Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Ойынның әлеуметтік сипаты мен өзіндік
ерекшеліктері, рөлі
мамандығы ____________________

Орындады:
___________ тобының студенті
Ғылыми жетекші:
__________________

Қарағанды 2020
Мазмұны:

I. Кіріспе
II. Ойын - педагогикалық-психологиялық феномен ретінде
2.1. Ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
2.2. Ойынның даму тарихы

III. Ойын арқылы оқыту ерекшеліктері
3.1. Ойынның психологиялық-педагогикалық мәні, жіктелуі
3.2.Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолдары

IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

I. Кіріспе

Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет. Шынайы өмірде балалар
ойынына ұқсас әрекеттер бар.
Балалар ойыны кенеттен іске асады, кейде организмнің қандай да бір қызметін
дамыту үшін, тұлғаның сапасын арттыру үшін, жетістікті бекіту үшін,
ширығудан айыру үшін жасанды түрде тудырылады.
Балалар ойынына тән сипат – аса эмоционалдылық (ойын) жағдай жасау. Бұл
жағдай баланың дене, ой және әлеуметтік белсенділігі процесін тудырады.[1]
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі
болған XVIII ғасырдың өзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы
балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру.
Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін
айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс, не әрекет сияқты
болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады;
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
Зейіні қалыптасады;
Байқампаздығы артады;
Өзара сыйластыққа үйренеді;
Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
Бір-біріне деген оқушы сенімі артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;
Сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.
Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі
әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы
бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ
өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай
бейімделуі - басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала ойында ғана
тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-
қатынас жасау мүмкіндігі артады,-деп атап көрсеткен.
Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе,-деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, Ойын-
баланың - рухани дамуының негізі,-деп Ж. Пиаже, К. Левин, Л.С. Выгоский,
Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің
жемісін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Ендеше оқушыларда осы
қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі
болып саналады.
В.А.Сухомлинский: Педагог өз тәрбиеленушісінің рухани жағынан дамуына көп
көңіл аударуы керек. Баланың адамгершілік дамуын, құндылығын ескере отырып,
жасалған қарым – қатынас қана талапқа сай болады-деп атап өткен.
Л.Фейербах: Іс-әрекет пен қарым-қатынас – адамның әлеуметтік тұрмысы мен
өмір сүру тәсілінің екі қыры - дейді.
Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық үрдістерін жетілдірудің, әлеуметтендіру
мен жан-жақты тәрбиелеудің көрсеткіші ретінде бағаланатын оқу-тәрбие
үрдісінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, ойын
әрекетін ұтымды пайдаланудың мүмкіндіктері мол.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын
аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне
айналды. К.Гроосқа дейін итальян оқымыстысы Д.Колоцца балалар ойыны туралы
материалдарды жүйеге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын
ашуға әрекет жасады. Ал ғалым-психологтар К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев,
Р.Гаупп, Н.Виноградов, В.Вахтерев және т.б. ойын теориясын құрастырды және
ойын мәселесін көтеріп, іс - әрекетттің маңызды түрі ретінде оның
теориялық, әдіснамалық негізін ашты.
А.С.Макаренко: Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің
қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да
сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе
сондай болады. Сондықтан 6-7 жасар балалардың білуге деген ынтасы мен
мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып
отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру
үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек - деп атап кеткен.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский ойын туралы былай деді: Ойын баланың
алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз
ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес-деседі.
Ойын – балалар тәрбиесіндегі ең тиімді амалдардың бірі. Балабақшада тәрбие
беру бағдарламасында баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының
дамуы үшін, балалар қоғамның қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар
екендігін атап көрсетті.
Ойын демекші ол - адамдардың мінез-құлқын өзі басқарумен аңықталатын
қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-
әрекеттің бір түрі.
Балалармен қарым-қатынас жасау – бұл толассыз шығармашылық. 6-7 жастағы
бала ойын үстінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен бірге өзі бір
рөлді иеленеді. Соған сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала ойын іс
-әрекеті үрдісінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың міндеттері
туралы ұғына бастайды. Ойын іскерлігінің дамуы мен ойынның түпкі мақсатының
күрделенуіне сәйкес балалар бір-бірімен араласа бастайды.
Ел болам десең, бесігіңді түзе дейді қазақ халқы. Болашақтың іргетасын
салатын бала әуелі отбасында, содан соң балабақшада қалыптасады.
Балдырғандардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Менің курстық
жұмысымның тақырыбы - Ойынның әлеуметтік сипаты мен өзіндік ерекшеліктері,
рөлі болғандықтан.
Курстық жұмысымның зерттеу мақсаты: ойын арқылы балалардың көңіл-күй
көтеру, тілін дамыту, ақыл-ой белсенділіктерін қалыптастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:
балаларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру;
ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру;
сабырлы, әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу, әртүрлі ойын түрін қолдану арқылы
баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыру;
көңіл-күйлерін көтеру, жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу.

II. Ойын - педагогикалық-психологиялық феномен ретінде
2.1. Ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі

Ойыншық – шынайы заттардың нақты бейнесі, балаларды қызықтырарлық түрде
оқытуға және ойнауға арналған арнайы зат: идеалогиялық әсер ету мен
тәрбиелеудің негізгі құралы. Жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтарды және
балаларды негізігі міндеттеріне байланысты оларды ақыл – ой , ерік – жігер
және эстетикалық тәрбиелеуге , денесінің дамуына және ермек – ойыншықтар
деп бөлуге болады.
Балалардың ақыл – ойын дамытатын ойыншықтардың ішінде дидактикалық
ойыншықтар үлкен орын алады. Олар ақылын, ойлауын, тілін дамытып, білім,
дағды мен іскерлік жайлы бірқатар түсінік береді. Олармен ойнай отырып ,
бала заттарды тануды , айыруды, заттың түсін, көлемі мен пішінін атап,
сандармен, цифрлармен танысып, ұсақ бөлшектерді тұтас бір затқа жинап,
оларды қайта бөлшектеді үйренеді. Олардың ішінде халық арасында кеңінен
қолданылатын мынадай ойыншықтар бар: бір түсті шеңберлерден тұратын конусты
қамалдар (1.5-3ж) , түрлі -түстілері (3-7 ж) , әр түрлі бір – бірінің
ішінен шығатын - бөшкелер , жұмыртқалар, шарлар (1,5-5ж), матрешкалар (1,5-
6ж). Балаларға берілген дидактикалық ойыншықтардың қай жаасқа нақты
берілгенін көрсету мүмкін емес, өйткені ол ойыншықтармен әр түрлі
деңгейдегі ойындар ойналуы мүмкін.
Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндік
конструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4,5 – 5 жастағы
балаларға арналған.
Баланың политехникалық біліміне техникалық ойыншықтар негіз болады. Әр
түрлі жастағы балалар үшін дайын техникалық ойыншықтар мағынасы бойынша да,
образы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, 2 – 4 жастағы балалар үшін паравоз
үлкен, ашық түсті бірнеше бөліктерден – дөңгелектен, машинист бөлімшесінен
тұрады; 5 – 7 жастағы бала дәлдікті қажет етеді – дөңгелектердегі рычагтар
деген сияқты , ал кіші мектеп жасындағыларға өте үлкен бөлшектер қажет және
де паравоздың орнына тепловоз, электровозға ауыстыруды қажет етеді. Дайын
техникалық ойыншықтар қазіргі техниканы, өткен заманғы техниканы және
болашақтың техникасын да көрсетіп, бейнелуі мүмкін.
Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының
түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір
техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық – құрылыстар
үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты
ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді.
Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру
арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын
ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды.
Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті
де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы
кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму
құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола
отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір
адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза,
жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр
түрлі әсер береді. 
Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.
Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты
дамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі
жаттығу. Мағжан Жұмабаев: Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші
болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек,
бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр
деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!.
Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте
көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін
ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет
емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен
қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі
күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан.
Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс,
драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық,
дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері,
мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары
бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-
физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко
былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін,
еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар.
Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады.
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын
элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың
бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі
келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г.Спенсер
денедегі артық энергияны шығару, К.Круз тіршілік үшін күреске әзірлеу
ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теориясын
жасады.
Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып
білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және
бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды
құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес,
ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу
әрекетінің негіздері қаланады.
А.М.Горький: Ойын арқылы бала дүниені таниды - десе, А.С.Сухомлинский:
Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын
дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани
сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты -
дейді.
Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге
тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық
дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни
сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық,
білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар:
Ойын баланың өзіндік өмірі - деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық
даналығы: Ойлы бала, ойыннан өседі - дейді.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Ойын
ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад:
• Ойын – сауық
• Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
• Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
• Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
• Әлеуметтендіру
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде
өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.
Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту
ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып,
білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі
түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау
қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып,
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін
сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға
болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді
пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға,
қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық
сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса,
мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен
жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі
дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды
қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер
жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
• ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер
ету сипаты;
• жеке оқыту маңызының артуы;
• оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске
ұмтылуы, т.б.
Ойынның психологиялық негіздері:
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге
деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім
беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен
ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру,
бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік,
үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің
қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда
олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын
дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі
міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік
жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-
дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық,
шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол
арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт
Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын
үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық
байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс,
дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-
бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады,
оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін
еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-
әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың
бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай
кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады,
көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін
пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу
өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған
заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның
ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын
өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та
болуы мүмкін.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың
психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды,
белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі
баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне
бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды.
Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды
ойын деп түсінуінде жатыр
А.С.Макаренко дәл атап көрсеткеніндей, үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай
роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады. Бала ойында
қандай болса, өскенде жұмыста да сондай болмақ. Сондықтан баланың
қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын кезінде өтеді. Бала неғұрлым жас
болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен орын алады.
Төменгі сынып оқушыларымен жұмыста ойынның маңызын жеке бағаламаған
мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмақ емес.
А.С.Макаренко ойынға айтулы мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерде
ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың
өмірін қызыққа, қуанышқа бөлейді деп есептеген. Ол балалардың ойынға деген
сүйіспеншілік пен қызығушылығын тәрбиелейді. Оның практикасында тиісті
педагогикалық мақсаттарға қызмет ететін ойындар немесе баланың бойын
сергітіп тынығуға көмектесетін жай, көңілді ойындар қолданылатын. Макаренко
әртүрлі ойындар комплексін жасауға тырысты. Оларды ұдайы жетілдіріп отыруды
талап етті. Коллектив өміріне, оның даму болашағына сәйкес келмейтін
ойындарды өзгертіп отыруды үндеді. Ол ойынның тәрбиелік ықпалын жасаудағы
маңызды шарт баланың ойынға қатысуы ғана емес, оны жасауға да белсене
араласуы деп есептеді.
А.С.Макаренканың практикасында көптеген ойындар еңбек әрекетіне ұласып, ол
еңбек әрекетіне ойын элементтері енгізілді. Тәрбие жұмысы практикасында
стол үстінде ойналатын ойындар, қимыл ойындары, техникалық, әдеби-театрлық
ойындар, аттракциондар қолданылды.
Балалардың өмірінде рөльмен ойналатын ойындардың зор маңызы бар. Рольмен
ойын ойнағанда балалар өз шамасына қарай үлкендер арасында қалыптасатын
қатынастарды көрсетеді. Өзіне белгілі бір роль алғаннан кейін бала соған
орай қажетті ережелерді бойына сіңіріп, мінез-құлықтық дағдылары мен
шеберліктерін игереді.
Бала оқуға барғаннан бастап ойын екінші кезекке ығысады. Бұл жағдайда
ойынның сипаты, мазмұны өзгереді, бірақ оның бала тәрбиесіндегі рөлі
бұрынғысынша маңызды болып қала береді. Төменгі сынып оқушылары үшін
рольдік ойындарды өздері бейнелейтін адамдардың қасиеттері бірінші орынға
шығарылады. Дүниетанымы өскен сайын, бастауыш сыныпты аяқтай келе, бала
қиындықтарды жеңуге тырыса бастайды. Олардың ойын әрекеті еңбекпен,
қоғамдық жұмыспен қабыса түседі. Ойын элементі балаларды әртүрлі іс-
әрекетке тартудың маңызды жолына айналады.
Ойын элементтерін енгізу балаларда белгіленген жұмысты қайтккенде орындап,
кез-келген іске жауапкершілікпен қарау сезімін туғызады.
Ойын әрекетін ұйымдастырғанда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған
жөн.
Ең алдымен баланы зорлап ойнатудың, олардың шығармашылығы мен дербестігін
матап тастаудың ешбір қажеті жоқ. Ойынның тәрбиелік нәтиже беру жағын
қамдастырған жөн.
Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен
қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез, дұрыс шешім қабылдау
т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Негізінен
балалардың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар бұл ауада
немесе далада ойналатын ойындар. Осы ойындардың арқасында балалардың көңіл-
күйі, эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді.
Ойын әрекетінде балалардың психологиялық қасиеттері мен жеке басының
ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттен кейін
дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психологиялық процесстер ырықтылығының қалыптасуына әсер
етеді. Сондықтан балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Бала
үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы
ерте және оңай бөлінеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы балалардың
ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді.
Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар
туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді.
Ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,
өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.
ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.
в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті
түсіндіру құралына айналады.
г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын
баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық
негіздері болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен
танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады.
Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан оның педагогикалық мәні ерекше.
Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала
бола ма? деп айтқандай балалардық өмірінде ойын ерекше орын алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі
жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа
аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз
қалайды.
Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Балалардың
қуанышы мен реніші ойында айқан көрінеді. Ойын кезіндегі балалардың
психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындалады,
белсенділігі артады, ерік қасиеті қиял елестері дамиды, мұның бәрі
балалардың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі
балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде
қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын
барысында балалар дүниені тани бастайды. Өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін
білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға
келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой
көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады. Грузин педагогы
Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре
білді. Ол өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып,
олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді
болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген
құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда
болады. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттерінің әсерлігін арттырып,
балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл
ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына
сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау,
қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата
білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін
пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған.
Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың
негізгі ерекшеліктері. Балалар ойын арқылы белгілі бір білім,
білік,дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның
танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындар - оқыту
мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар.
Ойын физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын
баланың даму қуралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие
бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды
әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны
таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның
дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді
бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың
ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға
басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың
тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің
де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-
әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине
ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның
өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық,
дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар.
Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі,
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке
тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек,
артық болмас.
Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан, дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата – бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым – қатынасың, мінез-құлқың, өмірге
деген көзқарасың, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке
дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру
үрдісіне әр түрлі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко
былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар.
Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады.
Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады. Мысалы;
сюжеттік - рөлді ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың
қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан
кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның
өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар
ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне
мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға
өзінің қатынасын білдіреді. Балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде
психологиялық, анатомиялық-
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің
ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.
Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.
Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей
шақырғанға жауа та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі,
өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз
нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз
қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп
балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын
анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар
арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері
мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына
көмектеседі.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі
болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті
немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар
жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз
байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде
көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы
анықтамасы, мәселен: дүкен, аурухана, әскер, қызы мен шешесі,
мектеп және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің
өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып
табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға
бөлуге болады:
а)тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар (отбасы, мектеп,
балабақша және т.б. болып ойнау);
ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар
тұрғызу жәнет.б.);
б) қоғамдық демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі
құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін
ойындар.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын
әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын
және өзара байланысын анықтайтын... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді,
ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл. Ойын
процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе
рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол
қиялдағы қылықтарға, іс- әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады.
Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни
белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер)
ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және
реттейтін ереже белгілейді.
Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды
етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын,
күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ
балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ
олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста
болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның
ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.

2.2. Ойынның даму тарихы

Ойын ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.
Ойын сөзі мағынасының түп–төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы,
Ежелгі Рим халықтарында ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің
мағынасымен ұштасып жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал
қазақ тілінде жас баланың іс – әрекетін, ересектер арасындағы әзілді,
қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал – мәтелдерінде анық байқалады.
Мысалы, Асық ойнаған – азар, доп ойнаған – тозар, кітап оқыған – озар
нақыл сөзінде ойын сөзі балалардың іс–әрекетін білдірсе, Әзілің жарасса,
атаңмен ойна мақалында ойын сөзі әзіл–қалжыңға сәйкес келеді.
Ойынның пайда болу тарихын зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың
басты назарында болды.
Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды
деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді.
Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады.
Сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп
тұжырымдады. Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі
қатысқан.
Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық тәртіппен
байланысты болды.
Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге бағытталған және белгілі
шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын, ойынға қатысушылар арасындағы
жарыс немесе сайыс ретінде қарастырылды.
Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға шахмат және карта
ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген, кейінірек бүкіл әлемді
жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын
үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша (король), патшаның таңдаулы
әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері (офицер), кеме әскері (ладья)
және жаяу әскерлер бір–біріне соғыс жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат
ойыны соғыс өнерін үйрететін бірден–бір құрал ретінде саналып келді. Тек
ХVІІ ғасырдан кейін ғана бұл ойын бүкілхалықтық сипат алып, өзінің бұрынғы
кейпін жоғалтып, адамзаттың қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын түріне
айналды. Карта ойындарының қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл кесіп айта
алмайды. Бұл ойын адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.
Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В.
Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын
теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын
айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз
байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар өмір
сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып,
жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас ұрпаққа
соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың
жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген. Мәселен, сол
дәуірде өмір сүрген грек ойшылдары Гераклит пен Платон ойынның философиялық
жақтарын ашқан және олардың көзқарастары бірін-бірі толықтырған. Гераклит
ойынды шексіз әлемге теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскінге
өмірлік қажетті іс–әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға,
сезімге жалпы ғарыштық әлемге теңеген.
Антик ойшылдары ойынды адам мен өмір арасындағы байланысқа балайды. Себебі,
философия Дүниені, оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп
емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы
заңдылықтарды ашуға тырысады.
ХVІІ–ХХ ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар
орнықты. К. Гросс адамдар мен жануарлардың ойындарын олардың бойында ген
арқылы қаланған инстинкттің әсері деп түсіндіре келе, олар келешек өмірге
қажетті дағдыларды ойын негізінде меңгереді деп пайымдаса, Г. Спенсер ойын
балалардың ағзасындағы басы отын энергияның әсерінен, күшінің тасуынан
пайда болады деп түсіндіреді.
Ойын — өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдасыз және сонымен қатар аса қажетті
маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Кеңестік педагогика және
психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский, С. Л.
Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды. Ойынды шетел
зерттеушілері — К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, З. Фрейд, Ж. Пиаже және т.
б. зерттеді.
Осы теориялардың арасында К. Гросстың теориясы көпке белгілі. Ол ойынды
баланы болашақ іс-әрекетке даярлау қызметін атқарады, сондай-ақ сол ойында
жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді деп қарастырды. Бұл теорияның
құндылығы, ойынды дамумен байланыстыруында, ал кемшілігі –ойынға
итермелейтін себеп, мотивтерді ашпайды. Ол адам ойынын жануарлар ойыны
тәрізді түсіндіре отырып, оны биологиялық факторлармен, инстинктпен
байланыстырып қателік жібереді.
Ф. Шиллердің ойын жалғастырған Г. Спенсердің теориясы бойынша ойын
барысында бала өзіндегі артық күшін сыртқа шығарады. Ойынның мотивін ашуға
талпына отырып, К. Бюллер ойынның негізгі мотиві ретінде қанағаттан
(нәтижесіне қарамай-ақ әрекеттің өзінен қанағат алу) теориясын ұсынды.
Г.В.Плеханов ойынды еңбекпен байланыстырды. Г.В. Плехановтың пайымдауынша,
ойын еңбекке еліктеуден пайда болған еңбектің нәтижесі. Ойын — балалардың
еңбегі. Сондай-ақ еңбек оның мазмұнын анықтайды, дәл тұжырым жасайды.
Ертедегі ойындардың мазмұнынан соғыс, аңшылық орын алды. Ең әуелі соғыс,
содан кейін осы соғысты бейнелейтін ойынның болғаны еш күмәнсіз. Сөйтіп, Г.
В. Плеханов ойынды балалармен біріге отырып, ойын міндеттерін шешу
барысында тиісті жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет деп
тұжырымдайды.
Г. В. Плехановтың осы ойын кеңестік кездегі ғалым Д. Б. Эльконин ойын, ең
әуелі, үлкендердің іс-әрекеті ретінде пайда болды деп жалғастырады.
Зерттеушілердің пікірінше, балалар ойыны осылай пайда болған.
З. Фрейдтің теориясы бойынша ойында өмірде нені жүзеге асыру мүмкін
болмады, соны бастан өткізуге, көруге болады.
С. А. Шмаковтың пайымдауынша, ойынның табиғаты — бұл оның құндылығы, яғни
қуанышты сезімі, сергектік, өмірге белсенді кірісу, қиялы, эмоциясы.
И. Хейзинга ойынды бүкіл мәдениетке, өнерге теңеп, оған поэзияны, би
өнерін, салт–дәстүрлердің барлығын енгізеді. Ал неміс философы И. Кант
ойынды қоғамға тән құбылыс ретінде танып, Г. Спенсердің көзқарасын
ұстанады.
Р. Вандер Коэй мен Г. Мейес ойынның когнитивтік және эмоционалдық
аспектілерінен басқа оның әлеуметтік аспектісін айқындаған. Балалардың
ойынына жолдастары, ата–аналары, мұғалімдер мен ойыншықтары әсер ететіндігі
дәлелденген. Олар үш аспектілердің ішінде әлеуметтік (қоршаған орта)
аспектісі басым деп тұжырымдайды.
Кеңес философтары М. Каган, В. Демин ойынды адам әрекетінің құрамдас бір
бөлігі деп қарастырғаны белгілі.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде–ақ атақты
ғұлама ойшылдар, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру
жолдарын ұсынған. Ертедегі ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк,
И. Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп
түсіндірген.
Я. Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде
қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс
– әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетеді.
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа, ынталы келетіндігімен санасуды
талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Руссо дамытқан еркіндік тәрбие
ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде
мәселелерді қарастырған. Дж. Локк та, Ж. Руссо да ең бірінші орынға баланың
дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асырылуын қойған.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф. Фребель дидактикалық ойындардың
негізін салушы болып есептеледі, ол қимыл–қозғалыс ойындарының, құрылыс
дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық
жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф. Фребель ойындарының мазмұны баланың
ой–өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын
алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу
міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойынның теориясы мен
маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту
барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және
Н. К. Крупская өз пікірін білдірген.
К.Ушинский : Сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу
үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс-
әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі,
ерік-жігері қалыптасады,- деген ой айтады.
Н. Крупская: Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған
ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін
берілген,- деген пікір айтады.
В. Сухомлинский: Ойынсыз ақыл–ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да
мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол
арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты,- деген ой айтады.
А. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате.
Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін
арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек
бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір
сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.
Ал, Бабанский: Ойын бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін
ынталандырудың әдісі,- деп қараған.
С. А. Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың
қанағаттануына байланысты;
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтерінкі болуы, яғни жарыстың орын алуы;
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын
кезінде балалардың ортамен қарым–қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп,
мінез–құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа,
адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды.
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті психологтар: Л.
Занков, Л. Выготский, Д. Узнадзе, С. Рубинштейн, А. Леонтьев, Д. Эльконин,
А. Люблинская, В. Мухиналар айналысты.
Д. Эльконин төменгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойынды жетекші
іс–әрекет сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар
ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол
ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.
Одан кейінгі кезеңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту әдістемесі
Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану
Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорын дамыту
Шығармашылық және ережелі ойындар. Балалар ойынының жіктелуі
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Ойынның психологиялық негіздері. Ойын –баланың психологиялық феномені ретінде
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану
Пәндер