Науқас қалпы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ШЖҚ “Талдықорған жоғары медициналық колледжі МКҚ’’

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Ауыр халдегі пациентті қауіпсіз тасымалдау ерекшеліктері. Тасымалдаудың қосалқы заттарын қолдану.

Тексерген : Смагулова Дарига

Орындағандар : Жақсылық Шынар

Топ : СД-211

ТАЛДЫҚОРҒАН 2020

Жоспар:

І. Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жағдайы ауыр науқасты тасымалдау ережелері.

2. . Зеңбілмен тасымалдау.

3. Зардап шегушінің оптимальді қалпы.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Қазіргі өндірістің күннен-күнге автоматтандырылуы жедел қарқынмен арта бастады, осыған сәйкес енді адамға әрі басқарушы, әрі орындаушы болу міндеті жүктеліп отыр. Адамның психо-физиологиялық мүмкіндіктерін және дене өлшемі сипаттарын, еңбек жағдайларын, жұмыс сипатын кешенді ескеретін операторшы адамның жұмыс орнын ұйымдастыру маңызды болып табылады. "Қауіпсіз ауруханалық орта" - бұл пациент пен медициналық қызметкерге өзінің барлық өмірлік қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жайлылық пен қауіпсіздік жағдайларын неғұрлым толық мөлшерде қамтамасыз ететін орта. Қауіпсіз ауруханалық ортаны жасау медициналық қызметкерлер үшін өзекті және бір мезгілде күрделі міндет болып табылады. Қауіпсіз орта емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыстың ерекше жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс, олар инфекциялық жұқтырулардың, жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар туындауының жоқ болуына кепілдік береді. Кейде медициналық қызметкер өзінің кәсіптік міндеттерін орындау кезінде өзіне залал келтіретіндей әрекет ететін жағдайлар пайда болады. Мейіргерлерге пациенттердің орнын ауыстыруға, ауыр жабдықтарды жылжытуға, төтенше жағдайларда ауырлықты тасымалдауға, ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі кейіпте болуға тура келеді. Қолайсыз факторлардың бұлай әсер етуі тірек-қимыл аппаратының ауруларына әкеледі.

ІІ. Негізгі бөлім

Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.

Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының қатысуымен тасымалдайды. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаудан кейін жедел жәрдем автокөлігінде дезинфекция жүргізеді. Персонал халатын ауыстыруы қажет. Біреуден артық жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды бірге тасымалдау мына жағдайда, егер бір жұқпалы аурумен ауырса және жұқпалы кезеңінің дәрежесін есепке алған жағдайда жүргізіледі. Өте ауыр жағдайдағы науқастардың тасымалдануын тек реанимация бригадалары жүзеге асырады. Тасымалдау алдында жағдайын тұрақтандыру мақсатында емдік іс-шаралардың кешенін жүргізеді.

Жағдайы ауыр науқастарды алыс жолға тасымалдау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

• Науқас қызығушылықтарын қадағалау Жағдайы ауыр науқастарды тасымалдау кейбір қауіптермен байланысты, егер тасымалдау мақсаты (арнайы клиникада ем алу) науқасқа клиникадан алатын емнен пайда әкелсе науқас үшін тәуекелге баруға болады.

• Науқас жағдайын минимальді тұрақтандыру Науқастың өмірге қажетті жүйелерінің (тыныс алу, жүрек-қантамыр) тұрақты жағдайда болуымен байланысты жағдайы. Егер науқаста шоктық жағдай болса, басында гемотома болған жағдайда хирургиялық емге дейін және жедел инфаркт жағдайында, құрсақ қуысында қандай да бір патологияны хирургиялық емге дейін науқасты алыс жолға тасымалдауға кеңес берілмейді.

•Реанимобильдің қажет құралдармен жабдықталуы

Автомобиль реанимациялық палата ретінде құралдармен жабдықталуы қажет. Науқасқа барынша ыңғайлы және жайлы жағдай жасалуы керек. Ұзақ жол науқастың кушеткада ұзақ жатуына әкеледі, сондықтан кушеткада қосымша селкілді азайтатын тетік. Селкілдеуді және шайқалуды азайту мақсатында науқастың басын арнайы ұстағышпен бекітеді

Жедел жәрдемнің турбирленген реанимобильдің техникалық комплектациясы жылдамдықты жоғарлатқанда және бұлтарысты жолда вибрацияны және шайқалысты шақырмайды. Реанимобилде қажетті құралдың барлығы болады: өкпенің жасанды вентиляция құралы, науқас мониторы, дефибриллятор, өкпе мен тыныс алуды қамтамасыз ететін оттегінің қоры, дәрілік заттардың жиынтығы, дәрілік заттарды мөлшермен беретін, және тамшылатып енгізетін құралдар, ертінділер, сонымен қатар мұздатқыштармен, термоконтейнерлермен жабдықталған.

Реанимациялық топ құрамында науқас жағдайын үздіксіз бақылайтын дәрігер-реаниматолог және анестезист - мейірбике болады. Қажет жағдайда науқастың сырқытына байланысты арнайы маман дәрігер болады. Егер науқаста инсульт болса, невролог немесе нейрохирург маманы қосымша еріп жүреді. Көптеген жарақаты бар науқастардың қасында - травматолог немесе ортопед маманы, науқаста хирургиялық патология анықталса (дренажбен, операциядан кейінгі кезеңде) - дәрігер-хирург және т. б. болады. Ұзақ жолға науқасты тасымалдағанда көліктің жүргізушісін ауыстыратын қосымша жүргізуші қажет. Науқасты тасымалдауға қатысатын адамдар саны 5-ден кем болмауы керек.

Реанимобильмен тасымалдаудың арақашықтығы 600 км аспауы талап етіледі. Егер басқада тасымалдау әдістері мүмкін болмаса (авиатасымалдау, теміржол транспорты), науқастың сырқатының факторларына және тұрғылықты жеріне байланысты арақашықтығы 600 км асатын тасымалдау жөнінде шешім қабылданады.

Стационарда бөлімге (емдік, реанимациялық) науқасты жеткізу үшін, науқастың жағдайына және сырқат түріне байланысты тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Үш әдісі бар - медицина қызметкерінің шығарып салуымен науқас өзі еркімен жүріп бара алады, отырған қалпында орындық-арбамен, жатқан қалпында-каталкамен тасымалдануы қажет. Өз бетінше жүре алатын науқастар қабылдау бөілімінен палатаға кіші медициналық қызметкер (кіші мейірбике, санитар) көмегімен келеді, өз бетінше қозғала алмайтын науқастарды бөлімге зеңбіл немесе орындық-арбамен тасымалдайды. Тасымалдаушы құрал (каталка, зеңбіл) арнайы клеенкамен қапталған матрацпен және таза жаймамен жабдықталады, басына арнайы жастық беріледі (клеенкалы қаппен, сыртынан маталы тыспен тысталған) . АІИ алдын алу мақсатында жайманы әрбір науқастан кейін ауыстырып отырамыз және қолданылған жайманы арнайы қапқа саламыз, матрац пен жастықты екі рет дезинфицирлейтін ертіндіге малынған шүберекпен өңдейміз.

Зеңбілмен тасымалдау

Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады. Зеңбілдің ұзындығы 2, 1-2, 2 м, ені 55-60 см, салмағы 9, 5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі жасалған салмағы 7, 5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып, кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.

Зеңбілге мүмкіндігінше төсемше немесе мықты жапқыш салған жөн, тек жапқыштың бір шеті (ұзындығына) зеңбілдің үстін жауып, ал келесі шеті қасында тұруы қажет. Науқасты зеңбілге жатқызғаннан кейін келесі жарты жапқышпен жабамыз. Науқасты зеңбілден түсірген кезде жапқыш шеттерінен ұстап түсіруге ыңғайлы. Жылдың суық мезгілінде науқасқа бас киім кигізіп, аяқтарын жылы жабу керек. Шок жағдайындағы науқасты қосымша жылытуды ұмытпаған жөн.

Зеңбілде ессіз жатқан, шок жағдайындағы, басми қанайналымы бұзылған, жедел миокард инфарктісімен науқастарды, сонымен қатар жүктілік асқыныстары бар жүкті әйелдерді (эклампсия, түсік қаупі бар болған сәтте және т. . б. ), сан сүйегінің жарақаты кезінде (сынықтар, кең көлемді жарақаттар), құрсақ қуысының ауыр хирургиялық немесе гинекологиялық аурулармен, бас-ми жарақаттарымен, омыртқа жарақат зақымдалуларымен тасымалдайды

Науқастарды зеңбілмен тасымалдау:

Егер тасымалдау кезінде біреуі шаршағанды сезсе, тез арада келесі тасымалдаушыға хабарлауы керек, себебі шаршаған саусақтар кенеттен жазылып кетуі мүмкін. Тасымалдау уақытында артында келе жатқан тасымалдаушы науқастың жағдайын үнемі бақылап, халін сұрап отыруы керек.

Науқасты зеңбілге жатқызу үшін екі тасымалдаушы науқастың астына қолдарын қояды: біреуі басына және арқасына, келесісі - жамбас және тізе астына; бір сәтте көтеріп зеңбілге жатқызады. Баспалдақпен көтеріп және түсіргенде зеңбілдің бас және аяқ жағын көтеру арқылы горизонтальді деңгейін ұстап тұруы керек. Науқас қолдары тұлға бойымен орналасады. Баспалдақпен төмен түсіргенде науқас аяғымен бағытталып тасымалданады. Артқы тасымалдаушының қолы жазылған шынтақпен, ал алдыңғы тасымалдаушы иығына салып тасымалдайды.

Жарақатына байланысты зардап шегушінің тасымалдау кезіндегі оптимальді қалпы

Жарақат түрлері
Науқас қалпы
Жарақат түрлері: Ессіз жағдайда
Науқас қалпы: Тұрақты қырымен жатқан қалып (басын артқа)
Жарақат түрлері: Бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары
Науқас қалпы: Арқасына жатқан қалып (басын артқа)
Жарақат түрлері: Омыртқаның зақымдалуы
Науқас қалпы: Арқасына жатқан қалыпында (қатты төсеніште)
Жарақат түрлері: Жамбас сүйектерінің сынығы
Науқас қалпы: Арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүккен қалпында)
Жарақат түрлері: Аяқтарының сынығы
Науқас қалпы: Арқасына жатқан қалыпында
Жарақат түрлері: Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер
Науқас қалпы: Арқасына жатқан қалыпында (тізе буыны жартылай бүгілген)
Жарақат түрлері: Бас сүйегінің қарақұс аймағының жарақаты
Науқас қалпы: Ішімен жатқан қалыпында
Жарақат түрлері: Арқаның, бөксенің және аяқтың сыртқы бетінің жарақаты
Науқас қалпы: Ішімен жатқан қалыпында
Жарақат түрлері: Бас сүйегінің бет бөлігінің жарақаты
Науқас қалпы: Отырған қалпында
Жарақат түрлері: Кеуде қуысының жарақаты
Науқас қалпы: Жартылай отырған қалпында
Жарақат түрлері: Қабырғалар сынығы
Науқас қалпы: Отырған немесе жартылай отырған қалпында
Жарақат түрлері: Қолдардың жарақатында
Науқас қалпы: Отырған қалпында
Жарақат түрлері: Соққылар, тырналулар және кесілген жаралар
Науқас қалпы: Отырған қалпында
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицинадағы электро термометрлер жұмыстың физикалық негіздері
Науқастың төсектегі қалпы
ТИІМДІ АРАҚАТЫНАС ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ, ТЕРІС ӘСЕР БЕРЕТІН ҚОЛАЙСЫЗ БЕТАЛЫСТАР
Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Вербальды және вербальды емес тәсілдері
Өт- тас ауруы. Созылмалы тасты холецистит
Науқасты тасымалдау түрлері мен тәсілдері
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Сырқатнама (ауру тарихы) жайлы
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғау. Науқастың әртүрлі функциональді қалыптары. Симс қалпы, Фаулер қалпы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz