Бүгінгі диффузионизм мен аймақтар теориясы


Реферат
Бүгінгі диффузионизм мен
аймақтар теориясы
Бүгінгі диффузионизм мен аймақтар теориясы
Тақырыпты оқудың мақсаты - әлеуметтік мәдени жүйелерде, қоғам ішіндегі жеке жүйе- лерде кең тараған қазіргі диффузионизмге антропологиялық талдау беру.
XIX ғасырдың соңындағы антрополог ізденушілердің ішінде тек біртүрлі мінезімен белгілі болған, диффузионистік теорияларды тексеруді жаны сүйетін Норвегия саяхатшысы Тур Хейердаль ғана Мысыр мен Америка арасындағы тарихи байланыстарға сенуден таймады. Америкалық антропология неміс-австриялық диффузионистік әдістерге сүйеніп дамыған болса, британдық антропология мүлдем басқа бағытта дамыған еді.
Бүгінгі диффузионизм
Қазіргі әлеуметтік антропологиядағы барлық белгілі теориялардың ішінде диффузионизм - ең аз айтылатыны. Десе де, ол толығымен жойылып кеткен жоқ. Қазір археология мен биологиялық антропологияда «Бәрі Африкадан басталады» немесе «Орнын басу үлгісі» деген көзқарасты жақтаушылар мен адам таралуының «Аймақтарда жалғасу үлгісі» деп аталатын көзқарасын қолдаушылар арасында үлкен пікірталастар жүруде. Бұл пікірталас диффузионизмдегі ескіден келе жатқан сұрақпен тығыз байланысты. Ол ұқсастықтар гендік жолмен беріле ме немесе бір өңірде ұзақ уақыт бойы шоғырланған халықтар байланысынан ба, әлде халықтардың бір орыннан екінші орынға қоныс аударуынан бола ма деген сұраққа байланысты. Ратцельді қоса алғанда көптеген «диффузионистер» соңғы пікірге жақын. Осы сұрақтан туындайтын кішігірім сұрақтар төңірегіндегі пікірталастар ежелгі әлем тарихын зерттеуге алып келді.
Әрбір антрополог өзі зерттейтін мәдениетте далалық зерттеу жүргізеді. Оның сол аймаққа зерттеу жүргізу ерекшелігі этнографтың теориялық көзқарастарына байланысты әртүрлі болады. Кеңінен алғанда тарихи-мәдени аймақтық зерттеудің екі түрін бөліп қарастыруға болады:
І - неміс-австриялық диффузионизмнен бастау алған америкалық антропология;
ІІ - диффузионистік тұрғыда зерттеудің әдістеріне көп арқа сүйейтін, бірақ бір ғана мектептің немесе ұлттық антропологиялық мектептің көзқарасын білдірмейтін «аймақтарды салыстыру» әдісі.
Бұл зерттеу әдістері себеп-салдарлық және жиілік түсінігіне негізделеді. Аталған жолды ұстанушылар көптізбекті эволюционизм, функционализм және структурализм әдістерін қол- данады және өздері зерттеп жүрген аймақтағы мәдениеттер арасында тарихи байланыстар бар деген сенімге толығымен иланады.
Америкалық антропологиядағы тарихи-мәдени аймақтық зерттеу әдісі
Германия мен Австриядағы антропология 1930-1940 жылдары қатты соққыға ұшырады. Нацистерге қарсы шыққандар үшінші рейх кезінде қатаң қудаланды, ал нацистік көзқарасты жақтағандар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа неміс мектептері қалыптасқан кезде қатаң сынға ұшырады. Бірақ 1920 жылдардың өзінде-ақ Америкада «тарихи-мәдени аймақ» және «мәдени кешен» түсініктері мен мәдениет арасындағы тарихи байланысты зерттеу негізгі тәсілге айналды. Осы орайда бір айта кететін нәрсе - Солтүстік Американы XVII ғасырда ағылшындар отарлағанымен, америкалық антропология неміс ғалымы Франц Боастың қоныс аударуынан басталды. Кейін антропология Солтүстік Америка құрлығына Германияда, не Австрияда неміс тілінде сөйлейтін немесе неміс тілінде білім алған Роберт Лоуи, Едвард Сапир, А. Л. Крёбер, Клайд Клакхон және Абрам Кардинер сияқты тұлғалар арқылы таралды. Солардың ішінде Боас, Лоуи, Сапир, әсіресе Крёбер тарихи мәдени аймақ түсінігінің қалыптасуына көп ықпал жасады. Олар жеке аймақтардың анықтамасын қалыптастыруға және әр мәдениеттің ішіндегі ең кішкентай бөлігі «мәдени белгілерді» зерттеуге бар күшін жұмсады. Боастан бастап барлық XX ғасырдың басындағы америкалық антропологтар жалпының ішіндегі жекені зерттеуге ден қойды. 1930-1940 жылдары мәдениеттерді тереңірек салыстырмалы түрде зерттеу нәтижесінде жаңа мәдени белгілерді іздеу және сол белгілерді көрсететін ұзын-сонар тізімдер жасау сәнге айналды. Нәтижесінде мәдениеттегі кез келген іс-әрекетке қатысты, мысалы аң аулауға немесе балық аулауға байланысты том-том кітаптар жазылды. Боастың эволюционизмді жоққа шығаруы, диффузионизмнің рөлін төмендетуі және этнографиялық деректерді аса үлкен мұқиятпен жинауы антропологияның зерттеу нысанының тарихи сұрақтан басқа арнаға ауысуына алып келді. Десе де оның мектебінен өткен кейбір ғалымдардың тарихи сұрақтарға қайта оралғандығын және онда әжептәуір жетістікке жеткенін көруге болады.
«Мәдени кешен» немесе «белгілер кешені» бойынша ең жақсы үлгі ұсынған Африкада африкалық-америкалықтан туылған америкалық антрополог Мелвиль Херсковиц болатын. Ол өз үлгісін «Шығыс Африканың мал шаруашылығы кешені» деп атады. Үлгі бойынша мал шаруашылығын жүргізетін қоғамдарға қай жерде болса да көшпелі өмір салты, патрилинейлі ұрпақ жалғастығы, адам жасына қарай топқа бөлу, қалың мал, малды ата-баба рухымен байланыстыру және осы мәдениетпен байланысқа түскен басқа мәдениеттерді қабылдау тән. Херсковиц те, басқа да неміс ғалымдары мәдени белгілер ретсіз таралмаған, олар бір- біріне байланысты таралып отырған деген көзқарасты ұстанды. Бірақ Херсковицтің басқа ізденушілерден айырмашылығы ол өзінің теориясын диффузионистік немесе эволюционистік схемаларға салып қарастырмады.
Қазіргі уақыттан артқа шегініс жасап қарасақ, осы мектептің алдыңғы шебінде тұрған және тарихи сұрақтардың жауабын тапқан мұражай жетекшісі Кларк Уисслер екенін көреміз. Ол университетте дәріс бермегендіктен жолын қуған шәкірттері болмады. Оның ерекшелігі ерекше жаңа идеяларында емес, оның өз уақытындағы жағдайларды синтездей білуі және басқалардың пікірлері туралы анық, түсінікті теориялық түсіндірмелер бере алуы жоғары бағаланды. Басқалар Солтүстік Американың шығысынан табылған ежелгі тастағы өрнектердің немесе Рио Гранде жазығындағы құмырадағы өрнектердің таралу ерекшеліктерін жазумен әлек болып жүрсе, Уисслер сол өрнектердің таралуын тарихи-мәдени аймақтардың дамуымен, таралуымен және өзара байланысымен түсіндірді.
Уисслердің ең үлкен еңбегі - оның жас-аймақ гипотезасы
Ол гипотеза археологиялық және этнологиялық зерттеудің тоғысында пайда болған және сол бағыттың дамуына үлкен үлес қосты. Табылған нәрселердің жасалған уақытын радикарбондық тәсілмен анықтау әлі белгісіз болған кездері археологтар табылған қазбаның шынайы жасын нақты анықтай алмайтын. Қазбаның шамалы жасын стратиграфиялық жолмен тау жыныстарының жатыс формаларына байланысты анықтауға болатын, бірақ олардың арасындағы жатыстардың жасын анықтау мүмкін емес еді. Оның үстіне этнологтар тірі мәдениеттерге қатысты деректер жинайтын, ал мәдениеттер болса ғасырлар бойы көптеген өзгерістерге түседі. Уисслердің теориясы бойынша кез келген тарихи мәдени аймақтың мәдени белгілері орталықтан шеткі өңірлерге қарай таралады. Сол себепті шеттен табылған мәдени белгілердің жасы кекселеу, ал орталықтан табылғандары жаңалау болады. Егер осы гипотезаны тексеретін болсақ, ол дұрыс сияқты және тарихи-мәдени аймақтық зерттеулерге динамикалық өзгеріске сену тән екенін көрсетеді. Екінші жағынан, ол диффузионизм мен эволюцияны тарихи-мәдени аймақтық зерттеу ауқымында біріктірді. Тарихи мәдени аймақтың ортасында эволюциялық даму жүрсе, орталықтан өңірге таралу көзқарасы диффузионизмге сәйкес келеді.
Эволюционизм мен диффузионизмнің өзара бірлесуі америкалық антропологтардың Боастың экстремалды релятивизмінен бас тартып эволюционизмге қайта оралған тұсында қатты жанданды. Әсіресе Стьюардтің еңбегінде эволюционизм мен диффузионизм бірге қолданылды. Ғалымның еңбегіндегі ең басты нәрсе - оның «мәдениет өзегін» «жалпы мәдениеттен» бөліп қарастыруында. Стюард тарихи мәдени аймақты зерттеуде қоршаған ортаны мәдениетті шектейтін фактор, ал технологияны сол шектеуді жеңілдетуші компонент ретінде қарастырды.
Уисслер Америкаға байланысты (Кариб аралдарын қоса алғанда) он бес тарихи мәдени аймақтарды анықтап берді: жазық мекендер, таулы мекендер, Калифорния, Солтүстік Тынық мұхиты жағалауы т. с. с.
Крёбер бірінші болып бұл аймақтардың атауына өзгерістер енгізді. Бірақ санын өзгертпеді. Кейін ол өзінің ең маңызды тарихи-мәдени аймақтар туралы еңбегінде сексен төрт «аймақты» және «субаймақты» картаға түсірді. Оның ішінде тек Солтүстік Американың өзі жеті «ұлы тарихи мәдени аймақтар» тобынан тұрады деді. Ол Солтүстік Американы Стьюардтың еншісіне қалдырды. Стьюард сол құрлықтың тарихи-мәдени аймақтары туралы алты томдық еңбек жазып шықты. Көп жағдайда тарихи-мәдени аймақтардың географиялық белдеулермен байланысы анықталып отырды, мысалы, Солтүстік Америкада - Арктика, Ұлы жазықтар, Шығыс вудленд т. б. ; ал Оңтүстік Америкада - Анд таулары, Амазония т. с. с. Егер қоршаған орта мәдениетті шектейтін немесе оны айқындайтын фактор болса, онда оның аймаққа ықпалы анық көрініс табуға тиіс. Стьюард және оның шәкірттері осы жалпы принциптерді көрсетті және қоршаған ортаның айқындаушы ерекшеліктерін тарихи-мәдени аймақтардың ішінде және арасында салыстырмалы түрде зерттеп, тексерді. Бұның бәрі «мәдениеттің» құраушы бөлшектерін зерттеуден алшақтатты, бірақ этнографиялық картаның жасалуына алып келді. Сонымен бірге мәдениеттерді салыстыруды антропологиялық зерттеудің нысанына айналдырды.
Аймақтық салыстырулар, ұлттық салт-дәстүр және аймақтық салт-дәстүр
Антропологияда салыстырудың үш түрін анықтап алу қажет:
- иллюстративті; жаһандық; басқармалы (оның ішіне аймақтық салыстырулар кіреді) .
Иллюстративті салыстыру бірнеше мысалдарды таңдап мәдени айырмашылық немесе мәдени ұқсастық туралы бір тұжырымға келу мақсатында жасалады. Бұл - антропологияның негізі. Біз нуэрлықтарды патрилинейліктің мысалы ретінде алып, оларды тробриандықтармен матрилинейліктің мысалы ретінде салыстыра аламыз. Біз өзімізге таныс емес бір қоғамды алып сол қоғамдағы бір элементті таңдап, мысалы, Бушман қоғамындағы сыйлық беру әдебі, оны өзімізге таныс бір елмен, мысалы, америкалық қоғамдағы сый беру әдебімен салыстыра аламыз. Бұндай салыстырулар ұқсастықтарды көрсетіп береді, бірақ ол әдетте бізге аса таныс емес қоғамдардың өзімізден айырмашылығын көрсету үшін жасалады.
Жаһандық салыстыру, нақтырақ айтқанда, жаһандық үлгілерді салыстыру әлемдегі қоғам үлгілерінің мәдени ерекшеліктері арасындағы қатынасының статистикасын анықтау мақсатында жүргізіледі немесе ол қоршаған ортаның және мәдени ерекшеліктердің мәдениетке ықпалының статистикалық көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады. Aйтылған Джорд Питер Мердоктың тәсілі осындай салыстырудың ең жақсы мысалы бола алады. Басқармалы салыстыру зерттеу нысанының ішінде атқарылады. Ол зерттеу элементтерінің санын өз ыңғайымызға сай шектеуді білдіреді. Әдетте аймақ ішіндегі салыстырулармен шектеледі. Аймақтық салыстырулар әртүрлі мектептегі бірнеше антропологтардың еңбегінде қолданылды. Диффузионистер арасынан Фробениус негізінен аймақтық зерттеу әдістерін қолданды. Эволюционистер арасынан Стьюард аймақтық салыстыру әдісіне жүгінеді. Функционалистер арасынан А. Р. Радклифф-Браун және Фрэд Эгган жеке мәдениеттерді олардың орналасқан аймағын түсіну арқылы талдауға тырысты.
Жалпы алғанда, структуралистік антропологтар осындай аймақтық құрылымдарды түсін- діруге және сол аймаққа тән принциптерді анықтауға тырысты. Олар сол аймақтағы мәде- ниеттердің әртүрлі болуына шектеу қоятын құрылымдарды немесе бір-бірімен өзінше қызық жолмен байланысқа түсетін мәдени белгілерді зерттейді. Әдетте ол белгілер мәдениеттер арасында қолданысқа түскенде өзгеріске ұшырауға бейім келеді.
1920-1930 жылдары шығыс үнділерін қазіргі Индонезияны зерттеген голландиялық ғалым аймақтық салыстырудың құрылымдық түрін ойлап шығарды. Ол аймақтар голландиялық антропологтар арасында «этнологиялық зерттеулер даласы» деген атпен белгілі. Бұл теория бойынша әр аймақ «құрылымдық өзек» деп аталатын жиынтықтан құралады. Мысалы, алғашқы шығыс үнділерінің құрылымдық өзегі - үйлену. Олардың үйлену салты бойынша әйелдің шежіресі ер адамның шежіресінен жоғары мәнге ие. Бұл қоғамда адамдардың бір- бірімен байланысы некелік туысқандыққа негізделген. Осы мектептің көзқарастары туралы Д. П. Б. Йосселин де Йонг Лейден университетіндегі дәрістерде кеңінен баяндап берген. Соңғы он жылдықтарда Нидерландыдағы антропология марксистік теория жағына ауысып жатыр, дегенмен голландтық мектептер тарихи тұрғыдан алғанда жергілікті халықтар туралы білімі жағынан, үшінші әлем дамуының антропологиясынан, «аймақтық құрылымдық салыстыру» жүргізуден ең мықтылардың бірі болып есептеледі.
Аймақтық құрылымдық салыстыру жүргізу бойынша ең белді ғалым ретінде кезінде Лейден университетінен білім алған оңтүстік африкалық-британдық Адам Купер танымал. Оның 1977 жылғы дәрістері Д. П. В. Йосселин де Йонгтың қырық жыл бұрын жасалған дәрістерінің жалғасы секілді. Дәрістері өзі зерттеп жүрген Африкаға қатысты болатын. Купер көптеген мақалаларында және кітаптарында, әсіресе «Мал ұстауға қажет әйелдер» еңбегінде Оңтүстік Банту мәдениетінің туысқандық дәстүрінің, дәстүрлі саясатының, үй-тұрмысын жүргізу ерекшеліктерінің және символизмінің аймақтық құрылымдық негізінің түсіндірмесін табуға тырысты. Оның ойынша, кез келген мәдени белгіні түсіну үшін дәл сондай мәдени белгіні басқа мәдениеттен тауып, оларды өзара салыстыру керек.
Бір қарағанда шашыраңқы көрінетін мәдени белгілер егер жалпы Оңтүстік Банту аймағы аясында қарастырылса түсінікті болып шыға келеді. Жақын туысқандардың бір-біріне үйленуі қалыпты жағдайға айналған үш мысалды алайық: Тсвана ер адамдары өздерінен статусы төменірек әйелдерге үйленеді. Тсваналық қалыңдықтың қалың малы салыстырмалы түрде төмен; Оңтүстік Сото ер адамдарына статусы жоғары әйелдерге үйлену тән. Ол жерде қалыңмал салыстырмалы түрде жоғары; суазилық ер адам бұл екі түрлі жолмен де үйлене алады. Бірақ «төмен» статусты әйелдерге үйленгендер «жоғары» статустағыға үйленгендерден қалыңмалды аз төлейді. Бұл қоғамдарды салыстыру арқылы бір дәстүрдің қилы түрге өзгергенін көруге болады. Жалпы жүйені алатын болсақ, бұл қоғамдарда ықпалды адамдардың беделі оның қалың мал төлей алу қабілеттілігімен анықталатынын көрсетеді. Бір қызығы жақын туыстардың үйленуіне тыйым салынған мәдениеттерде ондай манипуляцияларға жол берілмейді және онда үйленудің эгалитарлы құрылымы қалыптасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz