Функционализм және құрылымдық функционализм



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Функционализм және құрылымдық функционализм

АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ

Тақырыпты оқудың мақсаты - әлеуметтік мәдениеттануда маңызды рөл атқаратын функционализм мен структурализмнің арақатынасын сипаттау.

Бүгінде функционалист пен құрылымдық функционалист және осы сөздердің изм- дермен байланысы нақты айқындалған. Алайда бұл үнемі осылай болмаған. Теорияларды қарастырмас бұрын аталған терминдердің уақыт барысында қалай өзгергенін баяндап шығу орынды болады. Құрылымдық функционализм жеке тұлғаның іс-әрекеттері мен қажеттіліктеріне аса мән бермейді. Керісінше, ол жеке тұлғалардың әлеуметтік құрылымда алатын орнына немесе әлеуметтік тәртіптің құрылымына мән береді. Британияда бұл салада Э.Э. Эванс-Причард (оның бастапқы кездегі еңбектері), Исаак Шапера, Майер Фортс және Джэк Гуди сияқты басқа да көптеген ғалымдар ізденді. Бірақ құрылымдық функционализм мен функционализм арасындағы шекара анық нақтыланбаған. Радклифф-Браунмен пікірлестер өздерін функционалистер деп атауға қарсылық білдірмейтін; кейбірі өздерін құрылымдық функционалистер немесе структуралистер деп атады. Оның үстіне 1950 жылдары британдық структуралист термині Радклифф-Браунның зерттеу мәнерінің Леви-Стросстікінен немесе француз структурализмінен ерекшелігін көрсету мағынасында қолданылды. 1960 жылдардағы британдық антропологтар Леви-Стросстың еңбектеріне бет бұрып, соның әдісімен зерттеу жүргізгенде қателесіп, өздерін Британдық структуралистер деп атайтын. Кеңінен алатын болсақ, соңғы Британдық структурализм шын мәнінде француз структурализмінің британдық нұсқасы еді.

Шындығында, Радклифф-Браун да, Леви-Стросс та Эмиль Дюркгеймнің еңбектерінен су- сындаған болатын. Өзін функционалист деп атағанды ұнатпайтын Радклифф-Браун өзінің зерттеу пәніне салыстырмалы социология деген атау берді.
Антропологияның эволюционистік бастамасы мен мәдениеттің биология- лық ағзамен ұқсастығы

Радклифф-Браун антропологияның екі түрлі бастамасы бар деп айтқан болатын: біреуі - 1870 жылдар шамасында эволюционистік мектептердің өрлеп тұрған кезі; екіншісі - Монтескьенің Заң рухы деп аталатын кітабының жарыққа шыққан жылы. Бұл социологиялық көзқарас бойынша қоғам жүйелі түрде құрылған деген идея дұрыс саналады. Оның зерттеу пәні - қазіргі әлеуметтік ғылымдар деп аталып жүрген нақты ғылымдар. Сонымен бірге Конттан бастап осы пәннің зерттеу нысанын биологиялық ағзаға теңестіруге болады деген пікір кең етек алды. Эволюционистер, әсіресе Герберт Спенсер функционализмнің негізгі зерттеу мәселесі әлеуметтік түрлердің өзгерістері деген пікірде болды. Ол мәдениет пен биологиялық ағзаның ұқсастығы жайлы түсіндірме берген. Спенсердің ойынша, қоғамды зерттеу өмір ғылымына, яғни эволюционизм мен дарвиндік көзқарасқа негізделген. Спенсер қоғамды сәбилік, балалық, ер жету шағы, орта жас және кәрілік сияқты кезеңдерден өтеді деді. Ол да Дюркгейм сияқты әр саты бірнеше құраушы бөлшектерден тұрады және олардың әрқайсысының өз қызметі бар деген ойда болды. Осы құраушы бөлшектер эволюция барысында қилы түрлерге өзгеріп отырады деген пікірді ұсынды. Тіпті диффузионист Лео Фробениустың өзі де қоғамды ағзамен теңеушілердің қатарынан еді. Бұл идея синхрондық, диахрондық, эволюционистік, диффузионистік сияқты әдістердің бәріне ыңғайлы болған.

Функционалистік көзқарас XX ғасырдың басында Дюркгеймнің синхрондық көзқараста жазылған еңбегінде және әсіресе Радклифф-Браунның жұмысында біраз өзгерістерге ұшырады. Дюркгейм де, Радклифф-Браун да эволюционизмді жоққа шығармаған, бірақ екеуі де қазіргі заманғы қоғамдарды зерттеуге аса үлкен мән бергендігімен белгілі. Біз қоғамды сау ағза сияқты елестете аламыз. Онда кішігірім бөлшектер бірге құрастырылып, үлкенірек жүйелерді құрайды. Ол жүйелердің әрқайсысының өзіндік атқаратын қызметі бар. Олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Қоғамдар да ағзаға ұқсас құрылымдарға ие. Әлеуметтік институттар ағзаның мүшелері сияқты үлкенірек жүйеде бірлесе қызмет атқарады.
Дәл биологиядағы әртүрлі жүйелердің бір ағзаны құрайтыны сияқты, туысқандық, дін, саясат және экономика сияқты әлеуметтік жүйелер бірлесе отырып қоғамды құрайды.

Қоғам жүйелері. Биологиялық ағзаға ұқсастық: қоғамның ағзаға ұқсас- тырылуы
Осы жүйелерді және оларды қалыптастырып тұрған үлкенірек жүйелердің өзара байла- нысын қалай түсінеміз? Францияда немесе Британияда некелесу туысқандық жүйесінің құрамында қарастырыла алады, бірақ оның діни, саяси және экономикалық аспектілері де болуы мүмкін. Сондықтан некелесу туысқандықтың ғана бөлшегі емес, өйткені ол басқа жүйелердің ішінде де қызмет атқарады. Былайша болуы ұқсастықты қате немесе пайдасыз етпейді, бірақ зерттеуді қиындатады. Екінші жағынан ұқсастық жүргізу өте оңай екенін де көрсетеді. Кез келген институттың оны басқа институтпен үйлестіретін тағы бір қызметі болуы мүмкін. Сондықтан мұнда барлық нәрсенің өз қызметі бар.

Автордың ойынша, ағзаға ұқсастыру теориясының жетістікке жетуіне оның өте жеңіл екендігі және оны диахрондық немесе синхрондық тәсілдерге оңай салуға келетіні себеп болды. Екінші жағынан, жеңілдігі оның қолданыстан шығуына да алып келді. Өйткені кейінгі постфункционалистер буыны әлдеқайда күрделі нәрселерге талпынды.

Дюркгеймнің социологиясы

Құрылымдық-функционалистер идеясы үшін ең маңызды еңбек Эмиль Дюркгеймнің со- циологиясы болса керек. Көп студенттердің бірі болып университет бітірген соң, философия пәнінен сабақ беруді жан-тәнімен ұнатқан Дюркгейм 1887 жылы Бордо университетінде үлкен қызметке ие болды. Ол 1902 жылы Сорбон қаласына қоныс аударады және сонда 1917 жылы өмірден қайтқанға дейін дәріс береді. Ол айналасына әлеуметтік ғылымдар туралы өзімен пікірлес болған философтарды, экономистерді, тарихшыларды және заңгерлерді жинады.

1898 жылы Дюркгейм мен оның айналасындағы жас ғалымдар Année sociologique деп аталатын пәнаралық ғылыми журналдың негізін қалады. Ол тез арада үлкен ықпалға ие болды. Осы топтағы ғалымдардың біршамасы антропологияға, оның ішінде дін антропологиясына үлкен үлес қосты. Әсіресе Марсель Мосс, Люсьен Леви-Брюль, Роберт Герц біздің пәнімізге көп ықпал етті. Алайда кей жағдайда олардың ықпалы өте баяу болды. Өйткені бұл жұмыстар тек авторлары өмірден өткен соң ғана аударылып, келесі буын ғалымдары арасында көп оқылатын еңбектерге айналды.

Антропологтар да, социологтар да Дюркгейм бір ұлы еңбек жазып қалдырған деген пікірде, бірақ екі тарап ол қай кітап екеніне келгенде келіспей қалады. Социологиядағы қазіргі эмпирикалық зерттеу әдісі Дюркгеймнің ерте кезде жазылған еңбектерінен бастау алады. Суицид еңбегінде Дюркгейм католиктер мен протестанттар, ауыл адамдары мен қалалықтар, некелескендер мен некелеспегендер, жастар мен егде жастағылар арасындағы суицид деңгейі архивте әртүрлі статистика көрсететінін айтады. Бұл айырмашылық әр қалада әртүрлі және сол әр қаладағы көрсеткіш ылғи да өзгеріссіз сақталып отырады. Осылайша адамдардың жеке өміріндегі ең жеке мәселелерінің өзі әлеуметтік жағдайларға байланысты болады екен.

Көптеген антропологтар Дюркгеймнің ең ұлы кітабы ретінде Діни өмірдің бастапқы формаларын немесе соның алдында жазылған Қарапайым жіктеу кітабын айтар еді. Бастапқы формаларда ол ерте қоғамдардағы дін мәселесін қарастырады. Дюркгейм бірінші болып дін сөзіне анықтама беріп оның әлеуметтік негізін бекітті: діндер қасиеттіні қасиетсізден бөліп шығарды және қасиетті нәрселерге ерекше мән берді. Ол діннің шығуы туралы теориялардың даму барысын сипаттайды: атап айтсақ, Тайлордың анимизмін, Мюллердің натурализмін, Мак Леннанның тотемизмін. Дюркгеймнің өзіне тотемизм жақын болды және өзінің еңбектерінде мысалға келтіріп отырады. Ғалым сол кезде көптеп жазыла бастаған аборигенді австралиялықтар мен солтүстік байырғы америкалықтар туралы этнографиялық жазбаларды тиімді қолданды. Ол эволюционистік терминдерді қолданды, бірақ кітабының соңына қарай сенім тақырыбынан ғұрып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малиновский мен Радклифф - Браунның ықпалы
Әлеуметік өзгеріс
Спенсердің натуралистік
XIX ғасырдағы әлеуметтану
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Символикалық интеракционизм теориясы
Эмпирикалық және теориялық социология
Өмірдің мәні
Әлеуметтанудағы құрылымдылық функционализм. Әлеуметтік әрекет теориясы
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Пәндер