Геодезиялық құралдарды эксплутациялау ережелерімен танысу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

2. Геодезиялық құралдарды эксплутациялау ережелерімен танысу

2. 1 Н-3 Нивелирін жұмысқа әзірлеу және тексеріс жұмыстары

Қазiргi кездегi нивелир аспаптарында дүрбiнiң осін горизонталь жағдайға келтiру деңгейдiң көмегімен тексерiледi немесе авто редукциялық компенсаторлардың көмегімен өзiнен-өзi жасалады. Рейканың ең кiшкене бөлiгiнiң сандық шамасы рейка бөлiгiнiң бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгi жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластикадан тақа қағылып қойылады. Рейкалар бір жақты немесе eкi жақты болуы мүмкін, eкiн­шiсiнде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды. Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканың горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрімен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездей соқ қателіктері ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2мм ден аспауы тиіс.

Жұмысқа әзірлеу сатылары:

Штатив аяғы арасындағы қашықтық кемінде жарты ұзындығы болатын етіп орнатылған. Аяқтардың ұштары жерге түсіп, босатылған бұрандалар үшбұрыштың қозғалмалы бөліктерін бекітіп, бекітіледі. Нивелирді штатив үстіне орнатады. Көтеру бұрандаларының ұштары штатив бастарының слоттарына сәйкес келіп бұрандалары бұралады. Тартқыш бұрандалардың жүруіне кедергі келтірмеу үшін, бұранданы қалыпты түрде бұрау керек.

Жұмыс тәртібі:

1. Дөңгелек деңгейде 7 көтеру бұрандаларының плюстік жағдайындағы деңгейдің айналу осіне жетекші болыңыз.

2. Көзге көрінетін диоптронды сақинаны айналдыра отырып, нақты бейнесін табу.

3. 10-шы қысқыш бұрандасын босатып, бұрандалы бұранданы бұрап бекітіп болғаннан кейін бағыттаушы бұранданы қолданған кезде алдыңғы көзқарастың көмегімен тегістеу рельсіне өрескел бағыттау жасаңыз.

4. Крематордың айналуы арқылы шиыршықтардың бөліктерінің өткір бейнесін алу. Жіптердің шеттерінің және торларының кескіні бірдей өткір көрінуі керек.

5. Рельске сілтемені алып тастамас бұрын, деңгейдің көпіршіктерінің кескіндері лифт бұрандасы 9 көмегімен құбырмен теңестіріледі. Егер екеуі де көпіршіктерді жартылай шеңбер құраса . Кері санақты алыңыз.

Нивелирлердi қоймадан алғаннан соң оны толық сыртқы бай­қаудан өтеізеді, жиынтықтығын тексередi, дүрбiнiң, деңгейдiң, көтеру, элевациялық және жетекшi винттерiнiң түзулiгiне көз жеткiзедi. Далалық жұмыстарды бастар алдында аспаптың осьтер­ жүйелерi мен нивелирдi конструкциялаудың негiзгi схемасына енгiзiлген геометриялық сәйкестiктi келтiру масқатымен тексе­рулер жүргiзiледi. Нивелирлер мынадай талаптарды қанағат­тандыруы тиic.

1. Нивелирдiң дөңгелек деңгейiнiң oci нивелирдiң вертикаль айналу oсінe параллель болуы тиiс. Тексеру үшiн деңгейдi кез келген eкi көтеру винттерiнiң аралығына қояды да, оларды әр жаққа бұрау арқылы деңгейдiң үлбiреуiгiн ортасына келтiредi, содан кейiн үшiншi винтің көмегімен оны нөл-пунктке тұры­зады. Егер нивелирдің жоғарғы бөлiгiн 180º-қа айландырғаннан кейiн үлбiреуiк деңгейдiң ортасында қалса, онда осы шартты орындалғаны болып саналады. Деңгейдiң үлбiреуiгi eкi көтеру винтiнiң бағытында жылжып кеткен жағдайда, оның центрден ауытқуының жартысы деңгейдiң түзету винттерiмен

реттелiнедi, ал одан кейiн үлбiреуiктiң қалған жартысын кетеру винттерiмен нөл-пунктке келтiредi. Нивелирдi 90º-қа бұрып, тексерудi үшiн­шi көтеру винтiнiң бағытында қайталайды. Деңгейдiң үлбiреуiгi центрiнен ауытқыған жағдайда, оның ауытқуының жартысын түзету винттерiмен центрге жақындатады да, қалған жартысын тиicтi көтеру винтiмен теңестiредi. Тексерудi нивелирдi ось төңірегiнде айналдырғанда нөл-пункттен деңгейдiң үлбiреуiгi ауыт­қымайтын болғанша бiрнеше рет қайталайды.

2. Тордың вертикаль жiбi нивелирдiң айналу ociнe параллель болуы тиiс. Нивелирдi орнатып, оның айналу осін вертикаль. жағдайға дөңгелек деңгей көмегімен келтiредi де, жiптер торы­ның негiзгi горизонталь штрихын нивелирден 15-20 м қашықтықта орналасқан жақсы көрiнiп туратын нуктеге нысаналай­ды. Жетекшi винтпен нивелирдil{ дурбiсiн азимут бойынша ақы­рын айналдырып, горизонталь штрихтын бақыланып отырған нүктеден шығып кетпеуiн қадағалайды. Егер осы кезде гори­зонталь штрих нүктеден 1 мм-ден артық шығып кетсе, онда тор­ды орнатуды түзету керек. Түзету тордың дифрагмасын бұру арқылы оның вертикаль жiбi тiктеуiштiк жiбiмен беттескенше жасалынады.

3. Цилиндрлiк деңгейдiң oci дүрбiнiң нысаналау ociнe парал­лель болуы тиiс. Тексеруді алға eкi мәрте нивелирлеумен арын­дайды. 50-75 м қашықтықта eкi қазықшаны немесе үлкен ше­гeнi қарады. Нивелирдi (72-сурет) А нүктeciнің үстінe орнатып, нивелирдiң биiктiгiн il рейка мен 1 мм-ге дейiнгi далдiкпен өл­шейдi де, В нүктeciнe қойылған рейкадан П 1 есептеуiн алады. Содан кейiн нивелир мен рейканың орындарын ауыстырып, i2 және П2 өлшеулерiн алады. Бұдан кейiн деңгейдiң ociмeн дүрбi­нің нысаналау осінің параллель шартынық қателiгiнiң сақтал­мауын (х) мына формуламен есептеп шығарады:

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\Screenshot_3.jpg (1)

Егер х -қателiгi 4 мм-ден артып кетсе, онда элевациялық винт­пен орта жiптi

рейкадағы П2'=П2-х дұрыс есептеуге нысаналайды да, деңгейдiң вертикаль түзету винттерiмен деңгей үлбipeyiгiнің шеттерiнiң кескінін дәл беттестiредi. Деңгейдiң орналасуын тексеру мен түзетудi x-тің шамасы 4 мм-ден аспайтын болғанша кайталай бередi.

2. 2 4Т30П теодолитті жұмысқа әзірлеу және тексеріс жұмыстары

Теодолитпен жұмысқа кіріспес бұрын сыртқы тексерістер жүргізіліп штативте тұрақтылығын, лифт пен гидравликалық бұрандалардың тегістігін, бұрылатын бөлшектерді бекітетін бұрандалармен бекітудің беріктігін тексереді.

Теодолит зауыттан алынған болса, жөндеуден кейін, басқа маманнан теодолитті пайдалануға бергенге дейін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру барысында құралдың осьтерінің дұрыс өзара орналасуына көз жеткізіңіз. Цилиндрлік деңгейді тексеру.

Цилиндрлік деңгейдің осі көлденең шеңбердің алидты көмегімен теодолиттің айналу тік осіне перпендикуляр болуға тиіс.

Орындалу тәртібі:

Алидты айналдыра отырып, біз екі көтеру бұрандалары арқылы сызыққа қатарлас осьті параллель етіп орнатамыз. Қарама-қарсы бағытта бұрандаларды бұру арқылы көпіршікті ортаға әкелеміз. Содан кейін теодолиттің 180 градус көлденең шеңберін айналдырыңыз. Егер деңгейдің көпіршігі ортасында қалса, онда деңгей реттеліп, тексеру расталған болып саналады. Көпіршікті бөлуге қарағанда көп болса, деңгей қалыпты емес және реттеу қажет.

Реттеу:

Түзету деңгейінің бұрандалары көпіршікті нөлдік нүктеге қарай бұру доғаның жартысына дейін жылжытады.

Тексеріс нәтижелері:

180 градусқа айналғаннан кейін, деңгейдің көпіршігі ортасында қалады, демек тексеру жұмыстары толық аяқталды деп саналады. (2. 2 - сурет) . [7]

2. 2 - Сурет.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пунктері болса, онда олардың орналасқан жерінің координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар кіреді:

1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту;

2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу;

3. жергілікті жердің контурын түсіру;

4. түсіріс негіздеуінің пунктерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пунктеріне байланыстыру.

Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пунктері ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді.

Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс, әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады.

Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар істеледі:

- Теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен, шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналармен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлері, жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты мен орындалған жылы көрсетіледі.

‒ Бұрыштарды Т15, T30, 2T30 және т. б техникалық теодолиттердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30´´ дәлдікпен өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5-10) мм қателікпен центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың көрініп тұрған ең төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаның көлбеулік бұрыштары ν ≥ ± 2º болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бір толық тәсілдер жолымен өлшегенде жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90º-қа ауыстырылады;

- Сызықтың ұзындықтарын 20 м‒лік өлшеуіш лентамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі реи өлшеген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1- разрядты жүрістерде ұзындық 1:2000-нан, ал 2 - разрядты жүрістерде - 1:1000 - нан аспауы керек.

Теодолиттік түсірістің мәліметтері бойынша планды жасау планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан басталады. Планшетке көлемі 60x60 см-дей жоғары сапалы фанера немесе аллюминий табағы алынып, оған сызба қағазы жапсырылады. Координаталар торы координатографтың немесе Ф. В. Дробышев сызғышының көмегімен құрылады.

Дробышев сызғышымен координаталар торын салу қағаз бетіне 50x50 см (50²+50²=70, 71²) квадратын, немесе қабырғалары 30, 40 және 50 см (30²+40²=50²), не тиісінше 60, 80 және 100 см (60²+80²=100²) үшбұрышты көшіріп түсіруден тұрады; мұнын өзі Дробышев сызғышының өлшеміне байланысты болады. [6]

2. 3 Тахеометр аспабын жұмысқа әзірлеу және тексеріс жұмыстары

Аспаппен жұмыс істер алдында батареяны зарядтап, оның жұмыс істеу қызметін, жад картасының көлемі мен оның батареясын тексеру қажет. Тахеометрде өлшенген горизонталь бұрыш мәндерінің коллимациялық қателігіне түзетулер, автоматты түрде енгізіледі. Оның мәні тахеометрдің қателіктерін анықтау процесінде анықталып, тахеометр жадында түзету мәндерін анықтауға дейін сақталады. Өлшеулер кезінде вертикаль осьтің көлбеу бұрышын ескеріп, автоматты түрде вертикаль осьтің көлбеулігіне түзету енгізіледі. Жер қисықтығы және рефракцияға түзетулер автоматты түрде енгізіледі (К=0. 13) . Лимбтің айналу жылдамдығына байланысты бұрыш датчиктері шектелген. Сондықтан, көру дүрбісінің максималь айналу жылдамдығы мен тахеометрдің айналу жылдамдығы горизонталь жылдамдықта бір айналу/с-нан аспауы тиіс. Тахеометрмен жұмыс істеу кезінде батарея кернеуін үнемі тексеріп отырған жөн. Ток кернеуі 6, 5Втан төмен кезде, дисплейде “аккумулятордың разрядталуы” деген дерекпен сигнал дыбысы шығады. Осы деректен кейін тахеометрмен жұмыс істеу мүмкін емес. Жұмысты жалғастыру үшін тахеометрдің ток көзін ауыстыру қажет.

Оптикалық центрир және деңгейлеуішті тексеру, түзету.

Тахеометрдің цилиндрлік деңгейлеу осін, екі көтергіш бұрандасымен қосатын түзуге параллель қойып, осы бұранданықарама-қайшы бағытта бұрап, деңгейлеуіш көпіршігін ортаға әкелу қажет. Тахеометрді 90 градусқа бұрып, үшінші көтергіш бұрандасымен деңгейлеуіш көпіршігін ортаға келтіреміз. Содан кейін тахеометрді 180 градусқа бұрып, деңгейлеуіш көпіршігінің ортадан ауытқығанын бағалаймыз. Егер көпіршік қозғалысы бір бөлікті көрсетсе, жартысын қондырғыштың көтергіш бұрандасымен, екінші жартысын - деңгейлеуіштің түзету бұрандасымен келтіреді. Дөңгелек деңгейдің көпіршігін,

түзету винттерімен сәйкес келетін қажетті шегіне келтіреді. Сөйтіп, тексеруді қайталайды. Тахеометрді штативке орнатып, штативтің астына марканы қоямыз. Табанның көтергіш бұрандаларының көмегімен центрирдің жіптік

торын, марканың қиылысқан жеріне келтіреміз. Тахеомерді 180 градусқа бұрып, центрир жіптік торының маркадан ауытқығанын байқауға болады Кіші дөңгелек радиусында ауытқыған жіптік торы центрлеу қателігіне (і, мм) сай келеді, мұндағы і - штатив биіктігі. Егер ауытқу радиусы жоғары болса, центрирді түзету бұрандасымен жөндеп және тексеруді қайталау қажет. Көру дүрбіснің жіптік торының көлбеулігін тексеру

Тахеометрді штативке орнатып, горизонталь жазықтыққа келтіреді. Көру дүрбісін көздеу нысанасына бағыттап, тахеометрді вертикаль осі бойынша дүрбіні жоғары және төмен қозғалту қажет. Егер жіп торы вертикальдан үш (штрих) пернеге ауытқыса, кремальера сақинасын шешіп, окулярдың бекіткіш бұрандасын босатып, жіптік тордың көлбеулігін түзету қажет. Жұмыс аяқталған соң, қабын кигізіп тексеруді қайталау керек.

Көру дүрбісінің жіптік торын түзету, тексеру

Тахеометрді орнатқаннан кейін аспаптан 20-50 м аралықта бір призмалы жарық шағылдырғыш құралын орнату керек. Содан кейін өлшеу режімін нысанаға дәлдеп, тахеометрдің көру дүрбісін жарық шағылдырғыштың центріне дәлдеу керек. Вертикаль жетекші винтімен көру дүрбісін жоғары қарай сигнал деңгейі төмендегенше жылжытады. Ал призма центріне қатысты жіп торы қиылысын қатырып, содан кейін сол сияқты сигнал деңгейіне дейін көру дүрбісін төмен жылжытып, жіп торын призма центріне қатысты бекіту керек. Егер көру дүрбісінің көлбеу бұрышы дүрбіні төмен және жоғары апарғанда тең болса, онда вертикаль жазықтықта жіптік торды түзету дұрыс орындалғаны.

Коллиматорлы көздегішті тексеру

Тексеруді маркамен 50м ара қашықтықта орындау қажет. Көру дүрбісін коллиматорлық көздегіш бойынша марканың жоғарғы белгісіне бағыттап,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теодолитті жұмысқа әзірлеу
Далалық геодезиялық практика
Жер кадастырлық бөлімінде өткен іс-тәжірибе есебі
Теодолитті тексеру және түзету
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Өндірістік тәжірибеде қолданылған аспаптар
Өндірістік тәжірибеден
Жобалау және геодезиялық іздестіру жұмыстары кезіндегі еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Геодезиялық практика материалдары
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz