Бал араларының инфекциялық аурулары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Аралардың қоршаған және тіршілік ота әсерлермен туындаған ауруларына байланысты ара өнімдерін вет сан сараптау
Орындаған: Айтбаева Жансая
ВС - 414
Тексерген: Аскар А.А
Алматы 2020жыл
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Бал араларының инфекциялық аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Бал араларының инвазиялық аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Кіріспе
Ара шаруашылығы жоғарғы қоректік өнім бал мен бағалы техникалық шикізат воск беретін ауыл шаруашылығының табысты көзі.Сонымен қатар, араларды ауыл шаруашылық культураларын себу арқылы жоғары өнім алуына жағдай туғызады. Сондықтан, бұл ауыл шарашылық бөлімінің өсуі халық шаруашылығына пайдалы.
Ара семьясы біртұтас биологиялық тіршілік көзі. Сондықтан сақа араларға немесе личинкаларға ұрықтарға әсер етуші ауру қоздырғышы ұядағы байырғы тіршіліктің бұзылуына әкеп соқтырады.Әр ұядағы аралар азайып, әлсірейді, ауру етек алып басқа ара семьяларын қамтуға дейін барады. өкінішке орай, зоотехникалық мал дәрігерлік жоғары білімі бар мамандар ара ауруларының пайда болу себептерін, алдын алуды, емдеу тәсілдерін толық біле бермейді. Сол себептен ара өсіретін шаруашылықтарға едәуір экономикалық зиян келеді.
Негізгі бөлім
Европалық шіріме - жұмысшы аралардың, аталық пен аналықтың, көбінесе жас дернәсілдердің жұқпалы ауруы. Европалық шіріменің қоздырғыштары гүл тозаңында, ескі ластанған кәрездерде, балда жыл бойына сақталады; 15-20 минут суда қайнатып ұстау; хинозолдың 2 пайыздық ерітіндісі оларды 10 минуттың ішінде құртып жібереді. Дернәсілдердің ағзасына қоздырғыштар қорекпен бірге түседі.
Ауру белгілері. Ауырған дернәсілдер қуыста табиғи күйін өзгертеді, өзінің жарқырауық маржан түрінен айырылады, күңгірттенеді және сарғыш тартады, олардың жұқа терісінен кеңірдектері көрініп тұрады. Одан кейін дернәсіл қарауытып, қабақ түзе отырып кебеді, ал қабықтың өзі ұяның іргелерінен оңай бөлінеді.
Егер жабық қуыстағы дернәсілдер европалық шірімемен залалданған кезде қуыстардың қақпақтары күңгірттенеді және тесіледі. Олар зат тиіп кеткен кезде шіріген қамыр тәрізді бірсыдырғы қысқа жуан жіп тәрізді созылып тұрады, ерекше қышқыл иісті келеді. Ауруға тән белгілер - ұрықтың кереге көзді етіп тұруы және жабық ұрығымен кәрездердегі бос қуыстардың өте көп болуы. Өлген ұрықты лабораторияда зерттегеннен кейін дәл диагноз қоюға болады.
Күресу шаралары. Ауру байқалысымен омартаға карантин қояды, ауруға шалдыққан араларды табу үшін омартаның бүкіл ара отбасын қарап тексеріп шығады. Мұндай отбастардың ұяларын қысқартады, оларды жылуды мұқият сақтайтындай етіп жабдықтайды. Араларды сульфамид препараттарымен (норсульфазолдың натрий тұзы, сульфантрол және т.б.) немесе антибиотиктармен (биомицин,стрептомицин, тетрациклин,эритромицин,террамицин және т.б.) емдейді. Бір литр шырынға есептегенде (судың 1 бөлігінде қанттың 1 бөлігі) натрий норсульфазолын 1-2, сульфантролды 2 г, антибиотиктерді 400-500 мың ед мөлшерінде береді. Жылы шырынды оттықтарға немесе кәрездерге құяды және түнге қарай отбастарға аралардың екі көршілес арасындағы кеңістікте 100-150 мл есебінен қояды. Емдік үстеме қоректі 5-7 күн өткеннен соң ара отбастарының толық сауығуына дейін қайтадан қайталайды. Қатты залалданғанда отбастарды басқа жаққа ауыстырады.
Американдық шіріме - ларве бацилласы (Bac.larve) тудыратын аралардың есейген дернәсілдерінің жұқпалы ауруы. Қолайсыз жағдайларда қоздырғыш химиялық және физикалық әсерлерге өте төзімді спораны түзеді. Ларве бацилласының спорасы табиғатта ондаған жыл бойы сақталуы ықтимал. Суда қайнатқан кезде қоздырғыш 13 минуттан кейін жойылады. Формалиннің, карбол қышқылының ерітінділері оған нашар әсер етеді. Қоздырғыш ара отбасында ұзақ уақыт тіршілік ете алады (гүл тозаңында, кәрездерде, балда). Дернәсілдердің мүшелеріне қорекпен бірге түседі. Ауру белгілері қуыстарды жапқаннан кейін көп ұзамай байқалады. Американдық шірімемен көбінесе жабық қуыстардағы есейген дернәсілдер залалданады. Кейде ол жас қуыршақтарға да жұғуы мүмкін. Аурудың күшеюіне ауаның жоғары температурасы, жинайтын шірненің болмауы және араларды нашар жағдайда ұстау себепкер болады.
Инфекцияның негізгі көзі - ауырған және өлім-жітімге ұшырағын дернәсілдер, залалданған қорек. Ауырған сау отбасқа ауру ұры аралар, қаңғыма аралар мен аталық аралар арқылы, сондай-ақ рамкаларды қайтадан қойғанда жұғады. Ауру ара өсірушімен де таралуы мүмкін. Инфекцияның басқа омарталарға және басқа аудандарға ауысуына ауру омарталардан отбастарды сату және жөнелту себепкер болады.
Емі, сақтандыру шаралары және санитарық бағасы. Егер америкалық шіріме бұл омартада тұңғыш рет, онда да бір ара семьясында ғана пайда болғаны анықталса, онда сол ұяның араларын күкірт түтіні немесе формалинмен уландырып өртейді. Ал ауру көптеген ара семьяларын қамтып, етек ала бастаса омартаны бір жылға карантинге жабады. Барлық ара семьяларын жаңа немесе зарарсыздандырылған таза ұяға көшіріп мынадай дәрілердің бірімен емдейді: норсульфазол натрий 1-2 г, сульфантрол 2,0 г, биомицин, неомицин, тетрациклин, эритромицин, окситетрациклин, мономицин, стрептомицин 500 мың, канамицин 400 мың, метицилин 350 мың ЕД өлшемімен алынып, 1 литр қант ерітіндісіне қосылады да қашан жазылғанша әр 4-5 күннен соң беріледі.Басқа омартадағы ара семьяларының балы сау болып есептеуге болады, оларды жеке арнайы орындарда сақтайды, аралардан бөлек. Осындай бал қыс кезінде тоқашнан және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Араларға осындай балды қоректендіруге болмайды.
Паратиф (Қылау).Сақа араларды кенеттен қатты мазасыздандырып, ішін өткізіп, өлімжітімге ұшырататын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы. Ентеробактер хафние. Ол жабайы араларда да залалды. Бұл ауру Қазақстанның қысы ұзақ аймақтарында көбінесе ерте көктемде немесе жазғытұрым қайталанған суықтардан соң кездеседі. Ауру көзі - ауырған ара семьялары, жеке аралар. Бір ұядан екіншісіне кәрез ауыстырғанда, жалпы суатты пайдаланғанда, аралар адасып басқа ұяларға ауысқанда жұғады. Кейде ауру ұяның сыз тартып дымқылдануынан, аралардың лас шалшықтардан су ішуінен (әсіресе қора маңында) де пайда болады.
Аурудың белгілері. Ара денесіне түскен қоздырғыштың азкөптігіне, залалдығына қарай аурудың алғаш клиникалық белгілері 3-15 күннен кейін ғана белгілі бола бастайды. Ауруға шалдыққан аралар ұя ішіне, қондырма, кәрез т.б. заттарға мезгілсіз іш босатуынан ұядан күлімсі иіс шығып тұрады. Көптеген аралардың қанттары сіресіп, ұша алмай ұя төңірегінде жорғалап қалады.Осы жағдайдан бүкіл ара семьясындағы сақа аралардың 40-60 проценті қырылып қалуы мүмкін.
Ауруды анықтау. Лабораторияға әр ұядан 20-30 ара жіберіледі.
Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Омартаны таза сумен және тұз қосылған сумен қамтамасыз етіп, ұя төңірегін тазалап сыпырып, ара өлекселерін жинап өртейді. әр ара семьясын үстеп қоректендіріп, жалпы жағдайын жақсартады. әрбір күн сайын бір литр қант ерітіндісіне қосып 0,2 г левомицитин, 100 мың ЕД биомицин немесе 200 мың ЕД стрептомицин береді. Омарта мүліктерін - киім, құрал-саймандарды түгелдей зарарсыздандырады.
Паралич. Бұл ауру аралардың май айындағы ауруы немесе орман омартасының ауруы деген атпен Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстанда кездеседі. Көбінесе сақа аралар жаппай қырғынға ұшырайды.
Қоздырғышы - вирус.
Аурудың белгілері. Жаз айларында шығады.Кейбір аралар қатты мазасызданып, ұя төңірегінде домалай бастайды да, кілт тоқтай қалып, қанаттарын қимылдатуға әрекеттенеді. Қондырма тақтайшадан, ұя кіреберісінен мұндай араларды сау аралар жабылып итеріп тастап, қайта кіргізбей жатады. Көптеген аралар қарайып, бас, көкірек, құрсақ қылшықтары түсіп, жылтырланады. Бөксесі көтерілмей сүйретіліп сал болып қалады.
Ауруды анықтау. Мал дәрігерлік лабораторияларына 15-20 тірі араны 3 проценттік глицерин немесе вазелин майы құйылған құтымен жөнелтеді.
Емі жоқ. Ең дұрысы аурудан алдын алу.
Аспергиллез (Aspergillosis) - Aspergillus тегінің саңырауқұлақтары қоздыратын тыныс мүшелерінің жұқпалы ауруларының тобы.
Ең жиі кездесетін түрі - бронхпульмоналды аспергиллез, аспергиллома және өкпенің инвазиялық аспергиллезы.
Қоздырғыш - Aspergillus fumigatus.
Көбіне ауруға шалдыққыш адамдар - иммунитеті төмен адамдар.
Ара ұрықтарын, кей жағдайда сақа араларды да қамтитын жұқпалы ауру.
Аурудың белгілері. Ауру қыстың аяқ шеніне қарай немесе ерте көктемде кездеседі. Личинкалар барлық өсу сатыларында да ауруға шалдығып, қоңырқай тартады да ақыры өліп қалады. Қоздырғышы ара ұрықтарының желке тұсынан жарақаттап, бүкіл мойын, көкірегіне ауысады. өлген личинкалар семіп, кішірейіп кетеді. Зақымдаушы грибоктың тегіне қарай өлген личинкалардың денесі әр түсті болады (ақ сары, жасыл, қара). Ал сақа аралар ауырғанда денесін үлбіреген ақ мақта тәрізді түк жауып кетеді. Мұндай ауру, әсіресе ерте көктемде ұясының іші ылғал ара семьяларына тән.
Ауруды анықтау. Оны жай көзбен анықтауға болады. Сондай-ақ 20-30 ара өлексесін, 10*15 см кәрез бетін кесіп мал дәрігерлік лабораториясына жөнелтеді. Емі жоқ. Ең дұрысы аурудың алдын алу.
Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Ең алдымен, ұяны құрғақ ұстау керек. Ауырған семьяларда грибок өсіп, көгерген кәрездерді, қымтауға қойылған заттарды түгел ауыстырып, араларды 67 проценттік қант ерітіндісімен қоректендіреді. Аспергилл грибоктары адамға да қауіпті. Сондықтан ауырған ара семьяларын тексергенде омарташы тазалық сақтап, ауыз, мұрнын ылғал дәкемен жауып алғаны дұрыс. Зақымданған омартаны көзін жояды немесе жоғарғы температурада воскқа өңдейді. Ұялардың көгерген жылулыққа арналған материалдарын алмастырады. Ұяларды қысқартып, жылытады. Аралар азықтандыруын күшейтеді. Негізгі профилактикалық шаралар пасектерді құрғақ жерлерге орналастырады. Қыс пен көктемде ұяларда ылғалдылықты қадағалап отыру керек. Бал,воск,ұялар мен барлық құралдарды зарарсыздадырады.
Браулез (ара биті) - браула соска жәндігінің аналық немесе жұмысшы ара денесіне жабысып, қатты мазасыздандырып, ақырында тез арада өлтіріп тынатын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы - браула соска. Ол қызыл-күрең түсті, көлемі 1,1-1,3мм, денесі түкті, өте қозғалғыш үш жұп аяқтылы жәндік. Ара ұясында үш аптада толық өніп-өседі. Сақа браулалар артқы аяқтарымен аналық, жұмысшы аралардың басына мықтап жабысады. Алдыңғы аяқтарымен аралардың үстіңгі ернін тырналайды. Осының салдарынан ара аузына жем салғанда қатты мазасызданып, аузындағы шырынды қайта құсады. Осы сәтті аңдып тұрған браулалар дереу сорып алады. Браулалар өте қозғалғыш бір жерден екінші жерге еркін ауысады. Ара денесінен сыртқа түссе 2-3 күн тіршілік ете алады. Кейде бір аналық араға жүзден астам браулалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz