Когнитивтік ғылымдар бағытында: АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Когнитивтік ғылымдар бағытында
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Когнитивтік ғылымдар бағытында
1941 жылы Уорф кенеттен қайтыс болған соң антропологияда оның зерттеген тақырыптары- на деген қызығушылық сөніп қалды. 1950 жылдары лингвистикалық антропологияға деген қызығушылық қайта көтеріле бастаған кезде лингвистка дескриптивті бағыттан құрылымдық бағытқа ден қойды.
Құрылымдық лингвистикадан келген идеялар антропологияға структурализм арқылы және жіктеу мәселелеріне көбірек мән берген релятивистік антропология арқылы еніп отырды. Біз осы жіктеу мәселелерімен байланысты енген идеяларды қарастырамыз.
Құрылымдық семантика
Дат лингвисті Луи Ельмслевтің атақты мысалын алайық: сұр түстер және ағаштар шоғыры. Уэль тіліндегі сұр түстер сөзі ағылшын тіліндегі сұр түстерден өзгешеленеді. Өйткені уэль тілінде ол аз ғана түстерді қамтиды. Уэль тіліндегі сұр cөзі ағылшын тіліндегі жасыл сөзіне қарағанда қамтитын түстер спектрі тар. Уэль тіліндегі gwyrdd сөзі ағылшын тіліндегі green (жасыл) түс, барлық көк түстер және сұр түстің кейбір түрін білдіретін түстер тобына қолданылады. Lіwyd түсі сұр түстің кейбір түрін және қоңыр түстің кейбір түрінің жиынын білдіреді.
Сол сияқты біз ағаш, тоғай және орман сөздерін дат, неміс және француз тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырғанда екі тілде толығымен бірдей болатын баламаның жоқ екенін көреміз. Тіпті балама сөздер саны бірдей неміс және француз тілінде толық сәйкес келетін сыңары жоқ. Француз тіліндегі bois cөзі (ағаш, тоғай немесе тоғайлы жер дегенді білдіреді) неміс тіліндегі Holz (ағаш, кішігірім тоғайлы жер) сөзінен ауқымдырақ. Француз тіліндегі forêt (ну орман) категориясы ағылшын тіліндегі forest сөзіне сәйкес келеді. Оның мағынасы неміс тіліндегі Wald (тоғайлы жер, сирек орман) сөзінен тарлау. Егер немісшелеп ағылшын немесе француз тіліндегі forest мағынасындағы сөзді айту керек болса, немісше großer Wald (үлкендеу орман) деп айту қажет болады. Бір де бір тіл барлық түсті жіктеп бермейді. Барлық түстердің жігін беру мүмкін болмас еді. Өйткені табиғатта толқынының ұзақтығына қарай және түстің қанықтығына қарай бір түстің шексіз түрлері кездесуі мүмкін. Тіл мағына беру үшін құрылым жасайды, мәдениеттер де солай жасайды. Кей кездері құрылым таза лингвистикалық тұрғыда құрылады. Мәселен, түс түрлері сияқты немесе ағаштарға қолданылатын түрлі сөздердің мысалындағыдай. Ал басқа кездері ол әдеп қағидаларына немесе дұрыс болып есептелетін киіну мәнеріне қатысты болуы мүмкін.
Америкалық лингвист Кеннет Пайк 1954 жылы 762 беттен тұратын Адам мінез-құлқы құрылымының біркелкілігі жайлы теорияның тілге қатысы атты еңбегінің бірінші бөлімі үлкен ғылыми жаңалық алып келді. Ол дыбыс пен мағынасы бар дыбыс бірліктері арасындағы байланыс идеясын басқаша қолданды. Кез келген нәрсенің бірліктері мен кез келген нәрсенің мағынаға ие бірліктері арасындағы байланысты қарастырды.
Фонетика - адам шығара алатын әртүрлі дыбыстарды, ал фонема болса, қарастырылып тұрған тілдегі басқа дыбыстардан ерекшеленетін дыбыстарды зерттейді. Ендеше, мысалға испан және португал тілдеріндегі дыбыстар арасындағы айырмашылықты салыстыруға бола- тын болса, онда осы екеуінің тіліндегі не мәдениетіндегі кез келген деңгейлерді салыстыруға болады деген сөз.
Этик дегеніміз - әмбебаптық немесе заттарды объективті түрде зерттеуге мүмкіндік беретін деңгей.
Эмик - белгілі бір тіл мен мәдениет ауқымындағы мағынасы басқаларынан өзгеше болуы мүмкін заттардың деңгейінде зерттеу жүргізу.
Біз эмикті әртүрлі тұрғыдан не кестеге салып қарау деп түсіндіре аламыз. Классикалық мысалға Линнейдің жүйесін; медицинадағы ауру түрлерін; жарық толқынының өлшем бірлігін; музыкадағы хроматикалық өлшем және шежіре кестесін жатқыза аламыз. Кейбір радикалды релятивистер бұндай кестелердің әмбебап екендігіне күмәнмен қарағанымен де, олардың бар болуының өзі мәдениетке тәуелсіз әмбебаптылықтың болатынын және өз мәдениеті тұрғысынан қарағандағы бір-бірінен өзгешеленетінін көрсетеді.
Эмик сөзінің нақты мағынасы ұзақ уақыт бойы үлкен пікірталас туғызып келді. Харрис оны информанттардың мәлімдемесі ретінде түсінетін болса, Пайк эмик жүйесінің құрылымдық табиғатына көбірек мән берді. Информанттар өз тілінің грамматикасын түсіндіре алмайтыны сияқты олар өздерінің мәдени түсініктері мен іс-әрекеттері негіз етіп отырған эмик жүйесін түсіндіріп бере алмайды. Ол жүйені анықтау - информанттың ісі емес, зерттеушінің жұмысы.
Пайктің бірінші еңбегінен соң антропологтар эмик пен этик категориялары арасындағы байланысты анықтауға күш салды. Осы бағытта кешенді әдіснамалар жасалды, күрделі пікірталастар болды. Бұдан кейін жазылған Уард Гудэнафтың Микронезия аралындағы трук тұрғындарының туысқандық атауларға қатысты жазылған атақты жұмысынан соң кейбір антропологтар туысқандық атауына қайта мән бере бастады. Эмик құрылымдар мәдениеттің басқа бөлігіне қарағанда туысқандық атауларда анық байқалады. Оларды зерттеуде зерттеуші денотатты сигнификаттан, компоненттен, конотаттан, дезигнаттан немесе заттар класынан оңай ажырата алады.
Біздің жағдайда ағылшын тілін қолданып ағылшынша uncle сөзін қарастырайық. Бұл жердегі дезигнат - uncle сөзінің өзі. Денотата туысқандық қатынасты көрсетеді: әкенің бауыры, ананың бауыры, әкенің апа-қарындастарының жолдасы, ананың апа-қарындастарының жолдасы тағы сол сияқты. Кластың анықтамасын беру үшін сол класқа жататын адамдардың барлығын атап шығуға болады. Бірақ ол жауап қанағаттандырарлықтай болмайды. Оның орнына жіктеу принциптерін түсініп алған тиімдірек.
Жіктеу принциптері сигнификатта немесе компонетте көрініс табады. Uncle класы үшін компонент ер адам (uncle сөзін aunt сөзінен ажырату үшін), бірінші жоғарғы буын (uncle сөзін nephew сөзінен ажырату үшін), қандас туыс немесе қандас туыстың жолдасы (uncle сөзін father-in-law сөзінен ажырату үшін), колатералды (uncle сөзін father сөзінен ажырату үшін). Осы төрт компонентті анықтап алу арқылы біз uncle сөзінің мағынасын шығарамыз. Мысалы, авункулат туысқан болудың ерекшеліктері қандай немесе жалпы бұл қандай әрекет әдебінің болуын талап етеді. Бұлардың бәрі компонентті талдаудың бөлшектері емес, бірақ ол осындай өлшемдерге сүйенеді.
Компонентті талдаудың тағы бір өлшемі кез келген атаулар жиынтығына біз бірнеше дұрыс жауап бере аламыз.
Ол мына кестеде көрсетілген.
Онда ағылшын тіліндегі қандас туысқанға қолданылатын атау сөздің талдауы берілген. Оның біріншісі ең дұрыс деп қабылданған нұсқасы. Алайда маған ол жерде көрсетілген тіз- бектес, колинеалды, аблинеалды туысқандар арасындағы айырмашылық тым майда және ойға қонымсыз болып көрінеді.
Екіншісі, өз кезінде психологиялық шындықа жанасады және ағылшын тілінде сөйлеу- шілердің ойлау процесіндегі туысқандарды ресми жіктеу ерекшелігін көрсете алады деп баға- ланды. Бірақ ағылшын тілінде ана тілі ретінде сөйлеуші адам мен үшін ата-әжені немеремен немесе ата-ананы балаларымен қатар қою және 0-буынның өзін ғана қою - ұрпақтарды үлкенінен кішісіне қарай ретпен қоюға қарағанда мәнсіздеу болып көрінеді.
Кестеде көрсетілгендей компонентті талдаудың нәтижесінде бірнеше нұсқа болуы мүмкін, яғни компонентті талдауда нақтылық жоқ. Олай болу себебі талдаушы талдап отырған адамдардың ақпаратты қабылдау ерекшелігіне қарап жасамайды, ол лексикалық құрылым- дарды басшылыққа алып талдау жасайды.
Бір жағынан қарағанда бұл осы талдау тәсілінің шектеулі екенін көрсеткенімен де, ол көп қиындық тудыратын нәрсе емес. Өйткені егер біз тіпті бір мәдениет өкілдері өздерінің де сан қилы ойлауы мүмкін екеніне дайын болсақ, талдаудаға ұсынылған әртүрлі нұсқаларды түсіну қиын болмайды. Лингвистикада көп зерттеушілер ең жақсы грамматикалық талдау ең қарапайым талдау деген түсінікте. Олар әдетте жасалған талдаудың зерттеліп отырған тілде сөйлеушілер үшін бейімделгенін не бейімделмегендігін ескере бермейді.
Осы орайда осындай зерттеулерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz