Әмбебап эволюционизм


Реферат
Әмбебап эволюционизм
Әмбебап эволюционизм
Тақырыпты оқудың мақсаты - қазіргі мәдени антропологияда кең таралған эволюционистік мектептерге талдау беріп, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Дін тақырыбына бірнеше ғалым көңіл бөлді. Солардың ішінде екеуі ерекше орын алады, өйткені олар осы пәнге үлкен ықпал етті және жұмыстарының сапасы өте жоғары болды: Тайлор мен Фрэзер. Екеуі де ұзақ өмір сүрген. Осылайша, ондаған жылдар бойы олардың сәтті басылымдары және ел алдында сөйлеген сөздері біртізбекті эволюционизмнің көзқараста- рын білдіріп келді. Әсіресе, Фрэзердің көзқарастары жаңадан пайда болып келе жатқан диффузионистік, релятивистік идеяларға соққы беруші болды. Өйткені соңғылары алдыңғы идеяларға қарсы пікірде болды. Эдуард Тайлордың «Антропологияға кіріспесі» оның Солтүстік Америкаға жасаған іс-сапарынан соң пайда болды. Ол Гаванадан Мексикаға қоныс аударғалы жатқан саяхатшы және өзі сияқты ағылшын квакері Генри Кристимен кездесті. Тайлор онымен бірге сапарға шығады және өз көргендерін жазып, бірінші кітабын шығарады. Осы жұмысында және одан кейінгі еңбектерінде, әсіресе «Алғашқы қауымдық мәдениет» атты еңбегінде, ол мәдениет эволюциясын «Ежелгінің қалдықтары» доктринасы арқылы талдап жазады. Бұл доктринаның идеясы қазіргі мәдениетте өз қызметінен айырылған элементтер бар, бірақ солардың мәдениетте сақталуы әлгілердің сол мәдениет үшін кезінде маңызды болғандығын көрсетеді дегенді білдіреді. Мысалы, Морганның туыстық атаулары осының жақсы мысалы бола алады. Тайлордың тағы бір сүйікті мысалы киімдерге қатысты. Киім бастапқы кезде өз міндетіне сай қолданылған, бірақ Фрэзердің кезінде олар тек әдемілік, сән үшін ғана киілетін болды: мысалы, жакеттің беліндегі қолданылмайтын түймелер, ылғи да қайырылып тұратын жаға. Тайлор зерттеуінің ішіндегі ең қызықты жағы - оның Лондондағы оқушыларды зерттеу әдісі. Оның ойынша, балалар әлі толық ер жетпегендіктен және білімдері толық болмағандықтан, олардың бойларында алғашқы ойлау түрінің элементтері бар. Ол дін саласындағы зерттеуінде ежелгі ғұрыптар мен сенімдердің қалдықтарында олардың бастапқы мағынасы ұмытылған дейді. Бірақ өркениетті адамның бойындағы инстинкті және примитивті ойлау жүйесі ежелдегі діни идеялардың қалай дамығандығынан хабар бере алады.
Әмбебап эволюционизмнің ең танымал өкілдері - австралиялық археолог Чайлд Вир Гор- дан және америкалық мәдени антрополог Лэсли Уайт. Олардың солшыл саяси көзқарастары Маркс пен Энгельсті және оларға қатты ықпал еткен Морган сынды антропологтардың теория- ларын қайта қарап шығуға әкелді.
Чайлд Вир Гордон
Чайлд австралиялық солшыл лейбористер партиясының көрнекті өкілі болатын. Сондықтан оның көзқарастары ол жұмыс істегісі келген консервативті австралиялық университеттерде қолдау тапқан еді. Ол 1921 жылы Британияға қоныс аударды. Содан кейін 1927 жылы Эдинбургта археология бойынша қызметке кіруге келісім бергенге дейін Еуропаны аралап шықты. Кейінірек ол Лондондағы Археология институтына ауысты. Өмірінің соңында Австралияға қайта оралды. Британияда далалық археолог және теорияшы ретінде үлкен атаққа қол жеткізді. Оның идеялары археологияда кеңінен қолдау тапты. Бұның себебі археология мәдени антропологияға қарағанда әмбебап эволюционизмге жақын болғандығында.
Адам баласының тарихы және олардың қолданған технологиялары археологиялық қаз- балар арқылы анық көрінеді. Осыған байланысты Чайлд алғашқы қауым мен тарих екеуі зерттеудің бір нысаны болса да, бірақ әртүрлі әдістермен зерттелуі керек деген пікірде болды. Бұл пікір сол кездегі археологтарға өте қызықты көрінді. Чайлд көптеген еңбектер жазды, бірақ солардың ішіндегі екеуі ең ықпалды кітаптар ретінде танымал болды. Адам өзін-өзі жасайды деп аталатын еңбегі адамзат тарихын біртұтас талдайды. Кітап бірнеше құрлықта танымал болды. Оның осыған дейінгі жұмысы тек Еуропа төңірегінде ғана белгілі еді. Онда ол адамзат эволюциясын аң аулаушылық пен жиып-терушіліктен ауыл шаруашылығының гүлденуіне, одан мемлекеттердің қалыптасуына, содан урбандық революцияға, кейін «білім саласындағы революцияға» ұласқан тізбекпен қарастырады. «Тарихта не болды?» кітабы алдыңғы кітаптың жалғасы ретінде жазылды, бірақ ол пессимистік көңіл-күйде болатын. Дүниежүзілік соғыстың бас кезінде жазылған бұл еңбекте Еуропа жаңа «қараңғылық дәуіріне» бара жатыр делінген.
1957 жыл - Чайлдтың өмірден өткен жылы, бұл кез - оның археология мен әмбебап тарихты дербес әлеуметтік ғылымдар ретінде көру арманының орындалуына әлі тым алыс болатын.
Лесли Уайт
Бірыңғай релятивистердің ортасында қалған жалғыз эволюционист Уайттың жағдайы Чайлдікінен әлдеқайда ауырлау еді. Ол қырық жыл бойы Мичиган университетінде қызмет етті. Осы аралықта ол жүйелі түрде «неоэволюционист» студенттер мен әріптестерінің жаңа буынын тәрбиелеп шықты. Пуэбло халқы туралы бес этнографиялық еңбек жазды, дегенмен де ол өзінің теориялық еңбектерімен белгілі. «Мәдениет - ғылым» атты мақалалар жинағынан тұратын көптомдығында ол мәдениетті бірнеше бөлшектен құралған, тез өзгеріске түсетін символикалық жүйе ретінде қарастырды. Оның ойынша, мәдениеттің ең негізгі бөлігі - технология. Ол осы құбылысты зерттейтін ғылымды «мәдениеттану» деп атауды ұсынды. Зерттеу сұрағын былай қою психологияның зерттеу нысанасын ұрлап алумен тең, бірақ ол психологияның дәстүрлі теориясына қарсы шығады. Өйткені ол тарихты технологияның ықпалымен өзгеріске түскен мәдени күштер жиынтығы ретінде қарастырады. Оның социологиямен байланысы да осыған ұқсас. Бұл ғылым әлеуметтік байланыстарды зерттеуге бағытталған социологияның көп сұрақтарына жауап бере алатын еді.
Уайт «Мәдениет эволюциясы» еңбегінде эволюцияны «приматтық революциядан» Римнің құлауына дейінгі аралықта қарады. Ол мәдени эволюцияның негізгі механизмі «энергия» деп есептеді. Ертеректе энергия адамның бойында ғана болған. Кейінірек ер адамдар мен әйелдер энергияның басқа түрлерін басқаратын болды: от, су, жел т. с. с. Өндірістік құралдың дамуы, жануарларды қолға үйрету, өсімдіктерді қолдан өсіру, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы - барлығы мәдени эволюцияны тездетті және эволюциялық теорияның дамуына жақсы жағдай жасады.
Эволюционизмнің уайттық стилін ол өмірден өткен соң студенттері жалғастырды. Маршалл Саллинс, Эльман Сервис, Марвин Харрис және басқа да көптеген ғалымдар Лэсли Уайттың еңбектеріне қарыздар. Десе де, мәдени экологияның өрлеуімен олардың көзқарастары Уайттікіне қарағанда тар ауқымда болды және олар көптізбекті көзқарасты ұстанды. Бір қызығы аталған авторлар өз шығармаларында Маркс пен Энгельстің еңбектерін ерекше атап өтеді, ал Уайт болса, олар жайлы өз ізденістерінде аса көп айтпаған еді.
Әмбебап эволюционизмнің біртізбекті эволюционизмнен артықшылығы шамалы болды. Өйткені ол теорияға байланысты пікірталас жүргізу қиын еді. Көпшілік технология дами келе және уақыт өте қоғамдар күрделене түседі деген оймен келісетін, бірақ оның ар жағында не жатыр? Бұл ойды әрі қарай дамыту үшін әлдеқайда күрделі және қарама-қайшылыққа толы көзқарас керек еді.
Джулиан Стьюард (1902-1972)
Көптізбекті эволюционизмді Иллинойс университетінің ұстазы Джулиан Стьюард ойлап шығарды. Оның бұл теорияны ойлап шығаруына себеп болған нәрсе - әмбебап эволю- ционизмнің бұлдыр жалпылама тұжырымдары мен біртізбекті эволюционизмнің көп сұрақ туындататын тұжырымдарынан алыс кеткісі келуі. Бұл қиындықтардан құтылу үшін ол әлемнің әр түкпіріндегі аймақтарға әртүрлі технологиялық және әлеуметтік эволюция траекториясын ұсынды. Бұл траекториялар экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді еді. 1955 жылы бұл теория танымалдылыққа ие болды. Сол жылы Стьюардтың ең басты мақалалары кітап ретінде басылып шықты. Ол кітабында технологиясы дамыған қоғамдарды талдауға мән бергенімен, оның Калифорниядағы Шошони тайпасын зерттеген этнографиялық жұмысы және жиып- терушілерге қатысты салыстырмалы талдауы оның еңбегін біртуар жұмысқа айналдырды.
Стьюард, кейінірек Сервис жиып-терушілер керек ресурстарды қолданудың ең тиімді және бірегей жолын дамытқан деген ойды ұсынды. Жиып-терушілер ресурстарды тиімді түрде игеруді тек қана технология арқылы емес, сонымен бірге маусымдық көшіп-қону, территориялық бөлу және қойылған мақсатқа сай топтаса жұмыс істеу арқылы да дамытты.
Джордж Питер Мёрдок (1897-1985)
Дәл сол кезде осымен бір уақытта көптізбекті экологиялық көзқарас басқа әдіспен қалыптасып жатыр еді. Оны Джордж Питер Мёрдок алдымен Йель, сосын Питтсбург уни- верситеттерінде дамытты. Мёрдок «Мәдениетаралық зерттеу» бөлімінің негізін салды. Кейін ол бөлім «Адам қарым-қатынастары бойынша құжаттар» бөлімі деп өзгертілді. Осы бөлім арқылы ол әлемдегі мәдениеттер жөнінде ақпарат жинағысы келді. Ол мәдени ерекшеліктердің әлемдегі таралымын өзара байланыстырып, жеке немесе ұқсас мәдениеттердің және жалпы мәдениеттің тарихи даму траекториясын жасап шығу үшін ғалымдарға деректер жинауды көздеді. Оның ең жақсы кітабы - «Әлеуметтік құрылым». Онда автор 250 қоғамның түрін осы мақсатта жинақтап берген. Біршама ғалымдар оның жолын қуды. Атап айтсақ, «Адам қарым- қатынастары бойынша құжаттар» бөлімінде жұмыс атқарған Мэлвин мен Кэрол Эмберлер және оның кейбір еңбектеріне жүгінген Кэмбридждегі Джэк Гуди.
Сіздерге мысалдап Мёрдок ұсынған теорияны түсіндіріп берейін. Мёрдоктың жұмысынан әлдеқайда бұрын жаңа отбасын құрушылардың тұрмысында белгілі бір қалыптасқан ережелердің болғандығы ғылымда мәлім еді. Мысалы:
- патрилинейлі тәртіптегі қоғамдарда вирилокалды түрде отау құрылады (әйел адам кү- йеуімен тұрады) ; матрилинейлі тәртіптегі қоғамдарда уксорилокалды (ері әйелімен тұрады) немесе вириа- вункулокалды отау құрылады (әйел адам күйеуінің анасының бауырларымен тұрады) .
Мёрдок осындай отау болу түрлері арасындағы статистикалық байланысты анықтады, со- дан кейін олардың түпкілікті себептерін табуға тырысты. Басқа ерекше белгілер арқылы өзара статистикасын байланыстырды. Мысалы, күн көріс көзі, туыстық атаулар сияқты мәселелерді қарады. Ауыл шаруашылығында негізінен әйелдер еңбектенеді. Ондай қоғамдарда әйелдер өздерінің кәсібін және жер телімін қыздарына қалдырады. Сөйтіп іс жүзінде матрилинейлі топ қалыптасты және матрилинейлі тәртіптің идеологиясы пайда болды. Осыдан кейін Мёрдоктың айтуынша, «ирокез типті туыстық атау» қолданысқа енеді. Ол бойынша жиен апа- қарындас, сіңілі мен жиен бауырлар жеке-жеке атаулармен айтылады да, ал әке жақтан апа- қарындастары, не оның апа-қарындастарынан туған балалардың бәрі бір туыстық атаумен аталады. Туыстық атау жүйесінің осындай түрін «қарға типтес туыстық атау» деп атайды. Бұндай жүйенің қалыптасуына себеп - әкенің апа-қарындастарының бір шаңырақ астында тұруы. Егер онда матрилинейлі тәртіп орныққан болса, олардың бәрі бір матрилинейлі туыстық топқа жатқызылатын еді. Шындығында, «қарға типтес туыстық атаулар» тек қана матрилинейлі тәртіп тұрақты орныққан қоғамдар үшін дұрыс болды да, ал басқа тәртіптегі қоғамдар үшін дұрыс келмейтін. Мёрдок осы ойын былай дәлелдеді: қоғамдағы шежіре тарату түрі ауысқанда, туыстық атаулар да өзгереді. Сол себепті біз мәдениеттің осы элементтері арасында себеп- салдарлы, эволюциялық өзара байланыс бар дей аламыз.
Социобиология
Неодарвинизм - екі түрлі негізгі және бір-бірінен мүлдем өзгеше мектептердің бірігуі- нен тұратын көзқарастар: социобиология және «революционистік» (тар ауқымдағы эволю- ционизмге қарама-қарсы мағынаны білдіреді) . Бірінші мектеп - биологияның жалғасы. Екіншісі - XIX ғасырдағы жаратылыстың шығу тегі мәселесін және тіпті XIX ғасырдағы тотемизм мен примитивті промискуитет сұрақтарын қарастырады.
1970 жылдардың соңында әлеуметтік ғылымдар саласында жаңа үлкен эволюциялық мектеп қалыптаса бастады. Әсіресе, бұл Америка Құрама Штаттарында қатты байқалды. Ол - «социобиология» ғылымы еді. Ғылымның бұлай аталу себебі, оның негізін қалаған Э. О. Уильсон өз кітабын осылай атаған болатын. Онда ол адамзат мәдениетін және қоғамды адамның хайуандық табиғатының нәтижесі деп қарады. Уилсон биологиялық көзқарастардың бірнеше түрін қоса қолданып, Дарвин сияқты солардың нәтижесін адамзатты түсінуге пайдаланды. Бірақ Дарвиннен айырмашылығы - ол барлық адамзат мәдениетін бірлікте қарады. Уилсон Дарвиннің принциптерін қолдану арқылы термиттердің, бақалардың немесе қасқырлардың әлеуметтік өмірін түсінуге болатын сияқты, адамдардың да өмірін түсінуге болады деп ойлады. Антропологиялық деректерді талдай келе ол соғысты топтық таңдау, саяси құрылымның дамуын жар таңдау, өнерді құрал қолданудың ерекше көрінісі, ритуалды музыканы коммуникацияның бір тармағы, этиканы өзгенің басқаға беруге деген құштарлығы ретінде қарастырды. Ол отбасы немесе жамағат ішіндегі альтруизм бір гендегі жақсы жетістікке жете алмағандарды көтеру қызметін атқарады деген тұжырым айтты.
Антрополог Робин Фокстің көзқарастарына социобиология ағымы қатты ықпал етті. Оның көзқарасы өзінше қызық. Өйткені ол адамдардың туысқандық жүйесі өз бастамасын жануарлар қоғамынан алады деп есептеген. Фокс адамдарға тән туысқандық жүйе адамға жатпайтын приматтардан да табылғанын айтады. Приматтардың кей түрлері пан-буындық түрде топтың ішінде қосылады, ал екінші бір түрлері тек қана «қауым-қауыммен» қосылады. Бұл пікір Клод Леви-Стростың құрылымдық антропологиясындағы инцестке тыйым салу жануарлар мен адамдар арасындағы айырмашылықтың шекарасын көрсетеді деген теориясына қарсы келеді. Тек адамдар ғана табу қоя алады. Леви-Стросс үшін инцестке тыйым салу - адам табиғатының бір бөлшегі, өйткені ол барлық қоғамда бар, бірақ ол әр мәдениетте әртүрлі болатындықтан, сол мәдениеттің болмысын көрсетеді. Леви-Стросс кей мәдениеттерде бөле-жиендердің некелесуіне тыйым салынса, кейбірінде бұл қалыпты жағдай екенін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz