Релятивизмнен когнитивтік ғылымға дейін
Релятивизмнен когнитивтік ғылымға дейін
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Релятивизмнен когнитивтік ғылымға дейін
Тақырыпты оқудың мақсаты - мәдени антропология тарихында маңызды рөл атқарған релятивистік мектептің даму бағыттарын және ондағы когнитивтік бастамалардың өсу қисынын зерделеу. Қазіргі мәдени релятивизмнің көп сыншыларының бірі Мэлфорд Спиро (1992) релятивизмнің үш түрін атап көрсетеді:
дескриптивті;
нормативті;
эпистемологиялық.
Мәдениеттердің бір-бірінен өзгеше болып келетіні айдан анық нәрсе. XIX ғасырдан бастап антропологтар түрлі деңгейдегі мәдени детерминистерге айналды. Ол бойынша адамдардың мәдениетті қалай қабылдайтынын мәдениеттің өзі басқарады. Осыдан туындайтын тұжырым бойынша түрлі мәдениеттегі өзгешеліктер түрлі халықтар арасында әртүрлі әлеуметтік және психологиялық түсініктер қалыптастырады. Осындай көзқарас дескриптивті релятивизм деп аталады. Антропологияның барлық мектептері дескриптивті релятивизмнің жоқ дегенде ең әлсіз түрін мойындайды. Оны мүлдем теріске шығаратын мектептер жоқ.
Нормативті релятивизм одан да әрі кетеді. Ол бойынша әр мәдениет өкілі басқа мәдениет туралы өз мәдениетіне сүйене отырып сыни пікір беретіндіктен, оларға баға беретін әмбебап стандарт жоқ. Нормативті релятивизм өз ішінде тағы екіге бөлінеді:
Когнитивті;
Моральдық релятивизм.
Когнитивті релятивизм дескриптивті пікірлермен жұмыс істейді. Мысалы, Ай - көк түсті ірімшіктен жасалған немесе Поп музыкадан адамның басы ауырады деген сияқты. Бұл теория бойынша қандай да болсын айтылған мәліметтердің барлығы да мәдениетке байланысты ақиқат немесе жалған болып есептеледі. Сондықтан мәдениеттен тыс мәлімдемелердің болуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ғылымдардың барлығы этноғылым болып саналады. Моральді релятивизм баға беретін пікірлермен айналысады. Мысалы, Мысықтар иттерге қарағанда әдемірек немесе Көкөністерді жеу дұрыс емес деген сияқты, яғни эстетикалық және этикалық пікірлер әмбебап түсініктерге сай емес, жеке мәдениеттің өзгешелігіне қарай қарастырылуы керек. Сонымен бірге әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан дұрыс деп есептелетін мінез-құлық пен ойлау процесі де мәдениетті ескере отырып қарастырылуы керек дейді. Боас және оны жолын ұстанушылар және белгілі бір деңгейде Эванс-Причард пен оның шәкірттері нормативті, когнитивті релятивизмді ұстанады.
Эпистемологиялық релятивизм бастауын дескриптивті релятивизмнің ең жоғары дамыған тұстарынан алады. Ол мәдениеттердің бір-бірінен айырмашылығы шексіз көп болуы мүмкін дейтін экстремалды мәдени детерминистік көзқарасты ұстанады. Осы орайда жалпы мәдени детерминизм мен жалқы мәдени детерминизмнің айырмашылығын түсініп алу қажет. Эпистемологиялық релятивистер екінші көзқарасты ұстанады. Олардың ойынша, адамның табиғаты да, ойы да мәдениетке байланысты өзгеріп отырады дейді. Сондықтан мәдениетті жалпылау және мәдениеттер туралы жалпы теориялар жасаудың барлығы да жалған деген пікірде.
Бұл дәрісіміздің негізгі сұрағы релятивизм туралы болады. Біз айтып отырған релятивизм постмодернистік көзқарастар пайда болғанға дейінгі мағынасында қарастырылады. Соны- мен бірге бойында когнитивті антропологияның алғашқы белгілері көріне бастаған реляти- визмді талдаймыз. Релятивизмге қарсы пікірлер туралы да сөз болады. Антропологиядағы ең бірінші ұлы релятивист Франц Боас болатын. Оның пікірлері дескриптивті релятивистік сарында келетін. Оның жолын ұстанған, лингвистиканы өздігінен меңгеріп алған Бенжамин Ли Уорф когнитивті релятивизмді қолданды. Осындай жағдай когнитивті антропологияда және этноғылымдарда да болды. Мәдениет пен тұлға арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған алғашқы психологиялық антропология көбіне моральді релятивизм бағытында жазылды. Бүгінде эпистемологиялық релятивизм ең мықты мектептердің біріне айналған. Өйткені ол соңғы отыз жылдың ішінде түрлі елдерден шыққан түрлі ойшылдың қолынан өтті. Солардың ішінде ең көрнектісі Глиффорд Гирц болса керек. Ал басқа интерпретивистік және постмодернистік ойшылдардың көзқарасы көбіне радикалды болып келеді.
Франц Боас және мәдени релятивизмнің пайда болуы
Классикалық мәдени релятивизм Франц Боастың және оның шәкірттерінің еңбектерінен пайда болды. XX ғасырдың басында бұл парадигма Америка антропологиясында ең басты парадигма болды. Осы парадигманы ұстанушылар сол кездегі жетілмеген мәдениетке жатқызылған мәдениеттердің құнарлы екенін ерекше атап өткен. Ал кейбіреуі релятивистік идеологияны нәсілшілдікке, антисемитизмге, ұлтшылдыққа қарсы жақсы қолданды. Тағы басқалары идеяларын тіл мен мәдениеттің қатынасын зерттеуге негіздеді, ал келесі бір топ мәдениеттің психологиялық жағын зерттеуге мән берді.
Боас 1858 жылы Уестфалияда дүниеге келді. Ол Гейдельбергте және Боннда физика мен географияны оқыды. 1881 жылы Кильде докторлығын қорғап шықты. Оның докторлық зерттеу тақырыбы судың түсіне байланысты болғандықтан, ол осыдан кейін қабылдаудың субъективтілігі мәселесіне аса үлкен қызығушылық танытады. 1883 жылы ол Баффин аралдарындағы инуиттер арасында далалық зерттеулер жүргізеді. Оның мақсаты инуиттердің түсінігіндегі физикалық қоршаған орта мен өз түсінігіндегі қоршаған ортаны салыстырып көру еді. Кейінірек ол қабылдау ерекшелігін анықтайтын күш мәдениет екенін түсінеді. Сондықтан ол өзінің әу бастағы қоршаған орта анықтаушы фактор дейтін көзқарасынан бас тартты. Сонымен бірге ол Баффин аралындағы халықтың тілін кешенді түрде зерттеуге кірісті. Олардың фольклорын жазып алып, аралдағы мәдениеттің басқа да жақтарын зерттейді. Соңында ізденісінің нәтижесін неміс және ағылшын тілінде жариялайды. Боас 1884 жылы Германияға қайтып оралады, осыдан кейін бір жылдан соң Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауы мәдениетін зерттеуге кірісті. Алғашында ол зерттеулерін Германиядағы мұражай қорындағы деректер арқылы бастайды, бірақ 1886 жылдан бастап сол жерлерге барып далалық зерттеулер жүргізеді.
Боас Нью-Йоркте Колумбия университетінде 1896 - 1936 жылдар аралығында дәріс берді. Нәтижесінде ол жұмыс істейтін бөлім тез арада АҚШ-тағы антропология орталығына айналып шығады. Ол эволюционизмді жоққа шығарады. Өйткені антропологтың мақсаты - мәдениеттің көзбен көріп, қолмен ұстайтын бөлігімен жұмыс істеу. Антрополог халықтардың өткені туралы түрлі болжамдарды жасаумен айналыспауы керек. Сонымен бірге ол эволюционистік теорияға тән белгілі бір нәсілдер және мәдениеттер басқалардан басым болады дейтін түсінікті де мойындамады. Ғалым бұл пікірлерге қарсы тұру үшін жергілікті халықтың тілін далалық зерттеулер әдісі арқылы зерттеген этнографтардың еңбектеріне сүйенді. Осыдан кейін сол тілдерді қолдана отырып, сол тілде сөйлеушілердің ішкі жағынан қарағандағы мәдениетті талдады.
Оның атақты Жетілмеген ер адамның ақылы еңбегінің атауы қазіргі тұрғыдан қарағанда тым эволюционисшіл және әйелге менсінбеушілікпен қарайтын кітап ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ оның жазылу мақсаты сол кездегі Америкадағы және әлемдегі нәсілшілдікке қарсы тұру еді. Боас ақ нәсілділердің ақыл жағынан басқалардан артық емес екенін, олардың жай ғана басқа нәсілдерге қарағанда көбірек материалдық артықшылыққа ие екенін айтады. Ол әлем өркениетінің бастамасына көптеген ұлттардың қосқан үлесі бар екенін алға тартады. Эволюционизмдегі мәдениеттің ілгерілеуі түсінігін қабылдағанымен де, ол мәдениеттің биологиялық табиғатына түбегейлі қарсы екенін білдірді. Оның ойынша, тіл нәсілдің қандай болатынына байланысты емес. Ал мәдениеттің тіптен де нәсілдік ерекшеліктерге тәуелді болуы мүмкін емес. Сонымен бірге ол эволюционизмде келтірілген деректерде салыстырудың жоқ екенін айтады. Ол жетілмеген адамдардың болатынын мойындамайды: Жетілмеген адамдар дегеніміз - өмірі қарапайым және бір-біріне ұқсас адамдар. Олардың мәдениетінің мазмұны мен пішіні мардымсыз және интеллектуалды жағынан қарама-қайшылыққа толы (Боас, 1938: 197). Ол әр адам түрлі нәрсеге байланысты жетілмеген не жетілген болатынын айтып сөзін жалғастырады. Австралиялық аборигендердің материалдық мәдениеті кедей келеді, бірақ олардың кешенді әлеуметтік құрылымы бар. Калифорниялық үнділер керемет өнер туындыларын жасай алады, бірақ ол мәдениеттің басқа жақтарын алып қарасақ, кешенділік жоқ. Ол осы сынды салыстыруларды Америка мен Еуропа халықтарының ара- сындағы байлық пен кедейлік мысалдарымен жалғастырады. Осыған қоса ол шет елдердің ықпалына ұшырамаған бір де бір халықтың жоқ екенін айтып, халықтарды жетілмеген немесе өркениетті деп бөлудің ешқандай да қисыны жоқ деп тұжырымдайды.
Боастың көп еңбектері өнер, мифология, тіл сияқты жекелеген тақырыптарға арналған еді. Бірақ ол көбіне антропологиялық дәлелдерін жалпы оқырманға арнап жазатын. Боас аса ықпалды болды. Оның көп себебінің бірі ол Солтүстік Америкадағы магистратура мен докторантурада оқитын студенттерге дәріс берді және еңбектері терең талдаудан тұрды, қарапайым түсінікті тілде жазды. Боас көп кітап жазудың орнына көбірек мақала жазғанды дұрыс көрді. Ол мақалалардың ең танымалдары екі жинақта жарияланды. Бірі оның көзі тірісінде жарыққа шықса, екіншісі ол өмірден озған соң көп жылдан кейін жарық көрді. Боас 1942 жылдың 21 желтоқсанында өзінің құрметіне арнап ұйымдастырылған кішігірім отырыста көз жұмды. Оның соңғы сөздері: Менің нәсілге қатысты жаңа теориям бар еді. Осы сөзін аяқтай алмай, жанында отырған адамның қолына сұлап түсті де, жүріп кетті. Оның жанында отырған ұлы француз структуралисті Клод Леви-Стросс болатын.
Мәдениет пен тұлға
Америка антропологиясында Боастан Гирцке дейін мәдениет абстрактілі түрде қарасты- рылды. Бұл мәдениет ұғымы туралы бірдей келісілген түсінік болды дегенді білдірмейді. Крёбер мен Клакхонның атақты еңбегінде мәдениет сөзіне берілген жүзден астам анықтама бар. Оларды антропологтар, философтар, әдебиет сыншылары және басқалар жасаған. Олар мәдениет сөзіне берілген антропологиялық анықтаманы алты топқа бөледі:
дескриптивті (мазмұнға негізделген);
тарихи (дәстүрге басымдық береді);
нормативті (ережелер мен қағидаларды басты назарға алады);
психологиялық (сұрақтарды шешуге бағытталған);
құрылымдық (белгілермен жұмыс істейді);
генетикалық (мысалы, мәдениет адамзатқа тән өнім ретінде немесе жануарларға тән емес құбылыс ретінде).
Автор осы анықтамаларды қарастырып, мәдениеттің құраушысы болып есептелуі мүмкін нәрселердің сан алуан түрі болатындығын айтқан. Бір қызығы Боас пен оның шәкірттері қолданған мәдениет сөзіне берілген негізгі ереже Тайлордың ережесі еді: білім, сенім, өнер, заң, мораль, салт-дәстүр сияқты адам баласының қоғам мүшесі ретінде игерген кез келген қабілеттері мен әдеттерінің кешені.
Тайлордың берген анықтамасы мәдениетті абстрактілі түрде қабылдайтындардың жүре- гінен орын алды. Бірақ антропологиялық түсініктегі ең ұтымды анықтаманы Рут Бенедикт берген еді. Оның көрнекті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz