Нәзір Төреқұлұлы және терминжасам мәселесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жоба
Тақырыбы: Нәзір Төреқұлұлы және терминжасам мәселесі
Орындаған: ҚТӘ-23 Ерден Е.К.
Қабылдаған: ф.ғ.к, доцент Мамаева Г.Б.
Нұр-сұлтан 2019 жыл
Зерттеу обьектісі: Н.Төреқұлұлының терминжасам мәселесі жайлы
Жоба мақсаты:
1. Н.Төреқұлұлының терминология саласына сіңірген еңбектерімен танысу;
2. Н.Төреқұлұлының ғылыми еңбектерімен танысу;
3. Н.Төреқұлұлының қазақ тіліне қатысты мақалаларымен танысу;
4. Н.Төреқұлұлының басқа да ұлт мәселелерін көтерген еңбектерімен танысу;
Кіріспе
1991 жыл еліміздің ұлттық жетістігі есебіндегі отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталғандығымен ерекшеленді. Қазақстанның құқықтық меншігіне 100-ден астам жалпы одақтық мемлекеттік ғылыми-техникалық мекемелер өткендіктен ғылымды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығы күрт өсті. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзім ішінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты айқындау қажеттілігі туындады, елдің ғылыми-техникалық күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрі дамыту үшін ғылыми-техникалық саланы мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру мәселесі туындады. Осы мәселеленің ауқымында терминология саласы да зерттеуді қажет етті. Шет елдерден енген терминдер және де қате аударылған терминдер халықтың наразылығын туындатты. Терминдердің дұрыс баламасын пайдалану үшін біз ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы бастаған Алаш зиялылары қалыптастырған ережелерге сүйенуіміз қажет. Алаш арыстарының халқына сіңірген тарихи еңбектері Қазақстан егеменді ел болғаннан кейін ғана шын мәнінде таныла бастады. Бүгінгі ұрпақ халқының болашағы үшін алысып өткен асыл арыстарының еңбегін бағалап, тарихтың тақтасына алтын әріптермен жазуда. Осылай десек те күні бүгінге дейін түрлі себептермен халқымызға әлі жете таныс емес, қоғамдық-мәдени тарихымызда өзіне лайықты бағасын ала алмай келе жатқан ардақтыларымыз да жоқ емес. Солардың бірі, бірі ғана емес бірегейі, жиырмасыншы ғасырдың басында халқын жарқын болашаққа бастап шыққан көрнекті қазақ зиялыларының қатарында аталуға тиіс - Нәзір Төреқұлұлы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Н.Төреқұловтың латын қарпіне көшу жайлы бастамасы
1. Қазаққа біртұтас бәріне ортақ әліпби жасау мәселесі бойынша қазақ оқығандары арасында орын алған қайшылықтарды жойып, ортақ шешімге келу мақсатында Қазақ АКСР-нің Ағарту халық комиссариаты 1924 жылы 12-17 маусымда Орынбор қаласында Қазақ білімпаздарының І съезін ұйымдастырды. Бұл съезге Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Жолдыбаев, Н. Төреқұлұлы, А. Кенжин, Е. Омаров, Н. Залиев, М. Саматов, М. Мұрзин сынды қазақтың белді ғалымдары мен қайраткерлері қатысты. Съезде араб әліпбиіне көшуді қолдаушылар, яғни, арабшылар және латын әліпбиін қолдаушылар, яғни, латыншылар арасында пікірталастар өз жалғасын тауып, өткір сипатта өрбіді. А. Байтұрсынұлы бастаған арабшылар съезде қазақ әліпбиін латындандыру идеясынан біржолата бас тарту қажет деген пікір білдірді.
Ал Н. Төреқұлұлы латын қарпінің басымдықтарын атап көрсетіп, жаңа емленің жағымды жақтарын халыққа таныту қажеттілігіне назар аударды. 1924 жылы шыққан Жаңа әліппе. Үлкендер үшін деген еңбегінде араб әріптерінің орнына, қазақ дыбыстарын дәлірек қамтитындай етіп жөнделген латын алфавиті негізіндегі жаңа әліпбиді ұсына отырып, жазудағы бұл жаңалықтың қазақ мәдениетін озық елдермен жақындастыра дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Жаңа әліпби хақында Орынбор - да болған Съездің қорытындысында қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми жүйесі, әсіресе әліпби, орфография, терминология, оқыту әдістемесі, ономастика т.б. салалар бойынша маңызды қаулылар қабылданды. Съезд делегаттары ортақ шешімге келе алмады, керісінше дау көлемі одан сайын өсе бастады. Съезд Қазақстан жағдайында тілдік реформаларды жүргізуден гөрі араб графикасының негізінде А. Байтұрсынұлымен құрастырылған әліпбиді - төте жазуды қолдануды жалғастыру қажет деп тапты. Дегенмен, латындандыру мәселесі бұрынғысынша күн тәртібінде тұрды. Съезд қарарларының бірінде республиканың Ағарту халық комиссариатының Академиялық орталығына латын графикасына көшу мүмкіндігін тиянақты және жан-жақты зерттеу қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. Осылайша, Орынборда өткен съезд жазба реформасына қатысты пікірталасты тоқтата алмай, І Түркітану съезіне дейін өрбіді.
2. 1926 жылдың наурызында Бакуде өткен І Бүкілодақтық түркітанушылар съезінде түркі тілдес халықтар бірі екіншісімен тілдескенде өзара тез түсінісіп, бауырлас халықтар екендігін сезіне білулері үшін ортақ жазба қарпі қажеттігі туралы мәселе алғаш рет көтерілген болатын.
Бұл съездің жұмысына 131 түр - к - ітанушы ғалым, мұғалім, жо - ғары оқу орындарының оқы - ту - шы - лары, мемлекет және қо - ғам қайраткерлері, т.с.с. қатыс - қан болатын. Олардың арасында 5 қазақ - Ахмет Байтұрсынов, Нә - зір Төреқұлов, Біләл Сүлеев, Елдес Омаров және Бай-Сейдули Азиз болды.
Осы съезде Нәзір Төреқұлұлы түркі тілдес ха - лық - тардың жазбасын араб әліппесі не - гізінде жасақтауды жақ - тап, ескі көзқараста сөй - - леген кейбір оқығандардың пікірлерін сынға алды. Ол түр - кі тілдес халықтардың бар - лы - - ғына ортақ, араб қарпіне қарағанда жеңіл - латын қарпін қабылдауын негіздеп сөйлегендердің бірі болды. Нәзір Төреқұлұлы: ...Ең алдымен түркітанушылар съезінің бүкіл түркі дүниесі үшін ерекше прогресті революциялық факт болғанын қадап айтқым келеді, мұны мына мағынада түсіну керек: бұл съезде ескі араб жазуын қол - дайтын бір де бір үн шықпады, де - мек ескі араб сауатының күні өткені, арамызда біржола кеткені деп түсіну керек.
... Бәсекеге түскені тек екі әліпби, бұл - реформаланған жаңа араб әліпбиі және латын әліпбиі... Ұлттық рухқа, барлық талапқа сай, тарихи тамырлы әліпби - Құран жазуы емес, латыншаға негізделген, жаңа жазуды ең заманауи, мәдени және техникалық негізде жасауға мүмкіндік беретін жаңа әліпбиі. Н. Төреқұлұлы Түркі тілдерін салыстыра морфологиялық зерттеу жүргізді. Түркі халықтары кіндік баспасы бас редакторы кезінде 12 тілде кітаптар ұйымдастырды.
Съезде қазақ латыншылары мен арабшылары, ең алдымен Н. Төреқұлұлы пен А. Байтұрсынұлы арасындағы талас-тартыс өз жалғасын тапты. 1926 жылы 3 наурызда Н. Төреқұлұлы сөз сөйлеп, қазақ және татар оқығандарын араб жазуын қайта-қайта өзгерте бергенннен гөрі, бүкіл түркі халықтарына ортақ, икемге толығымен келетін латын қарпін енгізу керек туралы атап өтті. Келесі күні А. Байтұрсынұлы былай деді: Біз әліпбиді өзгерту туралы мәселені ол жоқ болған жағдайда немесе сәтсіз жасалынған кезде ғана қоя аламыз. Алайда, әліпби бізде бар, сондықтан бізге басқа әліпбиге көшу қажет емес. Егер біздің әліпби нашар болған жағдайда, бұл өз алдына жеке мәселе, алайда, екі әліпбиді салыстыра отырып ешкім нақ осы латын әліпбиі ерекше бір артықшылықтарға ие екендігін дәлелдеп бермеді... Бүгінде біз, қазақтар, озық жазу емлесіне ие болып отырмыз.
Нәзір Төреқұлұлы: Латын әліпбиіне көшу ол тек уақыттың меншігінде, заманға қарай латынша біздің өміріміздің бір бөлігіне айнала - ды, - деген екен.
Нәзір Төреқұлұлы 1927 жылы 8 қыркүйекте Еңбекші қазақ газетінің №206 басылымында жарияланған Латын әрпін алу тартысының жаңа бет алысы мақаласында: Неше жылдан бері латын әрпін алу туралы қазақ латыншаларының жүргізіп келе жатқан тартысы жаңа дәуірге аяқ басып отыр. Бұл дәуірдің бөлектігі - латын әрпін алу тартысы кеңес әлеуметшілігінің көкейіне кіріп, сондағы жұмысының бірі болып танылып отыр. Қазір латын әрпі дегенде аузыңа алма деген сөз (Байтұрсынұлы Ахметтің) естілмейді. Қазір өмірдің тілеп отырған жаңа жазуын баланың ермегі деген сөздер (Міржақыптікі) естілуден қалды. Қазір кейбіреулердің (Омарұлы Елдес, Кемеңгерұлы Қошке) өңделген араб әліпбиі - қазақтың тума әліпбиі, латын әліпбиі - қазаққа жат әліпби деген сөздері қызық боп көрінеді, - деген екен. Яғни көптеген арабист ғалымдар уақыт өте келе өздерінің пікірлерінен айнығанын айтып, өзінікінің дұрыс екенін дәлелдейді.
Және дәл осы жылы осы газетке жазған Тағы да жаңа әліпби туралы мақаласында: 26-жылдың мартында Бакуде болған Түрік білімпаздарының сиезінде латыншылдар 101 дауыс алып, жеңіп шығып, арабшылдар 7 дауыспен қалып отырған. Съездің бұлай қаулы шығаруы латын мәселесінің толғағы жеткеніне толық дәлел, - деп ойын түйіндепті.
Латын әліпбиі жобасын Н. Төреқұлұлы 28 әріп бойынша әзірледі. 1929 жылы Қызылордада Т. Шонанұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е.Д. Поливанов т.б. қатысуымен латын әліпбиі қызу талқыланған конференцияда бұл әліпби жетілдірілді.
Н.Төреқұлұлы Жаңа әліпби не үшін керек?
1924 жылы Мәскеуде жарық көрген бұл кітабында Н.Төреқұлұлы жаңа әліпбиге өтудің маңыздылығын, әліпбидің қайдан шыққанын және араб әліпбиінің қазақ тіліне әкелетін қолайсыздықтарын ғылыми түрде талдап көрсетеді. Кітап төмендегі 6 бөлімнен тұрады.
1. Тас дәуіріндегі жазу
2. Араб тарихынан
3. Арабтың жазу тарихынан
4. Барлық әліпбилер бір жерден шыққан
5. Арабта жазудың өзгеруі
6. Түрік елдерінің ескі жазулары
Н.Төреқұлұлы Жат сөздер туралы
Лингвист ғалымдардың зерттеуі бойынша қазақ тілінің 30 пайызы шет елдерден енген сөздерді құрайды екен. Олай болса, қазақ тілін таза тіл деп айтудың өзі де қате көрінеді. Өткен ғасырдың бірінші жартысында осы мәселеге алғашқылардың бірі болып назар аударып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жасаған Нәзір Төреқұлұлы болатын. Ол қазақ тілінің жойылып кетуі мүмкін екенінен сол кездің өзінде-ақ хабардар болған сықылды. Қазақ тіліне араб, орыс, тіпті, алыстағы ағылшын тілдерінен еніп жатқан сөздерді қазақ тіліне қауіпті көріп, оларға жат сөздер деп ат қойған болатын. Қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ қазақ сөзі болып кірсін. Басқаның сөзін бұзбай айтам деп тіліңді бұрап жүргенде, өз тіліңнен айырылып қаларсың, - деп ескертеді Нәзір Төреқұлұлы. Осы тақырыпта Мәскеуде 1926 жылы Жат сөздер туралы атты ғылыми кітабы баспадан шықты.
Кітап негізгі екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі араб, парсы, шағатай тілдерінен енген сөздерді қарастырады. Ал екінші бөлімі Ауропа сөздері деп аталады. Жалпы құрылысына қарағанда араб-парсы сөздеріне пішкене заңдарымыз ауропа сөздеріне де жарайды десек, үлкен жаңылыс болмайды. Ауропа сөздері араб-парсы сөздеріндей өзгеруге тиіс- дейді, Нәзір Төреқұлұлы.
1. Араб-парыс сөздері бөлімі.
Араб-парыс қазақшаға кіргенде, қалай өзгерген? - деген сұраққа Нәзір Төреқұлұлы ғылыми дәлелдермен жауап береді.
ث- араб дыбысы. Қазақ тіліне кіріп, с болған.
ثابت - Сәбит, اثبات - ыспат, مثلا - меселен, مثال - мысал, مثقال - мысқал.
ص(араб) - қазақшаға өтіп, с болады.
اصل - асыл, قصاب - қасап, صندوق - сандық, صلوات - салауат.
ط - (араб) - қазақшада д, т болып жүреді.
طهارت - дәрет, طيار - даяр, طلق ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz