Жетілмеген ой дегеніміз не. АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Жетілмеген ой дегеніміз не?
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Тақырыпты оқудың мақсаты: француз мәдени антропологиясында кең тараған логика- лыққа дейінгі ойлаудың бір формасы - жетілмеген ой туралы идеяларды герменевтикалық сараптау.
Әртүрлі мәдениетте өмір сүретін адамдар әртүрлі ойлай ма? Егер солай болса, ойлаудың бір түрлері басқаларына қарағанда толық жетілмеген бе? Біз кей мәдениеттер басқа мәдениет- терге қарағанда жетіліңкіремеген деп айта аламыз ба? Жетілмеген ой түсінігі кем дегенде XIX ғасырдан бастап қолданыста болды. Бірақ XX ғасырда оның мағынасы өзгеріске түсті. XX ғасырдағы жетілмеген ой айналасындағы сұрақтар мынадай болды: Егер жетілмеген ой бар болса, онда ол тек жетілмеген халықтарға ғана тән бе, жоқ әлде ол әмбебап па және барлық мәдениетке тән бе? Жетілмеген ойды рационалды оймен теңестіруге бола ма, жоқ ол екеуі екі түрлі ме? Ол шындығында батыс әлемінің ғылыми ойына қарағанда әлдеқайда рационалды ма? Осы сұрақтардың жауабын табу үшін біз 1920 - 1930 жылдары кең қолданыста болған Леви-Брюль мен Уорфтың еңбектерін қарап шығамыз. Олардың идеялары бір-бірінен қатты өзгешеленеді. Бірақ олар осы сұрақтың жауабын қызықты, ағартушылық түрде береді. Содан соң біз релятивизмнің екінші жағын қарастырамыз. Ол 1960 - 1980 жылдар аралы- ғында жалғасқан рационалдылық туралы пікірталас аясында болады.
Леви-Брюльдің антирелятивизмі
Жетілмеген ой туралы жазған ең ықпалды ғалым әлеуметтік ғылымдар философы, фран- цуз ғалымы Люсьен Леви-Брюль. Ол физикалық бірлік идеясын толығымен жоққа шығарды және жетілмеген ой логикалық ойдан мүлдем өзгеше деді. Оның өзгеше болу себебі қисынсыз болғандықтан емес, оның логикаға дейінгі ой түрі болуында. Логикаға дейінгі ойдың анықта- масы онда себеп пен салдардың айырмашалығы туралы түсінік болмайды. Année sociologique мектебінің дені функционалистік көзқараста жазылған еңбектер болғанымен де, Леви-Брюльдің еңбектері эволюционистік және антирелятивистік көзқарастарға көбірек келетін.
Леви-Брюль жетілмеген ой туралы алты кітап жазды. Сонымен бірге философиялық және саяси тақырыптарда кітаптар мен мақалалар жариялады. Біз үшін библиографиялық деректер аса маңызды емес, бірақ оның жетілмеген ой туралы жазған жұмыстарының француз тіліндегі атаулары қызықты, өйткені олар оның жетілмеген деген түсінікке көзқарасын көрсететіндей. Леви-Брюль Жергілікті тұрғындар қалай ойлайды кітабында адам ойын жетілмеген ой және жоғарғы менталитет деп екі категорияға бөледі. Жетілмеген түр күнделікті қарапайым нәрселер туралы логикалы түрде ойлай алады, бірақ абстрактілі нәрселер туралы логикалы түрде ойлана алмайды. Мысалы, жетілмеген мәдениетте біреудің жаны оның көлеңкесімен теңестірілуі мүмкін. Леви-Брюльдің ойынша, жетілмеген адам көлеңке сияқты құбылыстан қорқады. Өйткені ол зат пен оның рәміздік немесе тылсым мағынасындағы айырмашылығын ажырата алмайды. Аборигенді австралиялық өзін жерді иеленуші ретінде қабылдай алмайды, өйткені ол өзін жерден бөлек көрмейді немесе егер оңтүстік америкалық үнді өзін тотықұспын деп айтса, ол тотықұс тотемінің мүшесі дегенді білдірмейді. Ол әлгі үндінің өзін тотықұспен байланыстыратынын білдіреді. Үнділердің өз көзқарасында ол адам шынымен-ақ - тотықұс.
Леви-Брюль үшін жетілмеген ойдың логикалы ойдан айырмашылығы ол жеке тұлғаның ойының нәтижесі емес, ұжымдық ойдың нәтижесі. Француз антропологы адамдарға қатысты жиі-жиі ұжымдық түсінік терминін қолданып отырған. Дюркгейм, Мосс, Леви-Брюль сияқтылар ұжымдық іс-әрекетті бір тұлғаның әрекетіне теңестіруге немесе жалпы мәдениетке тән ұғым- дарды сол мәдениеттегі бір адамның түсініктерімен теңестіруге болады деген ойға қарсылық- тарын айтты. Алайда Леви-Брюль көп жағдайда бұндай ойын хат танымайтын мәдениеттер- ге қатысты қолданды. Өйткені, оның ойынша, хат танитын мәдениеттерге жеке тұлғалық мүдделерге артықшылық беру тән. Осыған байланысты пікірлері оның кітабында көптеп кез- деседі. Бірақ жеке жазбаларынан табылған деректер басқа нәрсе туралы сөйлейді.
Леви-Брюль қай жерге барса да өзімен бірге қара түске қапталған ұзын жолды дәптер алып жүретін болған. Әр бөлімге ат қойып, жазба жасалған күн және жердің атауын жазып отырған. Бір қуантарлық жайт - оның өмірінің соңғы жылдарында жасаған жазбалары екінші дүниежүзілік соғыстан аман қалып бізге жеткендігі. Жазбалар Леви-Брюльдің теориясын- дағы қызықты өзгерістерден хабар береді. Ол жетілмеген ой идеясынан бас тартпаған, бірақ өзінің бастапқы анықтамасын айтарлықтай өзгерткен. Менің 1910 жылы дұрыс деп есептеген ойымды түзетейік. Басқалардан екі қасиетіне (тылсымдық және логикаға дейінгіге) байланысты өзгешеленетін жетілмеген менталитет болмайды. Оның орнына жетілмеген халықтарда ерекше байқалатын, басқалардан бөлектеу болатын тылсымдық менталитет болады. Ол барлық адамға тән, бірақ біздің қоғамға қарағанда жетілмеген адамдарда анық байқалады (1938 жыл 29-тамызда жазған дәптерінен).
Басқаша айтқанда, екі ойдың арасындағы айырмашылық логикада емес, білімде. Мәде- ниеттер бір-бірінен түріне қарай өзгешеленбейді, деңгейіне қарай өзгешеленеді. Хронология- лық жағынан қарасақ, Леви-Брюльдің идеялары Боас, Бенедикт Мидтің идеяларымен қатар дамыды. Олардың барлығы да бөтен мәдениеттерге романтикалық көзқараспен қараған. Леви-Брюль олардың романтизмінің ықпалына ұшырады. Сонымен бірге олар сол кездегі антропологтар шешуге қауқарсыз не тым даулы пікірталастардың пайда болуына себеп болды. Десе де Леви-Брюльдің идеялары сол кездегі антропологтарға ой салды. Қазір талдап қарайтын болсақ, біз соның белгісін Леви-Стросс сияқты ғалымдардың еңбектерінен көре аламыз. Ол кей сұрақтарда Леви-Брюльдің жолымен жүрсе, кей жерлерде оған қарсы келді.
Осы бүгінге дейін Леви-Брюльдің көзқарасын қолдаушылар бар. Сол сарында жазатын- дардың бірі Кристофер Холлпайк. Оның ойынша, егер Леви-Брюль өз еңбектерін жазғанда когнитивті психологиядан хабардар болғанда оның туындыларының құндылығы әлдеқайда жоғары болар еді. Холлпайктың өзі жетілмеген ой идеясын кішкентай баланың әлемді түсіну барысында қалыптасу процесіне ұқсатты. Бұл идеяны ол швед психологы Жан Пиажеден алады, бірақ осы идеяны нағыз антропологиялық түсінікке айналдыру үшін ол жетілмеген ой идеясын ұжымдық түсінік талдауы арқылы талқылайды.
Уорфтың лингвистикалық релятивизмі
Леви-Брюльдің жұмысынан келіп шығатын түйін - жетілмеген халықтардың ақыл-ойы біз сияқты адамдардан төмендеу болады. Осы пікірге байланысты мынадай да мәлімдемелер болуы мүмкін:
1. Жетілмеген халықтардың ақыл-ойы дәл біздікі сияқты;
2. Жетілмеген халықтардың ақыл-ойы өзгеше, бірақ олардың өзгешелігі бізден төмен не жоғары болуында емес;
3. Жетілмеген халықтардың ақыл-ойы біздікіне қарағанда жоғары.
Алғашқы екеуі эволиционистік пен радикалды релятивистік көзқарас арасында орналас- қан. Үшіншісі болса, эволюционизмге қарсы радикалды релятивизмді береді. Осы үшіншісі ең қызықты пікір, өйткені ол Леви-Брюль ұстанған эволюционистік идеяға аса керағар келетін ой. Бұл пікірді химия инженері, өздігінен антропологиялық лингвистиканың боастық дәстүрін меңгеріп алған Бенжамин Ли Уорф ұсынды.
Боасқа дейін барлық тілдер жалпы бір-біріне ұқсас деген түсінік бар еді. Егер бір адам грек не латын тілінің грамматикасын білсе, ол әлемдегі кез келген басқа тілді түсінеді деген пікір болды. Боас мектебіндегілер көп жағдайда олай емес екенін айтты. Инут немесе америндиан тілдері грек немесе латын тілінен қарағанда әлдеқайда күрделірек. Олардың кейбірінде 17-ге жуық жыныс категориясы бар. Бір халықты бірнеше антрополог барып зерттейтінін ескерсек, ол категорияларды түсінуде зерттеушілер шатасып кетуі де ықтимал. Уорф осы сынды күрделі тілде сөйлейтін халықтардың әлемді қабылдауы ағылшын тілі сияқты тілдерде сөйлейтіндерге қарағанда басқаша болады деген тұжырымға келеді. Сапир-Уорф гипотезасы деген атпен белгілі болған бұл идея Уорф пен оның ғылыми жетекшісінің құрметіне аталған. Эдуард Сапир Боастың шәкірті болған және мәдениет пен тұлға бағытында және антропологиялық лингвистика бағытында зерттеулер жүргізген. Былайша айтқанда, бұл болжам бойынша ақыл- ойдың біздікі және басқанікі деген екі түрі болмайды. Тіл пішінінің өзгешелігі болады. Ол - сол тілде сөйлеушілердің ақыл-ойымен байланысты. Алайда Уорф өз идеясын түсіндіруде байырғы жергілікті Солтүстік Америка тұрғындары тілін сөйлеуде көрініс табатын ақыл-ойлар тізбегі.
Леви-Брюль мен Уорфтың идеяларының арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты Жергілікті тұрғындар қалай ойлайды атты кітаптың 2-ші бөліміндегі Грамматика мен санау ерекшеліктері туралы жазылған тарауы мен Тіл, ақыл-ой, ақиқат атты жетілмеген топ- тардағы сөз орамдары мен ақыл-ой арасындағы байланысты сипаттайтын екі мақаланы салыстыру арқылы түсіне аласыздар.
Леви-Брюль мен Уорфтың келтіретін деректері бірдей. Олардың бір-бірімен келіспейтін тұсы - жетілмеген халықтар тілі грамматикасының күрделілігін түсінуінде еді. Екеуінің бір-бірінен өзгеше болу себебі, екеуі де зерттеген құбылысты өте терең талдайды.
Бір мысалды екі жақтың да пікірін пайдаланып қолдануға болады. Мысалы, мынаны қарастырайық, бұл жерде Меланезия аралындағы киуаи тіліндегі префикс пен суфикстер келтірілген. Меланезия аралындағы киуаи тіліндегі префикс пен суфикстер:
РУДО екі адамның көп адамға өткен шақта жасаған іс-әрекеті;
РУМО көп адамның көп адамға өткен шақта жасаған іс-әрекеті;
ДУРУДО екі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz