Диффузионизм және тарихи - мәдени аймақтар теориялары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Диффузионизм және тарихи-мәдени аймақтар теориялары

Диффузионизм және тарихи-мәдени аймақтар теориялары

Тақырыптың мақсаты - мәдени динамиканы айқын суреттейтін диффузионизм феноме- ніне мәдени антропологиялық талдау беру.

1930 жылдары диффузионизм өз маңызын жоғалта бастаған кезде басқа мектептерден тарайтын жаңа идеялар жанданды. Солардың ішіндегі ең белгілісі - «тарихи-мәдени аймақ» теориясы. Бұл тармақ Франц Боас пен оның жолын қуушылар арасында бетке ұстар маңызды этнографиялық мектепке айналды. Сонымен бірге ол Джулиан Стьюардтың еңбектері арқылы эволюционизмде және XX ғасырдың бірінші жартысында пайда болған функционалистік және құрылымдық мектептерде көрініс таба бастады. Тарихи-мәдени аймақ және аймақтық өзгешеліктерге мән беріп зерттеу - диффузияға аса мән берудің нәтижесінде өсіп шыққан мектеп. Бұл дәрісте біз осы мектептің қалай пайда болғанын қарастырамыз.

Диффузионизмнің пайда болуы: филология, Мюллер және Бастиан

Диффузионизм XVIII ғасырдағы филологиялық мектептен бастау алады. Ол филология- лық мектеп барлық үнді-еуропалық тілдердің арасында өзара тарихи байланыс бар деген тұжырымды ұсынған еді.

Филологиялық мектеп: диффузионистерге дейінгі диффузионизм

1787 жылы ағылшын шығыстанушысы және адвокат Уильям Джонс Үндістанда сот қыз- метін атқарған кезде санскрит, грек және латын тілдерінің арасында өзара ұқсастық бар екенін анықтады. XIX ғасырдың бас кезінде пруссиялық дипломат, саяхатшы Александр фон Гумбольдттің інісі Вильгельм фон Гумбольдт еуропалық тілге жататын, бірақ үнді-еуропалық тілдер тобына кірмейтін баск тілін зерттеуге ден қойды. Йоханн Готтфрид фон Гердердің ізімен Вильгельм фон Гумбольдт зерттеуде тіл мен мәдениеттің өзара байланысына мән берді. Шамамен сол уақытта еуропалық ертегілерді жинақтаушылар ретінде аты шыққан Якоб Гримм інісі Вилгельммен бірге неміс тілін басқа үнді-еуропалық тілдерден өзгеше етіп тұратын дыбыстар жылжуы ережесін жасап шықты. Ал Франц Бопп үндіе-уропалық тілдердің грамматикасының салыстырмалы талдауын жасады. Аталған зерттеушілер еңбектерінің нәтижесінде кейінірек антропологияда диффузионизм мектебі пайда болды.

Лингвистиканың қалыптасу тарихындағы теориялық идеялардың дамуы әлеуметтік және мәдени антропологиядағы ұқсас идеялардың дамуына жол салып берді десе де дәл сол кездері бұл құбылыс өте баяу жүргендіктен, оны байқау қиын болатын. XIX ғасырдың соңында Германияда диффузионизм басты мектептердің бірі болғанымен, филология мен тарихи лингвистиканың байланысына мән бере зерттейтін көзқарастың Германияға қарағанда Британиядағы эволюционист антропологтарға ықпалы көп болды.

Британдық және неміс эволюционизмнің арасындағы байланыс бірнеше ғалымдар ар- қылы орнатылды, бірақ солардың ішіндегі ең атаулысы - неміс, ағылшын шығыстанушысы Фридрих Макс Мюллер. Кіндік атасы Фэликс Мендельсоннің ықпалы арқылы ол музыкамен айналысуын қойып, бірінші Бопттың жетекшілігімен Лейпцикте, содан кейін Берлинде санскрит тілдерін зерттеді. 1864 жылы зерттеуін жалғастыру үшін Оксфордқа барады. Сол жерде біржола орнығып, қызмет жолын жасап, «Қазіргі тілдер және салыстырмалы филология» бөлімінде меңгеруші болды. Лаббок сияқты Мюллер де либерал еді және саяси ықпалы бар көп адамдармен қоян қолтық араласты. Мәселен, ол король отбасына жақын болды және Ұлыбритания құпия кеңесінің кеңесшісі деген қызметке тағайындалды.

Мюллер өмірінің басым бөлігін шығыстың 51 томдық қасиетті мәтіндерін редакциялаумен өткізді. Сонымен бірге ол физикалық бірлік немесе физикалық ұқсастық деп аталатын эволюционистік идеяны және ежелгі Греция мен Римдегі діндер мін тілдер бастауын Үндістаннан алады деген диффузионистік идеяны дамытты. Ол соңғы аталған идеяны грек және үнді жерлеу рәсімдеріне антропологиялық салыстырмалы және олардың құдайларының аттарына филологиялық салыстырмалы талдау жасау арқылы зерттеді. «Тотемизмнің» тек «бір ғана түрі болады» дегендерді және «барлық қоғамдар діни сенім дамуының сатыларынан бірдей өтеді» дегендерді қатты сынға алды. Ол диффузионистік мектептің дамуына оң ықпал етті және біртізбекті эволюционизмді қатаң сынға алып, сол кездегі замандас британдық эволюционистер арасындағы процестердің дамуын жылдамдатты.

Мюллер сияқты Адольф Бастиан да - көрнекті тұлға. Оның негізгі көзқарасы диффузионистік емес, эволюционистік болды. Бірақ ол даривнизмнің қас жауы еді. 1860 жылдары Германиядағы Мұражай этнографиясының және этнография теориясының негізін салуға көп көмегін тигізді. Осылайша ол диффузионистік мектептің дамуына қажетті институттық негізді дайындап беру арқылы осы мектептің дамуына әсерін тигізді. Бірақ оның ізін жалғастырушылар ғалымның теориялық көзқарастарын қатаң сынға алған.

Бастиан өмірінің көп бөлігін кемеде хирург ретінде жұмыс істеп өткізді. Ол әлемді аралап, өзінің көрген-білген экзотикалық мәдениеттері туралы жазған. Өкінішке орай, оның еңбектері шектен тыс теңеулерге толы болды. Жазғандарын түсіну оңай емес. Сондықтан оның өте аз бөлігі ғана ағылшын тіліне аударылған. Сөзіміздің дәмін келтіру үшін оның Роберт Лоуи аударған кітабынан үзінді берейік. Тақырып асығыс қорытынды жасай салудың қауіптілігі жайлы: «Осылайша, біздің көз алдымызға кедейліктің құрақ жамауы мен жыртықтары келер еді. Ал егер біз сабарлықпен күтіп, деректерді түсіну үшін тереңірек үңілсек, Зевстің қасиетті еменге жайылған көрпесі сияқты шындықтың жылтыраған көрінісін көрер едік».

Бірақ Бастианның әлемге сыйлаған жаңалығы - теориялық қарама-қайшылық идеясы, оның «Бастауыш деңгейде ойлау» және «Халықтық деңгейде ойлау» арасындағы талдауы. Біріншісі кейін «мәдени әмбебап» деп аталды. Ол адамның физиологиялық бірлігін білдірді. Бастиан әлемнің бірнеше елінде ұқсас мәдениет элементтері бар және олар эволюцияның «бастауыш деңгейде ойлау» сатысын білдіреді деді. Ал керісінше, «Халықтық деңгейде ойлау» әр өңірдегі бір-бірінен өзгешеленетін мәдениетті білдіреді. Бұндай ойлау деңгейінің қалыптасуына қоршаған ортаның ықпалы мен тарихта болған оқиғалар тізбегі әсер еткенін айтты. Австриялық неміс антропологының «Халықтық деңгейде ойлау» идеясы диффузионизмге жол салды.

Таза диффузионизм

XIX ғасырдың соңында жазылған неміс және австриялық географ-антропологтардың еңбектері нәтижесінде диффузионизм үлкен танымалдыққа ие болды. Кейін бұл көзқарас XX ғасырдың бас кезіндегі екі британдық мысыртанушылардың қолында мәнсіз, мағынасыз ғылымға айналып кететінін көреміз.

Неміс-австриялық диффузионизм дәстүрі

Ең алғашқы ұлы диффузионисші - Фридрих Ратцель. Ол зоолог маман болатын, бірақ кейін география саласына ауысады. Осылайша ол өзінің «антропогеография» деп аталатын теориясының негізін қалады.

Ратцель аймақтарды картаға түсіріп, халықтардың көшіп-қонған жолдарын және әлем бойынша таралуын анықтау керек деді. Ол Бастианның физикалық бірлік идеясына қарсы болды және мәдениеттердің қарым-қатынасқа түсуі сол мәдениеттердің ортақ мәдени қа- сиеттерге ие болуының нәтижесінен деген дәлел ұсынды. Өзін ешқандай ғылыми көзқарастың өкілі ретінде таныстырмағанмен, адам баласы жаңа нәрсе ойлап шығаруға қабілетсіз деген көзқарасына сай оны нағыз диффузионистерге жатқызады. Оның ойынша, мәдениеттің жеке дүниелері таралуға икемді, бірақ бүтін «мәдениет кешендері» көшіп-қону арқылы таралған. Ғалымның ең атақты мысалы - Африка мен Жаңа Гвинеядан табылған оқ пен садақтың ұқсастығы. Ол аталған екеуінің арасында тарихи байланыс бар және екі өңірдегі екі түрлі адамдардың психологиялық шығармашылық ұқсастығы болады деді. Сонымен бірге ол мәдениет әрқашан жаппай қоныс аударудан, күштірек әрі мәдениеті ілгері адамдардың әлсіз адамдарды жаулап алуы себебінен дамыған деген пікірде болды. Осылайша, ол Морган және Тайлор сияқты эволюционистердей өз теориясына диффузионизм элементтерін кіріктірді. Ратцель өз теориялық ұстанымында эволюцияның мықты элементтерін ұстап қалған бірінші ұлы диффузионист болды. Бұл ғалымдардың айырмашылығы - олар мәдениеттің өркендеу жолын екі түрлі пікірде қарастырды. Бірі мәдениет өзін-өзі дамыту арқылы өркендейді десе, екіншісі мәдениеттер таралу арқылы өркендейді деген көзқараста болды.

Ол Лейпцигтегі жұмыс орнында көптеген ізденушілерді тәрбиелеп шығарды. Тек Германияда өзінің тікелей шәкірттерін тәрбиелеп қоймай, Солтүстік Америкадағы тарихи-мәдени аймақ теориясымен айналысушыларды және Англиядағы Тайлорды да оқытты. Әсіресе, Тайлор Ратцельдің Völkerkunde деп аталатын үш томдық жауһар еңбегін ерекше бағалайтын. Ол кейін «Адамзат тарихы» деген атаумен ағылшын тіліне аударылды. Осы уақыттан эволюционизм мен диффузионизм бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар ретінде қабылдана бастады. Бірақ екі мектеп адамзаттың мәдени тарихын түсінуде бірін-бірі толықтыратын, біріне-бірі тәуелді мектептер ретінде белгілі.

Ратцель бірінші болып әлемді қазіргі уақытта «тарихи-мәдени аймақ» деп бөлінетін топтарға бөліп қарастырды. Бірақ Лео Фробениус оның әдісі мен теориясын біршама толықтырды. Фробениус - өз ізденісімен білімін жетілдірген африкалық зерттеуші және мұражай этнологы. Оның жаны әлем мәдениеттері дамуындағы ортақ тұстарды зерттеуге жақын болды. Зерттеулері нәтижесінде ол «мәдениет шеңберлері» деген идеяға келеді. Ол бойынша белгілі бір ұлы мәдениет белгілі бір себептермен әлем бойынша таралған және оған дейінгі сол аймақтарда болған бұрынғы мәдениеттермен араласып кеткен. Мысалы, найза мәдениетінің орнына садақ пен жебе мәдениеті келген. Осы мәдениет шеңберлері теориясы Германия мен Австрияда 1890 жылдардан 1930 жылдарға дейін басымдыққа ие болып тұрды. Алайда өзінің соңғы еңбегінде Фробениус «Пайдеума» деп өзі атаған мәселеге аса көп көңіл бөледі. Бұл термин грек тілінде «білім» дегенді білдіреді. Бірақ Фробениус бұл сөзді Volksgeist деп аталатын классикалық романтикалық идея мағынасында қолданды

Бұл - кез келген мәдениеттің «жаны». Ол сол мәдениетке тән барлық қасиеттерді және сол мәдениеттің принциптерінің табиғатын анықтайды. Сонымен бірге ол африкалық мәдениеттің жұмыс істеу принципін зерттей отырып, «әлем бейнесі» деген ұғымды қалыптастырды. Ол ұғым Америка антропологиясының релятивистік кезеңінде кең қолданыста болды. Фробениус Африка үшін екі түрлі негізгі әлем бейнесін ұсынды:

  1. «Эфиопиялық» (мал және егін шаруашылығын жүргізетін, патрилинейлікті ұстанатын, ата-баба рухына табынатын, жерге табынатын т. с. с. ) ; «Хамиттік» (мал шарушылығымен және аң аулаумен айналысатын, матрилинейлікті ұстанатын, рухтар мен сиқырға сенбейтін т. с. с. ) ; Ол біріншісін Мысырда және Африканың шығысында, батысында және орталық бөлімінде қоныстанады деді. Екіншісін Сомали түбегінде және Оңтүстік және Солтүстік Африкада қоныстанған деп жорамалдады.

Фробениустың ойынша, осы екі әлем бейнелері негізінде жеке өзіндік ерекшеліктерге ие мәдениеттер қалыптасып, Африка бойымен немесе кей жағдайларда Азиядан немесе Еуропадан Африкаға таралған. Ерте мәдениеттегі аң аулаушылық немесе жиып-терушілік секілді алғашқы қабаттар белгілі бір тарихи өңірлерде не мәдениеттің астыңғы бөлігінде қалып қалады немесе мәдениеттің өзінде сақталады. Осы өңірлер тарихи-мәдени аймақтар деп аталады. Олар бірнеше сатылы мәдени диффузиялардың нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан да Фробениус Африкадағы мәдениетті бірнеше қабаттар кешені деп есептеді. Егер сол қабаттарды салыстырмалы түрде талдаса, олардың тарихи байланысын анықтауға болады деген ойда болды. Оның түсінігінде этнология археология сияқты болды. Бірақ этнологияның археологиядан ерекшелігі этнологияда қазіргі уақыттағы халықтарды зерттейтін этнографиялық жұмыстар оның әдістемелік негізін құрайды.

Ратцель мен Фробениустан соң Фритц Гребнер мен Вильгельм Шмидт Kulturkreis зерттеулерінен алға шықты. Мұражайшы Гребнер бірінші Океания елдерінің, содан кейін әлем елдерінің материалды мәдениетінің ұқсастығын зерттеумен айналысты. Ратцель мәдениеттердің сапа жағына көңіл бөлсе, Фробениус сандық жағына көп мән берді. Ал Гребнер болса, осы екеуін біріктірді. Ол кез келген мәдениеттің тарихи байланысын анықтау үшін оның сапа жағына да, сан жағына да жеке-жеке мән берілуі тиіс деді. Осы әдісті қолдану арқылы ол «Тасмандық», «Австралиялық бумеранг», «Меланезиялық садақ» және «Полинезийлік патрилинейлік» атты мәдени шеңберлерді анықтады. Оның ойынша, осы шеңберлер - Тынық мұхиты бойынша таралған ең күшті мәдени толқындар. Гребнердің қызмет жолында бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Австралияның қоршауға алынуына байланысты біраз қиындықтарға жолықты. Оның үстіне 1926-1934 жылдар аралығында ғалымның психикалық ауруға шалдығуы оның қызмет жолына кедергі жасады. Десе де географиялық мәдени шеңберлерді және мәдени қабаттарды табу мақсатындағы ғылыми бастамасы диффузионистік мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Оның Die Methode der Ethnologie атты кітабы классикаға айналды.

Африка діндеріне ерекше қызығушылық танытқан католик діни қызметкері Шмидт «Африкалық Пигми мәдениеті» Гребнердің «Тасмандық мәдениетінен» әлдеқайда «қарабайыр» деген ойда болды. Ол негізгі төрт мәдени шеңберлерді бөліп берді.

Алғашқы аң аулашылар мен жиып-терушілер мәдени шеңберінен соң Бірінші бақташылар шеңбері пайда болды. Осы сатыда патрилинейлік пен матрилинейлікке бөліну басталды. Шмидтің ойынша, адамдардың өз технологиялық қабілеттеріне деген сенімінің күшеюіне байланысты олар азырақ табынып, көбірек сиқырға тәуелді бола бастады. Екінші шеңбер қарабайыр еді және бірінші шеңбердің ерекшеліктерін араластыру нәтижесінде қалыптасқан. Бұның нәтижесінде ауыл шаруашылығы, патшаға табыну және көп құдайға табыну пайда болды. Оның үшінші шеңбері екінші шеңбердегі әртүрлі мәдениеттер ерекшеліктерінің бір-біріне сіңісіп, араласқан кешендерінен тұрды. Осы шеңберлерден ежелгі Азия, Еуропа және Америка өркениеттері қалыптасты.

Шмидтің негізгі мақсатының бірі әлем діндерінің тарихын жасап шығу болатын. Ол осы тақырып бойынша он томнан аса кітап жазды. Оның ойынша, дін қарабайырғы монотеизмнен бастау алған. Ол адамзаттың ежелгі жалғыз әрі шынайы құдайы туралы білімінен шықты. Шмидт әр келесі буын технологияны бір саты дамытып отырған және күрделірек әлеуметтік құрылымдар қалыптастырған деді. Сонымен бірге олар ең алғашқы монотеисті дінінен алшақтап кеткен деген пікірде болды. Осылайша, Шмидтің ұстанымында примитивизм мен эволюционизмнің де элементтері бар еді. Бұл диффузионистік көзқарастың қарама- қайшылықтарын көрсететін.

Британдық диффузионизм дәстүрі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі диффузионизм мен аймақтар теориясы
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
«Этнология» пәнінен дәрістер
Психологиялық ( Ф. Боасаның тарихи мектебі ) антропология
Этнология пәні және міндеттері
Малиновский мен Радклифф - Браунның ықпалы
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы
Антропологиялық әдіснама және парадигмалар
Жұмсақ регионализм - қатал регионализмге балама
Әлемдік мәдениет пен өркениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz