Структурализм және антропологияның ұлттық мектептері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Структурализм және антропологияның ұлттық мектептері

АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

Леви-Стросстың парадигмалық және әмбебаптық көзқарастары құрылымдық антрополо- гияға көп ықпал етті. Көп ғалымдар оның физикалық бірлігін мойындамайды, оның орнына аймақтық немесе мәдени ерекшелікке ие бірліктермен жұмыс істеуді дұрыс санайды.

Голландиялық структурализм тіл, мәдениет және қоғамды зерттеуден туындады. Голланд- тық академиктер мен мемлекеттік қызметтегілер XX ғасырдың бас кезінде голландтық шығыс үнділерін зерттеу нәтижесінде голландтық структурализмді қалыптастырды. Онда ерекше мәдениеттер мен аймақтарға көңіл бөлінеді. Иосселин де Йонг және басқа де ерте структуарлистер өздерінің идеяларын Леви-Стросстан тәуелсіз түрде дамытты. Тіпті кейбір сұрақтарда оның алдын орап кетті, әсіресе туысқандықты зерттеу мәселелерінде. Кейінгі голландтық структуралистер Леви-Стросстың әдістерін қолданды. Олар аймақтық зерттеулер жүргізуде Леви-Стросстың мифология мен рәміздерді зерттеу әдісіне жүгінді. Аймақтарды осындай жолмен зерттеу антропологияда, әсіресе Лейденде, бірнеше он жылдықтар бойы негізгі зерттеу әдісі болып тұрды. Леви-Стросс Леви-Брюль сияқты «қарапайым» құрылым мен «күрделі» құрылым, «салқын» қоғамдар және «ыстық» қоғамдар, «нақты» ойлау жүйесіне ие және «абстрактілі» ойлауға дағдыланған қоғамдарға бөліп қарастыруды басты назарға алғанымен де, оның негізгі зерттеу әдісі жалпыдан жалқыға ауысуға негізделген еді.

Леви-Стросстың «Эдип мифы» туралы

Бұл әңгіменің бірнеше нұсқасы бар екені рас. Сонымен бірге, басқа да мифтерді осы мифтің өзгертілген түрі деп айтуға болады. «Мифологикус» кітабында әдетте ондай талдаулар жиі кездеседі. Лич те осылай талдау жасаған. Бұл жерде автор Леви-Стросстың кейіпкерлердің грекше аттарын латыншалап ұсынған нұсқасын беріп, оның түсіндірмелерін қарапайым түрде келтіреді. Басты кейіпкерлер бәрі бір-бірімен байланысты.

Кадм - Финикия елінің патшасы. Оның қарындасы Еуропаны құдайлардың королі Зевс ұрлап алып кетеді. Сол себепті Кадм оны табуға жолға шығады. Бірақ оны Дельфи көріпкелі тоқтатып, сиырдың ізімен жүріп отыр дейді. Сиыр қай жерге тоқтаса, сол жерге қала тұрғыз деп кеңес береді. Кадмос көріпкелдің айтқанын жасайды. Сиыр тоқтаған жерден ол Тебес қаласын табады. Осыдан соң ол айдаһарды өлтіреді. Айдаһардың тісін жерге егеді. Олардан Спартойлар өсіп шығады. Спартойлардың бесеуі Кадмге Тебесті тұрғызуға көмектеседі. Осыдан соң олар бірін-бірі өлтіреді.

Кадм басқа да ерліктер жасайды, құдай әйелге үйленеді, одан бес бала көреді. Балаларының ішінде Полидор есімді ұлы Тебестің патшасы болады. Полидордан Лабдак деген ұл туылады. Лабдак Полидордың орнына отырып, одан Лай дүниеге келеді. Лай Иокастаға үйленеді. Көріпкел Лайға ұлды болатынын және сол ұлының қолынан қаза табатынын айтады. Сондықтан оның ұлы Эдип дүниеге келгенде Лай оны жалаңаш күйде төбенің басына аяғынан байлап қояды. Бірақ оны шопан тауып алады. Осыдан соң ол баланы Коринф патшасы Полибке береді. Полиб оны асырап алады. Кейінірек Эдип көріпкелден өз әкесін өлтіретінін біліп, ешқашан Коринфке қайтып оралмауға бекиді. Оның орнына ол Тебеске жол тартады. Тебеске барар жолда ол туған әкесі Лайға кезігеді.

Екеуі сөзге келісе алмай, Эдип оны өлтіріп тастайды. Кейін оның алдынан Сфинкс шығады. Сфинкс жолаушыларға жұмбақ жасыратын, егер жолаушы ол жұмбақты шеше алмаса, оны өлтіріп тастайтын еді. Оның жасырған жұмбағын осы уақытқа дейін ешкім шеше алмаған екен. Эдип жауабын табады.

Жұмбақ: «Бір дауыста сөйлейді, басында төрт аяқты болады, кейін екі аяқты, содан үш аяқты болады. Ол не?»

Эдип жұмбақтың жауабы адам екенін табады. Адам сәби шағында «төрт аяқтап», содан соң екі аяқпен, жасы келгенде балдақпен жүреді. Сондықтан да Сфинкс Эдипті емес, Эдип Сфинксті өлтіреді, ал мифтің кей нұсқаларында Сфинкс өзін-өзі өлтіреді. Сфинксті өлтіргені үшін Тебестің халқы Эдипке сый ретінде елінің жесір патшайымын әйелдікке береді. Шындығында ол оның өз туған анасы еді. Эдип сөзінің аудармасы «аяғы іскен» деген мағынаны береді. Сондықтан да Иокаста Эдиптің өзінің ер жеткен ұлы екенін түсінеді. Өз ұлымен инцест жасағанын түсінген Иокаста өзіне-өзі қол жұмсайды. Осыдан соң Эдип өзін-өзі соқыр етеді. Ол өмірден баз кешіп, бәрін тастап кетіп қалады.

Тебеске оның орнына Иокастаның ағасы Креон билікке келеді. Иокаста мен Эдиптен төрт бала дүниеге келген еді: Полиник, Этеокл, Антигона және Исмена. Антигона мен Исмена әкесі жыраққа кеткенде онымен бірге кетеді.

Әкесі өмірден өткен соң олар Тебеске қайта оралады. Сол кезде олар екі ағасының бір-біріне қарсы күресіп жатқанын біледі. Этеокл таққа отырып өз билігін қорғап жатқан болса, Полиник қаланың сыртында шабуылдап жатыр екен. Нәтижесінде екі ағалы-інілі де көз жұмады. Ал таққа Иоланданың ағасы Креон келеді. Антигона ағасы Полиникті ерекше жақсы көретін. Оны Этеокл өлтірген еді. Тақта отырған Креон Полиникті жерлеуге тыйым салады. Өйткені ол Этеоклдің тағын тартып алғысы келген сатқын болып есептелетін.

Леви-Стросстың «Эдип мифын» талдауы. Сөйлемдердің аудармасы:

Этеокл үлкен сән-салтанатпен жерленеді де, ал Полиник жерлеусіз қалады. Алайда, Ан- тигона жасырын түрде оны жерлейді. Осы әрекеті үшін Креон Антигонаны тірідей жерледі. Ол үшін Креон Антигонаны үңгірге қамайды. Бірақ ол асылып өледі. Оны ерекше жақсы көретін жиені Гемон мен оның анасы да суицидке барады. Оқиға осылай жалғаса береді.

Леви-Стросс Эдип мифындағы күрделі сюжетті қарапайым диаграммамен беруге тырысып көрген. Оны кестеден көре аласыз. 1-ші қатарда табу ережелері бұзылған, соның ішінде инцест пен жерлеуге қойылған табуды бұзған жағдайларды келтіреді. Леви-Стросс оны өзі «туысқандықты асыра бағалау» деген сөзбен атайды. 2-ші қатарда да «туысқандықты асыра бағалауды» көрсетеді. Бірақ бұл жерде «керісінше» көрсетілген. Бұл қатарда бауыр өлтіру мен әке өлтіруге қатысты табудың мысалы берілген. 3-ші қатарда адамның құбыжықтарды өлтіру мысалдарын көрсетеді.

Еркек айдаһарды өлтірген соң жер бетіне жерден туылған адамдар дүниеге келеді. Сфинкс болса ұрғашы құбыжық еді. Ол адамдардың өмір сүргеніне қарсы. Леви-Стросстың сөзімен айтатын болсақ, бұл қатар - «адамның негізгі шығу тегін жоққа шығаратын» қатар. 4-ші қатар мифтегі кейіпкерлердің кейбірінің есімдерін қарастырады. Барлық мағыналар адамның тік жүруіне немесе тік тұруына қатысы болуы мүмкін қиындықтармен байланысты. Бұл осы тектес есімдерге ие адамдардың әлі де жермен байланысты екенін көрсетеді.

Спартойлар адамның көмегінсіз дүниеге келді. Ал Эдип болса, туыла сала шешіндіріліп, жерге байланды. Сол себепті оның аяғы ісіп кеткен. Сонымен бірге ол жерден толығымен ажыратылмаған әйелден дүниеге келген. Сондықтан да Леви-Стросстың ойынша бұл қатар - «қарабайыр адамның шығу тегінің табандылығын» көрсететін қатар. Басқаша айтқанда, 4-ші қатар 3-ші қатардың қарама-қарсы мағынасында тұр. Сол секілді 1-ші қатар да 2-ші қатармен байланыста орналастырылған.

Бұл жердегі басты нәрсе - мифтердің «мифема» деп аталатын элементтерден тұруында. Миф жасаушылар осы мифемаларды бейсаналы түрде бірге араластыра қолданып, мифтерді құрастырып шығады. Мифтер жай ғана әңгіме айту емес. Мифтер кейде белгілі бір мәдениетке, не тарихи-мәдени аймақтарға тән не әмбебап рәміздік шындықты айтады. Тура осы мифемалар басқа да мифтерден тауып, мифемалар басқа мәдениеттерге де ауысуы мүмкін. Ол мифтің қай-қайсысын да синхронды, не диахронды ретпен оқуға болады. Леви-Стросс өзі мифтерді талдаған кезде осындай кестені сол мифті талдау үшін ғана қолданған. Алайда сол талдаудан алған нәтижелерді мәдениеттің басқа жақтарын түсінуге де қолдануға болады. Шынымен де осы талдау әдісі түс пен түс жалғастығын талдауда аса пайдалы болды.

Британдық структуралистер басқаша жұмыс істеді. Сол себепті де Леви-Стросстың ық- палымен структурализмге келген британдықтардың өздері де Леви-Стросстың көзқарас- тарымен түбегейлі келіспейтін еді. Мысалы, Личті, Родни Нидамды айтуға болады. Нидам Леви-Стросстың туысқандық туралы көзқарасын үлкен сынға алған. 1970-1980 жылдары Оксфорд университетінің әлеуметтік антропология бойынша профессоры Нидам тіл, дін, рәміздік жіктеу, сезім және антропологиялық философия бойынша үлкен еңбектер жазып шықты. Өкінішке қарай, ол Леви-Стросспен сөзге келіспей қалғаннан кейін туысқандықтан басқа тақырыпта жазылған еңбектерінде Леви-Стросстың жұмыстарына сілтеме бермеген. Нидамның еңбектерінің кейбірінде осы күнге дейін құрылымдық теориясын көруге болады. Ал кейбірінде ол құрылымдық талдаудан алыс кетіп, Нидамның антропологиясына ғана тән интерпретивизмнің эмоционалды мәнерінде жазуды дұрыс санаған.

Басқа елдерде де 1950-1970 жылдары структурализм әртүрлі жолдармен дамыды. Бірақ голландтық және британдық структурализм аймақтық және мәдени ерекшеліктерді зерттеу бойынша алдыңғы қатарлы мектептер болды. Бельгиядағы антропология Нидерландыдағы антропологияға ұқсас дамыды. Бельгиялық структуралист ғалым Люк де Ёш аймақтық құрылымдық зерттеу әдістемелігін Орталық Африкадағы және жалпы Африкадағы саяси процестерді, туысқандықтағы өзгерістерді, миф, құрбандық шалуды зерттеуде қолданды. Ёш пен Леви-Стросстың екеуінің де еңбектерін ағылшын тіліне аударған британдық аудармашы Рой Уиллис те орталық Африканы зерттеу бойынша осы сынды жұмыс жазып шықты. Ол Африка қоғамдарындағы жануарлар рәмізіне байланысты жалпы құрылымдық негіздің қағидатын жасап берді. Бұл қағиданы Африкадан тыс өңірлерге де қолдана беруге болады. Біз бұрын көргеніміздей, Эдмунд Лич пен Маршалл Салинс де әлеуметтік өзгерістерді зерттеуде құрылымдық зерттеу әдістерін қолданған. Ол ғалымдар Леви-Стросстың структурализмінің тарихында маңызды орын алады. Олардың еңбегінің нәтижесінде әлеуметтік өзгеріс тео- риялары қалыптасты. Ал ол өз кезегінде 1950-1980 жылдар аралығында процессуалистік және марксистік антропологияның дамуына әкелді.

Ал осы уақытта Францияда Мосстың шәкірті, кезінде Оксфордта Эванс-Причардпен әріптес болған Луи Дюмон Үндістандағы әлеуметтік иерархияның аймақтық-құрылымдық түсіндірмесін жасап шыққан блатын. Оның ұсынған түсіндірмесі бірегей болды, бірақ ол жемісті болып шықты. Оның еңбегін қолдаушылар да, сынаушылар да болды. Үндістан субконтинентін зерттеумен айналыстатын барлық елдерде оның еңбегі белгілі еді. Ал АҚШ-та болса, этноғылымдар мен когнитивті антропология адамзатқа тән әмбебап белгілерге, лингвистикалық үлгілерге, мәдени ерекшеліктерге тән семантикалық құрылымдарға қызығушылық есебінен дамыды.

Осының ішіндегі мәдени ерекшеліктерге ие семантикалық құрылымдар басқа елдердегі «структурализмге» ұқсас келеді. Леви-Стросс өзі Американы ылғи да мақтайтын болған. Ол өз теориясының дамуына Американың көп пайда тигізгенін айтады. Австралия мен Оңтүстік Америкада да ішкі структуралистер қарабайыр халықты зерттеуде құрылымдық әдістерді қолданды. Осының нәтижесінде жергілікті антропологтар арасында құрылымдық көзқарас қалыптасты.

Францияның басқа ғалымдары зерттеудің басқа түрлерін дамытты. Олардың кейбіреуі құрылымдық көзқарасты басшылыққа алса, кейбіреуі оған мүлдем жүгінбеді. Оның үстіне, Франциядағы структурализмнің дамуы университеттік факультеттерге емес, «жеке» топтарға байланысты болды. Ол топтар әртүрлі этнографиялық және теориялық кішігірім мектептердің пайда болуына үлес қосты. Леви-Стросс пен Дюмон ең ықпалды тұлғалар болды. Бірақ дәл сол секілді марксизмнің өкілдері Морис Годелье мен Клод Мейясу да аз ықпалға ие болмады.

Структурализм мазмұннан қарағанда пішінге көбірек мән береді. Екінші жағынан ол пішінсіз мазмұнның болуы мүмкін екенін жоққа шығарады. Тілдегі құрылымдардың қай- қайсысының баламасын мәдениеттің кез келген бөлігінен табуға болады. Осыған байланысты структурализм Соссюрдің лингвистикасы мен Прага мектебінен Леви-Стросстың және оның жолын ұстанушылардың антропологиясына айналып кетті.

Леви-Стросстың структурализмге қосқан үлесі көп болғанымен де, жалпы құрылымдық антропология күрделі кешенді дәстүрлерден тұратынын естен шығармау керек. Теориялық көзқарастар қай кезде де ұлттық мүдделердің қызығушылығына сай құрылып отырған. Алайда тек ұлттық мүдделермен шектеліп қалған теориялар ешқашан да жақсы идеялардың туындауына әкелмейді. Ал структурализмнің тарихынан біз оның халықаралық және пәнаралық құбылыс болғанын білеміз.

Куллердің Соссюр және Личтің Леви-Стросс кітаптары Соссюр мен Личтің еңбектеріне жақсы кіріспе бола алады. Алайда Соссюрдің негізгі идеяларын ең жақсы таныстыра алатын оның өз еңбегі - «Курс».

Якобсонның таңдаулы еңбектерінің жинағынан тұратын екі томдығы оның Леви-Стросс идеяларына қалай әсер еткені туралы біраз деректер бере алады. Штейнердің Прага мектебінде де пайдалы мәліметтер берілген. Леви-Стросстың өмір жолын баяндайтын бірнеше еңбек бар. Олардың ішінде Бун, Бэдкок, Спербер және Хенаффтың кітаптарын атауға болады. Әлеуметтік антропология қауымдастығы ұйымдастырған конференцияның жинағы ретінде басылып шыққан «Миф пен тотемизмнің құрылымдық талдауы» да қызықты еңбектер қатарына жатады. Ол жинаққа Леви-Стросстың Асдиуал әңгімесіне берген белгілі талдауы және Леви- Стросстың еңбектеріне айтылған сын-пікірлер кірген.

Антропологиядағы структурализмге кіріспе ретінде әдетте Личтің «Мәдениет және коммуникация» еңбегі көп қаралады. Структурализмді тереңірек түсінгіңіз келсе, де Джордждың «Структуралистер: Мосстан Леви-Строссқа дейін» еңбегіндегі негізгі мақалаларды қарап шығыңыз.

Постструктуралистер, феминистер және мавериктерге ортақ нәрсе - олардың функцио- нализм мен структурализмге тән ресми идеяларынан тар ауқымды тақырыптарды зерттеуге икемделгендігі. Сонымен бірге олар мәдениет пен әлеуметтік іс-әрекет арасындағы қатынастың күрделі түсініктерімен жұмыс істейді. Билікті зерттеуге деген қызығушылықтың артқанын көрсететін еңбектер туралы да осы тарауда сөз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
Бүгінгі диффузионизм мен аймақтар теориясы
Xx ғасыр лингвистикасындағы бағыттар мен мектептер
Интерпретивті және постмодернистік зерттеу әдістері
Антропология тарихы
Функционализм және құрылымдық функционализм
Антропология тарихы мен теориясы пәні
Қазіргі заман философиясы
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
Халықтың мінез-құлқы туралы (И.С.Кон.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz