Малиновский мен Радклифф - Браунның ықпалы


Тотемизм мен функционализм
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Тотемизм мен функционализм
Радклифф-Браунның тотемизмге қатысты бір емес, екі теориясы болды. Оның екі теориясы құрылымдық-функционализм мен туындаушы структурализм арасындағы байланыстың қай- сысына басымдық беруіне байланысты бөлінеді. Ғалымның ертерек жазылған еңбектерінде ол құрылымдық-функционализмге басымдық берсе, өмірінің соңында жазылған еңбектерінде туындаушы структурализмге көп мән берілген. Радклифф-Браунның осы тақырып бойынша жазылған бірінші мақаласы «Тотемизмнің социологиялық теориясы» деп аталады. Бұл мақала 1929 жылы Джава аралындағы конференцияда бірінші рет таныстырылып, кейін Қарабайыр қоғамдағы құрылым мен қызмет деген атпен басылып шығады. Бұл мақалада Радклифф- Браун австралиялық аборигендердің әлем құрылымын қалай жіктейтінін және адамдарды әлеуметтік топтың мүшелері ретінде қалай жіктейтінін түсіндіруге тырысады. Ол өз теориясын Дюркгеймнің тотемизм теориясы негізінде құрастырады. Өйткені ол Дюркгеймнің «тотемизмнің қызметі - әулет ішіндегі ынтымақтастықты ұстап тұру» деген ойымен келісетін. Алайда ол Дюркгеймнің жануардың түрлері мен ғұрыптар өзара байланысты деген пікірімен келіспеді. Дюркгеймнің пікірінше, жануарлардың түрлері әлеуметтік топтарды білдіретіндіктен, дәл сол жануарлар ғұрыптардағы іс-әрекеттерде қолданылатын болған.
Радклифф-Браунның айтуы бойынша, австралиялық тотемизм мынадай төрт нәрсемен байланысты:
1) патрилинейлі жергілікті топ (немесе Радклифф-Браунның атауы бойынша «орда») ;
2) тотемдер (белгілі бір жануарлар, өсімдіктер, жаңбыр, күн, ыстық және суық ауа райы т. б. ) ;
3) белгілі бір аймақ төңірегіндегі қасиетті орындар;
4) аян арқылы киелі жерге айналған жерлер.
Радклифф-Браун осы төртеуін бір шеңбердің аясында бірлікте қарастырмайды. Ол осы төрт тармақтан тұратын жіктеуді Дюркгеймнің ойымен қалайша келіспейтіндігін дәлелдеу үшін қолданады. Радклифф-Браун үшін Дюркгеймнің топтар және олардың тотемдері арасындағы байланысына қатысты пікірінің қате екенін дәлелдеу маңызды болды. Ол тотемизм туралы «Әлеуметтік антропологиядағы салыстырмалы талдау» атты екінші мақаласында одан да әрі кетеді. Теориясы алғашында 1951 жылы дәріс ретінде оқылады, 1952 жылы жарияланады және Сринивас пен Купердің редакторлығымен жарыққа шыққан Радклифф-Браунның еңбектер жинағында қайта басылады. Екінші теория аборигендердің адамдарды әлеуметтік топ мүшесі ретінде емес, сонымен бірге тотемдік жануарларды қалай жіктейтіндігі туралы баяндайды. Осы мақалада аборигендердің жіктеу жүйелері арасындағы байланыс туралы да жазылған. Радклифф-Браун Леви-Стросстың түрлі қоғамдарды салыстырып, салыстыру нәтижесінде табылған құрылымдық өзгешеліктерді ескере отырып, «жалпы заңдылықтарды» анықтауға болады деген ойын жақсы қабылдаған.
Бұл талдау түрі әлеуметтік құрылымнан космологиялық құрылымға дейін көтеріледі. Радклифф-Браунның, кейінірек Леви-Стросстың зерттеуі оларды мынадай сұраққа әкелді: не себепті белгілі бір жануарлар тотемге айналады? Мысалы, батыс Австралияның кей бөлігінде бүркіт пен қарға бір-бірімен қыз алыса алатын екі түрлі рулық топтық белгілерді білдіреді. Сол сияқты Солтүстік Американың солтүстік батыс жағалауындағы хайдалықтар арасында да бүркіт пен қарға осындай символға ие.
Сұрақ тек қана: «Не себепті қыз алысуға болатын топтар болып бөліну қажет және ол топтар неге осындай жануарлардың бір түріне қарай ажыратылады?» ғана емес. Ол сонымен бірге «Не себепті бүркіт? Не себепті қарға?» және «Бүркіт пен қарға символдарының арасында қандай байланыс бар?» деген сұрақтарға жетелейді. Соңғы сұраққа миф арқылы жауап табуға болады. Өйткені миф жануарлардың әр түрін бір-бірімен байланыстыратын туысқандық байланысты түсіндіреді. Әр елдің мифтерінде сол мәдениеттегі ерекше символға ие жануарлар туралы айтылады. Мәселен, батыс Австралияда мифтік бүркіт қарғаның анасының бауыры. Бірақ Леви-Стросс үшін және Радклифф-Браун үшін де сұрақтың маңыздылығы бұдан да терең еді. Не себепті бұл құстар Австралияда да, Солтүстік Америкада да тек қана экзогамиялы, яғни белгілі бір топтар арасында некелесуге тыйым салынған топтарда бар? Бұлай болуының себебі екі құрлықтағы жергілікті халықтың ұқсас тұстары болғандықтан ба? Болмаса, бұл барлық адамдардың санасында белгіленген және барлық адам баласына тән нәрсе ме? Бұл нәрсе барлық адам баласының санасына бірдей тән болғандықтан, ол бірнеше жерлерден бірдей табыла ма? Мүмкін бұл бейсаналы әмбебап түрде ойлаудың мысалдары шығар? Егер 1951 жылы Радклифф-Браун дәл солай ойлаған болса, онда ол өзінің құрылымдық-функционализмінен алшақтап, Леви-Стросстың структурализмдік парадигмасына бой ұрғандығын көрсетеді.
Малиновский мен Радклифф-Браунның ықпалы
Малиновский де, Радклифф-Браун да шәкірттері тарапынан жоғары мәртебеге ие болды. Ұлттар достастығындағы әрбір антрополог Малиновский мен Радклифф-Брауннан соң ескі эволюционизм мен диффузионизм жеке зерттеу тәсілдері ретінде қызықты болмай қалған- дығын алға тартты.
Британиядағы және Америкадағы көптеген ізденушілер Радклифф-Браунның жолын ұс- танды. Олар антропологияны этнографиялық деректермен толықтыру ретінде қабылдады. Ол ғалымдар тобы жеке қоғамдарға тән жалпы заңдылықтарды анықтап, содан кейін оларды басқа қоғамдармен салыстырды. Қоғамдардың өткеніне үңілмей-ақ қазіргі уақытта олардың қалай жұмыс істейтіндігін анықтады. Жеке тұлғалардың іс-әрекеттеріне ерекше мән берді және ең бастысы, сол қоғамдық құрылымдағы әрбір жеке элементті бір-бірімен байланыстыра отырып, олар өзара қандай қызмет атқаратындығын зерттеді.
Малиновскийдің ықпалы Британияда ерекше болды. Әсіресе оның «бақылау арқылы зерттеу» дәстүрін қалыптастыруы ерекше мәнге ие. Радклифф-Браунның ықпалы негізінен Оңтүстік Африкада және Австралияда ерекше байқалды. АҚШ-та оның еңбектері Сол Такс, Фрэд Эгганның туындылары және чикаголық Элкин мен оның Сиднейде осы дәстүрді жалғастырған шәкірттері арқылы, «ағылшын» оңтүстік африкалық антропологиясында Исаак Шапира мен Моника Уилсон (Малиновскийдің тағы бір шәкірті) арқылы белгілі болды. Оның шәкірттерінің біразы ықпалды зиялыларға айналып, апартеидтерге қарсы саяси күштермен күрес жүргізді. Радклифф-Браун Үндістанда да танымал еді. Ол үнді антропологы Сринивастың ғылыми жетекшісі болды, ал Эванс-Причард оған Оксфордта үш жыл бойы дәріс берді. 1951 жылы Сринивас өз еліне қайтып оралды және сонда эмприкалық, құрылымдық- функционалистік ғылыми дәстүрдің негізін қалауға ерекше үлес қосты. Әдетте Радклифф- Браунның ықпалы оның жазбалары арқылы емес, ұстаздығы арқылы таралды деген ой көп айтылады. Ол жүрген жерінде елді үйіріп алатын қасиетке ие еді, дәріс оқығанда әдетте ешқандай жазбаларды қолданбай-ақ керемет дәрістер өткізетін болған. Салыстырмалы түрде ол аз ғана еңбек жариялаған. Жазуда ауызекі сөйлеу мәнерін қолданатын және жаргондар да оның жұмысында кездесіп отырды. Оның жарияланған еңбектерінің басым бөлігі - ғалымның ел алдында сөйлеген сөздерінің жазбаша нұсқалары. Радклифф-Браунның жазбалары бірнеше онжылдықтардан соң теориялық көзқарас тұрғысынан құнды екенін дәлелдеді.
Бір қызығы оны құрылымдық-функционализмнің көрнекті өкілі ретінде танығанмен де, ол осы тақырып аясында шамалы ғана еңбектер жазған. Оның «Шежіре теориясы» атты кітабы ғана осы тақырыпта. Эванс-Причард, Фортес және оның жолын қуушы басқа да ізденушілер патрилинейлік немесе матрилинейлік шежіре жүргізу ерекшеліктері көптеген қоғамдардың негізін қалыптастырған деген пікірде болды. Әсіресе Африкада бұл ерекше байқалады. Бірақ бұл теория қатаң қарсылыққа ұшырады.
Біріншіден, Леви-Стросстың «әулеттік қауымдасу теориясын» ұстанатындар тарапынан және эмприкалық талдаулар арқылы күмән тудырушы басқа парадигмадағылар тарапынан қатты сынға түсті.
Радклифф-Браун қандай да болсын «измдер» тобына жатқызылғанды ұнатпайтын. Оның ойынша, «ғылымда» ешқандай да «изм» болмайды. Тек саяси философияда ғана «измдер» (коммунизм, либерализм, консерватизм т. б. ) болады.
Өсімдіктің құрылымы мен қызметін зерттейтін ботаникті ешкім де «құрылымдық-функ- ционалистік» ботаник деп атамайды, ендеше не себепті антропологтар өз саласына қарай осындай атаулармен аталуы тиіс? Әсіресе ол өзін Малиновскиймен бірге «функционалистер» тобына жатқызатындарға түбегейлі қарсы болды. Өйткені ол Малиновскийдің биологиялық қажеттіліктер мен олардың мәдениетте қанағаттандырылуы теориясын толығымен теріске шығаратын. Бірақ, соған қарамастан, оның айналасындағылар және басқа топтағылар оны «функционалистер» тобына да жатқызды. Уақыттың өтуімен осы көзқарастың негізін қалаушылар арасындағы шиеленіскен байланысқа және ғылыми ерекшеліктеріне қарамай, «функционалистік теория» жеке «мектеп» ретінде қалыптасты. Қазіргі антропологтардың еш- қайсысы өздерін «функционалистерге» жатқызбаса да, антропологиялық далалық зерттеулер мен антропологиялық салыстырмалы әдістің екеуінде де «функционализмнің» белгілерін табуға болады. Мысалы, салыстырмалы түрде алғанда процессуалистерде, марксистерде және соңғы кезде пайда болған жаңа көзқарастарда бұл белгілер көп көрініс таппайды.
Функционализм өз бастауын эволюционизмнен алды. Ол антропологиялық көзқарас ретінде Дюркгеймнің еңбектерінің нәтижесінде (эволюциялық-функционалдық көзқарастар тоғысында) және әсіресе Малиновский мен Радклифф-Браунның ықпалымен қалыптасты. Сонымен бірге соңғы екеуінің институттағы ықпалы және олардың шәкірттерінің әлем бойынша қалыптастырған мектептері де функционализмнің таралуына көп әсер етті. Малиновскийдің жолын ұстанғандар саны аса көп болғанымен, ол үлкен теория жасап есте қалу жоспарын іске асыра алмады. Оның «жеті негізгі қажеттілік және оның мәдениетте қанағаттандырылуы» теориясы қолдауға ие болмады. Радклифф-Браунның теориялық негіздері оған қарағанда сәттілеу шықты. Әсіресе оның әлеуметтік құрылымға аса мән беруі және салыстыруды қолдауы теориялық құндылыққа ие. Десе де оның «қоғамды зерттеудің жаратылыстанулық ғылымы» деп аталатын қоғамды биологиялық ағзамен салыстыратын батыл теориясы өз жемісін бермеді.
Социологиялық дәстүрдің тарихы жайлы жақсы баяндайтын - Суинджвудтың «Социоло- гиялық көзқарастың қысқаша тарихы» және Левиннің «Социологиялық дәстүрдегі көзқарастар» кітаптары. Антропологиядағы функционализм мен құрылымдық-функционализм жайлы және олардың кейінгі тарихы жайлы Купердің «Антропологтар және антропология» кітабынан оқи аласыздар.
Малиновскийдің еңбектеріне берілген бағаны оның шәкірті Фирттің «Адам және мәде- ниет» атты еңбегінде оқуға болады. Малиновскийдің далалық зерттеулер әдісі жайында Бақылаушылар бақыланады деп аталатын еңбегінде жазылған. Фирттың Радклифф-Браунның өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып жазған мақаласында оның еңбегіне қатысты пайдалы деректер берілген. Мыналар Радклифф-Браунның үш жинағы:
- «Қарабайыр қоғамдағы құрылым және қызмет»; «Әлеуметтік антропологиядағы әдіс»; «Радклифф-Браунның әлеуметтік антропологиясы».
Құрылымдық-функционалистік этнографиялық ізденістердің үздік мысалдары ретінде:
«Африкалық саяси жүйе» және «Туысқандық пен некенің африкалық жүйесі» кітаптарын айтуға болады.
Крёбер мен Риверстің туысқандыққа қатысты пікірталасы туралы біраз хабар беретін пайдалы кітап - Грабурнның «Туысқандық пен әлеуметтік құрылым аясындағы еңбектер» кітабы.
Функционализм бойынша классикалық еңбектер қатарына - Эванс-Причардтың «Нуэр- лықтар арасындағы туысқандық пен неке», Фирттің «Біз Тиропиямыз», Фортестің «Әулеттің динамикасы» және «Туысқандық торы» кітаптарын жатқызуға болады.
Экологиялық мәдениет бағытында жазылған екі кітап: Эванс-Причардтің «Нуэрлықтар» және Ричардстің «Жер, еңбек және тамақтану әдеті». Әлеуметтік өзгерістер туралы жазатын - Шапираның «Қоныс аударушының еңбегі және рулық-тайпалық өмір салты».
Функционалистік дәстүрде аймақтық салыстырмалы этнографиялық еңбектің мысалы ретінде Эгганның «Батыс Пуэбло халқының әлеуметтік құрылымы» туындысын айтуға болады.
1950 жылдардан бастап антропологияға қоғамды негізгі зерттеу нысаны етіп алатын құ- рылымдық-функционализм сияқты ресми парадигмалар орнына жеке тұлғаны және іс-әре- кетті негізгі нысан етіп алатын парадигмалар келе бастады. Олардың ішінде Фредрик Барттың транзакционализмін, «Манчестер мектебіндегі» өзара байланысты түрлі көзқарастарды және негізінен Эдмунд Личтің еңбектерінен тұратын структурализмнің жаңа тармағы - «про- цессуалдық» көзқарасты атап айтуға болады.
Әлеуметтік және мәдени процестерге қатысты алғашқы еңбектер Георг Зиммель мен Макс Вебердің әлеуметтанулық еңбектерінде, Крёбердің «мәдени белгілер мен процестер» туралы жазған пікірінің біраз бөлігінде және Арнольд ван Геннептің «Келесі сатыға өту ғұрыптары» туралы зерттеулерінде көрініс бере бастады. Аталған зерттеулердің ең соңғысы Эдмунд Лич және Виктор Тёрнер сияқты құрылымдық процессуалистер тарапынан тез арада қолдау тапты. Құрылымдар, процестер және тарихи оқиғалар арасындағы байланыстар туралы пікірталастар 1980 жылдары Капитан Куктың өліміне қатысты Маршалл Салинс бен Гананат Обейесекер, сонымен қоса Калахаридағы саяси экономикаға қатысты Ричард Ли мен Эдвин Уилмсеннің арасындағы пікірталастан соң үдей түсті. Осы уақытта марксистік революция нәтижесінде көптеген ғалымдар функционалистік және структуралистік бағыттағы зерттеулерінен бас тартып, марксистік теорияға ауысты. Ол - өнім өндіру әлеуметтік қатынасқа байланысты дей- ін процессуалды теория. Алайда марксизмнің антропологиядағы орнының екі жағы болды, оның ішінде басқа да әртүрлі теориялық ұстанымдар көрініс тапқан. Эволюционистік теория траектория ретінде Карл Маркстің және кейінгі марксистер теориясында берік орныққан еді. Бұнда диффузионизм де бар. Өйткені Маркс пен Энгельстің аса мән берген бұрынғы және келешектегі революцияның таралуы диффузионистік көзқарасқа сай келеді. Функционализм болса марксизмде тіпті басқаларынан да берік орныққан. Өйткені марксизм бойынша қоғам өзін-өзі басқара алатын және революцияның күші арқылы өзгеріске түсуі мүмкін жүйе ретінде сипатталды. Тағы бір жағынан ол тар мағынада релятивистік көзқарастарға да ие. Өйткені марксизм өндірістің әр түрі өзіндік идеологияларды қалыптастырады деді. Ол идеология «жалған сана» деп аталатын еді. Марксизмде структуралистік элементтер де бар. 1960-1980 жылдары туысқандық жүйе сияқты дәстүрлі тақырыптарды зерттеген Франциядағы біршама марксистер өздерін структуралистер өкілі деп санады.
Марксистшіл феминистер таптық сананы гендерлік санаға теңестіруімен ерекшеленді, марксизм билік мәселелерімен айналысатын болғандықтан, оның постструктурализммен және постмодернизммен де байланысы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz