Транзакционализм
Транзакционализм
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Транзакционализм
Транзакционализмнің ең көрнекті тұлғасы ретінде осы уақытқа дейін белгілі болып келген норвег ғалымы Фредрик Барт. Ол Кембриджде білім алған және Норвегияда, АҚШ-та Бостондағы Эмори университетінде дәріс берген. Бартқа функционалистік мектеп зор ықпал еткені күмәнсіз. Әсіресе оның ұстазы Майер Фортс оған көп әсер еткен еді. Бірақ өзінің ерте жазбаларында ол 1950 жылдардағы британиялық антропологиядағы әлеуметтік құрылым үлгілерінде шектен тыс үйлесімділік бар деп санады. Ол Пәкістан, Норвегия, Судан, Бали және Папуа Жаңа Гвинея сияқты түрлі елдерде далалық зерттеулер жүргізу нәтижесінде жаңа зерттеу әдісін ойлап шығарды. Осы зерттеу әдісі әлеуметтік іс-әрекеттің рөлін, жеке тұлғалардың өзара келісімінің бағасын, зат алмасу және шешім қабылдау нәтижесінде әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыру тақырыптарын зерттеудің маңыздылығын арттырды.
Антропологиядағы тамыры
Боастың дәстүрі аясында әлеуметтік және мәдени өзгерістер тақырыбы біраз сынға ұшырап, функционалдық талдауға түсті. Мысалы, Крёбер еуропалық әйелдердің сән әлемі тұрақтылық пен тұрақсыздық кезеңдерінен өтеді деді. 1789 - 1935 жылдар аралығын қамтитын сегіз жылдағы белдемшенің ұзындығы мен кеңдігіне және белдің жуандығы мен қалыңдығының өзгеруіне байланысты жасалған статистикалық зерттеу арқылы ол сән әлемінің тұрақтылығы әлеуметтік-саяси тұрақтылықпен тікелей байланысты деген қорытындыға келді. Ал сән әлеміндегі тұрақсыздық революция мен дүниежүзілік соғыс сияқты себептерден туындаған мазасыз әрі ауыр кезеңдерге сәйкес келеді.
Фирттің көзқарасында әлеуметтік құрылымға (адамдардың қоғамда алатын статусына қарай беделге ие болуына) қарағанда әлеуметтік ұйымдасушылыққа (социологиялық тұр- ғыдан алғанда бұл көзқараста адамдардың атқаратын рөлі маңызды) көп мән беріледі.
Роберт Редфилдтің Мексикадағы Тепостлан ауылындағы далалық зерттеулерін қайта қарап шыққан америкалық антрополог Оскар Льюис те осы бағыттағы зерттеулердің негізін қалаушылардың бірі болды. Редфилд боастық, функционалистік, эволюционистік, неміс әлеу- меттанулық мектептерін араластыра отырып, әлеуметтік мінез-құлықты басқаратын нормативті қағидаларды анықтауды мақсат етті. Льюис болса, мінез-құлықтың өзіне мән берді, яғни бұл Редфилдтің көзқарасын мүлдем жоққа шығару дегенді білдірер еді. Редфилдтің Тепостланды сипаттаған қиялдағы мінсіз келбеті бойынша ондағы халық тыныш, қолайлы жағдайда табиғатпен мүлтіксіз үйлесімділікте өмір сүреді. Льюис болса, ол ауылды келіспеушіліктерге толы, адамдардың бір-біріне деген жек көрушілігі басым, ішімдікке салынған және халқының төбелеске жаны құмар деп сипаттады. Бұл екі бөлек этнографтың сипаттауындағы ауыл аса көп әлеуметтік өзгерістерді бастан кешірмеген.
Классикалық функционалистерге әдетте монографияны мәдени байланыс немесе әлеу- меттік өзгеріс тақырыбындағы тараушамен, тараумен немесе бірнеше тарау тобымен аяқтау тән еді. Әдетте бұл екеуі бірдей мағынаны береді Алайда ғалымдар тарапынан уақыт өте әлеу- меттік өзгеріс қалыпты жағдай ретінде қабылданатын болғандықтан және әлеуметтік динамика өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қабылдана бастағандықтан, енді осы динамиканы біртізбекті және құбылмалы өзгеріс тұрғысынан зерттейтін көзқарастар пайда болды.
Сваттықтардың билік жүйесін зерттей келе Барт билеушілердің мансабы оларға қызмет етушілердің адалдығына және жиі-жиі болып тұратын келіспеушіліктер мен жаңа коалиция- ларға тікелей тәуелді екеніне көзі жетті. Кейін ол осы идеяларын өзінің Әлеуметтік ұйым- дасудың үлгілері деп аталатын кішігірім монографиясында және атақты көп томдығы Этникалық топтар және шекаралар атты кітабының кіріспесінде таратып жазды. Барт өзін бірізді ойшыл ретінде көрсетті. Өйткені оның соңғы еңбектері мен шәкірттерінің жұмыстары оның жұмыстарымен үндес. Барттың ұсынған үлгісі әсіресе этнос пен ұлтты зерттеуде аса құнды болды. Өйткені онда жеке тұлғаның болмысы қоғамның талабына сай болатындығы анық көрінді. Кейінгі этнографтар сваттар жайлы баяндалған этнографиялық ізденістерді сыни тұрғыда талдап жазғанымен, оның талдау әдісі барлық сын-пікірлерге төтеп бере алды.
Транзакционализм басқа ғалымдар арқылы жалғасын тапты. Оның ішінде: чех-британдық африкатанушы Ладислав Холи, британдық-америкалық меланезиятанушы Эндрю Стратерн, голландтық Жерорта теңізі төңірегін зерттеуші Джереми Бусевейн, америкалық оңтүстік Азияны зерттеуші Ф.Д. Бейли және австралиялық оңтүстік Азияны зерттеуші Брюс Капфирерлер бар. Әлгілердің әрқайсысы осы парадигманың дамуына өз үлесін қосты. Мысалы, Холи халықтық үлгі, нормативті қағидалар және жеке дүниетаным қалыптастыру арасындағы байланысқа өте мән берді. Соңғы кітабында ол өзінің шыққан жері Богемиядағы ұлттық бірегейлік мәселесіне мән берді. Өйткені ол жер коммунистік Чехославакиядан жаңа Чех республикасына айналу процесінен өткен еді. Сонымен бірге Холи Бордоның постструктуралистік метебінен де біраз нәрселер алды. Онда транзакционалистік және процессуалдық әдістер қатар жүреді. Шындығында, осы көзқарастардың барлығының бірлесіп, бір-біріне кіріктіріліп кетуі ойға қонымды. Бірақ әр көзқарас өкілдері өздерінің тарихи, схоластикалық, ұлттық, әдеби бірегейлік сияқты танымдарына байланысты өздерінің көзқарастарын басқаларынан өзге- шелеу көретін еді. Осыған байланысты транзакционализм жеке мектепке айналмады. Бірақ басқа көзқарастармен бірлікте қолдануға болатын мықты талдау құралы ретінде қалды. Қазіргі антропологтар арасында осы көзқарасты барынша қорғаштап, жақтайтын қызуқанды қолдаушылары да және осы бағытта үнсіз ғана өз зерттеуін жүргізушілер де кездеседі.
Манчестер мектебі
Манчестер мектебі алдымен Оксфордта тәлім алып, кейін Манчестерде, Роуд-Ливингстоун институтында және солтүстік Родезияда қызмет еткен ғалымдардың тығыз байланысы нәти- жесінде қалыптасты. Манчестер мектебінің ең дәуірлеген тұсы 1950 - 1970 жылдар аралығына тиесілі. Алайда кей ғалымдар Манчестер мектебінің ең танымал кезеңін Макс Глакманның 1939 жылы Роуд-Ливингстоунға келуімен байланыстырады. Манчестердегі 1988 жылдан бері жұмыс атқаратын антропология бөлімінің жыл сайынғы өткізілетін жиынының есебі бойынша Манчестердегі қазіргі антропология эклектикаға жақынырақ. Бірақ кезінде Манчестерлік антропология сөзі белгілі бір топты немесе белгілі бір адамдар қатарын білдіретін еді. Бір кездері ол Глакманның сүйікті футбол командасы Манчестер Юнайтед тобы мағынасында да қолданылған болатын.
Манчестердің атағы кеңге жайылған отарлық саясат кезеңіндегі ғалымдары қатарына: Д.А. Барнс, А.Л. Эпстейн, Скарлет Эпстейн, Элизабет Колсон, Клайд Митчелл, Годфри Уилсон және Моника Уилсондар жатады. Соңғы буындағы өкілдеріне: Ричард Уэрбнер, Джон Комарофф және Жан Комароффтар жатады. Олардың әрқайсысы осы бағытта өзіндік қолтаңбасын қалдырды және зерттеу тәсілдерінде әрқайсысының өз ерекшеліктері болды. Мысалы, Митчелл және А.Л. Эпстейн (кейбір еңбектерінде) тор бойынша талдауды дұрыс санады. Ол талдау бойынша жеке тұлғалар бір-бірімен қалайша әлеуметтік-экономикалық байланысқа түсетіні айтылады және сол байланыстар торды түзетін түзу сызықтар секілді көрсетіледі. Бұл әдіс Барттың әдісімен өте ұқсас. Алайда Макс Глакман мен Виктор Тёрнер басқа ғалымдарға қарағанда бір қадам алда тұрады. Өйткені екеуі Манчестер мектебіне тән ерекше белгілерді қалыптастырған тұлғалар ретінде белгілі. Глакман оңтүстік Африкадан шыққан антропология мен заң саласының маманы еді. Ол бірнеше орталық және оңтүстік африкалық мекендерде далалық зерттеулер жүргізді. Атап айтқанда, Баротс, Тонга, Ламба және зулулықтар арасында болды. Ол тайпалық және қалалық өмірдің арасындағы байланыс пен әлеуметтік өзгеріске аса мән берді. Бірақ ол Малиновскийдің әлеуметтік өзгеріс мәдени қарым-қатынастарға байланысты деген түсінігіне түбегейлі қарсы болды. Оның орнына ол африкалық қоғамдағы кешенді өзгертуші күштерді іздеп табуға тырысты. Сонымен бірге африкалық қоғамдар тұрақты деп келетін функционалистік тұжырымға да қарсы болды.
Ғалым Африкадағы салт-дәстүр және дау-жанжал және Тайпалық қоғамдағы саясат, заң және ғұрып сияқты еңбектерінде және басқа этнографиялық ізденістерінде тұрақтылық пен өзгеріс байланысы, мемлекеттігі жоқ қоғамдардағы тәртіпті орнықтыру жолдары, тәртіпті орнатудағы дау-жанжалдың орны деген тақырыптарды қозғады. Осы аталғандардың ішіндегі ең соңғысына ол әртүрлі еңбектерінде әртүрлі пікір жазып жүрді. Бірақ оның Салт-дәстүр және дау-жанжал мақаласындағы классикалық мәлімдемесі бойынша, адалдықтан аттап өтуге мүмкіндік беретін жағдайлар әлеуметтік тәртіпті нығайтады, әлеуметтік ынтымақтастық дау-жанжалдың нәтижесінде қалыптасады және тіпті жалпы жүйенің жұмыс істеуі үшін оның құрамындағы кішірек жүйелердің ішінде дау-жанжалдар болып тұруы қажет. Глакманның байырғы африкалық заңдарға, соның ішінде дау-жанжалдардың шешілу жолдарына деген қызығушылығы, әлеуметтік антропологияға тереңдетілген кейс әдісі деп аталатын жаңа әдіснамалық зерттеу құралын алып келді.
Бәлкім, Глакманның дау-жанжалға қатысты теориясынан бөлек оның харизмалық жетек- шілігі Манчестердегі антропологиядағы ізденістің артуына және антропологиядағы негізгі зерттеу сұрақтарына қатысты ортақ пікірдің қалыптасуына ықпал еткен болуы да мүмкін. Оның үстіне олардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Марксистік антропологиядағы негізгі түсініктер |
Ауыспалы уақыт концептілері |
Малиновский мен Радклифф - Браунның ықпалы |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz