ТЕҢГЕ ТАРИХЫ. ДЕВАЛЬВАЦИЯ


А. С Үйісбек, Ж. Н Әділбек
студент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан Республикасы студент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан Республикасы
ТЕҢГЕ ТАРИХЫ: ДЕВАЛЬВАЦИЯ
Аңдатпа Бұл мақалада Қазақстан республикасының ұлттық валютасы теңгенің әлемдік нарықтағы жолы баяндалған. Әлемдік аренада теңге бағамына әсер етуші негізгі факторлары, девальвацияның орын алуына негізгі себеп болған жағдайлар және девальвацияның тигізген әсерлері ашып көрсетілген.
Кілтті сөздер: девальвация, Ұлттық банк, валюта, төлем балансы, ревальвация, деноминация, инфляция, алтын-валюта қоры.
Қазақстан Республикасының азаматтары девальвация деген сөзді жиі естиді. Бірақ барлығы бұл сөздің мағынасын түсіне бермейді. Алдымен девальвация дегеніміз не, соған тоқталсақ. Девальвация - халықаралық қарды нарығында ұлттық ақша бірлігінің түрақта құндылығының заңды дәрежеде құнсыздануы. [1]
«Девальвация» түсінігі Еуропа елдерінде Алтын стандарт кезінде пайда болды. Содан кейін банкнот алтынның белгілі бір номиналына сәйкес келді. Бұл жүйе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар кезінде тоқтатылды. Арсеналға ақша көп қажет болды. Мемлекет оларды алтын ресурстарынан қолдау іздемейтін етіп басып шығарды. Нәтижесінде ақша жай ғана құнсызданды. Бұл девальвацияның алғашқы толқыны болды.
Қазіргі әлемде девальвация дегеніміз - ең алдымен ұлттық валютаның тұрақты валютаға қатысты құнсыздануы. Яғни, еркін айырбасталатын (тұрақты валюталық операциялар бойынша шектеулер жоқ) тұрақты бағамға ие.
Девальвацияны деноинациямен, яғни банкноттың номиналының өзгеруімен немесе инфляциямен, ұзақ уақыт бойы тауарлар мен қызметтерге бағалар деңгейінің өсуімен шатастырмау керек.
Деноминация атауы девальвациямен байланысты, бұл ең жағымсыз сценарийдегі мемлекеттің шарасыздығынан жасалатын іс-әрекеті. Мәселен, сіздің еліңізде бір доллар жергілікті валютада ондаған мың бірлікті құрап отыр. Ұлттық банктің банкноттардың номинациясын азайтуынан басқа нөлдерді алып тастауынан басқа амалы қалмайды. Сондай-ақ ревальвация деген ұғым бар - кері девальвация процесі - бір валютаның екіншісіне қатысты құнының өсуі. [2]
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің айналымға шыққанына биыл 27 жыл болды. Қазақстан теңгесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығы бойынша 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енді. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау 1993 жылдың 15 қарашасында сағат 08:00 ден басталып, 20 қараша күні сағат 20:00 де аяқталды. Теңге айналымға алғаш шыққанда, 1 АҚШ доллары 4, 75 теңге болып бекітілді. 27 жылдың ішінде валюта бағамында өте үлкен өзгерістер болып теңгеміз алғашқы кезіне қарағанда құндылыған 94 есе жоғалтты. (1-сурет) .
1-сурет. ҚР Ұлттық валютасы теңгенің АҚШ долларына қатысты 1993-2020 жылдар аралығындағы айырбас бағамы[3]
Ұлттық валюта алғашқы девальвациясын көп ұзамай бастан өткізді. Шынында 1 АҚШ доллары 4, 75 теңге болып ұзақ уақыт тұрмады, бұл бағам 1, 5 ай сақталып 1994 жылдың қаңтар айында 10 есе жоғарлады. Бірақ бұл девальвацияны еліміз жеңіл өткерді. Оған басты себеп біріншіден бұл кезде халық жаңа валютаға бой үйрете қоймаған еді. Екіншіден бұл уақыттарда көп адам доллар пайдаланбады.
Қазақ елі девальвацияның екінші толқынын 1999 жылы басынан өткерді. Екінші девальвация 1994 жылғы жағдайға қарағанда заладырақ болды. Ел азаматтары девальвацияның не екенін осы кезеңде сезінді. Аталған жылдың сәуір айында валюта бағамы 1 АҚШ доллары 85 теңгеге тең болды. Ал 4-ші сәуір күні барлығы өзгерді. 1 АҚШ доллары теңгеге шаққанда 85 теңгеден 160 теңгеге көтерілді, ал тамыз айында 135 теңгеге тұрақтады. Бұл кезде Ұлттық Банктің тізгінін ұстаған Кадыржан Дамитов болды. Девальвацияның басты себебі ретінде еліміздің экспорттық әлеуетін қолдау мен экспорт көлемін арттыруға және теңге бағамын ұстауға қететін алтын-валюта қорын «жағуды» тоқтату үшін қалқымалы валюта бағамын енгізу деп түсіндірілді. Бұндай қадамға баруының себебінің бірі елдің сыртқы сауда айналымы 9%-ға немесе 1, 3 млрд долларға, экспорт - 1, 25 млрд АҚШ долларына кемуі болды.
Девальвацияның орын алуына:
- Мұнай бағасының төмендеуі;
- 1997-1998 жылдардағы азиядағы қаржылық дағдарыс;
- 1998 жылғы Ресейдегі дефолт алғышарт болды.
Екінші девальвациядан кейін елімізде экономикалық даму орын алды, қаржылық жағдай тұрақтала бастады.
Үшінші девальвация 2009 жылы орын алды. Девальвация орын алардан бұрын ел ішінде девальвация жайлы қаңқу сөздер жүрген болатын. Бірақ Ұлттыө банк төрағасы бұл ақпаратты жоққа шығаржы
Теңгенің бағамынығ құлдырауы 2009 жылғы 4-ші ақпан мен 5-ші ақпанда орын алды - 1 доллар құны 121, 0 теңгеден 149, 97 теңгеге дейін көтерілді. Ұлттық валюта 23, 9% құнсызданды.
Содан бастап 2014 жылдың 12 ақпанына дейін, теңге одан әрі девальвацияға ұшырады, бірақ ол девальвация баяу орын алды, осы кезеңде теңге тағы 9, 3% құнсызданды.
2009 жылы теңгенің құнсыздану себептері:
- Мұнайдың баррелінің бағасы 2008 жылғы дағдарысқа байланысты болған 143, 95 доллардан (2008 жылғы 3 шілдедегі) 33, 73 долларға дейін (2008 ж. 26 желтоқсанда) немесе 4, 27 есе төмендеді.
Тиісінше, кейбір негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлады.
- 2009 жылы Қазақстанның экспорты 71, 9 млрд. Доллардан (2008 ж. ) 43, 0 млрд. Долларға дейін - 38, 9% төмендеді.
- Импорт 24, 7% -ға немесе 28, 9 млрд долларға азайды.
- Сонымен бірге, елдің сыртқы қарызы 107, 9 миллиард долларға дейін өсті.
- 2009 жылдың басында елдегі жинақталған резервтер: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (алтын-валюта резервтері - алтын-валюта резервтері) - 19, 7 млрд. Доллар, Ұлттық қорда - 22, 3 млрд.
Осылайша, 2009 жылғы девальвацияға Қазақстан Республикасының төлем балансының дағдарысы (мұнайға келіп түскен валютаның күрт төмендеуі), екінші жағынан, белгіленген валюта бағамы бойынша сыртқы қарыздың ұлғаюы себеп болды
Теңгенің айырбастау бағамындағы екінші құлдырау 2014 жылғы 12-13 ақпанда орын алды. Долларға қатысты ұлттық валюта 163, 9-дан 184, 5-ке дейін төмендеді, ал теңге тағы 13, 0% құнсызданды.
Кезекті девальвация 2014 жылы орын алып ел арасында «Қара сейсенбі» аталып кетті. Сол кезде Ұлттық Банк тізгінін ұстаған Қайрат Келімбетов болды. Долларға қатысты ұлттық валюта 163, 9-дан 184, 5-ке дейін төмендеді, ал теңге тағы 13, 0% құнсызданды. [4]
2014 жылғы девальвацияның себептері:
Ұлттық банк пен үкіметтің бұл девальвацияның орын алуының нақты себептері болмағанын бірден атап өтуге болады. 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін мұнай бағасы тағы көтерілді. (2-сурет)
2-сурет. Brent - Europe маркалы мұнайдың орташа айлық бағасының 15. 01. 06 - 15. 01. 20 аралығында өзгеруі (АҚШ долларымен) [5]
2012 жылдың 13 наурызында мұнай бағасы жаңа шыңға жетті - барреліне 128, 14 доллар. Мұнай бағасы 2014 жылғы 19 маусымда тағы бір максимумға жетті - $ 115, 19. Тек 2015 жылдың 13 қаңтарында ол баррель үшін 45, 13 долларға дейін төмендеді.
Яғни, мұнайдың жоғары бағасы теңгенің осы девальвациясына дейін де, одан кейін де қалды. Сонымен, мұнайдың орташа жылдық бағасы 2013 жылы 108, 6 долларды, ал 2014 жылы баррель үшін 98, 9 долларды құрады.
Елдің экспорттық кірісі де ең жоғарғы деңгейге жетті: 2013 жылы - 85, 6 миллиард доллар, 2014 жылы - 80, 3 миллиард доллар Төлем балансының ағымдағы шоты оң болды: 2013 жылдың аяғында - 1, 2 миллиард доллар, ал 2014 жылдың соңында - 6, 1 млрд доллар. Ол кезде бізді тек мұнайдың болашақта бағасы не болатыны алаңдатты.
Бірақ 2014 жылы сыртқы қарыз 157, 6 миллиард долларға жетті, ал 25, 1 миллиард АҚШ доллары оған қызмет көрсету үшін төлем балансынан шығарылды (пайыздарды төлеу, ішінара өтеу) . Төлем балансының «қателіктері мен жіберіп алушылықтары» бабы 9, 0 млрд. долларға дейін өсті.
Шындығында, капиталдың елден алып қашуы орын алды. Мерзімінен бұрын девальвацияны болжау үшін жеткілікті негіздер болған жоқ. Теңгенің осы девальвациясынан белгілі бір айырбастау бағамының нашар екенін де анықтауға болады, өйткені ол шенеуніктердің қолында.
Кезекті теңгенің құлдырауының басталуы 2015 жылдың 20 тамызында болды, сол кезде ҚҰБ ұлттық валютаны еркін айналымға жіберетінін мәлімдеді.
2012 жылғы 21 тамызда теңгенің айырбас бағамы бірден бір доллар үшін 188, 38-ден 255, 26 теңгеге дейін көтерілді. Бір күнде теңге 36 пайызға арзандады. 2015 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін теңге бір доллар үшін 188, 38-ден 349, 12 теңгеге дейін құнсызданды. Небәрі төрт айда ол 85, 3% құнсызданды. Бірақ теңгенің құлдырау шыңы бір доллар үшін 383, 91 теңгеге дейін құнсызданған кезде, 2016 жылдың 22 қаңтарына келеді. [5]
Теңге бағамының құлдырауы 2020 жылы да орын алды. Валюта бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445 теңгеге дейін өсті. Бұндай өзгеріске дәл қазір әлемде болып жатқан жағдайлар әсер етті. Негізгі себеп:
- Мұнай дағдарысы. Мұнай бағасының құлдырауы. Мұнай арзандады. Ірі мұнай экспорттаушы елдер бір келісімге келе алмады. Саудиялықтар бірден мұнай сатуды ұйымдастырып, өндіріс көлемін ұлғайтуды жалғастырып, басқа мұнай өндіруші елдерде бәсекелестік үшін мұнай өндіру көлемін арттыра түсті. Ресей де экспортты ұлғайтты.
COVID-19 теңге құлдырауының катализаторы болды. ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 11 наурызда індет (пандемия) деп жариялаған коронавирустық инфекция 114 мемлекетке таралып кеткен. Қазақстанда да төтенше жағдай жарияланды. Шамамен айтқанда, елдердің экономикалары тоқтап қалуына, көлік қозғалысының азаюы, аз отын тұтынуы, аз өндіруге байланысты - мұнайға деген сұраныс 60% дейін төмендеді. Мұнай бағасы баррлеьіне 25 долларға дейін арзандады. Қазір мұнай экспорттаушы елдерде мұнай артықшылығы орын алып отыр. Сатушылар көп, бірақ мұнайдың ликвидтігі өте төмен. [6]
Президент, Қазақстан Үкіметі және Ұлттық Банк қазірдің өзінде көптеген іс-шараларды қолға алып жатыр:
- әлемдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ел экономикасына теріс әсерді азайту мақсатында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын жедел штаб құрылды;
- жаңа жұмыс орындарын құрудың арнайы жоспарын дайындау қолға алынды;
- бюджеттік емес шығыстарды азайту, өңірлерде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, елдің валюта-қаржы нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылданатын болады;
- Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге ерекше назар аударатын болады. Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қатаң бақылау қамтамасыз етіледі, оның ішінде қызметкерлер санының қысқаруына жол берілмейді және жалақының уақтылы төленуі қамтамасыз етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz