Марксистік антропологиядағы негізгі түсініктер


Марксистік көзқарас
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Марксистік көзқарас
Тақырыпты оқудың мақсаты - ХХ ғасырда кең тараған антропологияға жақын марксис- тік ілімдерге талдау беру.
1960 жылдары марксизм деген атпен жаңа мектеп қалыптаса бастаған еді. Ол келесі екі онжылдықта Францияға, Британияға, Оңтүстік Африкаға, Үндістанға, Нидерландияға, Скан- динавияға, Канадаға және Латын Америкасына қатты ықпал етті. Түсінікті саяси себептерге байланысты оның ықпалы АҚШ-та аз болды. Марксистік көзқарастың ықпалына ұшыраған эволюционист Лесли Уайттың өзі марксистік тақырыптар мен пікірталастарға келгенде көбіне үнсіз қалатын. Кей ғалымдар жер, еңбек, капитал сияқты тақырыптарда Маркстің көзқарасына ұқсас пікірлерді ұстанды. Ал кейбірі, оның мүлдем қарастырмаған тақырыптарына дәл сол сияқты мәнерде жауап тапқысы келді. Мәселен, 1960-1970 жылдары батыс Африкадағы гендер мен жас иерархиясын классикалық марксизмдегі таптар иерархиясын зерттеудегі әдіспен зерттеуге бола ма деген сұрақ төңірегінде пікірталастар жүрді. Марксистер осы сынды сұрақтар аясында басқа марксистермен қызу пікірталасқа түсті. Олардың өз ішіндегі пікірталастары марксист емес ғалымдармен жүргізетін пікірталастар деңгейімен бірдей еді. Десе де марксист емес ғалымдар оларға қатты қарсылық көрсететін. Қалай болғанда да, осы пікірталастар нәтижесінде көпшілік мойындаған идеялар пайда болды. Ол идеялардың кейбірі қазіргі постмарксистік дәуірде де танымал болып отыр. Олардың ішінде материалистік көзқарасты ұстанатын марксист емес антропологтар да, колониализм мен империализм антропологиясына қызығушылық танытатын антропологтар да бар.
Марксистік антропологиядағы негізгі түсініктер
Марксистік антропологиядағы ең маңызды түсініктердің бірі - Карл Маркстің «Капитал» жинағының 1-ші томындағы идеяға негізделген өндіріс түрі түсінігі. Бұл ұғымға берілген классикалық түсінік Берри Хиндесс пен Пол Хирстке тиесілі. Олар өндіріс түрін «өндірістік қатынастардың басымдығы арқылы жүйеленген қатынастар жиынтығы мен өндіріс күштерінің бірлігі» деп сипаттады. Бұл жердегі «бірлік» осы элементтер арасындағы өзара қарым- қатынасты білдіреді. Бірақ ол марксистік теорияның ішіндегі сан қилы өндіріс түрлерінің арасындағы өзара қарым-қатынас мағынасында қолданылған. Хиндесс пен Хирст өндірістік қатынастар туралы ойын былайша дамытады:
«Өндірістік қатынастар қосымша еңбекті иемденуді, сонымен бірге осы қосымша еңбекті иемдену түріне сәйкес келетін өндіріс түрлерінің әлеуметтік бөлінуінің ерекше түрін білдіреді». Олардың ойынша, қосымша еңбек барлық қоғамда болады. Бірақ әр қоғам оны әртүрлі «иемденеді». Мәселен, қарапайым коммунистер және жетілдірілген социалистік қоғамдар оны ұжымдасқан түрде иемденеді. Ал феодалды және капиталистік қоғамдарда оны еңбектенбейтін таптар, яғни сәйкесінше феодал лордтар мен қазіргі заманғы капиталистер иемденеді. Өндіріс күшіне «табиғатты иемдену жолдары» да жатады. Өндіріс түрлері дегеніміз - азық жинау, бау- бақша шаруашылығы, мал шаруашылығы сияқты қарапайым экономикалық іс-әрекеттер. Хиндесс пен Хирст сөздерін былай қорытындылайды: «өндірістік қатынастар немесе өндіріс күшінің анықтамасы өндірістің түріне тікелей байланысты».
Сонымен бірге антропологтар өнімді өндіру азық табудың ерекше түрі ме, әлде азық табу, үлкенірек өнім өндіру тәсілінің құрамындағы соған ұқсас басқа өндіріс түрлерінің бірі ме деген сұрақ төңірегінде пікір таластырды. Соңғы пікірді ұстанғандар үй шаруашылығы тауарды өндіретін және тауарды тарататын бірлік болып есептелетін өнім өндірудің «үй шаруашылығы» тәсіліне тек азық жинаушы қоғамдар ғана емес, шағын бау-бақша шаруашылығымен айналысатын қоғамдар да жатады деп өз пікірін дәлелдеді. Одан бөлек бұдан да күрделі дамытылған кешендер қатарында «біртізбекті» «феодалдық» және «капиталистік» өнім өндіру тәсілдері бар.
Екінші жағынан, Маркс негіз немесе инфрақұрылым мен оның суперқұрылымы арасын- дағы айырмашылықты ажыратып берді. Негіз - өндіріспен тығыз байланысты әлеуметтік құрылымдық элементтерден тұрады. Мысалы, табиғи технологиялар, елді мекендердің қоныс- тану ерекшелігі, айырбас жасау байланыстары.
Ал суперқұрылым болса, өндірістен мүлдем алшақ нәрселерден тұрады. Мысалы, ғұрып пен діни сенім. Өндіріс пен дін арасында байланыстың бар екені күмәнсіз. Бірақ ол байланыс дәл өндіріс пен саясат арасындағы байланыс сияқты нақты емес. Шындығында, 1970 жылдары немесе одан сәл ертеректе марксистер мен мәдени экологтар көптеген сұрақтарға қатысты бірдей тұжырымдарға келе бастаған еді. Стьюардтың «мәдени өзек» ұғымы марксизмдегі «негіз» ұғымымен сәйкес келетін. Сол сияқты Стьюардтің «жалпы мәдениеті» марксистік идеядағы «суперқұрылымға» ұқсас еді.
Марксизм мен антропологияның тағы бір ортақ тұсы - орталық пен периферия ұғымда- ры. Орталық дегеніміз - негізгі күштің шоғырланған жері. Мысалы, отарлаушы елдің немесе мемлекеттік астананың орналасқан жері. Периферия болса, орталықта жасалған шешімге тәуелді аймақтар. Мысалы, кейін таралымға немесе сатылымға кететін тауарды өндіретін, ауыл шаруашылығымен айналысатын өңірлер. Иммануил Валлерстайнның көзқарасынша, орталық периферия байланысы XV ғасырдың соңынан бастап ғаламдық деңгейде экономикалық қатынастарға тән болды.
1970-1980 жылдардан бастап технология мен еңбек қатысуымен қоғамда өнім өндіруге және өнім өндіру тәсілдерінің түрлерін байланыстыру тақырыптарына деген қызығушылық күрт өсті. Бұл қызығушылықтың нәтижесі марксистік теория жалпы антропологияда толыққанды орын алады деген ойға әкелді.
Годельенің құрылымдық марксизмі
Структуралист марксистер суперқұрылымды іргелі мәселелер қатарына жатқызатын. Кейбіреуі тіпті суперқұрылымдық элементтерді инфрақұрылымға жатқызатын. Өйткені олар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жоғарғы жағында емес, оның ішіне ендірілген деді. Осы мектептің ең көрнекті тұлғасы Морис Годелье Меланезияда этнографиялық зерттеулер жүргізді. Содан кейін ол ұзақ уақыт бойы антропологияның дәстүрлі сұрақтарын зерттеп, басқаларды да осыған шақырды. Ол дәстүрлі структуралистік және марксистік зерттеу әдістеріне жүгінді. Бірақ 1970 жылдардан бастап ол өнім өндіру тәсілдерін сипаттау және оны талдау тақырыбына қатты қызығушылық таныта бастады.
Жоғарыда атап өткендей, Годельенің құрылымдық марксизмі мәдени экологияға негізделген болатын және ол қоршаған орта, технология және қоғам арасындағы байланысты анықтауға тырысты. Құрылымдық марксизмнің дәстүрлі структурализмнен айырмашылығы онда өндірістік қатынастардың маңыздылығы технологиядан немесе жеке тұлғаның іс- әрекеттерінен жоғары тұратын. Қоғамдар өзара байланысты ғаламшарлар ретінде талдау нысаны болып қала береді, бірақ олар марксистік «әлеуметтік құрылым» терминімен аталады. Сол сияқты мәдениет «идеологиямен» теңестірілді, ал экономика болса «өнім өндірудің тәсілі» ұғымымен бірдей мағынаны берді. Құрылымдық марксизмнің функционализммен де ұқсас тұстары көп еді. Өйткені екеуі де ғұрыптың, туысқандық байланыстардың, тағы сол сияқтылардың синхрондық және функционалистік қасиеттеріне ерекше мән берді.
Негізгі экономист антропологтардың өзі осы процестің ықпалына түсті. Соның мысалы ретінде Маршалл Салинстің «Тас дәуірі экономикасы» кітабын айтуға болады. Францияда өткізген бір жыл ішінде марксизмнің мектебін көрген америкалық антрополог кейін марксизмді жоққа шығарады. Өйткені оның ойынша, марксизм мәдениетке өте аз көңіл бөлетіндіктен, ол капитализмге дейінгі қоғамдарды талдауға қауқарсыз. Десе де оның «Тас дәуірі экономикасы» арқылы «өнім өндірудің үй шаруашылық тәсілі» ұғымы кеңінен қолданысқа енді.
Марксистік антропологияның ықпалына ұшыраған, бірақ оны қатты сынға алып, оған қарсы шыққан тағы бір америкалық Марвин Харрис болатын. Оның ойынша, құрылымдық марксистер шектен тыс структуралистер болды және жеткілікті түрде материалист болмады. Харрис «мәдени материализмді» «тұрпайы материализм» деп атады. Онда Харрис мәдениетті көзге көрінетін материалдық күш ретінде түсіндіреді. Оның осы теориясын кейін Джонатан Фридман қатаң сынға алады. Харристің пайымдауынша, тіпті діни табудың өзі де материалдық негізге ие. Мысалы, үнді мәдениетіндегі сиыр етін жеуге табу - жер жыртуға қажетті малды сақтап қалу қажеттілігінен туындаған, яғни Харристің пікірінше, экологиялық шектеулер бар- лық басқа себептерден басым тұрады. Сол себепті мәдениет дегеніміз - негізінен материалды күштердің өнімі.
Клод Мейясу Леви-Стросстың структурализмін сынға алған еді. Өйткені, оның ойынша, Леви- Стросс табиғатты пайдалануды және туысқандық жүйенің өзгеруінің материалдық себептеріне мән бермеген. Ол қоғамдарды жерді еңбек нысаны ретінде және еңбектің құралы ретінде қолдануына байланысты бөлген. Оның пікірінше, ішкі экономика еңбек өнімін қамтамасыз етеді, сол себепті де билік құрылымының жұмысына жақсы ықпал етеді. Оның түсінігінде бұл өнімнің үстінен бақылау емес, өндіріс тәсілдерін бақылау, яғни әйелдерді бақылауда ұстау дегенді білдірді. Осы себепті де Мейясудің жұмысы феминистік антропологияда пікірталастың басы ретінде жиі қолданылады. Алайда феминистер де бірнеше сын-пікірлер айтты. Оның кітабында әйелдер онша көріне қоймайды, бірақ әйел тақырыбы - негізігі тақырыптардың бірі. Олар жайлы сөз болған жерлерде әйелдердің бәрі бір санатқа жатқызылған. Әйелдер туысқандық жүйеде алатын орнына қарай қарастырылған. Сонымен бірге ол биологиялық және әлеуметтік репродукцияны бірлестікте қарастырған сияқты. Бір қызығы - ол әйелдерді жұмысшылар немесе өнім өндірушілер ретінде емес, еңбекті қайта өндірушілер ретінде қарастырыпты.
Шындығында, Мейясудың марксизмінде мықты функционалистік элементтер бар еді. Сонымен бірге ол технологияны өнім өндіру тәсілінің айқындаушысы деп қарастырды. Ол осы тұжырымды өзінің Кот-д’Ивуардағы Гуро мекенінде жасаған этнографиялық зерттеулеріне сүйеніп қорытады. Оның ойынша, капитализм капитализмге дейінгі өнім өндіру тәсілдерін жойып жібермейді, керісінше бұрынғыны капиталистік тәсілмен қайта қолданады.
Процессуалдық және марксистік антропологияда бірнеше қызу пікірталастар болды. Автор бұл жерде осы тараудағы теорияларға қатысты мысалдарды көрсете алатын үш пікірталасқа қысқаша тоқталады.
Фридман Личке қарсы: Качиндіктердің саяси экономикасы
Эдмунд Лич ерекше мінезімен белгілі болған зиялы тұлғалардың өкілі еді. Ол біртуар тұлға ретінде тарихта аты қалып, осы күнгі көптеген жас антропологтарды шабыттандырушылардың біріне айналды. Инженер мамандығын алған соң ол Реймонд Фирттің жетекшілігімен білім алып, сонымен бірге Шри-Ланкада, Бирмада және тағы басқа жерлерде далалық зерттеулер жүргізді. Ол көбіне функционализмнен ерте бас тартып, британдық антропологияға француз структурализмін таныстырған адам ретінде белгілі. Алайда ол Тёрнер сияқты әлеуметтік өмірдің негізгі іргетасы ретінде процесс пен құрылымды қатар қарастыру қажет деген пікірді ұстанды. Оның процессуализмдік теориясы осы пікірге негізделген еді. Біз осының аясында ой өрбітеміз.
Осы тақырып бойынша Личтің Таулы аймақтағы бирмалықтардың саяси жүйесі және осы- ған қатысты качиндіктер туралы кітаптарды қарап шығыңыз. Личқа дейінгі качиндер туралы жазылған функционалистерге дейінгі этнографиялық жазбаларда олардың мәдениеттері мен әлеуметтік құрылымдары бірдей сипатталатын. Лич кітабын жазып жүрген шақта кең қолда- ныста болған функционалистік көзқарас бойынша қоғамда тепе-теңдіктің болуы және әр қо- ғамда этнографтың зерттеу нысанына айналатын бір әлеуметтік жүйе болады деген көзқарас бар еді. Личтің осы екі көзқарастан айырмашылығы - ол өзара тығыз байланысты екі әулеттің туысқандық және саяси жүйесінің құрылымына мән береді. Ол жүйенің бірінде эгалитарлық байланыс тән болса, екіншісіне иерархиялық тәртіп тән. Осылармен қатар қарастырылатын үшінші иерархиялық жүйе - тай тілінде сөйлейтін шандықтар мәдениеті.
Туысқандыққа қатысты тағы бір нәрсе гумсалықтар гипогамдық жүйені (әйелдер өздерінен төмен статустағы ер адамдарға күйеуге шығады) ұстанса, шан жүйесіне гипергамуыстық (әйелдер өздерінен статусы жоғарыларға күйеуге шығады) тән.
Гумлаолықтарда неке шеңбер тәрізді реттілікпен жүзеге асады, ер адамдар қайын жұртына аса үлкен құрметпен қарайды. Бірақ некелескен екі әулеттің бірі-бірінен басымдылығы байқалмайды. Гумса жүйесінде бұл қатынастар доминанттыққа негізделген, өйткені жоғары статустағы ер адамдар өздерінің апа-қарындастарын өздерінен статусы төмен ер адамдарға тұрмысқа береді.
Осы жүйенің идеалды түрдегі үлгісін былай түсіндіруге болады. Қалың мал күйеу жігіттің тарабынан қалыңдықтың әулетіне берілетіндіктен, жоғары статустағы топтың ер адамдары аз әйел алады, бірақ молырақ байлықпен қалады. Шындығында бұл жерде адамдардың статусынан қарағанда олардың байлығы маңыздырақ. Олардың кейбірі қытайлық шандарға үйленеді, кейбірі монах болып кетеді. Тіпті кейбір качиндықтар шанға «айналып кетеді».
Лич туысқандық, тап, тарих және идеологияның барлығын бірлестіре қарастырады. Бірақ олардың Лич бойынша талдануы Радклифф-Браунның немесе Малиновскийдің жолын ұстанушылардікінен басқаша еді. Лич өзінің зерттеуін былай қорытады: «Мен әдеттегі качин мінез-құлқын зерттеумен айналыспаймын. Мен нақты бір качиндік пен әдеттегі качин мінез- құлқы арасындағы байланысты зерттеймін. Осы нәрсені есімде ұстай отырып, мен качиндіктерге тән түрлі мәдениеттерді бірнеше этикалар жүйесінің қақтығысы арасындағы ымыраға келу түрі ретінде көрсетуге тырыстым».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz