Личинкахордалылар (Tunicata seu Urochordata)


№2 Лекция. Типтармағы Қабықтылар н/е Личинкахордалылар (Tunicata seu Urochordata) . Типтармағының сипаттамасы
Қабықтылар Tunicata - хордалы жануарлардан ертеде бөлініп шыққан қарапайым құрылысты топ. Дене формасы қап немесе бөшкетәрізді, ұзындығы 0, 3 см-ден 50 см-ге дейін жетеді. Пиросомалардың (шырақтылардың) колониясының ұзындығы 30 м-ден асуы мүмкін. Хордалыларға тән белгілер дернәсілдік (личинкалық) кезеңде анық білінеді, бұларды кейде личинкахордалылар деп атау осыған байланысты. Барлығына ортақ белгі хордасы тек құйрық бөлімінде болады. Сондықтан да оларды құйрықхордалылар деп те атайды. Барлық өкілдері теңіздерде мекендейді. Кейбір түрлері қозғалмай бір орынға бекініп тіршілік етсе, екіншілері су ішінде жай қозғалып тіршілік етеді. Денесі қабықпен немесе туника деп аталатын затпен қапталған. Суды жұтқыншақта орналасқан желбезек саңылаулары арқылы өткізіп, пассивті қоректенеді. Нерв жүйесі ганглиялардан тұрады, ол ауыз бен атриопор тесіктерінің арасында орналасқан. Сезім мүшелері нашар дамыған. Қантасымалдау жүйесі - қуыс типті. Гермофродиттер немесе қосжыныстылар. Көпшілігі жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы көбейеді.
Типтармағы 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа жіктеледі.
1 класс - Асцидиялар - Ascidia
2 класс - Сальпалар - Salpae
3 класс - аппендикуляриялар - Appendiculariae.
Асцидиялар класы. Жеке және топтанып шоғыр (колония) құрып тіршілік ететін 1300-ге жуық түрі белгілі. Үш класс тармағына бөлінеді: Aplousobranchia, Phlebobranchia, Stolidobranchia.
Көптеген асцидиялар мұхиттардың литоральды және тереңдігі 200 м дейін жететін сублиторальды деңгейлерде (судың тұздылығы 35%O ) тіршілік етеді. Тереңдеген сайын олардың түрлері азаяды. Қазіргі кезде 2000 м тереңдікте асцидиялардың жүздеген түрі белгілі. Асцидиялардың табылған максимальды тереңдігі 8430 м.
Дене пішіні . Жеке тіршілік ететін асцидиялардың пішіні екі ауызды банкаға ұқсас, түп жағымен бекінеді, оны сталон деп атайды, ал жоғарғы жағында екі тесік - ауыз және атриальды қуысқа шығып, одан артиальды сифон арқылы сыртқы ортаға шығады.
Қоректенуі пассивті . Ауыз сифонына түскен судың құрамындағы қорек заттары көлемді жұтқыншаққа, одан қысқа ішек арқылы көлемді қарынға өтеді, одан қорытылмаған қорек аналь тесігі арқылы артиальды қуысқа түсіп, клоакальды сифон арқылы сыртқа шығарылады.
Тыныс алуы - ауыз сифонына түскен су жұтқыншаққа өтеді, ондағы көптеген стигмалар (тесіктер) арқылы өтіп, сол жерде газ алмасу жүріп, су желбезекмаңы не артиальды қуысқа түсіп, клоакальды сифон арқылы сыртқа шығарылады.
Қантасымалдау жүйесі - лакунды (қуысты) . Кішкентай жүректен желбезек саңылауларына және ішкі мүшелерге шығатын қантамырлары болады. Қан бірде алға, бірде артқа қозғалады, яғни бірде вена, бірде артерия қаны жүреді.
Асцидиялар - гермафродиттер , аналық және аталық жыныс бездері қатар жатады. Жыныс бездері алма-кезек пісіп жетіледі, сондықтан өздігінен ұрықтану жүрмейді. Жыныссыз жолмен де көбейеді. Топтанып шоғыр құрып тіршілік ететіндерінің де құрылысы осындай.
Кластың 3 отряды бар. Олар: 1 отряд - Жалғызбасты асцидиялар - Monascidiae. Ұзындығы 2-3 мм-ден 40-50 см-ге дейін жететін, бекініп немесе қозғалып тіршілік ететін қабықтылар. 2 отряд - Көпбасты асцидиялар - Sunascidiae. Топтанып шоғыр құрып тіршілік ететін қабықтылар. 3 отряд - Шырақтылар - Purosomata . Жұтқыншақтың екі жағында жарық шығарғыш клеткалар тобы орналасуына байланысты осылай аталған.
Маңызы. Асцидиялардың денесінде біршама ванадий элементі және клетчатка болады, оларды асцидиялар судан сіңіріп алады. Ванадий жануардың күл массасында 1% -дан артық мөлшерді, немесе денесінің құрғақ салмағында 0, 65% -ды құрайды. Бұл теңіз суының концентрациясынан 1 есе жоғары.
1 га жерде 30 кг ванадий және 300 кг-ға дейін клетчатка алынатын болғандықтан олардың болашақта өндірісте пайдалану мүмкіндігі бар. Жапонияда асцидияларды суасты плантацияларында өсіреді. Сосын асцидияларды жинап, өртейді де алынған күлден жоғары концентрацилы ванадий алады.
Асцидиялардың көптеген түрі мұхиттарда ас үлкен емес тереңдіктерде жаппай тіршілік етеді. Ол тек тастар мен басқа қатты заттарға бекініп қоймай, кемелердің түбіне немесе су түбілік түрлі құрылғыларға, құбырларға жабысады. Су құбырларының қабырғаларына өте көп мөлщерде жабысып, құбырлардың су өткізуші диаметрін тарылтып, ластайды. Жылдың белгілі маусымдарында жаппай өлуіне байланысты сүзгіш құрылғыларды бітеп, суды өткізбей қояды. Осылайша, көптеген өндірістік мекемелерге айтарлықтай нұқсан келтіреді.
Сальпалар класы. Сальпалар - жүзіп тіршілік ететін 25-ке жуық түрді біріктіретін, дене мөлшері бірнеше мм-ден 30-40 см-ге жететін қабықтылар. Ең ірі сальпа - Thetis vagina Тынық мұхитында ұсталған. Оның ұзындығы 33, 3см-ге жеткен. Кейде бөлек класс тармақтары ретінде қарастырылатын 3 отрядтан тұрады: сальпалар Salpida , бөшкелілер Doliolida және шырақтылар Pyrosomatida ( көптеген шырақтылар люминесцентті бактериялармен симбиозда тіршілік ететіндіктен жарық шығарады, сондықтан олар осылай аталады) .
Дене пішіні мен құрылысы. Салпалардың дене пішіні қияр немесе бөшкетәрізді. Сальпалардың бір түрінің өзі жеке немесе ұзын тізбек тәрізді колония түріндеде тіршілік ете алады. Мұндай тізбектердің ұзындығы 1м-ге жетуі мүмкін, бірақ олар әншейін су толқынының соғысынан-ақ бөліктерге бөлінеді. Негізінен жылы теңіз суларында және мұхиттың тропикалық аймақтарында мекендейді. Көптеген қабықтылардың тек жылы суларда тіршілк ететініне байланысты олар мұхиттың түрлі аймақтарында гидрологиялық жағдайдың өзгерісіне жауап беретін индикатор ретінде қолданылады. Сальпалардың Антарктикада тіршілік ететін 2 түрі сипатталған. Олар: Salpa thompsoni барлық Антарктикалық суларда таралып, 40° оңтүстік ендіктің шекарасынан аспайды және S. gerlachei тек Росса теңізінде мекендейді. Сальпалар еркін жүзіп пелагикалық тіршілік ететін жануарлар. Нағыз сальпалардың құрылысы асцидияларға ұқсас. Сальпалардың денесі нәзік мөлдір туникамен қапталған. Туниканың астында бөшкенің айналмалы жиектері тәрізді ақшыл сақиналы бұлшықеттер көрінеді.
Қоректенуі. Ауыз қуысына түскен майда организмдер асқорыту жолына өтеді, қалдық заттар сифон арқылы сыртқа шығарылады.
Қозғалуы. Барлық сальпалар реактивті қозғалу арқылы орын ауыстырады.
Көбеюі. Жынысты және жынссыз жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқадан жыныссыз особь оозоид шығады, ол бүршіктену арқылы көбейеді. Колонияны бірнеше мың жануар құрауы мүмкін. Біраз уақыттан кейін колонияның ересек дараларында аналық және аталық гонадалар пісіп жетіледі. Жыныстық жетілген особьтар - бластозооиттар - гермафродиттер. Жұмыртқа клеткасында бір ғана жұмыртқа дамып ұрықтанады, одан жаңа колонияның бастаушысы - жыныссыз особь пайда болады.
Маңызы. Кейбір балықтар мен теңіз тасбақаларының қоегі болып табылады.
Сальпалар қазіргі кезде ғалымдардың назарын өте көп аудартуда. Соңғы зерттеулердің көрсетуінше бұлар - энергия үнемдеуші организмдер. Олар денесінен теңіз суын өткізу арқылы планктонмен қоректенеді, ал олардың экскременттері мұхиттың жоғарғы қабаты мен атмосфераның төменгі қабаттарынан көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл планетамызда жылынудан сақтайды.
Аппендикуляриялар класы. 60-қа жуық түрі бар, жүзіп жүріп тіршілік ететін, дене мөлшері бірнеше мм-ден 1-2 см-ге жететін мөлдір қабықтылар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz