Адвокатура ұғымы және міндеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қайнар академиясы

Баяндама
Тақырыбы: Адвокатура (Adv 3207-8--L)

Орындаған: Мухтаров Р.М
Қабылдаған: Утеева А.Б

2020жыл

Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы туралы қазақша реферат

Адвокат - міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.

Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам -- босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды.

Жоғарыда аталған Заңның 8-бабында былай деп жазылған:

1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы ммкiн.

2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының (келiсiм-шартының) негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.

3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымда туралы шарттың негізінде адвокаттарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.

4. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi. Адвокат лицензияның негізінде жұмыс істейді. Заңның 9-бабына сәйкес: 1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.

2. Лицензия аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді.

2-1. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың, тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.

3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы өтініш бір мезгілде лицензия беру туралы өтніш болып табылады.

4. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңда көрсетілген мөптеген міндеттер оның нақты мақсатына сай келмейді. Атап айтқанда, осы нормативтік актіде адвокатураның міндеті сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылатыны көрсетілген. Алайда адвокат өз клиентінің мүддесін білдіреді және сот шешімінің өз пайдасына шығуына қол жеткізу мақсатында өзінің заң білімін пайдаланады. Адвокат, егер үкім оның клиентін қанағаттандырса, негізсіз үкімге шағым бермейді.

Жоғарыда аталған Заңның 1-бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғ-ау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Жоғарыда аталған Заңның 3-бабына сәйкес адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметi:

1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;

3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негiзделедi.

Адвокат өзiнiң кәсiби қызметiнде әртүрлi заң көмегiмен көрсетедi. Қазақстан Республикасыың Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде әрбiр адамға бiлiктi заң көмегiн алудың үлкен және тең мүмкiндiгiн бередi [4]. Бұл жағдайда заң көмегi өзiнiң мазмұны бойынша iс-әрекеттiң үлкен шеңберiн қамтиды, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкiлдiк ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы-бұл адвокат қызметiн маңызды түрлерiнiң бiрi, ол негiзiнен жүзеге айыптаушыны (сезiктi) қорғау әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты.

Қорғау -- қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қаматамазыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi.

Қорғану тарабы сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлдерi болып табылады.

Қылмыстық процестiң әрбiр сатысында айыпталушы қорғаушы көмегiн қажетсiнедi, онсыз айыпталушы өз кiнәсiздiгiнiң дәлелдерiн келтiруге, сондай-ақ айыптауды терiске шығаратын немесе жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн мән-жайларды анықтауға дәрмесiз.

Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлердi айыпталушы мен олардың құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.

Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде белгiлеген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезiктi болып танылады.

Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзiне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық iс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам айыпталушы болып танылады.

Заң қорғаушы ретiнде жiберiлуi мүмкiн тұлғаларды нақты анықтайды. Оған жататындар:

а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелiкке тұрған тұлғалар;

б) жұбайы (зайыбы);

в) жақын туыстары мен заңды өкiлдерi;

г) өз бiрлестiктерi мүшелерiнiң iстерi бойынша кәсiподақтың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, олар өз өкiлiн бөлiп, қорғаушы ретiндегi оның өкiлеттiгiн айғақтайтын тиiстi құжаттармен (шешiм немесе хаттама, сенiм хат) қамсыздандырады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында (ҚІЖК 70-бап 2-тармақ) қорғаушы ретiнде iске, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен iске қорғаушы ретiнде шетел адвокаттарының қатысуына жол берiледi.

Қорғаушылар (адвокаттар) iске қатысуға тұлға айып тағылған немесе ұсталған, айыпталушы деп танылған не айыпталғанға дейiн бұлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жiберiледi.

Бiр адам, екi сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.

Қылмыстық iс бойынша кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Бiлiктi заң көмегiн алу құқығын жариялай отырып Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтарды бостандықтары мен заңды мүдделерiн кәсiби қорғау құқығымен, қылмыстық iзге түсуден қорғану құқығын қоса алғанда, қамтамасыз ету принципiн орнықтырды (ҚР ҚІЖК 28-бап). Осы ережеге сәйкес анықтауды жүргiзетiн адам, тергеушi, прокурор, сот әрбiр iс бойынша азаматқа өз құқығын жүзеге асырудың нақты мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Құқықты тiкелей немесе жанама шектеу я болмаса, әлеуметтiк шығу тегi, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, дiни ұстанымы, көз қарасы, тұрғылықты жерiне байланысты желеумен немесе кез - келген басқа мән жай бойынша жазаланады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде процесс барысында бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар субъектiлер анықталды. Олар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында құқықтары мен мүдделерiн қорғалатын немесе бiлдiретiн тұлғалар (сезiктi, айыпталушы, сотталушы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Адвокаттық мінез-құлық нормалар ұғымы және маңыздылығы
Адвокатураның мақсаттары мен қызметінің нысандары
Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі
Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары
Адвокаттық қызмет пәнінен лекция тезистері
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Пәндер