Ерте жастағы балалардың 2-жасқа дейінгі даму кезеңдері. Апгар шкаласы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БӨЖ
(3 апта)
Тақырыбы: Ерте жастағы балалардың 2-жасқа дейінгі даму кезеңдері. Апгар шкаласы.

Орындаған: Досбол Ж.
Тобы: 105-18
Қабылдаған: Бақбергенова А.

Балалар шынымен де жылдам өседі. Кеше ғана нәрестені перзентханадан шығарған кезде, бүгінгі күні үйде бір жасар кішкентай адам жүгіріп жүреді деп ешкім ойламайды. Әрине, кез-келген анада бала дұрыс дамып жатыр ма, ол қажетті дағдыларды уақытында игеріп келе ме деген алаңдаушылықтар болады. Айлар бойы баланың дамуын қадағалап, және оны педиатр, невролог, психологтардың ұсыныстарымен тексеріп отырсаңыз, ештеңені жіберіп алмайсыз және мүмкін ауытқуларды уақытында анықтап, түзете аласыз. Сәбидің өсу сәттерін есіңізде сақтап қалу үшін баланың дамуын айлар бойынша 1 жылға дейін сипаттап отыратын арнайы блокнот бастаңыз.
Белгілі бір дағдының пайда болу уақытын көрсететін кесте сіз үшін ғана емес, сондай-ақ өсіп келе жатқан балаңыз үшін де болашақта қызықты болады. Бірінші ай. Жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы айын бейімделу кезеңі деп те атайды. Бала әдеттегі ортадан, яғни ананың жылы жатырынан тыс жерде өмір сүруді үйренеді. Осы уақытта, сәби: Көп ұйықтайды, тәулігіне шамамен 20 сағат ұйықтайтын болады. Көп тамақтанады. Бұл кезде ата-ана - балаға қолайлы жағдай жасауы керек. Қатты ыстықтап, суықтап қалмауы тиіс және нәрестені уақытында тамақтандырып, жаялығын да уақытымын ауыстырып тұру қажет.
Әрине, сәбиді қолда көтеріп, онымен сөйлесіп, ән айтып, махаббатқа бөлеу өте маңызды. Бір айға қарай, бала ашық түсті ойыншықтарға назар аударып, оларды көзімен және басын айналдыра қадағалай алады. Ал нәрестелер көретін алғашқы түс - қызыл болмақ. Ескерту! Бұл кезде мынадай жаттығу өте пайдалы болады: Ашық, қызыл түсті ойыншықты алып баланың бетінен 30 см қашықтықта ұстап, солдан оңға, төменнен жоғарыға қарай жүргізіңіз. Сол кезде бала ойыншықтың қозғалысын қадағалай алады. Бір ай толғанда бала басын дыбыстарға қарай бұра бастайды. Мұны баланың сол және оң жағына сылдырмақты салдырлатып тексеріп көрсеңіз болады. Бала бір айлығында төртінші айға толығымен жоқ болып кететін нәрестенің кейбір туа біткен рефлекстерін сақтайды: ему рефлексі (аузына түскен заттарды соруы мүмкін); жүзу (егер сәбиді ішімен суға жатқызса, бала жүзіп жүргендей қозғалыстар жасайды); жармасу (егер алақанына қол тигізсе, онда бала жұдырығымен қысып алады); іздеу рефлексі (егер бетін ұстаса, анасының көкірегін іздейді); рефлекстік қадамдар (баланы қолынан ұстап тұрып, аяғымен жерге қойса, ол жүргісі келетіндей әрекет жасауы мүмкін. Егер баланы ішімен жатқызса, ол басын шамалы көтеруге тырысады. Осы арқылы ол мойнын, арқасын және иығын жаттықтырады. Жалпы, физикалық тұрғыда дамыған балалар бір айлығында басын ұстай алады. Екінші ай
Бала дамуының екінші айы кейде тірілу айы деп аталады. Бұл кезде сәби көп ұйықтамайды және 50 минут бойы сергек жүре алады. Бала екі айға толарда оның көру қабілеті мен естуі жақсарады. Сондай-ақ, нәресте 30 сантиметрден жарты метрге дейінгі заттарға қарай алады. Сәби шамамен 15 минут заттарға немесе басқа да ойыншықтарға қарап тұра алады. Екі айлық кезде балалар басын көтеріп, біраз уақыт тік ұстап тұратын болады. Кейбір нәрестелер бір жағымен арқаға қарай аунауды біле бастайды. Бала өзінің қолына қарап, зерттейді. Ол жұдырығын аузына апарып, соруы мүмкін. Нәрестелік рефлекстер бұрынғыдай сақталады, бірақ аздап жоғала бастайды. Эмоционалдық сала да дами бастайды. Екі айда тірілу кешені қалыптасады. Бұл дағды баланың даму кестесінде ерекше орынға ие болады. Себебі, бұл жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын растайтын бір жасқа дейінгі маңызды кезеңдердің бірі. Екі ай толғанда бала ата-анасын танып-біліп, оларды көрсе қуанады. Ал сіз төсекке еңкейсеңіз, сәби аяғы мен қолын жылдам қозғап, тыпырши бастайды. Екінші айында балаңыз сізге өзінің алғашқы саналы күлкісін сыйлайды. Егер ол әлі күлімдемесе, алаңдаудың қажеті жоқ. Демек, бұл қуанышты сәт сәл кейінірек болады дегенді білдіреді. Екі ай толғанда бала былдырлай бастайды. Әндеткен дауысты дыбыстарды шығарады, кейде тіпті агу, ага, абу деп былдырайды. Ал балаларға өздерінің былдырлап сөйлегені ұнайды. Олар оны қуана тыңдайды. Сондықтан, баламен жиірек сөйлесіп, оған ән айтуыңыз керек, сонда сәбиіңіздің де сізбен бірге әндеткенін көресіз! Үшінші ай. Бір айдың ішінде сіздің балаңыздың физикалық, психикалық, эмоционалдық дағдылары жетіле береді. Бала басын күннен күнге жақсы ұстайтын болады; Сәби ішімен жатқанқа білегін тіреп көтеріліп, жан-жағына қарай алады; Бала үшінші айына қарай жұдырығын жазып, қолына сылдырмағын алып, қызығушылық тудырған заттарға созыла бастайды; Балалар қолына қарап, зерттеуін жалғастырады; айдың соңына дейін ең белсенді балалар аяғын тануға көшеді; Бала қолына алған барлық затты аузына салатын болады; Себебі, ауыз қуысының шырышты қабығы және тіл саусаққа қарағанда әлдеқайда сезімтал болады. Сол себептен, балалар айналасындағы заттарды ауыздың көмегімен зерттейді. Бала дамуының үшінші айы эмоциялық спектрдің кеңеюімен сипатталады. Кейбір балалар күлуді білсе, басқалары енді күлімдей бастайды; Бала жақын адамдарының бет-әлпетіне мұқият қарап, көңіл-күйін біліп, олардың бет қимылына еліктей алады; Баланың тілі дами береді. Оларға ұзақ былдырлап отырған ұнай бастайды. Төртінші ай Бала дамуының төртінші айында сәби физиологиялық және психологиялық тұрғыда тез өзгереді:
Төрт айлығында бала басын нық ұстайды. Баланы қолға ұстағанда да, ішімен жатқызғанда да ол басын бұрып, заттарға қарай алады; Бала ішімен жатып, шынтағын тіреп көтеріле алады. Ал кейбір балалар қолын тірейді. Үш айдан төрт айға дейін бала өз бетімен аунайды. Белсенді балалар төрт айлығында бөлмеден бөлмеге домалап барады немесе тіпті жер бауырлап қозғалады. Төртінші ай - заттарды саналы түрде тани бастайды. Бала сылдырмақты өзі алып, онымен ойнай алады; Бала жақындарын жақсы ажырата алады; Бұл кезеңде анасынан бөлек қалу қорқынышы басым болады, сондықтан бала оны бір секундқа да жібергісі келмей, бірден жылай бастайды. Сондықтан оған көбірек көңіл бөліңіз, және бұл кезең де жақын арада өтіп кетеді; Төрт айында баланың сүйікті ойыншықтары пайда болады және ол айнадағы көрінісіне қызығушылық танытып, әртүрлі дыбыстарды мұқият тыңдауы мүмкін. Бесінші ай. Өмірінің бесінші айында бала физикалық дағдыларды тереңдетеді: әр түрлі бағытқа сенімді аунай алады; ішімен жатып, шынтағымен немесе алақанымен тіреліп көтеріледі; бір қолын тіреп, санымен жартылай жатып, отыруға дайындалып жатқандай позада болады. қызығушылық тудырған заттарға жетуге тырысады; қолтығынан ұстаса тұра алады; табанын ұстап, аузына қарай тартып, жалауы мүмкін. Бала дамуының бесінші айында сәбиде маңызды әлеуметтік дағдылар байқала бастайды: ол жақындарын басқалардан бөле бастайды. Бала ата-анасының қолында қуана-қуана отырады, бірақ оған басқа адам жақындаса немесе оны көтеруге тырысса, бүртию немесе тіпті жылауы мүмкін. 5 айында бала әртүрлі заттармен ойнай алады. Ол заттарды қолға алып, лақтырып, ұрып, аузына да салады. Сондай-ақ, бес айында баланы суреттері бар кітаптар қызықтыруы мүмкін. Әсіресе, олар бет әлпеттері әртүрлі адамдардың суретіне қарағанды жақсы көреді. Түрлі-түсті журналдарға қызығады. Сондықтан, оған суретте бейнеленген нәрсенің не екенін айтып, қарапайым өлеңдер оқып беріңіз. Осылайша, баланың сөйлеуін дамытуға да үлес қоса аласыз. Осы жаста балаға ана, әке секілді қарапайым сөздерді үйретуге болады. Кейбір айлық балалар осы сөздерді қайтауы мүмкін. 5 айлығында балалар барлық жерде қуанышын күлімдеу арқылы білдіреді. Ол жарқынырақ күліп, ренжігенін де білдіре алады. Яғни, эмоциялардың барлық түрін игеруді жалғастырады. Егер оған ересектердің өзіне назар аударғаны керек болса, онда бала қыңырлана бастауы мүмкін. Алтыншы ай Бала дамуының алтыншы айы - әдеттегі өмір салтын өзгертудің тағы бір жолы: дәл осы кезеңде балалар жер бауырлап жылжуды бастайды, және ондай кезде аналар көптеген заттарды баланың қолы жетпейтін жерге қоюы керек; алты айында баланы шынтақтап жатқызуға болады. Бірақ, бұл кезеңде балалар өздігінен отыруды әлі білмейді.
жарты жасар балалар ішпен жатып, тізерлеуге тырысады - бұл отыру мен еңбектеуге дайындалатын маңызды кезең. Егер бала оларды сәтті орындаса, біраз уақыттан кейін ол осы қалыпта қозғала бастайды. Мұндай қозғалыс толығымен қалыпты және баланың дұрыс дамып келе жатқанын көрсетеді; бала әртүрлі заттарды сенімді түрде ұстап тұра алады, оларды екі қолымен кезектесіп ұстауды да үйренеді; 6 ай - қоршаған кеңістікті зерделейтін кезең. Бала қолына түскен заттың бәрі аузына салып, ойыншықтарды бұза алады; алты айда күнделікті алғашқы дағдылар қалыптасады: тамақтану уақыты басталғанда, балалар қасықтың қандай екенін біледі; ересектер ұстайтын шыныаяқтан ішуді үйренеді. баланың ақыл-ойы дамиды. Олар бұл уақытта өз әрекеттерінің салдарын түсіне бастайды: мысалы, ол ойыншықты лақтырса, құлап түсетінін және қандай да бір заттың түймесін басса дыбыс шығатынын біледі; тілінің қалыптасуы жалғасады. Алты айлық балалар буындарды сенімді қайталай алады, з, с, ф секілді алғашқы дауыссыз дыбыстарды меңгереді. Жетінші ай. Жеті айлық бала айтарлықтай белсенді бола бастайды: Балалар сенімді түрде жер бауырлап, кейбіреуі еңбектей бастайды; Егер сіздің балаңыз артымен, кері қарай жүрсе, онда тұрған ештеңе жоқ; Көп ұзамай бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі жастағы балалардың орталық және шеткі жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелктері. Ақыл-ойының және психоэмоционалды дамуындағы негізгі ауытқуларының семиотикасы
Балалар жүйке жүйесі аурулары
Балалар аурулары туралы
Балалар неврологиясы пәнінен оқу - әдістемелік нұсқау
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
Патронаж қызметкері - осы қызметтің ортасында
Апгар шкаласы арқылы нәрестенің жағдайын анықтау
Қызамық инфекциясының жүктілікке әсер етуі
Баланың нормадағы қан көрсеткіштері
Пәндер