Мәдениеттің ғылыми теориясы
Мәдениеттің ғылыми теориясы
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Мәдениеттің ғылыми теориясы
Мәдениеттің ғылыми теориясында жазылған идеялардың ешқайсысы Малиновскийдің қатарластары тарапынан қолдау таппады. Алайда ол қайтыс болғаннан соң он бес жылдан кейін оны еске алу мақсатында жарияланған мақалалар жинағында кейбір шәкірттері ұстазының еңбектерінің құнды тұстарын табуға талпынды. Нәтижесінде ол интегративті императивтер мен құралдар арқылы жүзеге асатын өмір кезеңдерінің жүйесі деген мәселе туралы жазып шығады. Бұл кітап Малиновскийдің соңғы және оның теориялық жағынан ең жетілдірілген еңбегі болғандықтан ескеруге лайық. Алайда, оның шәкірттерінің аталған еңбекке көңілдері толмады. Олар биологиялық тұжырымдардың мәдениетпен байланысы шамалы және оның өздігінен айқын немесе түсініксіз жіктеуінің де мәдениетпен байланысы жоқ деген ойда болды. Малиновскийдің ең сүйікті шәкірті Филис Кабери: оның өмірінің соңында жазылған биологиялық қажеттіліктер аясындағы еңбектері көп қызығушылық тудыра қоймады, бірақ оның әлеуметтік институттар тақырыбында жазған еңбектері кең танымалдыққа ие болды - деп жазады. Бұл жердегі ескеретін жайт - оның әлеуметтік институттар жөнінде жазған еңбектері эрудициясы мен этнографиялық прозасының күшімен жақсы оқылды да, теориялық негіздеме жағынан талданбады. Ал биологиялық қажеттілік тақырыбындағы жұмыстары теориялық тұрғыдан талдауға түскен еді.
Малиновский ұсынған Негізгі жеті қажеттілік және олардың мәдениетте қанағаттандырылуы
Менің ойымша, ізденуші үшін ең басты нәрсе - әрбір институттың өзегін құрайтын қан мен еттен тұратын адам ағзасын естен шығармау, - дейді Малиновскийдің өз кітабына жазған кіріспесінде. Бұл сөздерге оның шәкірті С.Ф. Нэйдл мынадай пікір қалдырған: Малиновскийдің ізденіс жолын жалпы алып қарағанда екі түрлі деңгейге бөліп қарауға болады: біріншісі - іргелі, бірегей далалық зерттеулерін жүргізген тробриандықтар тайпасы деңгейінде болса, екіншісі - қарабайыр адам мен қоғам байланысы деңгейінде. Оның көптеген еңбектерінде қарабайыр қоғамдар туралы жазылған, бірақ ол кездері Малиновский ол қоғамдарды тек дәлел келтіру мақсатында немесе маңыздылығы екінші орында тұратын мәселелер ретінде келтірді. Ол ешқашан да таза салыстырмалы талдау мәнерінде ойламаған. Оның жалпылауы тробриандықтардан тікелей Барлық Адамзатқа ауысады, өйткені ол тробриандықтарды адамзаттың ең жақсы мысалы ретінде алуға болатын түр деп қараған.
Малиновскийдің кемшіліктері деп шәкірттері мыналарды атайды: оның туысқандық атаулардың маңыздылығын, экономикалық алмасудың күрделілігін түсіне алмауы, оның бойынан заң туралы жазуға керек нақтылықтың болмауы немесе антропологиялық салыс- тырудың артықшылығын бағалай алмайтыны сезіледі. Десе де, біз оны осы уақытқа дейін антропологиядағы ұлы далалық зерттеу жүргізу дәстүрінің негізін қалаушы ретінде есімізде сақтаймыз. Оның жеке талдаулары ол күткен деңгейде қабылданбағанмен, ғалымның бірегей далалық зерттеу жүргізу әдісі және 1920 - 1930 жылдардағы Лондон экономика мектебінде жүргізген дәрістері британдық антропология мектебінің маңызды бөлігін құрайды.
Малиновский мен Боас шамамен бірдей уақытта 1942 жылы өмірден озды. Десе де, екеуінің өмірден озуы дәл Риверстің өмірден өткен кезіндегідей аса үлкен мәнге ие болмады. Риверс Малиновскийге дейінгі далалық зерттеу мектебінің соңғы тұлғасы және Британиядағы диффузионизмнің ең сыйлы өкілі болатын. Ол Малиновский мен Боастан жиырма жыл бұрын өмірден өткенде оның өлімі үлкен орны толмас қазадай қабылданып, антропология үшін ауыр соққы ретінде саналған еді. Мүмкін 1942 жылы антропология әлемі соғыс үрейінің құшағында болғандықтан, екі қаза аса білінбей кеткен шығар, бірақ Боастың антропологиялық рухы Америкада ұзаққа дейін сақталды, ал Малиновский мен Радклифф-Браунның әдістері британдық антропология дәстүрінің негізі болып саналды.
Радклифф-Браунның құрылымдық-функционализмі
Альфред Регинальд Браун 1881 жылы Британияда дүниеге келді. Өзінің ағасы секілді ол да 1920 жылы өз атын Радклифф-Браун деп атай бастады және 1926 жылы біржақты келісім құжаты бойынша атын заңды түрде өзгертіп алды. Ол достарының арасында Рекс, Эр-Би деген атпен, ал университеттік кезінде саяси көзқарастары үшін Анархия Браун деген атпен белгілі еді. Шындығында ол Питер Кропоткин атты анархист ғалымды білетін. Оның көзқарасы бойынша қоғам - мемлекеттілік жоқ болған жағдайда өзара көмек көрсету арқылы өзін-өзі реттейтін жүйе. Радклифф-Браун әлеуметтік институттардың қызметіне қатысты осы пікірді ерекше қолдайтын.
1904 жылы Кэмбриджде бакалавр дәрежесін алған соң, Радклифф-Браун осы жерде білімін жалғастырады. Содан кейін Андаман аралында және батыс Австралияда (1910 - 1911) далалық зерттеулер жүргізеді. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ол Тонга корольдігінде Білім бөлімінің директоры болып жұмыс істеді. Осыдан кейін әлемді шарлап, жер аралап кетеді. Ол барған жерінің бәрінде антропология кафедрасының негізін қалап кеткен: Кейп Таун, Сидней, Чикаго және Оксфорд. Сонымен бірге ол қысқа мерзімдерде Англияда, Оңтүстік Африкада, Қытайда, Бразилияда және Мысырда университеттерде сабақ берді.
Қоғамды зерттейтін жаратылыстанулық ғылым дегеніміз не?
Радклифф-Браун Австралия жайлы этнографиялық кітаптарында салыстырмалы зерттеуге басымдық берді. Аборигендік туысқандық жүйесінің негізінде олардың әлеуметтік құрылымын түсіндірді. Индукция әдісін қолдаушы ретінде ол антропология бір күні салыстыру әдісінің нәтижесінде қоғамның табиғи заңдылықтарын ашады деп сенді. Эмпирик ретінде ол қоғамды жасайтын жүйелер мен институттардың шығу тегі туралы спекуляция жасауға қарсы болатын және антропологтар тек ашқан жаңалықтарына ғана сүйенуі керек деген пікірді қолдайтын. Оған нақты деректер керек және ол деректер өтіп кеткен уақыттан емес, қазіргі уақыттан алынған болуы тиіс еді. Ал сол табылған деректерді өзара байланыстыру үшін мәдениетті күнкөріс түрі мен адамдардың өзара қарым-қатынасқа түсуінен құралатын жиынтық ретінде зерттеу керек деп білді.
Автордың Радклифф-Браунның еңбектері арасындағы ең жақсы көріп оқитын кітабы оның Қоғамды зерттейтін жаратылыстанулық ғылым жинағы. Ол алғашында Чикаго университетінде 1937 жылы дәрістер жинағы ретінде таныстырылды, кейін өмірден өткен соң 1937 жылы Радклифф-Браунның шәкірттері осы дәрістерді кітап түрінде жарыққа шығарды.
Радклифф-Браун сол кездегі Чикагодағы психология, экономика сияқты әлеуметтік ғы- лымдарды жоққа шығарып, олардың бәрі бір, біріктірілген әлеуметтік ғылымдар болуы тиіс деген пікірді ұсынды. Сонымен бірге ол мәдениет ғылымын да жоққа шығарды және Боастың зерттеу жүргізуде мәдениетті басты назарға ұстауын сынға алды. Оның ойынша, Боастың антропологиясындағы Америкадағы қоғам ғылыми түрде дәлелдеуге келмейтін, мәдениеттің ермегіне айналған нәрсе еді. Шындығына келетін болсақ, Боас пен оның жолын ұстанушыларға қарағанда, Радклифф-Браунның мәдениет ұғымы инкультурация немесе қоғамдасу ұғымына, яғни қоғамда өмір сүруге үйрену жолдарына жақын болатын. Радклифф- Браун Боастың адамдар арасындағы өзгешелікті айрықша көретінін және адамзат тәжірибесі байлығын ең жоғарғы құндылық ретінде көргісі келетінін түсіне алмады.
Мен бірнеше тұжырымдарды дамыттым. Оның біріншісі - адам қоғамын зерттейтін теориялық жаратылыстанулық ғылымның болуы мүмкін екендігі. Екінші тұжырымым - ондай ғылым тек біреу ғана бола алатындығы; үшіншісі - ол ғылым әзір тек өзінің бастауыш деңгейінде ғана бар екендігі. Менің ойымша, ең маңызды болып есептелетін төртінші тұжырым бұл ғылымдағы іргелі мәселелердің шешімі түрлі қоғамдарды молынан, жүйелі түрде салы- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz