Топтық жұмыс - оқытудың оңтайлы да ерекше тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Топтық жұмыс - оқытудың оңтайлы да ерекше тәсілі
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Ұлы Абайдың Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Аталған мұғалімнің үш көмекшісі сапалы әрі табысты білім беруіне жол ашады. Оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық жаңалық ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.
Топ дегеніміз не? Осы сұраққа жауап ізделік. Топ - әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және тағы басқалар болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады.
Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына тағы да сол сияқтылар.
Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс жасағанда, олар мұғалім-оқушы сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда, мейілінше симметриялы болып табылатын өзара іс-қимылға оқушы-оқушы қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі заманауи мектептерге білімді дайын күйінде беруші емес, алдын ала тыңғылықты жоспарланған оқу қызметін ұйымдастырушы қажет екені барлығымызға белгілі. Ал ұйымдастырушы болу үшін бізге топтық жұмыс көмектеседі.
Жазушы-педагог Жүсіпбек Аймауытов: Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек, - дейді.
Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы -- бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі -- сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Психолог-маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.
Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені Отбасы - оқушы - мектеп үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс Отбасылық психологиялық таным сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жүмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі.
Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Бұл жерде неге? деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушылар үшін ең маңыздысы - қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
Мектепте алған білімдерін өмірді қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденістерді талап етеді.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту өте маңызды. Сыныптағы әр бір оқушы ақпаратты әр түрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық әдісті қолдану ұтымды болады. Себебі топтар бір-бірлеріне сұрақ қоя алады, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады,соның нәтижесінде біз оқушының үнін естиміз.
Топтық жұмыстың пайдасы мен тиімділігіне келер болсақ, біріншіден, оқыту процесін байыта түседі, екіншіден, оқушылардың белсенділігін жетілдіреді, үшіншіден, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласы ме қызығушылығын арттыра түседі. Оған қоса, жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты нығайтуға, достық қарым-қатынасын күшейтіп, тиімді араласуға, проблемаларды бірлесе отырып шешу дағдысын қалыптастыруға һәм күшейтуге өз ықпалын тигізеді. Бұл, өз кезегінде, оқушылардың өздері оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Сонымен қатар, топтық жұмыс арқылы оқушылар бірін-бірі түсініп, пікір алмасады, сыни тұрғыдан ойлауға мол мүмкіндік береді.
Сәтті ұйымдастырылған топтық жұмыс мұғалімнің біліктілігі мен шеберлілігінің айқын көрінісі десек те болады. Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топтық жұмысқа қатыса отырып, өзгелердің ойын, пікірін түсіне отырып, бірлескен әрекет жасайды. Осы орайда дана халқымыздың Бірлік болмай, тірлік болмас деген сөзі жадымызға келеді. Әрбір топ мүшесі осы идеяны басшылыққа ала отырып, Күш - бірлікте деген ұранмен алға қарай нық қадам басады. Топтық жұмыстың көздегені тек бірлікте жұмыс жасауға үйрету ғана емес, сонымен қатар басқа топтардың сөзін тыңдап, идеясын түсінуге бағытталады. Нәтижесінде, оқушылар арасында сыйластық пен түсіністік орнайды және анағұрлым күшейе түседі.
Топтық жұмыстың өзіндік қағидаттары мен ережелері де жоқ емес. Атап айтқанда, кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау, сұрақ қою және өзгелерден сұрақ бар немесе жоқ екенін сұрап білу, сөйлеуші өз тарапынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі жоғары сынып оқушыларына инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Шетел тілін оқыту үдерісінде мұғалім мен оқутышылардың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктері
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Заманауи педагогикалық технологиялар
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оқытуды саралау идеяларының даму тарихы. Психологиялық-педагогикалық негіздер мен өлшемдер дифференциалды оқыту
Білім беру үрдісіндегі жаңа инновациялық әдіс - пікірталас технологиясы
Ұжымдық жұмыстарды қолдана бастауыш сынып оқушыларының бірлесттікке үйрету
Математиканы оқытудың заманауи әдістемелерінің әдістемелік принциптері
Пәндер