Қоғамтану пәнін оқытудың тиімді жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
"Қоғамтану" пәнін оқытудың тиімді жолдары
Утегенова Дина Ербулатовна
Жаңақала колледжінің "қоғамтану" пәні оқытушысы
Халық пен халықты теңестіретін - білім - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру.
В.П.Беспалько: "Педагогикалық технология- оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді" дей отырып деңгейлеп оқытуды былай жіктеген болатын:
1. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Мұнда тапсырмалар алдыңғы сабақты нысықтауына мүмкіндік беретіндей, жаңа тақырып үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.
2. Алгоритмдік деңгейде тапсырам оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін беріледі. Мұндай іс-әрекетте келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратынтексеру тапсырмалары, логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.
3. Эвристикалық деңгей өнімді деңгей.Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында қарапацым білімдерін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, жаңалық ашады.
4. Шығармашылық деңгейде оқушылардың іздену нәтижесінден қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділінгін байқататын дүние жасап шығуына бағытталған тапсырмалар.
Пәнді оқытуда әртүрлі тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттыруда бірден-бір мүмкіндік беретін жағдай. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы және сабақты жүйелі ұйымдастыру арқылы, біз оқытушылар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі кезде қолданылып жүрген технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Соның бірі Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлауды дамыту техногиясын басшылыққа аламын. Сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын пайдаланудың тиімділігі сол, білім алушылар өз ойларын ортаға сала алады,сабақ барысында барлық оқушыларға назар аударылады, өз деңгейлерін көре алады, талдау жасап үйренеді.
Бұл технологияны пайдаланудың төмендегіде тиімді жақтары бар:
1.Білім алушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Білім алушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Білім алушыны кез-келген сұраққа жауап ала алады;
6. Қосымша мәліметтер береді.
7. Білім алушыларға сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді
Қазіргі таңда Қоғамтану пәні сабағында электронды оқулық, яғни, мультимедиялық оқулықтарды пайдалану - бала таным көкжиегін кеңейтуге, замана көшін сезінуге жетелейтін технология дегенмен де, сабақ барысындаға берілетін тапсырмалар мен сұрақтардың өзін түрлендіріп, қызықты етіп, немесе ойын түрінде де ұйымдастырып отырсақ білім алушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянады. Мысалы, өз тәжірибемнен: Ұлттық экономика және оның динамикасы тақырыбын түсіндірген кезде тарих сабағымен салыстыра отырып, Ой қозғау сұрақтарын қоямын. Мысалы:
1.Патшалық Ресей кезінде қазақстанның экономикалық даму бағыты
2. ЖЭС кезіндегі Қазақстанның экономикалық даму бағыты
3.КСРО кезіндегі Қазақстанның экономикалық даму бағыты
4. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму бағыты
"Қоғамтану" пәнін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.
Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.
Кестелер оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Пәнаралық байланыс және шетелдік педагогтерінің ғылыми еңбектеріне теориялық сипаттама
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың орны
Қазақ тілінен пәнаралық байланыс
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Пәндер