Азаматтық қорғаныстың міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырып:Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері
Студент:Қыдырбай Бақдәулет
Тобы:НГ-19

Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік және егемендік алу процесімен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның құрылу тарихы, қалыптасуы мен дамуы байланысты, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою саласында мемлекеттік арнайы уәкілетті органы болып табылады, сонымен бірге арнайы құзыреттіліктері заңнамаға сай бекітілген оған тәуелді ведомоствалық басқармалар, күштері және қарулары бар.
Салыстырмалы түрде аз ғана мерзім ішінде ҚР Конституциясына негізделген табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы құрылды. Біршама маңызды заңдар қабылданды: ең алдымен, Қазақстан Республикасының 05.07.1996 жылғы Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңы, ҚР 22.11.1996 жылғы Өрт қауіпсіздігі туралы Заңы, ҚР 27.03.1997 жылғы Апатты-құтқару қызметтері мен құтқарушылар дәрежесі туралы Заңы, 07.02.1997 жылғы ҚР Азаматтық қорғаныс туралы Заңы. Қазақстан Республикасының Үкіметі техногенді катастрофалар мен апатты жағдайлардан жергілікті халықты қорғау құралдары мен күштерін нығайту және нормативті-техникалық базасын әрі қарай дамыту мен жетілдіру үшін ең қажетті қаулылар қатарын қабылдады.
Соңғы он жылда әлемде зиянды өндірістерді кеңінен пайдаланатын ірі өнеркәсіптік аймақтардың жедел индустриалдық өсуі, табиғи ресурстарды қарқынды түрде игеру, қалалардың дамуы және шектелген территорияларда халықтың шамадан тыс шоғырлануы, бірқатарларының қауіпті аймақтарда орналасуы қалыптасып отыр. Мұның барлығы апаттардың пайда болу ықтималдығына, кері ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдары бар катастрофалар мен апаттардың артуына әкеп соғады.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері халықты бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың салдарынан Азаматтық қорғау арнайы іс-шараларын орындауға, қазіргі заманғы қаруларды қолдануға арналған.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде, сонымен бірге ұйымдарда да құрыла алады.
Республикалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің тізімі, оларды құру базалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен анықталады.
Облыс, аудан, қалалардың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің тізімі және олардың құрылу базасын жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен (қаулыларымен), ұйымдардың ұйым бойынша бұйрықтарымен оларды құру мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне негізделе отырып анықталады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерін құру базалары ведомоствалар мен ұйымдардың сәйкесінше бағдары мен тағайындалуы болып табылады.
Облыстарда, аудандарда, қалаларда және ұйымдарда Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері негізінен республикалық қызметтер тізіміне сәйкес құрылады, бірақ жергілікті жағдайлар мен сәйкесінше базаның бар болуына негізделе отырып құрылып, басқа да қызметтер құрыла алады: баспана мен паналау қызметі, сумен қамтамасыздандыру қызметі, коммуналды-техникалық қызмет, адамдар мен киімдерді зарарсыздандыруды санитарлық өңдеу қызметі, адамдарды жерлеу қызметі, жоғалғандарды іздестіру қызметі және т.б.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары болып табылатындар:
республикалық қызметтері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызметтер базасы құрылатын министрліктердің, ведомостволардың бірінші басшылары; облыстық, аудандық, қалалық қызметтері - заңды күші бар басқару құрылымына негізделе отырып жергілікті атқарушы органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар;
ұйымдардың қызметтері - ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалатын бас мамандар немесе бірінші басшылардың орынбасарлары;
Осы қызметтер база негізінде құрылатын азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары қызметтің әрекеттері мен оның ұйымдасуына, қажетті күш саны мен қарулардың дайындалуына, олардың жеке құраммен, техникамен және мүлікпен жабдықталуына дербес жауапты.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері тікелей сәйкесінше Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
Республикалық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жалпы міндеттері, оларды құру тәртібі мен қызметтерін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқару органы бекіткен Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар республикалық қызметтері туралы ережемен анықталады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің міндеттері, ұйымдасуы мен қызмет әрекеттері қызмет туралы ережелермен анықталады, ол Азаматтық қорғаныстың сәйкесінше бастығымен келісіледі. Республикалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары Қызметтер туралы ережені әзірлеп, бекітеді, қызметтің ведомоствосы орындау үшін міндетті нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығады.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар туралы ережелер бекітіледі:
республикалық қызмет - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органы;
облыстық, аудандық, қалалық қызметтер - Азаматтық қорғаныстың сәйкес бастықтары немесе олардың орынбасарлары (төтенше жағдайлар жөніндегі территориалды басқару органдарының жетекшілері);
ұйымдардың қызметтері - төтенше жағдайлар жөніндегі территориалды басқару органдарының басшылары);
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің құрылымын олардың басшылары анықтайды.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің бастықтары болғанда бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұратын қызмет штабтары құрылады.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері болып табылатындар:
халықты қорғау жөніндегі Азаматтық қорғаныс іс-шараларының кешенін жоспарлау мен жүзеге асыру және төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту, қазіргі заманғы жеңу құралдарын пайдалану;
құтқару және дереу жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету және зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
тағайындалуы бойынша жұмыстарды өткізуге олардың дайындығын қолдау, арнайыландырылған қалыптастыруды құру мен дайындау;
бағыныңқы органдардың басқаруын ұйымдастыру мен қажетті материалды-техникалық құралдармен оларды қамтамасыз ету;
басқарушы құрамды дайындау, төтенше жағдайларда халықты қорғау тәсілдері мен әрекеттеріне оқыту, қазіргі талқандау құралдарын қолдану;
жоғары дайындық деңгейінде Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік басқару жүйесін құру мен қолдауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың туындауы мен туындау қаупі туралы халықты хабардар ету, қазіргі заманғы құралдарды қолдану;
радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаушыларды (ластаушы) үнемі қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;
сәйкес басқару органдары мен әскери командалық күштерге, ішкі істер органдарымен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру мен қолдау;
бағыныңқы ұйымдардың эвакуациясы мен анықтап алу жұмыстарын басқару, олардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, қауіпсіз аймақтарға аудандарды орналастыруды дайындау бойынша іс-шараларды қабылдау;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің жоспарларын әзірлеу, бағыныңқы ведмостволық буындарда жоспарлауды басқару;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар негізгі қызметтері мен олардың міндеттері.

АҚ және ТШ инженерлік қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар инженерлік қызметі Азаматтық қорғаныс іс-шараларын инженерлік қамтамасыз етілуі мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-шараларды инженерлік қамтамасыз ету жұмыстарын дайындау және өткізу, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану;
инженерлік қалыптасуларды құру мен ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және қарумен жабдықтау;
қорғаныс құрылыстарының қорын жинауды ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру;
әскери уақытта қорғаныс құрылыстарын қорының жеткіліксіз қорын жеделдетіп салу жоспарларын әзірлеу;
нысандарда құтқару және басқа төтенше жағдайларды жүргізуде, зақымдану ошақтарына жақындағанда бастапқы аудандарда Азаматтық қорғаныс күштерінің әрекетін қамтамасыз ету;
Құрылыс нормалары мен ережелерін, жаңа қабылданатын жобаларды келістіру;
сейсмикаға берік ғимараттардың, құрылыстардың, тұрғын үйдердің құрылысы мен пайдаланылуын бақылау;

АҚ және ТЖ медициналық қызметі.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі (Төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек қызметі) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын медициналық қамтамасыз ету, зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсету мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
төтенше жағдайлардың медициналық-салдарының деңгейін азайтуды қамтамасыз ететін республикадағы бірыңғай саясатты негіздеу мен өткізу;
Азаматтық қорғаныстың медициналық іс-шараларын жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу;
төтенше жағдайлардың медика-санитарлық, эпиедмиологиялық және гигиеналық салдарын болжау, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану, ықтимал шығындарды азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
медициналық қалыптасуларды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және құралдармен жабдықтау;
зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге үнемі дайындықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдау ошақтарында медициналық қызмет күштері мен құралдарын алғашқы қатарға қоюды қамтамасыз ету;
медициналық қызметті уақытында көрсету, зақымданғандарды эвакуациялау мен емдеу, зардап шеккендердің денсаулығын еңбекке қайта баулу арқылы жылдам қайтару, төтенше жағдайлар мен зақымдану аймақтарындағы қайтарымсыз шығындардың ең көп мөлшерде азаюы, сонымен бірге медициналық эвакуация сатысы мен жолдарында мүгедектер көрсеткіштерін азайту;
төтенше жағдайлардың психоневрологиялық және эмоционалды әсерін азайтуға бағытталған емдеу-алдын-алу іс-шараларын өткізу, халыққа зарарсыздандыру құралдарын қолдану және оларды жылдам зарарсыздандыру;
халықтың санитарлық ыңғайлылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде елді мекен аймақтары мен зақымдалған жақын территорияларда жаппай жұқпалы аурулардың туындайы мен таратылуын алдын алу;
құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу кезіәнде жеке құрамның денсаулығын сақтау, оларға қажетті медициналық қызмет көрсету;
қаза болғандарға сот-медициналық сараптамасы мен еңбекке жарамсыздығын жоғалту бағасына болжау, жарақат ауырлығының дәрежесін анықтау үшін зақымдалушыларға сот-медициналық куәландыру;
халықты өзіндік және өзара көмек көрсетуге оқыту;
медициналық мекемелерде медициналық препараттардың қорын жасау.
АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметі Азаматтық қорғаныстың өртке қарсы іс-шараларын қамтамасыз ету, қоршаған орта мен мүлікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатымен құрылады.
Қызметтің міндеттері:
Төтенше жағдайлар аймақтарында өрттің алдын алу мен өртті сөндіру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың өртке қарсы қызметтерінің жоспарын әзірлеу мен уақытында жоспарға түзету енгізу;
қалалардың, аудандардың, елді мекендер мен ұйымдардың ірі өрттерге қарсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Азаматтық қорғаныстың міндеттері жайында
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі
Азаматтық қорғаныс (АҚ)
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) жүйесі
Пәндер