Мал ауруларының туындауының себептері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

« Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Ветеринария» факультеті

«Ветсан сараптау және гигиена» кафедрасы

Соттық ветеринариялық сараптаушының жануарлар өнімдерінің жалғандылығын анықтау

Орындаған: Айтбаева Ж. Б.

Тобы: ВС-414

Қабылдаған: Қалан Қ.

Алматы 2020

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тағамдық өнімдердің жалғандылығын анықтау.

2. Қазақ ұлттық ет өнімдерінің (қазы, шұжық, қарта) жалғандылығын соттық ВСС.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні - соттық, арбитраждық және сақтандыру тәжірибесінде пайда болатын ветеринариялық санитарияның арнайы сұрақтарын ашатын зерттеулерді анықтайтын тәсілдер мен әдістер, тәжірибелер мен теориялар жиынтығы.

Соттық ветеринариялық сараптауда сұрақтар әр түрлі жағдайларда туындайды, мысалы жануарларды лажсыз сою кезінде және ауру малдардан, жабайы аңдардан, құстардан алынатын тағамдық өнімдер арқылы адамдар арасында аурудың таралуы кезінде. Сонымен қатар соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау сату және сатып алу жағдайларында, тасымалдау кезінде және басқа да жағдайларда туындайды.

Негізгі бөлім

Мал сойғанда ветеринариялық-санитариялық қадағалау ережесінің бұзылуы. Сойылған малдың ағзаларын тексергенде, мал дәрігері топалаңба деп күмәнданып, бактериологиялық зерттеуге жібереді, сүйтіп оны дәлелдейді. Осыған орай ұшасы және басқа сойыс өнімдерімен қоса өртелді. Қора-жай, құра-сайман жақсылап дезинфекцияланды. Ауру малмен жанасқан адамдарға профилактикалық мақсатта топалаңға қарсы қолданылатын сары су егілді. Осындай жылдам жүргізілген шаралардың арқасында ауру таралған жоқ, адамдар ауырмады. Басқа бір жағдайда топалаңға балау уақытымен қойылмаған. Сойылған сиыр ұшасын ветфельдшердің рұқсатымен асханаға өткізген, онда бір адам түйнемемен ауырған, демек ветфельдшер осы себепті жауапқа тартылған.

Малдың көпшілік ауруларында, мал жанталас кезінде бауыздалмаса, тек зақымданған жерлерін және органдарын жояды. Патологиялық өзгерістері жоқ, ет шартты жарамды деп шығарылады (аурудың сипатына қарай) . Мысалы финозбен зақымданған етті салмағы 2-2, 5 кило етіп бөлшектеп, салмағына 10% есебімен тұз қосып, 20 күн залалсыздандырады, сонсоң пайдаланады. Аусылда ұша және субөнімдер пісірілгеннен кейін шығарылады немесе пісірген және пісіріп-ысталған шұжық дайындауға жібереді. Ал өліеттенсе немесе іріңдесе жояды.

Уланған малдың ішкі ағзаларын утильге жібереді. Етің улызаттың қалдығы денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен ережесі бойынша тиісті мөлшерден артпаса тағамдыққа пайдалануға рұқсат етеді, мысалы қорғасын-1мг/кило, барлық лимфа түйіндерін алып тастағанда: аммиак селитрасы-100мг/кило аз, барий-300 мг/кило, сурьма-40 мг/кило; фосфор органикалық қосындылар-0, 01 мг/кило болғанда етте 120°С бір сағат пісірген соң шығарады. Фтор, мырыш тұзы, жез, ас тұзы, калий, қышқыл, сілті, аммиак, иісті газ, хлор, карбид, сондай құрамында эфир майлары және шайыры бар сасыққурай, қарамықша, түйе-сүттіген, сондай саңырау құлақтармен зақымданған мал азықтарымен уланған мал етін шектеусіз шығарады. Цианид, сары фосфор, мышьякпен уланған малдардың етің, олардың қалдықтары етте қандай мөлшерде болмасың пайдалануға рұқсат етпейді. Жанталас кезінде бауыздалған ұланған малдың еті адамға тағамдыққа пайдалануға рұқсат етілмейі. Ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесіне сай өлген немесе жанталас кезінде бауыздалған малдың етің пайдалануға болмайтындығына қарамастаң, кейде бұл талаптың бұзылуы орын алуда, сондықтан да еттің қандай малдаң, және қандай жағдайда алынғанын анықтау ветеринариялық-санитариялық сарапшының міндеті.

Өнімнің зерттеу тәртібі. Ветеринариялық зертханаға зерттеу үшін әр-түрлі тағамдық өнімдер түседі, оның ішінде фарш, аспаздық тағам, т. б әкелінеді, олардың неден дайындалғаның және балаусалығын анықтауды сұрайды. Ет фаршы қаңқа еттерінен дайындалуы керек, бірақ оған кейде жүрек етін, желін және басқа субпродуктілерді қосады, әрине олардын бағасы қаңқа еттерінен әлде қайда төмен. Зерттеу үшін өнімнің әр жерінен 10 сынама алады. Егерде өнім шашылатын болса бір қабат дәке қапшыққа салады, 10% формалин ерітіндісімен фиксаждайды, қатайту үшін спиртке салып ылғалсыздандырады және парафинге немесе целлоидинге салады, содан соң гистологиялық кесінділер дайындайды; соңғысын әдетте гемотоксилен-эозинмен бояйды да микроскоппен қарайды.

Қанқа еттерінің талтыңтары жалпақ, өзара қосылмайды. Балауса еттің ядросы және көлденең жолақты және боялған суреттері жақсы көрінеді.

Тұздалған еттің фаршында ет талшықтары ісінген, көлденен жолағы және ядросы, балауса еттегі ден гөрі солғындау. Жоғары температураның әсерінен (пісіру, қуыру) еттің көлемі кемиді, бірақта оның құрылымы (көлденең және бойлы көріністері және ядросы сақталады.

Бұзылған еттен дайындаған фаршта көлденең жолағы және ет ядросы көрінбейді. Еттің жеке фрагменттерінің арасынан микроорганизмдердің колониясы көрінеді.

Жүрек етінің талшықтары, қанқа етінікімен, салыстырғанда тым-тәуір жіңішке.

Олар бір-бірімен қосылып жатады. Балауса фаршта етінің талгиықтарының ядросы және көлденең және бойлап сызықтары, балауса қаңқа еттеріндегідей көрінеді.

Бұзылған жүрек етінен дайындалған фаршта сызықтары жоғалып кетеді. Желінде безді құрылым болады, без ұлпасының торшалары ұсақ, фарштың ішінде олардың пішіні өзгерген, бірақта желіннің ұлпасында ядро, етінікімен салыстырғанда, көп болады.

Бұдан басқа желін ұлпасында пайда болатын дөңгелек пішінді қабат-сүттің тастары жиі кездеседі, олар негізгі бояулармен интенсивті боялады.

Фаршқа басқа органдарды араластырғаннан соң органдардың құрылым сипаттарына қарап аңықтайды. Мысалы қосылған өкпені, бронхылар және альвеолардың құрылымы бойынша анықталады.

Котлет, шницель және ет тағамдары дайындалған өнімнің балаусалығын гистологиялық зерттеумен анықтауға болады. Балауса еттен дайындалған котлет және басқа тағамдарда, ет талшықтарының құрылысы, көлденең жолағы, ядросы сақталады. Балауса емес еттен дайындалған котлеттердің ядросы, сызықтары көрінбейді, біртектес нәрсе сияқты, микробтар үйіліп жатады. Шницель дайындалған еттің құрамын, фарштың құрылымдағындай талдауға болады.

Сонымен қатар, сүт өнімдерінде жалғандықты айыра білу керек. Таза сүтке сатушылар көбінесе нан содасын, крахмал, ұнды қосады.

Қаймаққа сүт қосып, оны сұйықтырады.

Ал етке келетін болсақ, базар жағдайында ешкінің етін қой еті деп сатылады.

Қазақ ұлттық ет өнімдерінің (қазы, шұжық, қарта) жалғандылығын соттық ВСС. Тағамдық өнімдерді шығару және бракқа шығару, адам және малдың ден саулығын қорғайтын бір-неше нұсқау және ережелермең белгіленеді.

Ветеринариялық заң бойынша өлгең немесе жанталас кезінде бауыздалған малдардаң адамға тағамдыққа пайдаланылмайды, оларды ұшасы және ішкі ағзаларымен бірге утильге жібереді.

Лажсыздан сойылған мал еті бактериологиялық, керек болған жағдайда биохимиялық зерттеулердең кейін, адам денсаулығына нұқсан келтірмейтіндігі анықталса ғана сатуға шығарады.

Ет комбинаттарында және қасапханада соятын малдың денсаулықтарын анықтау үшін ветеринариялық тексерістен өткізеді.

Егерде ауру мал табылса, оның балауың дұрыс аңықтағанша союға жібереді.

Ветеринариялық заң бойынша төмендегідей ауруларда малды етке союға болмайды: топалаң, қарасан, зиянды ісік, құтырық, туляремия, брадзот, жыбырлақ, жылқының жұқпалы анемия, маңқа, мандам, мелиоидоз, оба және жалған обамен ауыратын құстар. Аурудың қандайма түрі болмасын жанталасқан малдар. Басқа жұқпалы ауруларда, малды санитарлық қасапханада союға рұқсат етіледі, ондай қасапхана болмаса, сау малды сойып болғаннан кейін, сол бөлмеде (жерде) союға болады. Ауру малдың ұшасы және ағзалары жақсылап, тексеріледі, аурудың түріне қарай сойыс малың сояр алдында тексеру және сойғаннан кейін сойыс өнімдерің ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесіне сай тағамдыққа пайдалану жолдарын анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні
Сепсис
Жасанды бедеулік
Алиментарлық бедеулік
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Жануарды қолдан ұрықтандыруының техникасы
Аналық жыныс безі күлдіреуігінің туындау себептері
Сиырлардағы туғаннан кейінгі парез
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Халық шаруашылығындағы орман саласының маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz