Балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелер арқылы дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелер арқылы дамыту.

әдістемелік құрал

Құрастырған: Болатбаева Е.Т.

Мазмұны
1. Түсінік хат.
2. Тірек сызба жайлы жалпы түсінік.
3. Тірек сызба ерекшелігі.
4. Тәжербиелік бөлім.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Түсінік хат
Тіл- әр ұлттың жандүниесі болғандықтан, оны ұлтымыздың болашағы балабақшадан бастаған абзал. Ол үшін балалардың қазақша ойлауын, қазақша сөйлеуін, қамтамасыз ететін тілдік орта қалыптастыру керек Адам өмір бойы өзінің ана тілінің байлығын меңгерумен болады. Адамның қарым-қатынас жасау қажеттілігі ерте, сәбилік кезінен басталады. Баланың жасы өскен сайын ойын білдіру қажеттілігі де күшееді. Мектеп алды жасындағы бала ешбір ережені оқымай-ақ, үйренбей-ақ сөздерді дұрыс қиыстырады, септей, тәуелділей, жіктей, көптей алады, сөйтіп, жаңа сөздер жасап, сөйлемдер құрастырады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана іске асады. Ана тілін балалар сөйлеу арқылы, қатынас жасау арқылы үйренеді. Міне, сондықтан олардың тілін дамыту, әрекеттерін де мақсатты түрде ұйымдастырып, үздіксіз, жүйелі жүргізу міндеті туады. Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұнғыш рет жеткізген адам қазақ халқының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин болды. Оның еңбектерінде тіл дамыту деп - балалардың сөздік қорын байытуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана біліп, өз ойларын екінші біреуге жүйелі түрде дұрыс білдіруге, яғни нәрсенің жайын-күін, түрін, түсін сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмыстары аталды.
Тіл дамыту балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты болғандықтан, тілді меңгеру барысында бала талдау, қорытынды жасай алады, заттар мен құбылыстардың арасында түрлі байланыстарды бейнелей алады. Сондықтан балаларға сөйлеу үлгісін беру, яғни сөйлеу ортасын жасау қажет. Тіл дамыту жұмысы - күрделі де шығармашылық үрдіс. Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге дүниені де таниды. Олай болса баланың сөз байлығы оның түрлі елестері мен ұғымына, өмір тәжірибесіне байланысты.Тілі неғұрлым бай болса, адамның табиғат пен қоғамдық байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі мол болады.
Сөйлеу - адам әрекетінің ең бір кең, күрделі саласы. Сөйлеу ойлаудың қажетті құралы, адамдар арасындағы қарым - қатынастың белгісі. Балада пайда болатын алғашқы сөйлеудің формасы - сырттай дауыстап сөйлеу диалогы. Кейінірек іс-әрекетпен қатар жүретін сөйлеу дамиды. Бұны баланың өз-өзіне қатты дауыстап сөйлеуімен сипатталатын эгоцентризмдік сөйлеу деп атайды. Эгоцентризмдік сөйлеу сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге ауысуындағы өтпелі кезең болып табылады.
Адам өмірінде сөйлеу көптеген қызметтер атқарады:
1. Коммуникативті қызметі бойынша сөйлеу қарым-қатынас қызметі ретінде қарастырылады.
2. Сөйлеудің түсініктік қызметі әрбір айтылған сөздің мағыналы болып, абстрактылы ойлау құралы ретінде көрінуін білдіреді. Сөйлеудің көмегімен ақпаратты талдау мен жалпылау ғана емес сондай-ақ қорытындылау мен талқылау әрекеттері де жүргізіледі.
3. Сөйлеудің реттеушілік қызметі сөздің көмегімен әр түрлі ағзалар жүйелері мен мүшелердің іс-әрекетін реттеуді жүзеге асырып отырады. Сөздің іс-әрекеті мағыналық мазмұнымен анықталады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Бала түсінікті тілмен - контексті тілмен қатынас жасай алады. Және жоғары жүйке іс-әрекетінің типі - ойлау,көркемөнер, т.б. түрлері анықталады.
Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1)сөздік жұмысы, 2)сөз тіркесі дәне сөйлеммен жұмыс, 3)байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір-бірімен қатар жүргізіледі.
Қазақ тілінде оқыту және тәрбие жүргізетін балабақшалардағы сөздік жұмысынының ерекшелігі - ол тек қана Қатынас саласына жататын сабақтарында ғана емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарының бәрінде жүргізіледі. Балалар қарапайым математика түсініктерін қалыптастыруға, қол еңбегі, суретке, тіпті дене тәрбиесіне, ойынға байланысты сөздерді де меңгереді. Мұнда есте болатын жай - сөздік жұмысын жүргізуді тәрбиеші өзі қолға алуға тиіс.
Балабақшаларда сөздік жұмысы төрт бағытта жүргізіледі:
1. балалардың сөздігін байыту, яғни балаларға бұрыннан білмейтін жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
2. сөздік қорын анықтау, бұрыннан білетін сөздердің мағынасына түсініктерін тереңдете түсіндіру (синоним мағынасы, ауыспалы мағына, бейнелі мағына)
3. сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір бала сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкігінше, ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру;
4. әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздің айтылуын дұрыстату.
Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.Сөздік жұмысын жүргізгенде, тәрбиешінің есінде болатын жағдай - сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, айналадағы заттармен таныстырып, оның атын атай білуге қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін ажырата білуге, түсініктерін дамыта отырып, тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру тәсілері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
1. Затты табиги жағдайда бақылау немесе оның бейнесін пайдалану.
2. Заттың аттын атауда, сөз мағынасын түсінідіруде синоним сөздерді қолдану және сұраулар қою арқылы балалардың - өздерін синоним табуға қатыстыру (қандай сөздермен ауыстыруға болады? Басқаша қалай айтар едік?).
3. Сөздердің мағынасы баланың есінде берік сақталу үшін анықтама түсініктемесін жиі қолдану және тұрмыстан сол ұғым тұралы мысалдар келтіріп әңгіме жиі айту.
Практикада көрсеткендей, қарым - қатынас жасауда сөйлей алмайтын баланың қажеттіліктірін қанағаттандыру үшін пиктограмма әдісі - тиімді тәсіл болып саналады. Аталған әдісті мектепке дейінгі саласында педагогтар өз жұмыстарында қолданған (Алтынбекова Т.Д., Глухов А.Н., Баряева Л.Б., Логинова Е.Т., Лопатина Л.В.).
Әдістеме, осы оқу - құралының негізіне еніп, сөйлеудің құрылымын материализациялау түрінде қарастырады. Ең алдында сызбалар мазмұны ашылып берілген. Бұл сызбалар кестелерде бір келкі мазмұнымен кездеседі, сондықтан балалар олардың мағынасын еске алады. Бұл пиктограммаларды сөйлем құрастыруға үйретуде және баланың сөз қорын молайтуда, баланың сойлеу машығын дамытудың бастапқы кезінде қолдану өте тиімді.
Көптеген әдістемелерден ерекшелігі пиктограмма жүйесінде қолданылатын белгілер затты суреттермен толықтырылады.

Тірек сызба жайлы жалпы түсінік
Тіл дамыту сабағында тірек кестені пайдалану, баланың ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Кесте арқылы әрекет ету баланың оқу үрдісіне деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипаттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылысын қалыптастырады.
Тірек кестені қолдану реті:
сөздерді пиктограмма арқылы жаттау, сөз қорын молайту,
заттарды сипаттау,
тақырып бойынша байланысты әңгіме құрастыру,
өлең, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жаттау,
ертегі, әңгіме мазмұнын жандандырып айту,
шығармашылық қабылеттерін арттыру - жұмбақ, ертегі құрастыру.
Тірек кесте жұмысы баланы жалықтырмайды, қайта қызығушылығын, ынтасын, ойын дамытады. Тіл ұстарту жұмыстарына негіз болуға тиісті.
Тірек кесте арқылы баланың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру белгілі бір тақырыптың меңгеруіне сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Белгілі тақырып бойынша әңгімелеуге үйрету өтіліп, кейін бірте-бірте кеңейтіле беру керек және білгендерінен айырылмай қалу үшін тірек кестелермен қайта пайдаланып, еске түсіру тиіс.
Тіл дамытудың негізгі міндеті - балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып - оларды қоршаған ортамен таныстырып, олардың аттарын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін, көлемін ажырата білуге, затты сипаттау арқылы байланыстырып әңгіме құрастыруға, ойларын жүйелі, дұрыс жеткізуге үйрету. Балалардың тілі дамыған сайын, тәрбиешінің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балар өз бетімен орындасын. Алғашқыда жаттығуларда тәрбиеші балаларға әңгімелеу үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын.
Тірек кестелері алты бөлікке бөлінген.

Түсі: бөлікте әр түрлі түстер дақтары салынған. Олардың нақты пішіндері болмау керек. Сонда ғана баланың зейіні түстерге ауады. Түстер мен пішінді айыра алады.
Пішіні: екінші бөлікте геометриялық пішіндер салынған. Оларды боямаймыз, себебі баланың зейіні тек қана пішінге аударылуы керек.
Көлемі: балалар заттың көлемін айыра білу керек. Үлкен - кіші, жуан - жіңішке, ұзын - қысқа ұғымдарын есте сақтау үшін
Құралдар: бұл бөлікте темірдің, ағаштың, шынының суреттері берлген. Бала өзі айыра білу керек - заттың қандай құралдан жасалынған.
Заттың бөліктері: заттың бөліктері, заттың қандай және неше бөліктен тұратынын айыра білуге үйренеді.
Іс-әрекет: бұнда қол - саусақтар суреті - затпен қандай іс-әрекет жасалынады туралы әңгімелейді.

Ойыншықтарды сипаттау

1. Түсі.
Бұл бөлікте әр түрлі түс дақтары салынған. Дақтардың нақты пішіні болмау
керек, сонда баланың зейіні түстерге ауады.
Мысалы: а) Машиналардың түстері әр түрлі болады.
Жасыл, қызыл, сары, көк
2. Пішіні.
Бұл бөлікте геометриялық пішіндер суреті салынған. Олар боялмайды., сонда
балалардың зейіні тек қана пішіндерге ауады.
Мысалы: а) Машинаның кузовы кабинасы төртбұрышты, рөлі, дөңгелегі болады.
3. Көлемі.
Бұл бөлікте үлкен және кішкентай ойыншықтардың суреті салынған.
Биік-төмен, жалпақ-жіңішке, ұзын-қысқа, қалың-жұқа ұғымдарымен танысу
Мысалы: Үлкен жүк машинасы
Кішкентай-жеңіл машина
4. Құралдар.
Бұл бөлікте темірден, пластмассадан жасалған заттардың суреттері салынған.
Мысалы: а) Балғаның басы темірден
б) Құлақшын пластмассадан
5. Ойыншық бөліктері
Бұл бөлікте ойыншықтың бірнеше бөліктен тұратыны көрсетілген.
Мысалы: а)Машинаның кабинасы
б) кузовы, доңғалағы
в)орындығы, рөлі болады.
6. Ойыншықпен қимыл жасау.
Бұл бөлікте қол-саусақтарының суреті салынған. Қолмен қандай іс-әрекет жасау жөнінде
Мысалы: а) машинаны жүргіземіз
б) оңдаймыз, жуамыз
Әңгіме: Машина көлікке жатады. Оның түсі әр түрлі болады. Оның кабинасы, кузовы, доңғалағы, рөлі бар. Үлкен жүк машинасы, жеңіл машина болады.
Тірек сызба ерекшелігі
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда маңызды мәселенің бірі-ол бала тілін , тілдік қатынастарын дамыту. Балабақшада әрбір бала грамматикалық құрылымы дұрыс, мағынасы және желісі түзу құрылған сөйлемдер мен сөйлей білуге үйрену керек.
Бала тілінің шорқақ болуына төмендегілер кердергі:
- бала үлкендермен қарым-қатынасқа аз түседі.
- әке-шешелерінің аузынан ертегі аз естиді.
Бұл мәселені жою үшін-тірек-сызбаның, белгілердің, пиктограммалардың алар орны маңыз.Тірек-сызба , белгілер, пиктограммалар бала тілін дамытып қана қоймай, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырады.
Л.Рубинштейн, Л.Элькониннің ойларынша бала тілін дамытудағы тиімді әдістің бірі ол-көрнекілік. Суретті (затты) қарауда бала заттың атын атауын, оның сипатын, өтетін әрекеттері туралы білетін болады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды көрнекіліктер арқылы білім тез меңгеріледі. Венгер,Дьяченко тірек-сызбаны 3 кезеңге бөлінген:
- дайын сурет пен сызбаны пайдалану. Бұл кезеңде үлкендер дайын сурет пен белгілерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепалды тобында оқу-тәрбие үрдісінде ойын технологиясын қолдану
Тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларды математикаға оқытудың әдістемесі
Оқытудың көрнекілік принциптері
Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың маңызы
Көрнекі құралдарды көрсету
Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдар
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың жолдарын зерттеу
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдәс – тәсілдері
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
Пәндер