалы сулар, міне осылардың бәрі біртұтас ұғым қалыптастырып қана қоймай, туризм саласының тірегіне айналған.
Табиғи ресурстардың мүмкіншілігін толығымен пайдаланатын туризм саласы - ол белсенді туризм. Белсенді туризмді адам өміріне белгілі бір қызықты іс-әрекеттер қатарынан тұратын шаралар мен құбылыстарды алып кіріп, адамның физикалық қозғалыс негізінде өзінің денсаулығын қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар физикалық және рухани дамуына да үлесін қоса түседі. Кез-келген белсенді туризм түрімен айналысу үшін жергілікті жердің рельефі мен ландшафтын, климатын және белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға қолайлы табиғи мүкіншіліктерді ескеру қажет. Өкінішке орай, белгілі-бір территориялардағы белсенді туризмді қалыптастырып дамытуға мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептермен қазіргі жағдайда пайдаланылмай жатқан орындар өте көп.
Қазақстанда белгілері бойынша белсенді туризм талаптарына жауап беретін су туризм түрлері - рафтинг, каякинг, дайвинг, су шаңғысы, әуе туризмінен парапланиризм, кайтинг, дельтоплан, құрлықта - салт атты туризм, велотуризм және тағы басқалары, ал тау туризмінен таушаңғы, альпинизм, жартасқа өрмелеу сынды бірнеше спорттық туризм түрлері дамып келеді.
Жұмыстың өзектілігі белсенді туризм түрлерінің ішкі туризм мен халықаралық туризмнің қарқынды дамуына, әсіресе, оның ішінде белсенді туризмнің перспективті түрлерінің әсерін талдай отырып, оның Қазақстанның туристік нарығына тұрғылықты халық пен шет ел азаматтарын қарқынды түрде тарту жағдайларын анықтау болып отыр.
Бүгiн туризм саласы көптеген елдiң табыс көзiне айналып отыр. Қазақстанда да осы саладан қомақты қаржы түсiруге барлық мүмкiндiк бар. Таңғажайып көрiнiстерiмен тәнтi етiп, тамсанатын табиғат ғаламаттары Қазақстанда молынан шоғырланған. Сондықтан да сұлу табиғатқа бай қазақ даласы туризм iсiн дамытуға ең қолайлы өңiрлердiң бiрi болып саналады. Бiрақ туристердi елiмiзге көптеп тарту үшiн саланы халықаралық стандарттарға сай дамыта бiлуiмiз керек.
Туризмнің белсенді және спорттық түрлерінің аумағында маманның модельді сипатын анықтау үшін оның қызмет сферасындағы негізгі құрушы және сипатын анықтау міндеті тұрды.
«Туризмнің» қазіргі ұғымы - бос уақыттағы (демалыс, каникул және тағы басқа) саяхат (сапар, жорық) ; белсенді демалыс түрі, сауығу, тану, рухани және әлеуметтік тұлғаны дамыту. М. Б. Біржақов бойынша саяхат және туризм - адамның өмір сүру нақты түрін сипаттайтын бір-бірімен байланысқан екі түсінік. Бұл демалыс, белсенді немесе енжар сауық, спорт, қоршаған ортаны тану, сауда, емделу және көптеген басқалары. Туризмнің екі категориясы бар. Спорттық: а) спорттық туризм бойынша жарыстар; б) туристік көп сатылы жарыстар. Белсенді туризм: туризмнің қалған басқа да түрлері.
ХХ ғасырдың ортасына дейін туризм спорт түрі болып саналмады. Кейбір авторлар әлі күнге осылай деп есептейді.
Адамдарды туризмге қызықтыратыны: күресу, жарыстар, жеңістер, табиғи қиындықтарды жеңуге ұмтылыс, өзін-өзі сынау, тану. Өз-өзімен күрес, жеке тұлғасының жоғарылауы, өзін таныту бір-бірімен байланысты екі жобада моральды және физикалық болып жүреді.
Спорттық туризм түрі бұл қарсыластармен күрес. Және де жорықтардың қорытындысы бойынша сырттай жарыс немесе туристтік слеттердегі арнайы жарыс. Туристік мансап жолындағы орындалған нормативтер, алынған разрядтар, иемденген атақ пен титулдар спорттық туризмнің балама түрі. Түрлі спорттық программалардың ішінде туризм адамдардың денсаулығына қажетті: табиғатпен қарым-қатынас, орын өзгерту, психологиялық жеңілдету, физикалық белсенділік. Спорттық туризм әртүрлі жас мөлшеріндегі адамдарға қол жетерлік, қарапайым қимылдардан тұрады, ауырлық түсірмейді, адам мінезіндегі бірлестікті, тәртіпті, қайсарлық пен табандылықты тәрбиелейді.
Дипломдық жұмыста туризм сферасындағы белсенді туризм, оның түрлері, сонымен қатар белсенді туризм түрлерінің әлемдік және отандық даму тарихы толыққанды қарастырылған. Жұмыста негізінен отандық белсенді туризм түрлерінің қазіргі жағдайы мен олардың даму болашағы жайлы сөз қозғалады, және де белсенді туризмнің отандық нарықта экзотика болып табылатын түрлерін дамыту жайлы ұсыныстар келтірілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты белсенді туризм түрлерін зерттеу және мәнін ашу, олардың қазіргі нарықтағы жағдайын анықтау және дамыту жолдарын қарастыру, сонымен қатар олардың мемлекетіміздің экономикасына әсер ету жағдайларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы туризм саласының қазіргі жағдайын талдау;
- белсенді туризм түрлерінің даму тарихын қарастыру;
- белсенді туризмнің әдіс-тәсілдерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы белсенді туризм түрлерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы белсенді туризм түрлерін дамыту шараларын қарастыру, анықтау, белгілеу;
- белсенді туризмнің экзотикалық түрлеріне тоқталу, олардың перспективтілігін анықтау;
- ұлттық экономиканың тиімді дамуына белсенді туризмнің тигізетін әсері жайлы қарастыру;
- белсенді туризм түрлерін дамыту шаралары жайлы толыққанды мәлімет жинау.
Зеррттеу пәні - белсенді туризм және оның түрлері болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстандағы белсенді туризм түрлері қарастырылған.
Зерттеу тәсілдері: мәліметтерді жинау, оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді тіркеу мен бекіту тәсілі, мәліметтерді бақылау мен өңдеу тәсілі, бағалау тәсілі, талдау, анықтау, қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың негізгі жаңашылдығы - «Кызмет Саяхат» ЖШС-нің жаңа туристік әдістемелер мен мәліметтер дайындау, дамыту мен еліміздің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды анықтау және даму перспективаларын бағалау.
Жұмыстың практикалық өзіктілігі Қазақстандағы белсенді туризм түрлерінжәне белсенді туризмнің перспективті даму бағыттарын қарастырып, жетілдіру шараларын ойластыру, ұсыну және іске асыру шараларын қарастыру.
1 Белсенді туризмнің даму тарихы мен негізгі
концептуалды принциптері
1. 1 Белсенді туризмнің түсінігі, мәні және түрлері
Туризм - әлемдегі талай елдің тасын өрге домалатып, өркенін өсіріп отырған сала. Елдің даму деңгейін осы саланың жетістіктерімен-ақ бағалап, белгілі бір ауқымда тұжырым жасауға болады. Көзін тапқанға көл-көсір табыс құятын сала елдің дәулетін асырып, әлем қауымдастығының алдындағы беделін өсіріп қана қоймай, сонымен қатар туризмнің адам денсаулығына, оның сауығып шынығуына үлкен оң әсерін тигізетіндігі бәріне де мәлім. Әсіресе белсенді туризм түрлерінің адам ағзасына көп пайда тигізетіндігі белгілі.
Қазіргі уақытта адамдардың демалуға қатысты талғамы өте әртүрлі - біреулеріне теңіз шуылына тоғайып жай ғана күн астында жату ұнаса, басқалары келесі жұмыс жылына күш жинап, денсаулығын түзетуге барады. Сонымен қатар қанға адреналин жіберу арқылы ләззат табатындар да бар. Олар қауіпті жартастарға өрмелеуден, теңіз иірімдеріне секіруден, әуе шарында, дельтаплан мен парапланда ұшудан шынайы ләззат алады. Олар жыл сайын көбейіп келеді. Туристердің қалауын қанағатандырумен шұғылданатын бұл туризм түрі осы заманғы туризмнің жіктелуінен өз орнын тапты. Оны белсенді туризм деп атауға болады [1, 87 б. ] .
Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет. Себептік мотивациялық жіктелу негізінде демалу, сауығу, мәдени, қоғамдық, экономикалық, белсенді, спорттық сияқты туризмнің түрлерін анықтап береді. Соның ішінде белсенді туризмге тоқталсақ.
Белсенді туризм - бұл сау дене және реттелген ой, сонымен қатар көптеген қызықты қиындықтар мен көңілді қызықты саяхаттарға толы, әрі өзіне деген сенiмдiлiк жағдайын туғызатын, адамның физикалық күшiн жұмсау негізінде жүретін туризм түрі. Ал енді нақты ғылыми түрдегі анықтамасына келетін болсақ, белсенді туризм дегеніміз - маршрут бойынша белсенді түрде, яғни өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау негізінде өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады. Сонымен қатар белсендi демалыс кез-келген жас шамасындағы адамдарға, жастарға, тіпті балалары бар жанұяларға да арналған қызықты әрі тартымды туризм түрі [2, 45 б. ] .
Белсенді туризм бұл денеге түсірілетін физикалық жүктеме мен демалу әрі сауығуды біріктіру мүмкіндігі болып табылады. Шытырман оқиғалы саяхаттар мен түрлі оқиғалы әрі қауіп-қетерлі әрекеттерді ұнататындар үшін белсенді туризм таптырмайтын олжа болып табылады. Белсенді түрдегі демалыс турлары қазіргі таңда туризм саласындағыең қызықты, танымал әрі перспективті түрлерінің біріне айналып отыр. Сонымен қатар белсенді туризм бұл күнделікті тұрмыстық іс-әрекеттерден, қалалық стресстер мен жалығудан, өндірістегі және өндірістен тыс уақыттағы шаршаулардан қашып, ағзаңыздың тонусын жақсартып, физикалық әрі рухани дамуыңызға септігін тигізетін туризмнің кереметтей түрі [3, 44 б. ] .
Туристік іс-әрекеттерді қозғалыс деңгейі бойынша жіктеуге болады: пассивті және белсенді деп. Осыдан шыға отырып белсенді туризмге белсенді қимыл-қозғалысты қарастыратын демалу түрлерінің барлығын жатқызуға болады деген тұжырымдама шығады. Ол экстремалды туризмнің барлық түрлері, спорттық туризм түрлері мен тау шаңғы туризмі және тағы да басқа белсенді іс-қимылды қарастыратын, жаяу саяхат, вело, авто, мото туризм сияқты түрлері де енеді. Яғни, белсенді туризм бұл бірнеше түрлі мақсаттағы, бірақ физикалық күш түсіру негізінде жүретін туризм түрлерін топтастыратын топтама ретінде қарастырылады.
Белсенді туризмнің өзінің жіктелуі бұлай болмаса да, сонымен қатар оны өзара қызмет ортасына байланысты түрлерге бөліп көрсетуге болады, яғни: ауада, суда, таулы мекенде, жер бетінде іске асатын белсенді туризм деп, сонымен қатар белгілі бір жаңашылдық ерекшеліктеріне баланысты экзотикалық түрлерін де бөліп көрсетуге болады (сурет 1) .
Сурет 1 - Туристік іс-әрекеттердің жіктелуі
1-суретте көріп отырғанымыздай, белсенді туризм түрлері ұғымын өте кең мағынада қарастыруға болады. Белсенді туризмнің түрлері өзінің құрамына туристік қызметтің түрлі бағыттарын, қарапайым жаяу жорықтарынан бастап, спорттық-экстремалды туризм түрлеріне дейін қарастырады. Бұл нешетүрлі мақсаттағы жорықтар мен саяхаттар, тау шаңғы түсулері, рафтинг, альпинизм, треккинг пен автобусты турлар және де экстремалды туризм. Кең байтақ Қазақстан жерінде белсенді туризм мен белсенді демалыстың қай түрі болса да кез-келгенінде өзіңізді сынап көру мүмкіндігіне әбден ие бола аласыз. Керемет тамаша табиғат, өзендер, айбынды таулар, ормандар мен көлдер сізге ұмытылмайтын әсер сыйлай алады және де сіздің талғамыңызға сай демалыс түрін ұсына алады. Ал енді белсенді туризм мен демалыс түрлеріне тоқталсақ.
Қазіргі таңда көршілес мемлекеттерде, оның ішінде әсіресе Рессейде бірте-бірте үлкен танымалдылыққа ие болып келе жатқан белсенді демалыстың жаңашыл түрі, ол автобағдарлау. Автобағдарлау - бұл белгілі бір мекенде, ауданда, қалада, қала сыртындағы территорияда немесе республиканың басқа аймақтарында автокөлік көмегімен өтетін, адамның тапқырлығын, амал-айлаларды шешу қабілеттілігі мен әзілшілдігін оятатын, белсендііс-әрекеттер элементерінен тұратын демалыс түрі. Яғни әрқайсысы 4-5 адамнан тұратын бірнеше топқа бірдей тапсырмаларды береді, көлік көмегімен орын ауыстырып, белсенді іс-әрекеттер мен қимылдардан тұратын тапсырмаларды орындау негізінде жарыс ретінде өтетін белсенді демалыс түрі [4, 61 б. ] .
Автотуризм немесе мототуризм - бұл да белсенті түрізм түріне жатады, себебі автотуризм тек қана көлікте саяхаттауды қарастырмайды, туристік сапарды ұйымдастырушылар міндетті түрде тур бағдарламасына белсенді іс-әрекеттер элементтерін қосады. Сонымен қатар моторлы көліктерді пайдалануға байланысты қазіргі таңда гидроцикл, квадроцикл, снегоход сияқты моторлы көліктер көмегімен қызықты уақыт өткізу дамып келе жатыр. Гидроцикл, бұл моторлы көлікті су мотоциклы десек те болады. Көбіне су жағажайы маңында ұйымдастырлатын белсенді турлар кезінде қолданылатын судағы көлік түрі. Квадроциклмен серуен, бұл кішкентай көлемді, бірақ өте қуатты автокөлік түрі. Бұл көлік түрі мотолицклға қарағанда қауіпсіз, автокөлікпен салыстырғанда маневрлі болып келеді. Кез-келген белсенді мақсаттағы саяхат серуендер үшін өте қолайлы әрі демалушылар үшін көп жағымды әсер сыйлайтын техника түрі. Снегоход - бұл қармен қозғалуға мүмкіндік беретін тамаша моторлы көлік түрі, өте көп қызықты эмоциялар мен әсерлер сыйлайтын демалыс түрі [5, 63 б. ] .
Вейкбординг - қысқа әрі кең тақтайда тұрған адамды катер көмегімен сүйреу арқылы іске асатын белсенді демалыс түрі. Катер қалдырған толқындарды адам трамплин ретінде қабылдап, түрлі айла-әрекеттер жасайды. Ағылшын тілінің wake-толқын, board-тақтай деген сөздерінен құралған, вейкбординг - су шаңғысы, серфинг, сноуборд пен скейтборд қосындысының негізінде пайда болған десекте болады.
Виндсерфинг - ағылшын сөзі, wind-жел және surfing-серфинг немесе сырғанау деген мағына береді. Егер серфинг - бұл қарапайым тақтайда су бетімен сырғуды білдірсе, ал виндсерфинг - бұл парус орнатылған тақтай арқылы су бетімен сырғу [7, 84 б. ] .
Дайвинг - бұл арнайы су астында тыныс алуға қажетті және тағы басқа арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен іске астын су астындағы жүзулер. Diving - ағылшын тілінен аударғанда су астында жүзу деген мағынаны білдіреді. Дайвинг міндетті түрде арнайы дайындық пен жақсы физикалық дайындықты қажет етеді. Сондықтан да мұндай турлар тек арнайы спорттық квалификациясы бар жаттықтырушылардың басшылығымен өткізіледі. Дайвингтің көптеген түрлері бар: фри-дайвинг немесе скин-дайвинг - тыныс алмай су астында жүзу; профессионалды дайвинг; спорттық дайвинг; түнгі дайвинг; мұз асты дайвингі; спелео дайвинг; батып кеткен кемелерді қызықтау мақсатындағы дайвинг; қазына іздеу мақсатындағы дайвинг; су асты аңшылығы негізіндегі дайвинг; дрифт дайвинг - қатты су асты ағыстары негізінде жүзеге асады.
Рафтинг -өте тез және қауіпті ағысы бар, көбіне таулы өзендерде рафт (қаңқасы жоқ үрмелі кеме) деп аталатын қайық арқылы жүзу. Негізінен спорттық туризмнің бұл түрі адамға көп адреналин береді. Пайдаланылатын қайық түрлеріне байланысты, каякинг және слалом деген түрлері де танымал.
Каякинг - экстремалды су туризмнің бір түрі. Жалпы үш бағыты: ескекті слалом, родео, өзен бойымен жүзу (сплав) бар. Слалом трассасы табалдырықтан жоғары орнатылады. Спортсмен қадап қойған таяқтарға тимей кедергілерден жылдам өтуге тырысады. Слалом үшін арнайы 4 метрлік композиттен жасалған қайықтар қолданылады. Родео. Слалом спорттың өте күрделі түрі болса, родео ойын-сауыққа ұқсас. Әуелі қатысушылар өз денесіне өте кішкентай және ыңғайсыз «қайықтарды» киеді. Одан кейін ең жақын орналасқан бөшкеге дейін 20 метрдей жүзіп барып неше түрлі қимылдарды жасайды. Мақсаты - ең қысқа мерзімде бөшкеде акробатикалық элементтердің ең үлкен санын орындау болады. Өзен бойымен жүзу. Мұның үш түрі бар. Ойын: өзеннің қиын емес кесіндісінде кішкентай қайықта заттарын алмай жүзу. Экспедициялық жүзу - кәдімгі су туризм жорығы. Экстремалды жүзу - ең қиын кедергілерден, өте қауіпті жерлерден жүзіп өту [8, 49 б. ] .
Кайтинг (kite-әуе жыланы) -әуе жыланының артынан сырғу дегеннен пайда болған белсенді демалыс түрі. Әуе жаландары өз артынан адамды алып жүруі үшін үлкен көлемде жасалады. Қазіргі таңда кайтингтің судағы, жер бедеріндегі және қысқы сезонда қар үстімен сырғу түрлері бар. Су бетімен сырғу - кайтсерфинг, жермен - кайтбординг, ал қарда немесе мұзда сырғуды сноукайтинг деп атайды. Сырғушы адамдар арнайы сезондық түріне байланысты жасалған сноуборд тақтайы мүсіндес тақтайларда тұрып сырғиды.
Дельтапланеризм - дельтаплан деп аталатын моторсыз ұшу аппараты көмегімен іске асатын аспандағы қалықтау. Алдына-ала арнайы дайындықты қажет ететін демалыс түрі.
Парапланеризм - ең қызықты әрі адреналин сыйлайтын ауада қалықтау негізіндегі белсенді демалыс түрі. Параплан - параплан үшін арнайы шығарылған материалдардан жасалатын жоғары технологиялық бұйым (сурет 2) .
Сурет 2 - Туристерге арналған екі орынды тандемі бар параплан
2-суретте көріп отырғанымыздай, осыған қарамастан параплан біз білетін ұшу апараттарының ішіндегі ең арзан түрі болып қала бермек. Әрине парапланда ұшу, арнайы дайындықты қажет етеді, бірақ жаңа келгендерге арнайы екі орынды тандемдер де қарастырылған, мұндай жағдайда арнайы дайындықтың керегі болмайды [9, 112 б. ] .
Парашютпен секіру - сырт көзге белгілі бір белсенді іс-әрекеттер қимылы қарастырылмаған деп көрінсе де, бұл демалыс түрі қазіргі заманға классификацияда белсенді демалыс түріне жатқызылып, қатысушыдан қажетті деңгейдегі физикалық күш-қуатты талап етеді. Қазіргі таңда парашютпен секіруді ұнатушылар үшін солтүстік полюста парашютпен секіру турлары кең түрде ұсынылуды, бірақ бұл турлардың бағасы 8 - 9 мың евроға дейін жетеді.
Әскери туризм - бұл әскери ұшақтармен ұшу, танк экипажы құрамында болу және де әскери полигондардағы жарыстар мен атыс іс-әрекеттерінен тұратын белсенді туризмнің өте жас түрі болып табылады. Бұл өзінің жастық шағын сағынып, әскердегі уақытын есіне алғысы келгендер үшін таптырмайтын қызықты демалыс түрі болады. Қазіргі таңда Рессейдің «Тур Лэнд», «Комбат-Тур», «Эден Тур» сынды көптеген турфирмаларымен ұсынылып, және де үлкен сұранысқа ие болып отырған белсенді демалыс мақсатындағы турлар [10, 52 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz