Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тарих және саясаттану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары

Пән Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы

Мамандығы 5В011400 - Тарих

Орындаған: Оразқанқызы Д.

3 курс студенті

Жетекшісі: Мукатаева З. К.

Курстық жұмыс қорғалды

202__ж.

бағасы

Семей 2020

Жоспары:

Кіріспе . . .

І БӨЛІМ. ХVІІ-ХІХ ғ. ғ. Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясаты . . .

  1. Осман империясы және Ресей: саяси, сауда қатынастары мен оның салдары . . .
  2. Осман империясы және Ұлыбритания: саяси және экономикалық ықпалдастық. .
  3. Осман империясының ішкі саясатында жүргізген реформалары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Курстық жұмыс XVIІІ-ХІХ ғғ. Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясатының бағыттарын зерттеуге арналады. Курс жұмысында Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы сыртқы саяси, дипломатиялық және экономикалық байланыстар тарихы зерттеледі. Сондай-ақ, XVIII-ХІХ ғғ. Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы аталған салалар бойынша байланыстардың Осман империясы үшін саяси және тарихи маңыздылығы қарастырылады. Курс жұмысының өзектілігі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауынан кейін мемлекетімізде тарихи ғылыми ізденістерге жаңа өріс ашылып, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың ұйытқысы болып табылатын тарих ғылымын дамытуға баса назар аударылды. Мемлекеттің тәуелсіздігі, отандық тарихшы-ғалымдардың Отан тарихы мен Әлем тарихының өзекті мәселелерін зерттеуде жаңа методологиялық ұстанымдарға көшуіне негіз қалады. Соның негізінде, тәуелсіздік алған кезеңнен бері отандық тарихнамада Отан тарихымен қатар, Әлем тарихын зерттеу жұмыстары да жақсы қарқын алып келеді. Оның ішінде түркі халықтарының тарихы мен түркі тілдес мемлекеттердің тарихын зерттеуге де баса мән беріліп, отандық тарихнамада түркі тілдесмемлекеттердің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және әскери тарихын зерделеу тәуелсіздік жылдары ең өзекті тақырыптарға айналып, ол күні бүгінге дейін жалғасуда. Өйткені, Түркі халықтары арасында әлем тарихына үлкен саяси өзгерістер енгізген көптеген мемлекеттер мен алып империялар өмір сүріп, олардың тарихын тәуелсіздік алғанға дейін зерттеуге мүмкіндік болмады. Тек тәуелсіздік жылдарынан бастап, түркі тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан және тарих ғылымының заманауи методологиялық принциптері негізінде зерттеу мүмкіндіктері туындады. Солардың бірі, Осман империясының тарихына қатысты зерттеулер болды. Орта ғасырларда Еуропа, Азия және Африка континенттерінің басын құрап, Түркі әлемі мен Ислам дүниесінің ең қуатты мемлекеттердің бірі болған Осман империясының тарихы да өзге түркі мемлекеттерінің тарихымен бірге тәуелсіздік алған уақыттан бастап отандық тарихнамада қолға алынған тақырыптардың бірі болды. Себебі, Осман империясы датүп тарихы Ұлы Тұран далаларынан бастау алатын түркі мемлекеттерінің бірі болып, әлемтарихында ерекше із қалдырды. Осман империясы XVIII ғасырдан бастап Еуропа мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарды дамытуға бет бұрып, бірқатар Еуропа мемлекеттерінде тұрақты және өкілетті елшіліктерін ашты, онда түрік елшілері мен дипломаттары жұмыс істеді. Осман елшілері мен дипломаттары Осман империясының Еуропадағы сыртқы саяси бағыттарын реттеп отырды. Сондай-ақ, осман үкіметі де еуропалық мемлекеттерге империяда тұрақты елшіліктерін ашуға мүмкіндіктер беріп, Стамбулда Еуропа мемлекеттерінің тұрақты және өкілетті елшіліктері ашылды. Осман империясында еуропалық дипломаттар мен елшілер мемлекеттер арасында тығыз саяси байланыстар орнатуғатырысты. Еуропа 8мемлекеттерімен жүргізген осындай дипломатиялық қатынастардың негізінде Осман империясы өзінің сыртқы саясаттағы орнын ұзақ уақыт сақтап қалды. Сонымен қатар, Курс жұмысының өзектілігінеқатысты мәселелердіңбірі XVIII-ХІХ ғғ. Осман империясы мен Еуропа мемлекеттерінің экономикалық байланыстары жәнеоныңОсман империясы үшін саяси маңыздылығын айқындау болып табылады. XVIII ғасырда Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы экономикалық қатынастар сыртқы саудаға негізделіп, ал ХІХғасырдағы экономикалық байланыстар банк ісі мен қаржы-несие салалары бойынша жүргізілді. Көбінесе кеңестік және еуропалық тарихнамада Осман империясының Еуропа мемлекеттерімен экономикалық байланыстардың тек еуропалықтар үшін экономикалық маңыздылығы зор болғандығы туралы тұжырымдар басым. Онда Еуропа мемлекеттерінің Осман сүліктей сорып, империя экономикасын нашар халге түсіргені туралы ғылыми тұжырымдар алға тартылған. Алайда, Еуропа мемлекеттерімен экономикалық қатынастардың Осман империясы үшін экономикалық тиімділігі аз болғанымен, оның саяси маңыздылығы жоғары болды. Себебі, еуропалық империялар Англия, Франция, Германия Осман империясымен экономикалық байланыстар орнатқандықтан, онымен ұзақ уақыт бойы саяси байланыста болып, империяның сыртқы саясатына қатысты мәселелерге араласып отырды.

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері .

Курс жұмысының мақсаты ХVІІІ-XІХ ғасырларда Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясатының бағыттарын дипломатиялық және экономикалық байланыстар негізінде зерттеу болып табылады.

Курс жұмысында қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей

міндеттер қойылды:

  • Осман империясы және Ресей қатынасындағы саяси, діни мәселелер мен оның салдарын анықтау;
  • Осман империясы және Ұлыбританиямен саяси және экономикалық ықпалдастықты саралау;
  • Осман империясы мен Австрия арасындағы геосаяси мәселелер және Осман-Австрия дипломатиясының мәнін ашу;
  • Осман империясының ішкі саясатында жүргізген реформаларына шолу жасау.

Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері. Жаңа заман тарихындағы Осман империясы мен Еуропадағы сыртқы саясат оқиғалары ХҮІІ-ХІХ ғасырларда қамтылған.

Курстық жұмыстың тарихнамасы. Түрік мемлекеті туралы зерттеулер шығыс тарихнамасында көп кездеседі. Осман империясы кезеңі ғылыми тұрғыдан көптеген түрік тарихшыларының зерттеу жұмыстарында қарастырылады. Нақты келтірер болсақ, Х. Иналжіктің «Отомонская империя» еңбегі, Челеби Мехмед-эфенди «Полосольская книга» кітабында көрсетілген. ХҮІ ғасыр ортасында түрік мемлекетінің тарихын зерттеуде европалық буржуазиялық тарихшылардың еңбегі ерекше орын алады. Оған айтар болсақ, М. А. Родригерстің «Новая стран: Азии и Африки ХҮІ-ХІХ вв» оқулығы, Мейердің «К вопросу о происхождении тимара. » атты еңбетерін атап айтуға болады. Осман империясының қоғамдағы құрылысын Ресеймен қарым-қатынасын қөтерілістерін жазған кеңестік жазушыларға шолу жасасақ олар: Коняшин Ю. Н., Петросян Ю. А., Орешкова С. В., Крымский А. Е., Маштакова Е. И., Карпов С. П. және тағыда басқа авторлар үлес қосты. Қазақстан басылымдарының ішінде Қадырбаев А. Ш. еңбегі жарық көрген.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 1 тарау 4 бөлімнен, қорытынды бөлім мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ. ХVІІ-ХІХ ғ. ғ. Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясаты

1. 1 Осман империясы және Ресей: саяси, сауда қатынастары мен оның салдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
«шығыс мәселесі»
Солтүстік соғыс
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
Жаңа заман халықаралық қатынастар тарихындағы Шығыс мәселесі
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Қасиетті Одақтың қызметі
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz