Геодезиялық құралдардан есеп алумен танысу


3 Геодезиялық құралдардан есеп алумен танысу
Далалық жұмыстарды аяқтараннан кейiн ғылыми өңдеуге және теодолиттiк түcipicтің планын жасауға кiрicедi. Теодолиттік жүрiстердi ғылыми өңдеудiң түпкi мақсаты нүктенің тiкбұрышты координаталарының х және у мәнін және олардың биiктігін шығару болып табылады.
Теодолиттiк жүрicтердi жүргiзгендегi алынған өлшеулердi ғылыми өңдеу мынадай жолмен жасалынады: далалық журналдағы жартылай тәсiлдерден алынып есептелген бұрыштардың дұрыстығы тексерiледi; жүрiстiң өлшенген қабырғаларының ұзындығына (сызықтың горизонтқа көлбеулiк бұрыштары 1, 50 тан артық болса) көлбеулiгi үшiн түзетулер енгiзiледi.
Ендi тұйықталған теодолиттiк жүрiстегi нүктелердiң координаталарын есептеп шығару жолын қарастыралық . Есептеп шығарулар арнайы ведомост қолданылып төмендегi ретпен жасалынады:
1. Бұрыштарды өлшеу журналынан 2-графаға горизонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.
2. Ведомостың 4-графасына 1-2 қабыррасының бастапқы дирекциондық бұрышын және 6-графаға теодолиттiк жүрicтiң қабырраларының горизонталь ұзындықтарын енгiзедi.
3. Өлшенiлген бұрыштардың қосындысын есептейдi және полигонның бұрыштарындағы бұрыштық қиыспаушылықты мына өрнектен анықтайды:
fβ=∑βпр-∑βт (1)
мұндағы ∑βпр - өлшенiлген бұрыштардың практикалық қосындысы; ∑βт - полигонның iшкi бұрыштарының теориялық қосындысы.
Тұйықталған теодолиттiк жүрicтiң бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледi:
∑βт =180º(n-2), (2)
мұндағы n - көпбұрыштың iшкi бұрыштарының саны.
Тұйықталған теодолиттiк жүрicтiң ұштарының координаталарының есептеу ведомості
4. бұрыштық қиыспаушылықтың fβ табылған шамасы болуы ықтимал бұрыштық қиыспаушылықпен fβu салыстырылады. Бұрыштық қиыспаушылықтың шамасы бұрыштық өлшеудің дәлдігін сипаттайды; оның мәні мына формула бойынша анықталатын ықтимал шекті шамадан аспауы керек:
(3)
5. Егер іс жүзіндегі бұрыштық қиыспаушылықтың болуы ықтимал бұрыштық қиспаушылықтан аспаса fβ < fu, онда оны барлық бұрыштарға таңбасын теріс етіп тепе-тең үлестіреді, яғни барлық өлшенген бұрыштарға таңбасының қиыспаушылықтың таңбасы кері етіп түзетулер δβ енгізіледі:
(4)
Түзетулерді минуттың ондық бөлігіне деін дөңгелектеп енгізеді. Егер 0, 1ге дейін дөңгелектеген соң түзетулер тепе-тең бөлінбесе, онда қабырғалары қысқа бұрыштарға көбірек түзетулер енгiзедi. Кішкене полигондармен қысқаша жүрістер үшін бұрыштар толық минутқа дейін дөңгелектеу мақсатында әр түрл таңбалы түзетулер енгізілуі мүмкін.
6. Өлшенген бұрыштарды есептелiнген түзетулермен алгебралық қосып, түзетiлген бұрыштарды табады
βт. б. і= βөі +δβ (5)
7. Бұрыштар уйлесуiнiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн түзетiлген бұрыштардың қосындысын есептейдi, сонда бұрыштық өлшеулердi еңдеудiң дұрыстырын мына теңдiк бойынша тексередi
(6)
8. Бастапқы белгiлi қабырғасының алғашқы дирекциондық бұрышы және полигонның түзетiлген iшкi бұрыштарының мәнi бойынша жүйелiлiкпен iшкi полигонның барлық қалған қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын мына
формуламен есептеп шығарады.
Немесе
(7)
мұндағы, - жүрiстегi оң және сол түзетiлген сәйкес бұрыштар; αk - келесi қабырғаның дирекциондық бұрышы; a. k-1 - бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышы.
9. Дирекциондық бұрыштарды есептеп шығаруды тексередi. Тұйықталған теодолиттiк жүрicте бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышын табу есептеулердi тексеру болып табылады.
10. Румбалардың мәндерi мына формулалармен есептеп шығарылады
I ширек r1 =α1;
II ширек r2= 180º- α2;
III ширек rз= α3-180º; (8)
IV ширек r4 = 360º- α4
11. Теодолиттiк жүрiстiң қабырғаларының горизонталь проекциялары есептелiнiп шығарылады. Егер қабырғалардың ұзындығын өлшеу кезiнде көлбеулiк ұзындық D және көлбеулiк бұрыш ν анықталса, онда горизонталь ұзындықтарды мына өрнектің көмегімен анықтауға болады:
d=Dcosν. (9)
12. Геодезиялық тура есептiң формулаларын пайдаланып
координаталар өсiмшелерiн есептеп шығарады
Δх=dcosα=± dcosr
Δу=dsinα=± dsinr (10)
Координаталар есiмшелерiнiң таңбалары берiлген бағыттың қай ширекте жатқанына байланысты болады, яғни қабырғаның дирекциондық бұрышының мәнмен анықталады
Координаталар өсiмшелерiнiң есептелiп шығарылған мәндерiн координаталар ведомостысының 7-және 8-графаларына жазады. 13. х және у қиыспаушылықты табады: осьтерiндегi координаталар өсiмшелерiндегi (f х және f у) мына формулаларды қолданып табады.
Осы мақсатпен 7-және 8-графалардағы оң және тepic eciмшелердi жеке-жеке қосады, содан соң алгебралық қосындысын есептеп, оның нәтижесiн қорытынды сызықтың астына жазады.
14. Теодолиттiк жүрicтiң периметрiндегi абсолют ұзындық қиыспаушылықты (f абс) мына формула бойынша анықтайды:
(11)
15. Теодолиттiк жүрiстегi бұрыштық және ұзындық өлшеулердiң дәлдiгi салыстырмалы ұзындық қиыспаушылықтың шамасымен бағаланады, ол абсолют ұзындық қиыспаушылығына f абс тура пропорционал, ал полигонның периметрiне Р кepi пропорционал болады, оның мәнi периметрдiң бөлiгiнен аспауы тиic.
16. Егер салыстырмалы ұзындық қиыспаушылық шегiнен
аспаса, яғни (98) шарт орындалатын болса, онда координаталар өсiмшелерiне теодолиттiк жүрicтiң қабырғаларының ұзындығына пропорционал етiп кepi таңбамен түзетулер енгiзiледi.
(12)
мұндағы (δх) і, (Oу) і -Х және У осьтерiндегi координаталар өсiмшелерiнiң тиicті түзетулерi. Табылған түзетулердi метрдiң жүз бөлiгiне дөңгелек теп, оларды ведомостың 7-және 8-графаларына тиicтi, өсiмшелердiң мәндерiнiң үстінe жазады.
17. Тексеру мақсатымен түзетулердiң (δх) і және (δу) і қосындыларын табады: олар тиicтi қиыспаушылықтарға кepi таңбамен тең болуы тиiс, яrни
18. Есептелiп шығарылған координаталар өсiмшелерi ментүзетулерi
бойынша координаталардың түзетiлген өсiмшелерiн анықтайды.
Әрбiр остегi түзетiлген координаталар өсiмшелерiнiң алгебралық қосындысы нөлге тең болуы тиiс
(13)
19. Түзетiлген өсiмшелер және бастапқы нүктенiң координаталары бойынша жүйелi түрде полигонның барлық ұштарының координаталарын есептеп шығарады:
(14)
мұндағы х I+1, у 1+ хХ және У осьтерiндегi келесi нүктелердiң тиiстi координаталары; X1, У1; - Х және У осьтерiндегi алдыңғы нүктелердiң тиicтi координаталары; Δхт. і, Δут. і- өздерiнiң таңбаларымен алынған координаталардың түзетiлген өciмшелерi.
Геометриялық нивелирлеудi ғылыми өңдеу далалық журналдардары жазулар мен есептеп шағаруларды тиянақты түрде қарап шырудаң және бақылаушы жасайтын әр беттiк тексеруден басталады. Әр беттiк тексеру жасалып бiткеннен кейiн, жүpicтік қиыспаушылырын есептеп шығаруға кiрiседi. 1. 3-графаға артқы рейканың қара және қызыл жақтары бойынша алынған барлық есептеулердiң қосындысын ∑З жазадыда, оларды а әрпiмен белгiлейдi. 2. Алдыңғы рейкадан дәл осылай алынған барлық есептеулердiң қосындысын ∑П 4-графаға жазып, оны b әрпiмен белгiлейдi. 3. Рейкалардың қара және қызыл жақтарының көмегімен алынған салыстырмалы биiктiктi есептеп шығарады
h қ =З қ -П қ ; h қл =З қл -П қл . (1)
Салыстырмалы биiктiктiң айырмашылығы қос рейканың тақаларының айырымын есепке алғанда 10 мм-ден аспауы тиiс, яғни
H қ -h қл < 10 мм.
4. Онан әрі салыстырмалы биктіктің орташа мәнін анықтайды.
H0=(h қ +h қл ) /2 (2)
5. Әр беттік тексеруді орындағанан кейін төмегі шарт орындалу керек:
∑З-∑П=∑h=2∑h 0 (3)
6. Әр беттiк тексеру бiткен соң жүрicтiң қиыспаушылығын есептеп шығаруға кiрicедi. Егер нивелирлiк жүрiс тұрақты геодезиялық биiктiк нүктелерiнiң - реперлердiң арасында салынған болса, онда нивелирлеуден алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысы ∑h0 соңғы Нс және бастапқы Нб реперлердiң биiктiк белгiлерiнiң айырымына тең болуы тиiс
∑h 0 =H c -Н б . (4)
Осы жағдайдағы қиыспаушылық
fh T =h о -(Н с -Н б ) . (5)
Егер нивелирлеу eкi нивелирмен жүргiзiлген болса, онда бiрiншi нивелирмен алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысы ∑h01 екiншi нивелир мен алынған салыстырмалы биiктiктерiнiң қосындысына ∑h02 тең болуы тиiс, яғни ∑h01 = ∑h02 демек, қиыспаушылық
fh Д =∑h 01 = ∑h 02 . (6)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz