Абайдың музыкалық мұрасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Абайдың музыкалық мұрасы
Әр қазақтың жүрегінен ерекше орын алған дарынды тұлғалардың бірі және бірегейі - Абай Құнанбайұлы. Сол себептен болар кез-келген қазақты тоқтатып, одан Абай жайлы немесе Абайдың қандай да бір өленің сұрасаңыз, ол сізге еш саспай, мүлтіксіз бәрін айтып беретіні анық.
Абайдың жұлдызы биік тұрып, ерекше болуына не себеп? Оған ең алдымен Абай шығармаларының әмбебаптығы мен өткірлігімен сипатталса керек. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне елеулі түрде өзгеріс пен сансыз көп жаңалықтарды енгізген, сонау XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басынан бастау алған Абай шығармаларының тақырыптары кең көлемді болып келеді. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана қоймай, осы жанрларды әлемдік деңгейге шығаруы, музыкалық мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінінің мазмұнының тереңдігі, әрі ағартушы, педагогикалық, рухани көзқарастары мен терең ойлары оның ұлт ғұламасы болуына елеулі түрде ықпал етті. Сол себептен Абай жайлы мақала жазуға бел будым.
Абай тек қазақ әдебиетіне ғана елеулі жаңалық әкеліп қана қоймай, қазақтың музыкасына да ерекше әндері арқылы мұра қалдырған және мен осы Абай атамыздың музыкалық мұрасын тақырып ретінде алып, оған тоқтау жасамақшымын.
Өкінішке орай сол уақыт кезеңдерінде қазақ музыкасында жазба мәдениеті жоқ еді және музыка халықтық ауыз дәстүрде болды. Сондықтан Абай әндері бұрыңғы ән-күйлер сияқты, ауыздан-ауызға таралып, заман сайын ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеті болмаса да, Абайдың әндерінің бізге жетуінің себебі неде? Әрине, Абай әндерінің халық санасында жатталып, жүрегінде ерекше түрде орын алғандығыннан. Абай музыкасының ерекшелігі мен өзгешелігін айтып өтсем. Абай әндері мелодиялық және ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бастапқы уақыттағы тыңдармандарға әндердің бұндай өзгешеліктері түсінікті бола қоймады, себебі сол уақыттағы қазақ мәдениетінің дамуына феодалдық жағдайлар әсер етіп отырды. Сол себептен көп адамдарға Абайдың әндері халық-ауыз, дәстүрлі әндерден шығып кеткендік болып көрінді. Бірақ, Абай сондай жағдайда да өз бетінен қайтқан жоқ. Солай, Абай әндері басында өз ауыл-аймағына, кейіннен жалпылама қазақ даласына да тарап кетті. Жалпы, Абай әндері өткір тілмен жазылған өлең тілінде құрылған. Абай әндері халықтық негізден нәр алып, халық әндерімен тікелей байланысы болғандықтан, халық жадында тез жатталып қалды да, ауыздан-ауызға тарай бастады. Тіпті нотаның болмауы да, ол кісінің әндерінің біздің заманымызға дейін жетуіне кедергі келтірмеді.
Абай музыкасының негізгі үш жаңалығы мыналар: жаңа ырғақ-өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы және жаңа үн сөздіктері. Бұрыңғы жеті-сегіз немесе он бір буынды әндерге Абай әндері мүлде ұқсамады. Ол поэзия саласында тудырған лебізі сияқты, музыкаға да жаңа лебіз берген еді. Орыстың ақындарын үлгі тұтқан Абай, орыстың әдет-ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылықтарынан үлгі алып, ән жазған еді. Орыс ақындарының біраз шығармаларын аударып қана қоймай, сол аудармаларына ән жазғаны оның музыкалық сөздік қорын біраз байытқан еді. Сол шығармаларын айтып кетсем: Евгений Онегинді аударып, Татьяна хаты, А. А. Дельвиг пен М. М. Глинканың Сұрғылт тұманын, А. Г. Рубинштейннің Мен көрдім, М. Ю. Лермонтовтың Қараңғы түнде тау қалғып және т.б. шығармаларды айтуымызға болады.
Абай әндерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
Абай шығармашылығы
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Ақын, ағартушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
А. Жұбановтың шығармашылығы
Абай және Шәкәрім – сазгерлік өнер мәселесі
Балаларға музыкалық – эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткерлер
Абай өмірбаяны, шығармалары
Пәндер