Улану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№9 дәріс

Улану

Жоспар:

  1. Удың жануарлар ағзасына әcepi.

Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әcepi токсикологияның негізгі бөлгі болып табылады. Ол мал ағзасынаулардың уытты әсер ету механизмын карастырады.

Токсикокинетика - малдың жіті және созылмалы улануы кезәндегі улы заттардың сіңу, таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.

Ағза мен улы заттардыңөзара әcepi екі жағдайда болады.

Оныц біріншісі - контактілі (жанасу), екіншісі ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларга байланысты. Олар:

- Малдың уға сезімталдығы.

- Ағзаның жағдайы.

- Удың ағзаға ену жолдары.

- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әcepi.

Малдың улы заттарға сезімталдығы. Жануарлартүрініңуға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У турлімал ағзасына әр түрлі әсер eтeдi . Мысалы: ipi қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қараганда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ipi қара малға қараганда оймак гүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар ушін ас тұзы өте қауыпты болса, ал мысыктарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т. б.

Барлық шөп коректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдыгы бірдей емес екендігі ежелден белгілі . Мысалы, ешілер темекіге сезімтал, ал көп бөлімді қарынды малдар үшін , у сасыр өте қауыпты. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминнің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал кеп бөлімдіқарынды малдарда байқалмайды. Ceбeбi, олардыц мес қарынында «В» витаминнің синтезінеу сасыр улы әсер көрсете алмайды.

Ағзаның жағдайы. Мунда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғурлым мал жас болса, соғурлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Ceбeбi, оларулы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардыц залалсыздандыру қабілеті әдетте жақсы. Keйбip жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдыгы олардың жынысына да байланысты болады . Қайбір түріне урғашы малдар еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.

Ауру малдың, әcipece, жуқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының улы заттарға қарсы тұру кабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандагы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әcipece, жуқпалы аурулар кезінде, бауырдың бұл қызметi әлсірейді және жүйке, эндокринды жүйелердің удың әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарга жауап беру кабілеті төмендейді.

Агзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер турінде байқалады. Ағзада функционалдық өзгерістер тек удың уытты және летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы улану кезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауыда мүмкін. Бірақ, ол бауырға зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды факторларга қарсы тұру кабілеті төмендейді.

Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бәрақ ұзақ уақыт eнyi , олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және әкеліп соқтыруы мүмкін.

Удың ағзаға ену жолдары. Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызга ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондагы микрофлоралармен араласады. Муның бәріқарынға түскен улы заттардың физикалық-химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді. Мысалы, құрамында алколоидтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, алкаломель қарында уытты әсер ете алмайды, бipaқ кейбір жағдайларда сулемага айналып кетуі мүмкін. Өз кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары қанга, қанарқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удын сорылуы аз деңгейде болады.

Тыныс алу (ингаляциялык) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар (көміртегі тотығы, күкіртті cyтегi, аммиак) т. б. аэрозольдар, шаң-тозан түсуі мумкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе арқылы сорылып, онда күшті тітіркенген өкпе улпалары қабынуга ушырайды (хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанга сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.

Улы заттар әр түрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылыда сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді.

Кейбір улы заттар тepi арқылы да eнyi мүмкін.

Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әcepi. Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді. Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі улпалармен ғана байланысқа түседі. Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де, бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да, клиникалық белгілер пайда болады.

Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгікөрінісіболып табылады.

Улы заттардыц резорбтивті (қанга сінгеннен кейінгі) әcepi ағзаның қан тамырлар жуйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түріндебілінуі мүмкін. Қан улы заттарды букіл ағзаға тасымалдайды және жүйке улпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бузылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколоидтар жатады. Ағзаға түскен улы зат улпалармен өзара әрекеттесу барысында көптеген өзгерістерге ушырайды. Бул өзгерістер удың физикалық - химиялық қасиеттерімен аныкталады, сондай-ак ағзаның залалсызданыдыру мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.

Улы заттардың ағзадағы күйі және олардызалалсыздандыру жолдары. Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), улпалар мен торшаларга таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде таңдамалы түрде жинақталуы мүмкін. Сондыктан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әcipece алиментарлы (азықтық) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады.

Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады. Мундай жағдайлар көбінесе созылмалы улану кезіндебайқалады. Мысалы: фтор қосылыстары сүйек улпасында немесе хлорорганикалық қосылыстардың май улпаларында шөгуінен (қор - депо) пайда болады. Булауырметалдар мен басқада көптегенулызаттарға да қатысты.

Көп жағдайда улардың ағзада әр турлі қосындыларға айналуы қиынға түседі. Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы залалсыздандыратын орын болып табылады.

Ағзада өтетін тотығу-тотыксыздану реакциялары немесе кешенді құрылымдар түзілуі улы заттардың құрылысын өзгертіп, концентрациясын төмендетіп, молекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу реакциясы өте жақсы жүреді, бул көптеген улы заттарға да әсер етеді Нитриттердің - нитратқа, альдегидтердің - кышкылдарға, бензолдың - фенолға, морфинның - оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.

Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді. Осының нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар күкіртпен қосылады. Кейбір улар ағзада тез бузылады, керісінше біреулері біртіндеп өзгереді. Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар жинақталып, кумулятивті әсер етеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
УЛАНУ КЕЗІНДЕГИ АЛҒАШКЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК
Пероральді улану жолы
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Жануарлардың азықтардан улануы
Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану). Оқу әдістемелік құрал
Хлордың органикалық қосындылары
Құрамында эфир майлары өсімдіктермен улану себептері
Тағамдық уланулар. Ботулизм
Малдың уланудағы, токсикологиясына ветеринариялық - санитарлық бағасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz