Шәкәрім философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2

II. Шәкәрім философиясы:

1) Шәкәрім дүниетанымының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 3
2) Шәкәрім
деизмі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .5
3) Шәкәрім
этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .11

II.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .15

IV. Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе
Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен совет заманының
өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік
методология тұрғысынан объектнвті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік ашылған
жағдайда ақын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы халық қазынасына айналып отыр.
Қазақстан Коммунисттік партнясы Орталық Комитетінін Бюросында Ақын
Шәкәрімнің творчестволык мұрасы жөнінде мәселе қаралып, құптау хабар
жариялануын қалың жұртшылық аса ризашылықпен қарсы алды. Мән – маңызы
ерекше осы документте былай делінген: Шәкәрімнің әдеби творчествисы
идеялық – тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де коркемдік
қуатының молдығымен ерекше – ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның
творчестволық мұрасы мол да, мағыналы және ол ХІХ және XX ғасырдың
басындағы казақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы
үнсіздік пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс. Казақстан
Компартиясы Орталық Комитстінің Бюросы ұлы Абайдың талантты щәкірті және
оның реалистік дәстүрін жалғастырушы Шәкәрімнің шығармаларын сыншылдық
тұрғыдан қарай отырып игеру, сөйтіп оларды халыққа жеткізу жөнінде, оның
Түрік, қыргыз, казак һәм ханлар шежіресі және Мұсылмандық шарты
аталатыл кітапшаларынан басқа барлық шығармалары еңбекшілер тәрбиесіне
зардап тигізерлік зиянды идеялардан мүлдем ада екені өз алдына, олардың
қоғамымызды рухани байыту ісіне, оның гуманистік және адамгершілік
мүраттарын бекітуге қызмет ететіндігі туралы комиссия ұсынған тұжырымдар
мен ұсыныстарға келісті. Ақынның уақытша жаңылысуы мен қателесуіне келсек,
бұл оның дүние танымындағы белгілі бір шектеуліліктің көрінісі ретінде
бағалануы керек. Өткенде қиын жағдайларда өмір сүріп, халыққа аянбай еңбек
еткен бірсыпыра асыл адамдардың қатарында енді Шәкәрім
Кұдайбердиевтің бейнесі биіктей бермек. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
гасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухаии,
мәдени, әдеби өміріне кейде айтарлықтай белсене араласып, гуманистік,
адамгершілік, демократтык, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем
мұра калдырған Шәкәрім Кұдайбердиев еді. Ол — әрі ақын, әрі прозалық, әрі
аудармашы, философ, тарихшы, біршама журиалистикаға да араласты.
Шәкәрімнің дүниетанымы туралы философиялық тұрғыда жазылған еңбектер
өте аз. Шәкәрім мұрасын зерттеп, халыққа барлық қырынан ашып беру дегеніміз
– оған өзінің кемеңгер дарында армандаған, оған жетуге ұмтылып өткен ұлы
ойшыл, демократ, философ әрі ағартушыны қайтару, яғни халқымыздың
тарихындағы тағы бір ақтаңдақты жою деп түсінеміз

Шәкәрімнің дүниетанымының ерекшеліктері

Шәкәрімнің асқан жоғары білімдарлығына, Батыс пен Шығыстың мәжениетін
жетік білгендігіне оның өзінен кейін қалдырған рухани мұрасы куә. Ол
қазақтың тұңғыш кәсіби философы ретінде саналады, қазақ философиясының
деңгейін кәсіби деңгейге көтере алды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында,
тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдерінің талай
ойшылдарының тек еңбектерінің аттары жазылмай, мазмұнын да аша білген.
Соның нәтижесінде, Шәкәрімнің басқасына ұқсамайтын дүниетанымы қалыптасады.
Себебі, Шәкәрімнің көп шығармалары терең философиялық, тарихи сипатта
жазылған.

Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт, бағдар
байқалады. Тіршілік, жан туралы деген философиялық өлеңідерінде былай
дейді:
Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса, түпке қаш.
Дым тиіп, нүр кеп жылытса,
Өс тағы жайнап, көңіл аш,
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ татпай ма?
Жылынса, яки егілсе,
Оның да тағы таңы атпай ма? [1]

Бұдан көретініміз, Шәкәрім органикалық тіршіліктің біртіндеп, себеп –
салдар принципі бойынша дамитындығы, жәндіктің өсімдіктен, адамның
жәндіктен таралу идеясын жақтап отыр.
Ал мына өлең жолдарында:
Құт болған дәнде неше мың сан,
Жарылып шықтық біз сонан.
Ұсақ құрт дәннен жарып шыққан,
Жасаған құрттар әртүрлә тән.
Құс, балық, шаян, көп айуан,
Айуаннан өсіп, болдық адам.
Тәніміз топырақ пен судан,
Күн-атам, анық жер – анам,- [2]
ғалам болмысын, адамзат табиғатын әдеттегі Құдай қолымен емес,
жаратылыс тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Яғни, Шәкәрім Батыс ойшылдарының
көбісі сияқты, эволюцианизмді құптағаны көрінеді. Бұл оның материалистік
бағыттағы алғашқы қадамы еді.
Шәкәрім өмірдің мәні мен дүниенің динамикасы жайлы көп жазған. Ол жас
кезінен-ақ өмірдің өтпелі кейпін мойындаған, әлем құбылыстарының тоқтамай,
таусылмай, жаңарып отыратынын сөз еткен. Айнала өмірге, табиғат
құбылыстарына қарап, ненің болса да бас – аяғы жалғас жататынын, сонымен
бірге ол өзгеріп, жаңарып отыратынын өзгеше қорытады. Мұны келесі өлең
жолдарынан көруге болады:
Өмір-дүние, жер мен көк, өткен заман,
Ажал алмай қоймайды ешкімді аман.
Өлмей-өшпей, қартаймай жүргің келсе,
Ол болмай ма тағдырды жамандаған?
Немесе:
Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел.
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер,-
Кетті, келді,
Толды семді,
Өзгеленді бұл ғалам. [3]

Шәкәрім дүниетанымындағы маңызды да мәнді тағы бір аспектісі, оның
динамиканы, яғни қозғалысты түсінуі. Оның ойы бойынша, қозғалыс –
материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы –
Құдайдың ықылас , еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез
келген уақытта өзгеруі немесе жоғалуы мүмкін. Ал Шәкәрім философиясы
бойынша, біртіндеп туатын қажеттілігіне қарай, белгілі бір тәртіп пен себеп
– салдар қатынасы бойынша дамып отыратын мақсатты процесс.

Өз заманында әлемді хаос, кездейсоқтықтар патшалығы деп түсініп,
ақырзаманды күтушілерді Шәкәрім батыл сынаған. Бұл мақсатта ол өзінің
жаратылыстану саласындағы терең білім – танымына сүйенеді. Ғалымның
санауынша, табиғат құбылыстарын бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкін
емес. Оларды танып – білетін бір ақ нәрсе – таза ақыл. Таза ақылдың
арқасында адам абстрактылы меңгереді, жақсыны жамандайды, сұлулықты
ұсқынсыздықтан, пайдалыны зияннан ажыратады. радийді бұрын біліп пе ең?
Электрді ұстап көріп пе ең? Бәрін де тапқан таза ақыл, -[4]деп, өз
риторикалық сұрақтарына ақылмен жауап қайтарған.
Шәкәрім ұғымында адамның барлық танымдық, психологиялық қабілеті оның
жан шарапаты арқасында қалыптасады. Барлық жан- жануарлардан адам ақылмен
және санамен ерекшеленеді.

Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын
мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой
толғайтыны бар:
Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
Жан де мейлі бір Мән де,
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемді сол Мән жаратқан, – [5]
деп түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде Жан сөзі мен
Мән сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады.
Бүкіл әлем немесе сол әлемнің ішіндегі жанды-жансыз нәрселердің бәрін де
жаратушы қуат иесі – түп ие (арабша – Алла, парсыша – Құдай, қазақша
–Тәңірі немесе Жаратушы). Ал Жаралыс басы – қозғалыс болса, сол
қозғалысты қозғаған қуат – жан дейміз деп, басты себепкер күш ретінде
жанды ерекше даралап, атап өтетіні бар. Ақын қозғаған қуат – жан дейміз
деп, Жаралыс басы – қозғалыста қозғаушы қуат күші жан болып саналатынын
алдымызға жайып салады.

Шәкәрім деизмі.

Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген
құштарлық пен талпынудан туған:
1. Неден бармын?
2. Не қылған жөн?
3. Жоғала ма жан өлген соң?
деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған.

Осы аса күрделі үш сұраққа жауап іздеу жолындағы Шәкәрім
ізденістерінің бастау көзі Мұхтар Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы Ақын
аға тарауында Абайдың әдеби мектебіндегі ақын-шәкірттері Дәрмен, Көкбай,
Шұбар (Шәкәрім), Ақылбай, Мағауия, Кәкітай т.б. арасындағы хақиқат жайлы
талас-пікірлерде жатыр. Осы пікір таласына сөзге төрелік айтатын Абай
толғаныстарында берілетін ...Хақиқаттың шешуі: Жаратушы кім? Ғалам дегеніміз
не? Жан не нәрсе және адамның хақиқатты білудегі дерегі не? деген күрделі
сұрақтарға берген жауап сөзінде зор танымдық ойлар төркіні жатыр. Заман
қысымын көп көрген кеменгер жазушы М.Әуезов аталы ой танымын яғни Абай мен
Шәкірімнің жантану ілімінен із тастап кетуді мақсат тұтқаны аңғарылып тұр.
Түп ие (Хақиқат) пен ғаламды танып білудегі Шәкәрім көзқарасында қос
қабатты қатпарлы таным жігі жатқаны да аңғарылады.

Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған.
Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің
пайда болу, даму жолын яғни, неден бармын? деген философиялық сұраққа
жауап беруге ұмтылатыны Тіршілік, жан туралы өлеңіндегі ой-
толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген.

Шәкәрімнің екінші сұрағының яғни не қылған жөн? деген мәселеге
беретін жауабы – адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін
мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан
үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының
темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн
сілтейтінін көреміз.

Ар ғылымы оқылса, – деп армандаған ойлы ақынның келер ұрпаққа
нұсқаған адамшылық жолы – әр адамның жан тілегіне айналған Ұжданды (әділет,
ынсап, мейірім) тұла бойына ұялату болғандықтан: ...ұждан, совесть, жан екі
өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір
ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген
соңғы өмірі мен Ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш
нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де
жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – осы мұсылман жолы сияқты, [6] –
деп осы жолды бүкіл өмір бойғы ізденісінен туған аса зор мән-мағынаға толы
ой-қорытындысын ұсынады.

Шәкәрім қойған үшінші сұрақ – Жоғала ма жан өлген соң?
Жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикалары мен
қара сөздерінде желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен
Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ
ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да,
жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының
өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне
көтерілді.

Шәкәрім күннің нұрынан келген адам жаны оның тән өлген соң, қиянатқа
жол бермей, ізгілік жолында болса, келген жері күнге қарай, яғни мәңгілік
тұрағына қарай қайтады деген соны да тың танымға келеді.

Күннің өзі жарық нұрдан, яғни түп иеден – мәннен жаралғаны себепті
Жарық нұрдан жаралған күн жоғалмас деп, өз дүниетанымының төменгі
қабатынан өрлеп, жоғары қабаттағы жанға, мәнге яғни түп иенің өзіне қарай
тартады. Өйткені жаралыс басы – қозғалыс болса, қозғаған қуат – жан
дейміз деп, түп иені жанға балауы айқын көрініп тұр. Түп иенің яғни жанның
нұры күнге берілсе, адам жаны күннің нұрынан жаралады. Яғни адам жанының
түп төркіні күн нұрынан ары өтіп, түпиенің (жанның) өз нұрынан келген болып
шығады. Адамның түп төркіні түпиемен тікелей ғарыштық байланыста болуы
себепті, бұл құбылысты ойшыл ақын:
Жоғары ғарыштан затың
Анық шын бұл маған көңіл [7]
деген ой байламына келіп отыр. Шәкәрімнің бұл байламға келуінің негізі
түп иенің нұрында жатуы себепті:
Нұрына күн нұры жетпес,
Жетекшім – себеп, тым күшті ол, –– [8]
деп ой-толғауында бүкіл әлемнің қозғалысына бас себепші болған күш түп
ие нұрына, тіпті, күннің нұры да жете алмайды. Өйткені оны шартты түрде
айтқанда ол төменгі қабаттағы, яғни күн жүйесі шеңберіндегі құбылысқа
жатады екен. Оның өзі түп иенің нұрынан жаралып, жер бетіндегі өсімдік, жан-
жануар мен адамның дүниеге келуіне тәннің топырақ пен судан жаралып, пайда
болуына тікелей себепкер болып отыр.

Жанның қайдан келгендігі жөнінде теология мен бүгінгі ғылымда әр түрлі
талас пікірлер бар. Бірі жан жолдан қосылды десе, бірі жан өмірдегі өзіндік
дамудан (саморазвитие) жанды табиғи құбылыс ретінде пайда болған шыңдық деп
қарайды. Ал Шәкәрім болса, осы пікірлерді сынға ала отырып:

Жан жолдан қосылды деп дін де, пән де
Ақылды байлап қойған соған мүлде, ––
дейді.
Бірақ адам өз жанын танымады,
Біледі бір өзінен басқаны адам, ––[9]
деп адамның жаны ғарыштан, бас қозғаушы күште жатқанын меңзейді. Адам
баласының өз жанын танып білмеуіне философ ғалым Конттың (1797-1857) жанның
ғарыштық табиғатынан көз жазып қалуы себепті:

Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған
Баяғы Конттың сөзі еді, ––
деп батыс философының пікір танымын қатты сынға алатыны бар. Өйткені
Конт(1797-1857) сыртқы бес сезім арқылы танылатын нәрсені ғана шындық деп
білгендіктен, жан сырын танып білуден сырт қалды. Осы себепті Конт жанның
ғарыштан келу жайын терістесе, Шәкәрім жанның түп иеден келгендігін Бас
қозғалыс ғой – жанның атасыдеп жанның келетін түп төркіні қайда жатқанын
дәл меңзеп көрсетіп отыр.

Шәкәрім жантану іліміне терең бойлап, Абай салған сара жолмен адамның
өз жанын танып білуі қажет екенін ұғынады. Осы себепті 30 жыл бойы ізденіп,
адамның жан сырын танып білуге түрткі болған адам қайтыс болғаннан кейін
оның жаны өле ме, немесе мәңгі жасауы мүмкін бе деген сұрақтың соңына шырақ
алып түседі, өмір бойы ізденеді.

Шынды білмек болсаң сен,
Алдыменен жанды біл, – [10]
деп хақиқатты яғни түп иені танып білу үшін алдымен жанның сырын танып
білуді шешуші орынға қоюында терең мән жатыр. Өйткені әлемдік қозғалыс
жаралыс басы болса, Шәкәрім ол қуатты жан, мән деген екі сөзбен қосарлап
беруінде үлкен мағына жатыр. Дүниені жаратқан ұлы қуат - жан мен мән болуы
себепті, осы қуатпен таныс болуды шешуші орынға қоюында да айрықша мән-
мағына жатыр емес пе?

Шәкәрімнің:
Бас қозғалыс қой жанның атасы
Ол жаратады түрлеп [11], –
деп, халық аузында айтылып жүрген 18 мың ғаламның жаратушысы жаппар
хақ деуімен де үйлесім тауып тұр.
Қозғаған қуат – жан дейміз
Жан өсті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз.
Жанына қарай тән болар ,– [12]
деп жоғарыда айтылған ойын осы өлең жолдары арқылы айғақтай түседі.

Жанның өлмеу, жоғалмау себебін іздеген Шәкәрім өзгелер айта алмаған
соны пікір желісін тартатыны бар.

Хақиқат жан нұрына қанса біреу,
Оның жаны өлмейді балталаса [13], –
деп ой толғауына қарағанда, жанның өлмеуінде екі түрлі себеп жатқан
тәрізді: біріншісі – сопылық поэзиядағы ашық-машұғ ұғымындағы перделеп
бейнелеп берілетін сопылық өлең табиғатына көңіл бөлген Шәкәрім:

Менің жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры, –[14]
деп жазуында ең өзекті мәселенің астарлы мағынасы жатыр. Хақиқаттың
шын нұры деп отырғаны – түп иені танып білу арқылы шындыққа көз жеткізу.

Екіншіден, Шәкәрімнің Ғылымда не бар болса, бәрі жанда [15] деп
жатуына себебі де бар сияқты. Дене (тән) мың құбылып өзгерсе де, оның ескі
жаны өзгермейді. Дене киген киім сияқты ескіріп тозып қала береді, бірақ
жан (ескі жан) өзгермейді, өлмейді. Осы себепті Шәкәрім жан менің
айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң,
денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді, құр ғана өзгеретін болса,
бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ [16], – деп ой байламын
жасайды. Жан әр түрге түседі, мысалы, инстинкті – сезімді жан, сознание ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы қалыптасуының ерекшеліктері
Мұсылман философиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
Антика философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Шәкәрім рух туралы
Экзистенциализм және өмір философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Пәндер