Ертедегі грек тарихшылары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты №1 басылым ПОӘК
042-14 -5 -02.01.20.
1403-2014
Шетел тарихының
тарихнамасы пәнінің
оқу-әдістемелік кешені
ШЕТЕЛДЕР ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ
5В020300 Тарих
мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе.Факт-
шындықтың үзігі ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы
ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай,сөйлете алады.Тарихи
үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске
көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді.Әрбір схема – теория қаншама
фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады.Тарихи зерттеу
пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін ,ұғымдық аппаратын
анықтап,өз тарихнамасын құрады.Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды
ұғыну қашан да субъективті болады.
Тарихи таным теориясы- тарих ғылымы пәнінің негізгі ұғымдары мен тарихи
үрдістің категорияларын танудың негізгі принциптері мен зерттеу әдіс-
тәсілдерін анықтайтын ғылыми методология.
Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы.Адамзаттың бүкіл өткені тарихи
фактілерден өрілген,олар өте көп.Нақты-тарихи фактіні біз тарихи
деректерден аламыз.Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер
бар.Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне түсіндіру,ұғыну сәтін
де қамтиды.күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру
жатады.
Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға
негіз болатын айғақ. Т.деректердің түрлері:жазба,заттық,этнографиялық,
фольклорлық, тілдік,кинофотодерекер.
Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік
категорияларынан тұрады.
Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады.Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір
үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады.Әрі ерекше
және қайталанбайды.Т.У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті
кезеңдестіруден көрінеді.ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді
билеушілердің атына қарай бөлді.ХVIII ғ.француз тарихшылары жабайылқ,
варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды.Х1Хғ.соңында материалист-
тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-
қауымдық.құлиеленушілік,феодалдық,к апиталистік, коммунистік) бөліп қарай
бастады.ХХ1 ғ.басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру ,қоғам
тарихын:дәстүрлі,индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге
бөледі.
Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық,
экономикалық, саяси,қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы.
Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі.Бұл терминді
Ф.М.Вольтер,1765ж.өзінің Тарих философиясы атты еңбегінде
енгізді.Алайда,философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай
бастады.Тарих фил-ң бірнеше типтері бар.1)Онтологиялық немесе
субстанционалды Т.Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды.2)
Сыни,рефлективтік немесе аналитикалық т.ф.
Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы.олардың
нақты жағдайлармен байланысында қарау.Бұл принцип тарихи құблстардың пайда
болу себептерін,түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап,
диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік
береді.
Анналдар мектебі (жаңа тарих ғылымы)- Францияда, Марк Блок пен Люсьен
Февр негізін қалаған Анналы(1929-1939), Анналы социальной и
экономической истории (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған
ғылыми бағыт.Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді.Оның мәні:
тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті ,яғни қоғамның барлық жақтарын
суреттеуді кіргізді.Пәнаралылыққа үлкен мән берілді.
Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы
мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары.Дет.барлық құбылыстардың
жалпыға ортақ,заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы
ілім.Индет.себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады.
Каузалдық- себептілік.Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті
генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория.
Марксизм- К.Маркс пен Ф.Энгельс жасаған философиялық.экономикалық және
әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиытығы.Оған: философиялық материализм мен
диалектика,қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы,қосымша құн
теориясы,тап және таптар күресі теориясы т.б.жатады.
Менталитет-(лат.-ақыл,ойлау,ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық,
ұлт, тап,сословие) дүние түйсігін анықтап,мәдени дәстүр бірлігін бекітетін
әлеуметтік-психологилық күйі.
Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі
және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында
үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы.
Пассионарлық теория- Л.Н.Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің
динамикасы мен өзараәрекеті деп қарастырды.Пассионарлық – бұл жекелеген
тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу
жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін
жоғары мақсатшлдығы.
Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың
қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген
бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О.Конт.Поз-к парадигманың
шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап,суреттеу
жәнереттеуге бағытталды.Яғни теориядан бас тартты.
Провиденциализм-тарихты діни тұрғыда,құдайдың еркімен болатын нәрсе деп
түсіну.Ол- барлық әлемдік діндерге тән.
Революция-төңкеріс,өзгеріс.Кең мағынада – қоғамның барлық сферасындағы
терең өзгерістер.Тар мағынасында- аса шиеленіскен тарихи процестер кезінде
жаңа және күні өткен ескі қоғамдық қатынастар арасындағы күрестің неғұрлым
өткір формасы.Маңызды белгісі- өкіметтің бір таптан екінші таптың қолына
өтуі болып табылады.
Өндіріс құралдары- адамдардың материалдық игіліктерді өндіру процесінде
қолданатын құралдар мен заттардың жиынтығы.Еңбек құралдарына машина,
жабдықтар т.б. және өндіріс нәтижесі жатады.Жалпыға ортақ еңбек құралы жер
болып табылады.Еңбек заты- адам еңбегі арқылы өңделуге жататынның барлығы
кіреді.Адамдар өндіріс құралдары арқылы өндіріс заттарына әсер етеді.
Өркениет-(лат.civilis-азаматтық,мем лекеттік)-1)Мәдениеттің синонимі;
маркистік әдебиетте сондай-ақ, материадық мәдениетті білдіреді.2)Қоғамдық
дамудың,материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі, сатысы (антикалық
өркениет, қазіргі өркениет). 3)Тарихи үрдістің жабайылық пен варварлықтан
кейінгі белгілі сатысы.
Эволюция- қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың
бағыты,тәртібі,заңдылықтары турал түсініктер.
Эпистемология- таным теориясы.
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы
1 тақырып. Шет елдер тарихының тарихнамасы пәні, оның ғылымдар
жүйесіндегі орны, міндеттері
1.Тарихи ғылымның дамуы және тарихнаманың пайда болуы
2.Тарих ғылымындағы тарихнаманың орны,маңызы.
3.Пәнаралық байланыстар, пәннің міндеттері.
Тарихнама ежелгі грек тілінен аударғанда история - тарих және
графия- тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Тарихнаманы ең алдымен
адамзат қоғамын танудың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылатын тарих
ғылымының тарихы деп түсіеген жөн. Сондай-ақ тарихнама деп белгілі бір
тақырыпқа немесе тарихи дәуірге арналған зерттеулерлің жиынтығын атайды.
Шетелдер тарихының тарихнамасы тарихшы студенттерді оқыту барысында
негізгі элемент болып табылады. Тарихты зерттеу әдісінің дамуымен,
тарихшылардың алдында жалпы тарихи үрдісте өз халқының орынын анықтау
мәселесі тұрды. Осыған байланысты, көрші халықтардың ортағасырлық тарихы
түпкілікті зерттеле бастады. Демек, дүние жүзі халықтарының тарихи даму
процесінің заңдылықтарын іздеу әдісі қалыптасты. Шетелдік тарихнаманы
оқыған кезде студент ежелгі дүние мен орта ғасырдан бастап Еуропаның тарихи
ғылымының генезисін және одан әрі дамуын көре алады. Түрлі тарихи дамуда
үлкен рол атқарған мектептермен және бағыттармен таныса алады. Бұнда Орта
ғасырлар тарихнамасы, Ресейдің тарихнамасы, жаңа және қазіргі заман
тарихнамасы бірге топтастырылады.
Шығыстанушылар әдетте тарихнамалық зерттеулер жасауда батыстықтардан
артта қалған. Олар тарихнамалық зерттеулердегі методология мәселелеріне көп
көңіл бөлмейді. Тарихнама үшін тарихи көзқарастардың басқа қоғамның
ғылымдағы, экономика, құқық, философиядағы көріністері үлкен мағынаға ие.
Тарихнама пәнінде ғылыми-тарихи білімдердің пайда болуы және жинақталуы,
тарихи ойдың дамуы, тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы, әр кезеңдегі
тарихи таным мен ойлаудың заңдылықтарын ашады.
Адамзат жазуды пайдаланғанға дейінгі кезеңде тарихи білімнің кейбір
белгілері ауыз әдебиеті үлгілерінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз- әңгіме,
шежірелерде сақталып келді.Адамзат өзінің өткеніне терең мән беріп, одан
тағлым алу мақсатында маңызды оқиғалар мен жайттарды түрлі жазу
құралдарының беттеріне, кейіннен қағаз п.б. шақта хатқа түсіруге мүдделі
болған.Ал жазуы жүйелі түрде дамымаған халықтар тарихты ауызша жеткізіп
отырды.
Тарихи оқиғалар түрлі көзқараста, өз еліндегі саяси ұстанымдарға,
идеологияға,таным дәрежесіне негізлеліп баяндалып отырды.Мыс. ежелгі
заманда тарихи оқиғалар мен үрдістерді сипаттауда діни-мифологиялық
көзқарас басым болды да, тарихи баяндар белгілі бір күштің еркімен
болатын құбылыс ретінде түсінілді.Бірте-бірте тарихты танудың біршама
жетілдірілген жолдары қалыптаса бастады.Тарихты жүйелі түрде жеткізудің
алғашқы қадамдары ежелгі Грекияда жасалды. Тарихтың атасы атанған Геродот
өзінің Тарих атты еңбегін дерек көзіне сүйене отырып,сол заманғы
көзқарастар негізінде жазды, алайда сыни талдау жасай алмады.Антикалық
тарихшлардың қатарында сыни тұрғыдағы, оқиғалардың себеп-салдарлық
байланысын ашуға тырысқан авторлар да қалыптаса бастады.Осындай бағытта
жарық көрген шығармалардың бірі- Фукидидтің Тарихы.Кейіннен бұл дәстүрді
Рим тарихшылары да жалғастыра бастады.
Ортағасырлық дәуірдегі тарихи білімінің сыртқы сипаты антикалық
дәстүрде болды. Дегенмен, ортағас.тарихи сананың түбегейлі ерекшелігі:
адамзаттың дамуы, оның мәні, мақсаты және қозғаушы күштері туралы жалпы
концепциясы – христиандық түсінік негізінде дамыды. Жалпы алғанда, тарих
ғылымының, сонымен бірге тарихнаманың дамуының гуманистік, рационалистік-
ғылыми, ағартушылық, романтизм, позитивистік кезеңдері мен Гегель
негіздеген идеалистік, К.Маркс негіздеген материалистік бағыттары белгілі.
Тарихнама – тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан
да ол үнемі тарихнамалық зерттеулер деген ұғыммен тығыз байланысты.
Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде пайда болған тарихи танымның
сипатына тән және де әлеуметтік функциялар атқаратын принциптердің
негізінде жүргізіледі. Тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих
ғылымының даму талабы мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады. Және қол
жеткізген тарихи таным мен тарихи ойдың деңгейіне, зерттеу әдістеріне
тікелей тәуелді болады.
Тарихнамалық зерттеулер ғылым ретіндегі жалпы тарихи мәселелермен
тығыз байланысты. Тарих-қ зер-р тарихи танымның даму жолдарын бірізді
қарастыра отырып, тарих ғылымының қозғаушы күштерінің, әртүрлі бағыттағы
ғылыми мектептердің пайда болуының және ауысмының заңдылықтарын анықтайды.
Олардың тұжырымдамаларының өз заманындағы қоғамдық өмір мен тарих ғылымының
дамуына қосқан үлесін білдреді. Тарихнамалық зерт-рдің тарих ғылымын
дамытуға қажеттілігі өз кезегінде, бұрын ғылыми айналымда болған
деректердің шынайылық дәрежесін сыннан өткізіп, жинақталған фактлік
материалдарды жаңаша ой елегінен өткізуді талап етеді.
Тарихнамалық зерттеудің мынадай негізгі аспектлері бар.
1-ден, тарихи таным өзінің даму сатысында әлеуметтік қызметке ие және
сол әлеуметтік қызмет тарихтың түрлі кезеңдерінде қаншалықты, қалай жүзеге
асырылуын анықтайды. Зерттеудің бұл аспекті тарих ғ. мен қазіргі кезді
өзара байланыста ала отырып тарихи танымның әлеуметтілігінің аса маңызды
дерегін зерттейді, тарихи танымның тарихшының әлеуметтік позициясына
тәуелді екенін қорытындылайды.
2-ден, теориялық – методологиялық принциптерді зерттеу әрбір тарихи ой
тұжырымның бағыттарына тән. Бұл үшін бір жағынан тарих ғылымы, екінші
жағынан философия, әлеуметтану, саясаттану, құқықтану, теориялық
жаратылыстану ғылымдары арасындағы байланыстарды ашу қажет.
3-ден, тарихи еңбектердің деректанулық базасын, деректерді
пайдаланудың сипатын, нақты зерттеу әдістерін талдау.
4-ден, тарихи зерттеулердің проблемасын, оның дамуы мен кеңеюін
талдау.
5-ден, тарихи ойдың әртүрлі бағыттары мен түрлі мектептер
қалыптастырған ғылыми тұжырымдамаларды зерттеу. Бұл бір жағынан кереғар
көзқарастардың жойылу процесін дәйектеуге, екінші жағынан, тарих ғылымының
дамуындағы сабақтастықты ашып алдыңғы кезеңнің объективті шынайы
нәтижелерін жаңа жағдайда пайдалануға қолайлы мүмкіндік тудырадв.
6-дан, тарих саласындағы зерттеу жұмысының түрі мен ұйымдастырылуын,
оған қоса ғылыми мекемелер мен мұрағаттар жүйесін, мамандар даярлау
мәселелерін, баспа қызметін, тарихи тұжырмдарды пайдаланудың түрлерін,
оларды насихаттауды зерттеу.
Тарих –қ зерт-ң түрлі аспектлері өзара тығыз байланысты. Тек
тарихнамалық материалдарды кешенді түрде зерттеу ғылымның негізгі желісін
тұтастай көрсетуге, жекелеген мәнді құбылыстарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік
береді. Тарихнамамен айналысу зерттеушінің нақты тарихи материады терең
білуін, біліктілікті, сонымен бірге ғылымның методологиялық ұстанымдарын
жан - жақты меңгеруін қажет етеді.
Тарихнама тарихи білімнің даму тарихын зерттейтін ғылым саласы ретінде
өзінің алдына нақты мақсат- міндеттерді қояды.
Тарихнама ғылымының мақсаты- нақты тарихи жағдайларда тарихи ойдың
негізгі бағыттары мен ұстанымын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік
негіздерін көрсету. Тарихнамалық мәдениетті қалыптастыруда студенттерді
тарихнамалық зерттеуде историзм (тарихилық принципі-құбылыстарды олардың
пайда болуы және дамуы, олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл
принцип тарихи құбылыстардың пайда болу себептерін, түрлі этаптардағы
сапалық өзгерістерін анықтап, диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге
айналғанын түсінуге мүмкіндік береді) принципін саналы түрде қолдануға
бағыт беру. Шетелдер тарихы тарихнамасының маңызды міндеті тарихи ғылымның
даму заңдылықтарын анықтау және тарихи ойдың түрлі бағыттарының теориялық-
методологиялық принциптерін үйрену. Тарихшылардың басты обьектісіне
тарихшылардың еңбектері жатады. Тарихи ғылыми мекемелер, мерзімді баспасөз
ұйымдары, тарихи ғылым саласында кадрлар даярлау тарихнамашылырадың басты
зерттеу жүйесіне жатады.
Тарихнама ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, шетелдердің жаңа
және қазіргі заман тарихы, мәдениеттану және саясаттану пәндерімен тығыз
байланысты.
Студент шетелдердің ежелгі, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман
тарихының нақты мәселелеріне өз бетімен тарихнамалық талдау жасай білуі,
тарихи даму бағытының дүниетанымы мен методологиялық құрылымына әр елдің
ұлттық, әлеуметтік, және саяси даму ерекшеліктері әсер ететінін дәлелдей
білуге дағдылану керек.
Ғылымның міндеттері:
-тарихнамалық деректерді жинақтау, жүйелеу;
-тарихнамалық фактлерді жинап, оларға талдау жасау;
-тарихнамалық фактлердің тарихи оқиғалар мен үрдістерді зерттеу
деңгейін сараптау, ұтымды жағы мен кемшіліктерін анықтау;
-ғылыми еңбектерге баға беру;
-тарихнамалық деректердің саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияға
тәуелділігін анықтау;
-белгілі бір мәселенің зерттелмеген тұстарын тауып, келешек
ізденушілерге тың тақырыптар ұсыну.
Біздің оқитын пәніміз- Шетел тарихының тарихнамасының мақсаты мен
міндеттері осы негізде анықталады.
Тақырып 2. Антик заманындағы тарихи ойдың дамуы. 2 сағ.
1.Гректердің тарихи ойлары мен әдебиетінің пайда болуы.
2.Ертедегі грек тарихшылары.
3.Прагматикалық тарихнаманың қалыптасуы.
4.Ертедегі Римдегі тарихи ойдың дамуы.
Антикалық тарихнама- антика заманында грек және латын тілдерінде
жазылған тарихи шығармалардың жиынтығы. Бұл кезеңнің хронологиялық шегі
мөлшермен б.э.д. 1000- 500 жылдар шамасы деп алынады.
Өз дамуының ең басында тарих, ең алдымен көркем прозаның жанры түрінде
болды.Оның пайда болған жері кішіазиялық Иония, нақтылай түссек, архаикалық
дәуірдің аса үлкен мәдени ошағы болған Милет қаласы. Ионийлік ұлы
ғұламалар табиғат әлемін біртұтас, ал адам қоғамы оның бір бөлшегі деп
санады.алғашқыда олар эпикалық дәстүрді жалғастырып, поэтикалық формада
жазды.Біртіндеп сыни және ғылыми сипаттағы жаңа жанр туындай бастады.
Б.э.д. У1 ғ. эпосқа тән космос, құдайлар, гректерге белгілі жерлер мен
халықтар жайлы көптеген түсініктерге жаңаша мән беріліп, дәстүрлі поэзия
мен мифологиядан өзгеше жаңа типтегі шығармалар- прозалық суреттеулер пайда
болды.Олардың авторларының назары тек ағымдағы шындыққа ғана берілмей
қазіргіні ұғынуға мүмкіндік беретін, өткенге де ауып отырды.
Мифтер мен эпосты қайта қараған шақта оларды мазмұндап қана қоймай,сын
тұрғысынан таңдау жасалып басқаша ұғыну байқалды.Бізге дейін келіп жеткен
бұл шығармалардың үзінділерінен ұққанымыз, олардың авторлары негізінен
қалалардың негізін қалаушылардың шежіресіне, түрлі халықтардың салт-
дәстүріне көп мән берген.Барлық авторларға ортақ нәрсе- көне аңыздар мен
мифтер шынайы оқиғаларды баяндайды деп сенді және олардағы қиял-ғажайып
дүниелерді алып тастаса болды,ақиқат орнайды деп ұқты.Егер фактлер
мағынасыз болса, оларға басқа басқадай түсінік беріп сенетіндей ету керек
деп саналды.Мұнай еңбек тарих деп аталды және оқиғаның куәгерінің
баяндауы, тексеру, сұрау деген мағынаны білдірді.Ал, олардың авторларын
логографтар( гр.logos-сөз, шығарма) деп атады.Кейінірек бұл термин бірнеше
мағынада қолданылды,алайда оны алғашында қара сөзді өлең сөзге қарсы қою
мақсатында пайдаланған.
Логографтар ауыз және жазба деректерден мәлімет алып көлемі жағынан
үлкен, білімі жағынан біршама кең еңбектерді туғызды.Б.э.д. У ғ.
логографтар бүтіндей бір елдерлің тарихын баяндайтын ауқымды дүниелер
туғыза бастады.Харон Персияның, ал Ксанф- Лидияның тарихын жазды. Олардың
ерекшеліктері:фактографияшылдық- оқырманға нақты, шынайы деректі жеткізу
және бір тақырып туралы жекелеген әңгімелерді механикалық түрде біріктірді
де олардың ішкі байланысын ашып синтез жасауға ұмтылмады.
Грек тарихи ойының дамуына үлкен үлес қосқан тарихтың атасы атанған
Геродот болды(б.э.д.49080- 425 ж. шамасы). Геродоттың өмірбаяны туралы
мәлімет өте аз.Өзінің ұстазы Гекатей Милетскийден көп тәлім алған ол, өз
тарихын жазғанда ұстазының жолын қуып отырды. Бірақ, өз зерттеулерінің
өзегі ретінде адамды алды, міне бұл Геродоттың үлкен жаңалығы болды.Геродот
сондай ақ, тұңғыш әмбебап тарихшы болды, яғни бір елдің немесе бір халықтың
тарихын баяндаумен шектелмеді. Оның 9 кітаптан тұратын Тарих атты еңбегі-
жерлерді суреттеуден шын мәніндегі тарихқа нық қадам жасау
болды.Логографтардан айырмашылығы түрді материалдарды Шығыс пен Батыстың
күресі тақырыбының төңірегіне біріктірді. Поэзия Гомердің есімімен
басталса, грек тарихнамасы Геродоттың есімімен басталады. Адамзат істерінің
ағымын баяндау үшін, тарих, зерттеу, білу сияқты ұғымдардың
байланысын нақ осы Геродот негіздеді. Тарих себепті шартталған және
салдарлы, көп жағдайда күтпеген жағдайларға әкелетін өзара байланыстағы
оқиғалар тізбегін баяндау тұрғысында қалыптасты. Геродоттың көзімен
қарағанда, тарихтың пәні таң қалдыратын ұлы істер, алтарихшының міндеті
өткен оқиғалар уақыттың ізімен ұмыт болмас үшін кешегі туралы білімді
сақтау болады.
Геродот сонымен қатар тарихи әдіс саласында да ізашар болды: ол
бірінші болып тарихи сюжетке мәселе ретінде келіп, алдына нақты танымдық
міндет қою арқылы эллиндер мен варварлар бір- бірімен неліктен соғысып
отырған деген сұраққа жауап іздеді. Геродоттың бойында тарихщылаудың
(историописание) әртүрлі екі принципі- рационалдық пен мифологиялық тоғысып
жатты.Алғашқысы тарихшы өзі куә болған фактлерге, соңғысы бұрынғы өткен
заман туралы көбінесе ауыз әдебиетінен алынған деректерге негізлелген.Оның
түсінуінше, әлемді бөлінбейтін күш билейді, дүние тәртібінің басты принципі-
адам өмірінің сызығын анықтайтын-өлшем (тәубашылдық) заңы.
Грек тарихи ойының одан әрі дамуы б.э.д.У ғ. соңында Фукидидтің (460-
396жж.мөлш.)
Есімімен байланысты.Геродоттан айырмашылығы, тарихтың пәнін анықтаған шақта
эллин дүниесінен әрі бармайды. Оның еңбегі- Пелопоннес соғысы туралы
баяндама (б.э.д.3943-39190жж.), яғни жуықта аяқталған қазіргі тарих
туралы.Фукидидтің еңбегі де антикалық дәстүрге орай,баяндамаға
негізделді.Кейіпкерлерді бірінші жақтан сөйлете отырып, оларда өз
тұжырымдарын ұтымды өткізіп отырады және де шығарманың тілі көркем де шешен
болып шыққан.
Фукидид- оқиғаларды түсіндірудегі рационалистік әдіс пен шынайы тарихи
деректерді іріктеуге негізделген прагматикалық ғылыми тарихнаманың негізін
қалаушы.Оның екі ерекшелігі бар.Біріншіден,тарих индивидтардың үстемдікке
қол жеткізуі -билік пен мемлекет үшін жүргізген күрес жолындағы оқиғалардың
тізбегі ретінде түсініледі.Прагматикалық тарихнаманың екінші сипаты
практикалық пайдалылық, яғни тарих сабағының әрқашан құнды болатындығы.
Фукидид өз мақсаты-ақиқатты табу, шынайылық пен шыншылдық
деп,мәлімдегеніне қарамастан көп жағдайда субъективтілік танытты,оқиғаларды
біржақты қарастырып келді.
Тарихшы ретінде Фукидидтің еңбегінің маңызы құжатты деректерді
(келіссөздер мәтіні, ресми қаулылар т.б.) кеңінен қолдануы,хронологияны
жасау және өзі ашқан әдісі -өткенді ретроспективтік қорытындылар жасау
арқылы қалпыны келтіру болып табылады.
Егер грек тарихының классикалық кезеңіндегі тарихи сана гректер мен
варварлардың өзара жауластығын түсінуге жұмылса, эллиндік дәуірде ол
адамзат әлемінің тарихи біртұтастығын түсінуге бағытталды. Александр
Македонскийдің Шығысқа жорығы нәтижесінде пайда болған байтақ империя грек
дүниесінің біртұтас әлеміне тартылды.Геродот пен Фукидид жасаған әлем
келбетімен танысу кейінгі ұрпақтың тарихи ой көкжиегін одан әрі кеңітті,
бұл жағдай өз кезегінде жаңа типтегі тарихтың пайда болуына әсер етті.Оның
идеясы Полибийдің (б.э.д.210-128) атақты Жалпы тарих атты еңбегінен
көрінді.
Полибий тарихты Геродотша өткеннің оқиғаларын баяндау мағынасында
емес, өз заманына сай- адам әрекеттеріне арналған ерекше түрдегі зерттеу
және адам рухына оң әсер ететін ойлау формасы деп түсінді.Оның ойынша,
өткенді тану бәрінен бұрын адамдарға пайда әкелмек.
Жалпы тарихта тарихи шығарма жазудың өзіндік канондарын жасай
отырып, Полибий:тарих жалпы сипатта болып Батыста да , Шығыста да өтіп
жатқан оқиғаларды бірдей қамтып, синхронды мазмұндалуы қажет деп саналған
түбегйлі талаптарды ұсынды.ОЛ тарихи шығарманың жаңа типі- жалпы тарихты
жасады. Тарихтың пәні бұрынғыдай әскери- саяси тақырыппен шектеулі болса
да, басты назарда оқиғалық тарих емес, ондағы қақтығысушы саяси күштердің
динамизмі болды.
Ертедегі Рим тарихнамасының қалыптасуына ертедегі грек және эллиндік
тарих жазу тәсілдері терең ықпал етті.Сонымен қатар,римдіктердің тарихи
идеясы дәстүр ұғымдары мен мекеніне тікелей байланыста болды:олар уақыт
есебін қаланың негізі қалануынан бастады және Рим бүткіл дүниенің орталығы
деп саналды.
Рим тарихнамасының негізі- республика, сосын иперия идеясы, азаматтық
игі істер,салт- ж-дәстүрлермен сәйкестікте болатын Мәңгі қаланың тарихы
болды.Римдегі тарихи шығармалардың ең көне жанры-анналдар (лат.аnnus-жыл)
понтифик- абыздар жыл сайын жүргізіп отырған оқиғалардың жазбасы.
Республика кезеңінің белгілі тарихшысы-Гай Соллюстий Крисп (б.э.д.86-
35жж.). Оның Катилинаның бүлігі, Югурта соғысы және аяқталмай қалған
Тарих атты еңбектері бар. Соллюстийдің назарын фактлер емес, тарихтың
геройлары, жақсы, жаман қасиеттерден тұратын адам аударды.Ол өз
еңбектерінде оқиғалардың уақытын бұрыс көрсетуге жол берсе де ондағы
адамдардың айшықты жанды бейнесін баса көрсетті. Цезарь мен Соллюстийге
дейін Рим мемлекетінің шынайы түрде жазылған біртұтас тарихы болған жоқ.
Бұл ойды Республика мен Империяның аралығында өмір сүрген Тит Ливий
(б.э.д.59- б.э. 59жж.), Август заманының атақты тарихшысы жүзеге
асырды.Оның әйгілі Негізі қаланғаннан бергі Рим тарихы (мөлш.б.э.д.27-
б.э.9 жж) атты еңбегі142 кітаптан тұрды. Автордың түсінігі бойынша бүкіл
тарих Римнің төңірегіне шоғырланған, Рим тарихы көп тарихтың бірі емес,
жалғыз дана және жалпы тарих болып саналады, өйткені Рим бүткіл әлемді
білдіреді. Ливийдің шығармасы осы пікіріне орай, кейінгі кезеңде басқа
халықтардың, тарихын жазуда үлгі, модель ретінде жүрді.
Империя кезеңінің тарихшыларының қатарында П.К.Тацитті (мөлш.59-
120жж.) атауға болады.Оның негізгі тарихи еңбектері-Тарих,
Анналдар.Тацит шығармаларында негізгі орын тарихтың көшін анықтайтын жеке
тұлғалар мен адамдарға берілді.
Рим тарихнамасының соңғы ірі өкілі - Аммиан Марцеллин (мөлш.330-
400жж). Оның тарихи шығармасы Әрекеттер (Деяния) деп аталады және ол
эллиндік рухта жазылған.
Қорыта келгенде, антика заманындағы тарихи сананың ерекшелігі: өткенді
даму үрдісі ретінде түсіне алмады. Тарих уақыт ағымында бір бірін
алмастырып отыратын оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы деп саналды. Түрлі
тарихи ахуалдар уақытпен бөлінгенімен өзара ұқсас,ал тарих біртипті
оқиғалардың тізбегі тәріздес болды.Гректер де, римдіктер де тарихты
түсінуі дәстүр, бабаларының мұрасын маңызды игілік ретінде қабылдады.
Тақырып 3. Орта ғасырлар тарихнамасы. 2 сағ.
1.Ортағасырлық тарихнаманың басталуы.
2.Кейінгі феодализнің тарихнамасы, хроникалар.
3.Жылнамалар жинағы Русьтегі алғашқы тарихи шығармалар ретінде.
4.Қайта өрлеу кезеңіндегі ортағасырлық тарихтың тарихнамасы.
Ортағасырлық тарихи шығармалар өзінің тақырыбы мен жанры бойынша
әралуан өрі көп болды: анналдар, хроникалар, өмірбаяндық және
автобиографияллық шығармалар, жекелеген азаматтық және шіркеулік
қауымдастықтардың тарихы, билеуші және ақсүйек династиядардың шежірелері
жатады.Өзінің мағынасы мен қызметі бойынша тікелей тарихи шығ- ға біртабан
жақын болған агиографиялық шығ-лар ( жития) болды. Оларда тек әулиелердің
өмірі ғана емес, сол әулиеге қатысты қауымдастық пен жердің тарихы да
қамтылды. Әлеуметтік жадтың сақталуының ерекше формасы қайтыс болғандарды
еске алып отыратын литургиялар болды. Тарихи шығармалардың мақсатын ұғынуда
ортағ-лық авторлар да көп жағдайда куәгері бар шынайы оқиғаларды
ыждаһатпен тіркей отыра антикалық дәстүрдің жалғастырушылары болды. Өткенді
қабылдауда ортағ-лық тарихшылар да антикалық авторлар сияқты: өткен
бүгінгіні тудырады, бірақ одан айырмашылығы болмайды деп ұқты. Өткеннің
тәжрибесі іс-әрекеттің практикалық жол нұсқасы болдып саналды. Антикалық
және ортағасырлық тарихнаманың сабақтастығы олардың көптеген аспектлердегі
ұқсастықтарын туғызғанмен, жалпылық сипатта болған емес. Ортағ-лық тарихи
сананың түбегейлі ерекшеліктері анықталды және олар адамзаттың дамуы
туралы концепцяның – оның мәнін, мақсаттарын, қозғаушы күштерін христиандық
діннің түсініктері жүйесінде анықталды.
Христиандықтың дамыған діни және дүниетанымдық жүйе ретінде қалыптасуы
тарихи сананың жаңа түрін өмірге әкелді. Библияның абсолюттік беделін
мойындау, антикалық авторлар кең қолданған ақпаратты сыни бағалау
принципінен бас тартуға әкеп соқты. Библия және христиан дінінің дамуы
барысында пайда болған басқа да мәтіндердің бірқатары күман келтіруге
болмайтын абсолюттік ақиқат деп бағаланды.Ақпараттың шынайылығы мен
құндылығы оны берушінің беделімен анықталды.Тарихты жаһандық діни үрдіс
ретінде түсіну латин шіркеуінің бас теологы Аврелий Августиннің О граде
Божием атты шығармасында негізделді.
Ортағасырлық тарихнаманың өзіндік келбетін анықтайтын басты жетістігі
тарихи уақыттың ерекше концепциясының жасалуы болды.Ортағ-лық тарихнаманы
көбінесе себеп-салдарлық байланыс принципіне бағынған антикалық
тарихнамадан ажыратуға мүмкіндік берген нәрсе – ол баяндаманы хронологиялық
түрде жүргізу принципі, яғни фактлерді уақыттық реттілікпен баяндау
болды.Тарихи уақытты түсінудің үш түрлі моделі болды: антикалық, библиялық
және ертедегі германдық. Басқы екеуі алғашқы теологтардың қарастыруымен
христиандық концепцияның негізін құрады, ал соңғысын христиандық ығыстырып
шығарды.Алғашқы христиандық кезінде ақ адамзаттың тарихын біртұтас өзара
байланыстағы үрдіс деп қарауға әрекет жасалды. Бұл үрдістің бел ортасында
нағыз сенімді сақтаушы таңдаулы халықтар- иудейлер мен христиандардың
тарихы орын алды. Ортағасырлық тарихи сананың парадигмасы Қасиетті тарих -
сенімнің халықтар арасында таралуының тарихы.
Жалпы, ортағасырлық тарихнама христиандық провиденциализм жетегінде
дамыды. III-V ғғ. алғашқы христиандық хронографиялар пайда болды. Оларда
язычестволық шығармалардағы белгілі тарихи оқиғаларды библиялық және
нақты христиандық тарихтың бейнесімен сәйкестендіру көзделді. әлемдік
тарихтың үлгілі схемаларын жасаушы епископ Евгений Кесарийсккий (263-339 )
болды.Ал, христиандықтың тұңғыш әмбебап тарихының авторы Августиннің
сенімді шәкірті Павел Орозий болды.Оның еңбегі - Семь книг истории против
язычников Рим империясының күйреуі қарсаңында жазылғандықтан осы тақырыпқа
арналды.Бұдан кейін Исидор Севильский. Оттон Фрейзингенский, Беда
Достопочтенный, Эразм Роттердамский сияқты авторлардың тарихи шығармалары
жарық көрді.
Ортағ- лық тарихшылар кәсіби тарихшылар емес-тін.Көбінесе бұл іспен
епископтар мен монахтық қауым өкілдері шұғылданды.Әсіресе, бенедиктин
орденінің монастларында тарих жазумен белсенді айналысты. Х111 ғ.
монастрлық тарихнама екінші орынға түсе бастады.
Ортағасырлардың соңына қарай тарихнама әу бастағы өзіне тән әралуан:
теологиялық , діни- уағыздық. құқықтық қызметтерінен арыла бастады.Ол
барған сайын бір жағынан, әлеуметтік және саяси бірегейліктің, екінші
жағынан ұлттық бірліктің қайнар көзі мәніне ие бола бастады.Осымен бір
мезгілде білімді адамдардың ортасында тарихқа деген жаңаша көзқарас
қалыптаса басдады, өткенге қызығушылық христиандық теология мен саяси
легитимация үшін қажеттілік сипатынан арылып дербес құндылыққа айналып келе
жатты.
Ренессанс немесе қайта өрлеу кезеңі мәдени және әлеуметтік өмір
салаларында маңызды өзгерістер әкелді, алайда олар өткен дәстүрлерден
түбегейлі бас тарту дегенді білдірмейтін. Әлеуметтік болмыстың басқа
салаларындағыдай Ренессанстық тарихи санада тарихты ұғынып жазуда ортағ-лық
тәжрибемен сабақтастық сақталып қалды.Бірақ, бұл кезкңнің тарихи
шығармаларының өзіндік ерекшеліктері де байқалды,олар тақырып, тарих туралы
түсінік, тарихшының жұмыс әдісі жүйесінде көрінді. Қ.Ө. мәдениеті аясында
дамыған жаңа бағыт гуманизм деп аталды.Бұл атау ортағасырдағы аскеттік,
діни-уағыздық дәстүрге қарсы әрекет түрінде адам, оның мүдделеріне,
мүмкіндіктеріне деген қызығушылықтың тез өсуіне байланысты шықты.Соған
қарамастан, бұл кезеңде тарихты өзінің зерттеу құралдары,таным әдістерінің
жиынтығы тарихи шығармаларда шынайы бейнеленуі мақсатында өткенді ұғыну
жүйелері бар ғылыми пән түрінде қалыптасты деуге болмайды.Онымен қатар
Қ.Ө.кезеңіндегі европалық тарихнама біркелкі болған жоқ.Итальяндық
гуманистік тарихнамаға тән: антикалық авторларға еліктеу, тарихи оқиғаларды
діни тұрғыда түсіндіру, қоғамды түсінудегі секуляризация мен рационализация
сияқты белгілер Италиядан тысқары аймақтарда қолдау таппады.Тағы бір аса
маңызды әлеуметтік- идеоогиялық, дүниетанымдық қозғалысты тудырған кезкң
герман Реформациясының нәтижесінде тарихты діни және теологиялық тұрғыда
түсіну өзінің үстем жағдайын сақтап қана қоймай, рим- католик
теоретиктерімен айтыста одан әрі қарқынды дами түсті. Сонмен бірге
Реформация және Контрреформациялық конфессионалдық қозғалыстар туғызған
тарихнамада оқиғалардың өзара байланысы мен себептерін түсіндіруде
рационалдық аргументация, яғни оңтайлы уәжді кеңіту ағымы байқалды.Және
дерекпен жұмыстың жаңа қырлары, ең алдымен оларды қатаң сұрыптау, сосын
олардағы ақпаратарға сыни талдау жасау қажеттілігіне мән берілді.
Аталмыш кезеңнің тарихнамасында ФраческоПетрарка, Джованни Бокаччо,
Леонардо Бруни сияқты есімдерді атауға болады және тарихнаманың өзінің
сипаты натикалық дәстүрге еліктеушілікті танытты. Гум-лық тарихнаманың
ортағ-лық тарихнамадан айырмашылығы авторлардың әлеуметтік және мәдени
статусымен, оқырман аудиториясының болуымен анықталады. Гум.тарихн. негізгі
қарастырғаны саяси тарих пен билеушілердің және мықтылардың қылығының сырын
түсіндіру болды.
Қ.Ө.тарихнамасының жаңа асамаңызды бір аспекті шіркеулік дүниетаныммен
араны үзу болып табылады. Бұл типтегі тарихи шығармаларда тарих Құдайдың
емес адамдардың әрекет саласы деген ойды байқауға болады.Осылайша, тарихи
сананың жалпы секуляризациясына, яғни діни көзқарас басымдығынан бас
тартуға жетеледі. Никколо Макиавелли, Лоренцо Валла, Франческо Патрици ,
Жан Боден сияқты тарихшылар саяси тарихқа мән беріп, дерекке сыни
көзқараспен қарау мәселесін көтеріп отырды.
Византиялық тарихнама бойынша, айтар болсақ мұнда да алғашқыда антика
дәстүрі сақталып келгенмен христиандық шіркеу тарихын жазу басып
кетті.Византиялық тарихшылардың қатарында:Прокопий Кесарийский, Агафий
Миринейский, Феофилакт Симокат тарихнаманың бірінші кезеңінің өкілдері.
Екінші кезеңде Фотий, Михаил Пселл, Анна Комнина, Никифор Григор
тәрізді авторлардың шығармалары белгілі.
Орыс тарихи ойының дамуына келсек, мұндағы тарихи шығармаларды жазу
дәстүріне де христиан дінінің ықпалы болды. Ертедегі орыс тарихи
шығармаларының негізгі типі сонау ХУ11 ғ.дейін жеткен жылнамалар болды.
Онымен бірге византиялық тектегі –хронографтар жүрді.Жылнама- орыс
жерлерінде 13-18ғғ.аралығында жыл сайын жүргізіліп отырған жекелеген
оқиғалар туралы жазбалар.
Жылнама жазудың бірнеше кезеңдері белгілі.
1.Киевтік жылнама жазу кезеңі- Х1 ғ.- Х11ғ алғ.жарт. Бірінші тұрақты
жылнама- Повесть временных лет.
2.Х11 ғ.ек.ж. – жергілікті жерлер мен жекелеген қалаларға байланысты
жылнамалар. Оларға тән сипат жергілікті оқиғалар мен персонаждарға
қатыстылығы, бірақ жалпыорыстық жылнамалылық сипат та сақталып отырды.
3.Мәскеулік Ұлыкняздік биліктің күшеюіне орай, мәскеулік жылнама жазу-
орыс тарихы туралы ресми баяндауға айналды. Бұл уақыттағы жылнамалар: Иван
Грозный тұсында жасалған көптомдық жинақ Лицевой свод, Мәскеу
билеушілерінің династиялық тарихы – Степенгая книга.
Тақырып 4. Ерте жаңа заман тарихнамасы. 1сағ.
1.Гуманистік тарихнаманың ұлттық мектептері.
2 Ғылыми революция және ХVII тарихи білім
Қазіргі зерттеушілер XVI-XVII ғғ.аралығындағы Европа тарихын – саяси,
әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдің жаңа формаларының қалыптасу,
дүниеніұғыну жүйесіндегі терең өзгерістер мен белгілі мен мүмкіндік шегінің
кеңуімен сипатталатын ерте жаңа уақыт кезеңі деп атайды.Р. Тарнастың
сөзімен айтқанда Батыс жаңа адамның туғанын, өзін және өз бостандығын қайта
түйсінген, айналадағының бәріне көңіл қойып қарайтын, ежелгі классиканы
жықсы көретін, тіпті өзінің ұлы болашағына берілген, табиғатты игеруге
өзінің ақылы қабілетті екеніне көзі жетті.
XVI-XVIIғғ. Европалық мәдениетте ортағасырлық дәстүр мен ренессанстық
ғылымнан өзгеше таным принциптері қалыптасты. Интеллектуалды қозғалыстың
нәтижесінде әлем мен адам туралы түсініктер қайта қалыптасып,жаратылыстану
пәндері, тарихи, саяси, қоғамдық, философиялық жүйе негіздері қайтадан
анықталып ғылыми революция деген атқа ие болды.Бұл кезеңнің шекарасын шегін
шартты түрде 1543 жылдан бастайды. Осы жылы Н.Коперниктің Аспан
денелерінің айналуы туралы еңбегі шығып, И.Ньютонның жаңалығы ашылған еді.
Коперник, Галилей, Кеплер, Декарт, Ньютон сияқты ғалымдардың ерте жаңа
замандағы интеллектуалды мәдениеттегі еңбектері нәтижесінде әлемнің тұтас
жаратылыстану ғылыми картасы жасалынды.
Ерте жаңа заман дәуіріндегі философтар білім құрылымының
принциптеріне, физика, математика, медицина, әлеуметтік ғылымдар қолданып
отырған жаңа әдістерді негіздеуге ерекше назар аударды. Тарих білім ретінде
мораль, саясатпен байланысты болды да бұл пәндердің аумағына кіре қойған
жоқ. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) Жаңа органон атты басты
шығармасында білімнің бүкіл жүйесін қайта қарауға әрекет жасалып ақиқатты
табу әдісі ұсынылды.
Бэкон өз еңбектерінде тарих пен жаратылыстану ғылымдарының бірлігі
туралы жазды, өйткені екеуі де адамның еске сақтау қабілетіне сәйкес
болды. Азаматтық тарих та, жеке оқиғаларды зерттеумен, олардың уақыттан
тыс қасиетін сипаттаумен айналысты. Сөйтіп, табиғат құбылысын және өткен
оқиғаны зерттеу арасында айырмашылық бола қойған жоқ. Бақылаудың нәтижелері
болды, жеке құжаттар бойынша дәлелденген фактлер тәжрибе үшін құнды
еді.Англияда Бэконның еңбектері жаңа ғылымның сипатына үлкен әсер етті.
Рене Декарт (1696-1650), Гуго Гроция (1583-1645 ), Томас Гоббс (1588
-1679) сияқты философтар қоғамды адамдар арасында жасалатын қоғамдық
келісім шарттың нәтижемі деп есептеді. Мемлекет заңдары адам табиғатынан
шығатын табиғи құқық негізінде құрылуы керек деп есептеді. Бұл теориялар
әлеуметтік және философиялық еңбектерде үстем болғанымен, ХУ11 ғ.тарихи
еңбектерге мұндай идеялардың енуі өте баяу болды. Тек келесі ғасырда бұл
теориялар тарихтың өткені туралы білімге айтарлықтай ықпал етті.
Тарих әлі адам, қоғам, әлем туралы білім саласынан бөлініп, дербес пән
ретінде қалыптасқан да жоқ еді.Өткенді зерттеу әдебиет, шешендік өнер
сияқты ілімдермен бірге жүрді.Университеттерде тарихты игеру ежелгі
тілдерді ұйренуге қатысты қолданбалы мәнде болды. Соған қарамастан, ХУ11
ғасырда тарихты зерттеу сәнге айналды. Оксфорд пен Кембриджде азаматтық
тарихтың алғашқы кафедралары ашылды. Осы кезде тарихты білу саяси күрестегі
маңызды фактор болды. Мысалы, Ағылшын революциясы кезінде корольдың
жақтастары мен парламентті қолдаушылар монархтың шексіз билігі немесе
Англияның ежелгі еркіндігінің негізін бұрынғы құжаттардан іздеді.
Бэкон ХVII Генрихтың тарихы (1621) атты шығарманың авторы.Ол бұл
еңбекті Англияның күшеюі туралы жазды. ХУ11ғ.ек.ж. Британияда революциялар,
азамат соғысы, монархияны қайта үндеу туралы бірқатар тарихи-саяси
еңбектер, естеліктер мен трактаттар шықты. Олардың қатарында граф
Кларедонның Бүлік тарихы, Г. Барнеттің Менің заманымның тарихы, Дж.
Локктың Өкімет туралы екі трактат, Діни шыдамдылық туралы атты
еңбектері бар. Тарихнамадағы бұл бағыт ХУ111 ғ.одан әрі жалғасын тапты.
Франциядағы мавристер одағы 1648 ж. француз провинцияларының тарихын
басып шығаруға әрекет жасады.
Хроникалар мен құжаттарды шығару Германия, Италия, Англия, Польша,
Чехия, Испанияда кең тарады. Эрудиттер қолжазбаларға сыни талдау жасады,
сөйтіп қосалқы тарихи пәндердің (палеография, хронология, дипломатика )
және жалпы тарихи білімнің дамуында үлкен роль атқарды.
Тақырып 5. Ағартушылық кезеңіндегі тарихнаманың дамуы. 2сағ.
1.Ағартушылық идеологиясы дүниетанымдық кешен ретінде.
2.Ағартушылықтың ұлттық мектептеріне шолу.
ХVІІ ғ. соңғы ширегі - ХVІІІ ғ. тарихнамада жаңа серпіліс болды.
Зерттеушілер бұл кезеңді Ағарту ғасыры деп атады. Өйткені Европа елдерінде,
Солтүстік Америка, Ресейде интеллектуалды қозғалыс кең тарап, оның рухани
орталығы Франция болды. Бұл қозғалыс әлеуметтік, экономикалық, мәдени
өмірдегі бірқатар өзгерістермен, азаматтық қоғамдағы процестердің қалыптасу
және модернизациялануымен, буржуазиялық – демократиялық революциялармен,
дүниетанымдағы трансформациялармен байланысты болды. Ағарту идеялары ең
алдымен философияда, сонымен қатар ғылымда, тарихнамада, қоғамдық және
саяси ойда, әдебиетте, өнерде өз көрінісін тапты. Бұл дәуір
қайраткерлерінің қатарында Франциядан Вольтер, Руссо, Монтескье,
Британиядан Дж. Локк, Д. Юм, Э. Гиббон, Германиядан И. Кант, И. Гердер,
Ресейден М.В. Ломоносов, В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин болды.
Ағартушы философтар, тарихшылар, әдебиетшілер, ғалымдардың
көзқарастары әр түрлі болғанымен, олардың шығармаларында ұқсас мәселелер
көтеріліп, бір – біріне жақын пікірлер айтылды. Бұл кезеңнің интеллектуалды
мәдениетіне адам және қоғам деген негізгі ұғымдары қайта қарауға
талпыныс жасалды. Адам табиғаты деген не? Қоғамдық құрылым ненің
нәтижесінде пайда болады? Дүние жүзінің көптеген халықтарын не біріктіреді
және қандай айырмашылығы бар? Ғылымның жетістігі мен адамгершілік
нормаларының жетілуіне қарамастан адамдар неге бақытсыз? Мемлекет те, халық
та үйлесімді өмір сүру үшін қазіргі тәртіпті өзгертуге бола ма? Осы
сауалдарға рационалды философия және тәжірибелі ғылымдардың негізінде жауап
беру ұсынылды.
Ағарту қайраткерлерінің қөзқарастары билік пен дәстүрге сыни қатынасты
сипаттады. Ұсынылған құндылықтардың жаңа жүйесінің жоғары критерииі
сословиелік теңсіздікке, шіркеудің билігіне қарсы ақыл мен салауатты ой
болды. Өнеркәсіп төңкерісінің әсерімен экономикадағы, әлеуметтік саладағы,
күнделікті өмірдегі терең өзгерістер прогресс идеясына философиялық жылдам
мәдени үрдісіне үміт туғызды, яғни жеке қателіктерінен, надандықтан, наным
– сенімнен, қанаудан құтылу керек болды.
Ағартушылардың идеялары бойынша табиғаттың бәрі бітұтас танымдық
тәртіпке бағынды. Адам табиғаты әмбебеп және дүние жүзінде өмір сүріп
жатқан адамдар өзгермейді, әуелден – ақ олар тең және бостандықта болып
даратылды деп түсіндірілді. Қоғамды ақылдың заңдарымен, адамның табиғи
рационалды түрде қайта құру және өткенді қайтадан ой елегінен өткізу керек
деп пайымдалды. Философтар үшін үлкен құндылық көптеген адамдарға пайда
әкелетін білім болып есептелді.
Француз ағартушыларының ірі еңбектері қатарына Жан Д’Аламбер (1717 -
1783) және Дени Дидро (1713 – 1784) жетекшілігімен шыққан мәтіні 17 томнан,
гравюрасы 11 томнан тұратын Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы немесе
Түсіндірме сөздігі (1751 – 1772) болды. Бұл Энциклопедияда философияның,
түрлі ғылымдардың маңызды принциптерін, жаңалықтар мен өнеркәсіпте
қолданылатын пайдалы зерттеулердің нәтижелерін сипаттаған мақалалар
жазылды. Дегенмен де бұл жинақтағы маңызды орын тарихқа берілген. Д’
Аламбердің айтуынша, адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz