Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Өскемен қаласы Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: «Топырақ географиясы» - ғылым ретінде, оның мақстаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік.

Орындаған: Қалдыбек А.

Тобы:география

Тексерген: Кайсарова А.

Өскемен 2019-2020 ж

Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаев (1846-1903) болды. Докучаевқа дейін топырақ агрономия мен геологияның бір саласы ретінде зерттеліп келді. Сондықтан алдымен оған дейінгі топырақты зерттеуге байланысты көзқарастарға қысқаша тоқталып өтейік. Батыс еуропалық агромəденихимиктер мен агрогеологтардың топырақ туралы зерттеулері. Адам баласының əр түрлі құрылыстар салып, егін егіп, өнім алған жер бетіндегі тіршілігі мыңдаған жылдарға созылғаны мəлім. Алайда топырақ туралы ғылыми түсінік көпке дейін қалыптаса қойған жоқ. Егіншілікпен адам баласы ондаған ғасыр айналысып келгенімен, тек XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде ғана егіншілік туралы ғылым - агрономия дүниеге келді. Бұл кез дүниежүзінде феодалдық өндірістік қатынастың капиталистік өндірістік қатынаспен ауысу кезеңі еді. Ғылыми агрономиямен алғаш айналысқан Алмания табиғи зерттеушілері болды. XIX ғасырдың басында кейбір жүргізген тəжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс ғалымы А. Тэер өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсынды. Осыған байланысты ірі химиктер И. Берцелиус, К. Шпренгель, т. б. топырақтың қара шіріндісі - гумуспен айналысты. Олар топырақ шіріндісінің күрделі екенін жəне органикалық заттардың бірнеше топтарынан тұрып, əр түрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен ерекшеленетінін анықтады (Д. С. Орлов, 1974) . Алайда кейінгі зерттеулер гумус қоректік қасиеттерге ие болғанымен, негізгі мəселе тек қана гумуста емес екенін көрсетті. 1-сурет. В. В. Докучаев (1846-1903) 8 Сонымен, А. Тэердің өсімдіктердің органикалық қоректену теориясы енді өсімдіктердің минералдық қоректену теориясымен алмасты. Соңғы теорияның авторы неміс оқымыстысы Ю. Либих болатын. 1840 жылы оның «Химияны егіншілік пен физиологияда пайдалану» деген енбегі жарық көрді. Осыдан кейін бұл теорияны колдаушылар көбейіп, агромəденихимия егіншілікке қарай бет бұрды. Көптеген ауылшаруашылығы тəжірибе станцияларында тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде тəжірибелер өріс алып, оның əсерлері анықталды. Топырақтың жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлері анықталды. Топырақтанудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих (неміс химиктері), М. Бертолло, Ж. Бусенго (француз химиктері) болды. Бұлар топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол минералдық жəне органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайымдады. Топырақ қабатын олар тек жыртылған қабатпен шектеді. Топырақтарды олар сапасы жағынан жақсыға, ортаға, жаманға, бидайға, сұлыға, картопқа, т. б. жарамды деп бөлді. Осы кездерде жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз агрономия мен топырақтанудың геология бағыты да өріс алды. Оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары Ф. Фаллу, Ф. Рихтгофен еді. Олар топырақ деген түсінікке жер бетінің үгілу қабатын жатқызды. Мұны орманшылар қолдай кетті. Əсіресе, қоштаушылардың бірі неміс оқымыстысы, профессор Е. Раманн болды. Ол Алманияда орман топырақтануын дамытты. Алғашында топырақты тек геологиялық дене деп келген бұлар кейінірек топырақ құрамындағы органикалық заттарды, топырақтың агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Сонымен, топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты. Бұл бағыт тек Батыс Еуропада ғана емес, сонымен қатар терістік Америка, Аустралия, Жаңа Зеландияда, т. б. өріс алды. Топырақтану ғылымының Ресейде (В. В. Докучаевке дейін) дамуы 1765 жылы Петербургта егіншілік пен экономика салаларымен шұғылданатын Ресейдің алғашқы ауыл шаруашығы қауымы - Ерікті экономикалық қоғам ұйымдастырылды. Оның құрамына 9 негізінен табиғат зерттеушілері мен экономистер болатын. Орыс қара топырағы тек Ресейді ғана асырап қойған жоқ, сонымен қатар онда өсірілетін астық, бидай Еуропамен байланыстыратын негізгі сауда көзі болды. Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов (1763) айтқан. Ол «Жер туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың пайда болуы минералды емес, табиғи екі патшалықтан өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз», - деп жазды. В. В. Докучаев бір ғасырдан кейін осыны негізге алды. Қара топырақтар туралы XVIII ғасырда профессорлар М. А. Афонин, И. М. Комовтар да жазды. Бірақ олар қара топырақтардың пайда болуымен шұғылданған жоқ. Ерікті экономикалық қоғамның бағдарламасына əртүрлі топырақтардың агрономиялық қасиеттері туралы мəліметтер сұрақ-жауап ретінде жиналды. Сұрақтар əр губерниялар мен уездерде қанша жер өңделуде, оның құнарлылығы құрамы қалай деген мағынада болатын. Ерікті экономикалық коғаммен қатар топырақ туралы ауылшаруашылығы Департамент есепшілері жинады. Осы материалдарды жинастырып, 1851 жылы К. С. Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі топырағының сызбанұсқа түріндегі картасын жасады. Ал 1879 жылы В. И. Чаславскийдің дəл осы территорияның топырағына арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Шаруа мен диқаншылардан салық жинау мақсатында құрастырылған бұл карта ғылыми тұрғыда негізделмеген, бір жүйеге келтірілмеген еді. Осы кезде Петербургтің орман институтының профессоры П. А. Костычев (1845-1895) топырақтанудан алғашқы оқулық жазды (1886) . Батыс Еуропаның агромəденихимиялық агрогеологиялық топырақтанушыларының көзқарасына қарағанда П. А. Костычев топырақ қасиеттерін өсімдіктер жəне микроорганизмдер өмірімен тікелей байланыстырды. Ол орыс қаратопырағын зерт2-сурет. П. А. Костычев (1845-1895) 10 теуге үлкен үлес қосып, 1886 жылы «Ресейдің қаратопырақты облыстары» еңбегін шығарып, онда қаратопырақтағы топырақ шіріндісінің түзілуі, оның топырақ құрылымына əсері мен осы топырақтардың құнарын сақтап, ұлғайтудың шараларын ұсынды, əрі топырақтануды тек агрономиялық қана емес, сонымен қатар оны биологиялық ғылымға жатқызды. В. В. Докучаевтың ең жақын шəкірті Н. М. Сибирцев П. А. Костычевті топырақтанудың ғылыми негізін салушылардың бірі деп бағалаған. В. В. Докучаев - топырақтану ғылымының негізін қалаушы ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы - саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы туралы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жер беті өсімдіктерінің əсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мəнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді. Міне, осы мəселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология жəне минерология кафедрасында қызмет істейтін жас геолог В. В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петербург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспедиция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мəселелермен, дəлірек айтсақ, төрттік дəуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы жəне пайда болуы мəселелерімен шұғылданған. Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық жəне ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен, 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми жарық көрді. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шəкірті, аса дарынды ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде: «Топырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, кальцит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол 11 органикалық химияның дамуына үлкен рөлін атқарды», - деген. Бұл еңбектерінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ географиялық салыстырмалы зерттеу əдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерекше табиғи, əрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстардан морфологиялық көрінісі жəне химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті. 1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В. В. Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ комиссиясы құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, топырақтануға қатысы бар басқа мекемелер қызметкерлері де тартылды. Комиссия, алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің топырақ картасын жасады. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы «Топырақтану» журналын шығарды. Ол журнал күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының осы саладағы жалғыз басылымы. 1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде қатты құрғақшылық болды. В. В. Докучаев «Біздің далаларымыздың бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ресей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты тоздырғаны жайлы сөз болды. Егістіктерді ауыстырып екпей, бір жерге бір дақылды қайталап еге бергені, ылғал сақтау шараларын қолданбауы, жайында да айтылады. 1892-1895 жылдары В. В. Докучаев Ново-Александр ауылшаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім беруге біршама үлес қосты. Институтта əлемде бірінші б о3-сурет. Н. М. Сибирцев (1860-1900) 12 лып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны В. В. Докучаевтың шəкірті Н. М. Сибирцев (1860-1900) басқарды. Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды. 1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын, Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді. Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы ландшафтардың көлденең жəне тік зоналық заңдарын негіздеуге мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі - «Табиғат зоналығы туралы ілім, көлденең жəне тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ, оның Жердің терістік жарты шарының сызбанұсқалық топырақ картасы Парижде өткізілген Əлемдік көрмеде көрсетіліп, дипломға ие болды. В. В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын: «Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен, адамзаттың осы ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып, əсіресе Лавуазье, Ляйэл, Дарвин, Гельмгольц, т. б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды əрі мəнді кемістікті байқамауға болмайды. Негізінен əр түрлі денелер - минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар жəне олардың болмысы, кейбір табиғи заттар - от, су, жер, ауа зерттелді. Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, əрдайым заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мəнінде, тек осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне əсері табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша əрі жоғарғы ғажабы» - деп бастайды. В. В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым - топырақтану ғылымы жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастарын жəне бірінің-біріне əсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады. 13 Топырақтану ғылымының XX ғасырда Ресейдегі дамуы XX ғасырда Ресейде топырақ зерттеу жұмыстары негізінен топырақтың географиялық жұмыстарымен байланысты болды. Топырақтану саласында кейін аса белгілі тұлғаларға айналған В. В. Докучаевтың шəкірттері Л. И. Прасолов, С. С. Неуструев, А. И. Безсонов, Н. А. Димо, Б. А. Келлер, М. М. Филатов сияқты ғалымдар шықты. 1908 жылы Ресейдің бас көші-қон басқармасы Сібір мен Орта Азияға (Қазақстанды қоса) топырақ-ботаникалық экспедициялар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К. Д. Глинка басқарды. Экспедицияның мақсаты - Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы енбектерде, ал ең соңғынəтижелері 1920 жылдарыК. Д. Глинканың авторлығымен бірнеше монографияларда жарияланды (К. Д. Глинка, 1923) . Бұл аймақтарда бұрын топырақтанушылар кездестірмеген топырақтар типтері (құба, қара қоңыр, сұр, сортаң жəне сор топырақтар) кездесіп картаға түсірілді. Бұл зерттеулер ауылшаруашылық өндірісіне жаңадан жер қорларын игеруге мүмкіндік берді. 1913 жылы Ерікті экономикалық қоғамның топырақ комиссиясы өз алдына жеке Докучаев топырақ комитетіне айналды, оны К. Д. Глинка, Л. И. Прасолов пен С. С. Неуструев басқарды. Комитет топырақтану саласында экспедициялар ұйымдастырып еңбектерін жариялап тұрды. Сонымен қатар топырақтанумен Петербург университетінде профессор С. П. Кравков, орман институтында проф. П. С. Коссович, академик К. К. Гедройц шұғылданды. XX ғасыр басында Мəскеу университетінде топырақтану кафедрасын талантты ғалым А. Н. Сабанин басқарды, кейін профессорлар В. В. Геммерлинг, М. М. Филатовтар жалғастырды. Мəскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясы болды. Мұндағы аса көрнекті тұлға - академик В. В. Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың 4-сурет. В. В. Вильямс (1863-1939) 14 егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі ТМДелдерінің көп аймақтарында осыкүнге шейін қолданылып келеді. Топырақтану ғылымының кеңес кезінде дамуы (1872-1932) 1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану комитеті, КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы топырақтану институты болып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К. Д. Глинка тағайындалды. Кеңестік заманның əр кезеңдерінде КСРО-ның əр республикаларында да арнайы топырақтану жəне агрохимия институттары ұйымдастырылып, жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институты методикалық жетекшілік етті. КСРО-ның кең байтақ территорияларында топырақгеографиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары дамыды. Осыкезде топырақтанудағыірі тұлғаК. К. Гедройц (1872-1932) еді. Ол топырақтану химиясы саласында, дəлірек айтсақ топырақтың сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеуде аса ірі теориялық жетістіктерге жетті. Топырақтану, жалпы жер ғалым Б. Б. Полынов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі туралы ірі жетістіктерге академик И. В. Тюрин жетсе, топырақтың географиясы саласында академиктер Л. И. Прасолов, И. П. Герасимов, топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д. Н. Прянишников пен Я. В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В. В. Докучаевтың шəкірті академик В. И. Вернадскийдің айтуынша топырақ - аса күрделі, əрі өлі, əрі тірі дене. Сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар əдісі қажет болса, екінші жағынан, биологиялық ғылымдар əдістерін қолдану 5-сурет. К. К. Гедройц (1872-1932) 15 қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене болмағандықтан, оны зерттеулер əдістері үнемі дұрыс нəтижелер бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі əдіс жеткіліксіз. Топырақ осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі бір ғылымдар қатарынажатқызу туралыəлемде біртұтас пікіржоқ. Мысалы, КСРО-да біздің елімізде 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғары оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындалды. 1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының тамыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық ғылымдарға жатқызылды. Мамандарды да дайындау оқу орындарының биологиятопырақтану факультеттерінде басталды. Сонымен топырақтану ғылымы аса күрделі жəне өте қажетті ғылым. Халық санының күн сайын өсуі, олардың əл-ауқатының көтерілуі үшін топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек. Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына қосыла тұрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде жəне халық шаруашылығының басқа салаларында алатын орны да ерекше. Топырақтану ғылымының халықаралық мəселелерін шешу үшін Халықаралық топырақтанушылар қоғамы бар. Бұл қоғам 1924 жылы ұйымдастырылған. Содан бері топырақтанушылардың Халықаралық ХV конгрестері болып, оның екеуі бұрынғы Одақ кездерінде Мəскеуде (1930, 1974) өтті. Топырақтанушылардың Одақ кезінде бүкілодақтық қоғамы жұмыс атқарады. Бұл қоғамның Одақ кезінде VІІІ съездері өтті. Бұл форумдарда Топырақтанудың бүкілодақтық мəселелері талқыланып, съезд өткен аймақтардың топырақтарымен бірнеше күндік экскурсиялар арқылы танысатын. Кезінде Алматыда 1971 жылы Бүкілодақтық топырақтанушылардың ІV съезді өткен. Одақтың əр бұрышынан жəне шет елдерден келген 1000-нан аса қонақтар Жер шарындағы табиғаттың биіктік белдеу зоналығының бір үлгісі болып саналатын Іле Алатауының топырақ климаттық зоналығымен көзбе-көз танысқан еді. Топырақтану - кең ауқымды жаратылыстану ғылымы. Бұл ғылым топырақты жəне Жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мəселесі кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдармен байланысып, олардың əдістемелерін жəне жетістіктерін қолданып оты- 16 рады. Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан жəне əлі де геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының Жер шарында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеуде геология ғылымының үлкен маңызы бар. Топырақты жəне оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микробиология, биохимия, өсімдіктер биологиясы өсімдіктану, жануартану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады, Топырақтанудың негізгі ғылыми бағыттары 19 Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлы есімімен тікелей байланысты. Ол Мəскеудегі Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясының топырақтану жəне агрохимия мамандығын бітірген. КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минерология ғылымдарының кандидаты дəрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан өз ұлтымыздан шыққан, алғашқы ғылыми дəрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтамыз. Ғылыми дəрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясы қазақ филиалының геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төл алқасында қызмет атқарды. Осы кездері филиал төр алқасының төрағасы Қ. И. Сəтбаевтың орынбасары бола жүріп, болашақ Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө. Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мəселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін одаққа аты белгілі профессор А. И. Безсоновты шақырды. Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды. Бұл топқа Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л. И. Прасолов бастаған, кейін академик И. П. Герасимов, профессорлар М. А. Глазовская, Е. В. Лобова, т. б. қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле бастады. Дегенмен, сектор ұйымдастырылғанға дейін қазақ жерінің топырақтары туралы ешқандай мəліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді. 6-сурет. Ө. О. Оспанов. (1906-1993) 20 Қазақ жерінде ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар (Лепехин, Гмелин, Паллас, Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уəлиханов, Семенов, т. б. ) негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапарсаяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Топырақтың минералдық құрамы
Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымы
Топырақта органикалық заттардың жиналуы
Қазақстан топырақтары туралы
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Агрохимия ғылымының дамуы
Ғылымды дамытудың басты бағыттары
Топырақ — табиғат көркінің айнасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz