Таным және шығармашылық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
5-тақырып: Таным және шығармашылық
1. Таным философиялық мәселе ретінде.
Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Яғни таным адам санасын танытудың негізі болып табылады. Айналадағы әлемді тану теориясын, дәлірек айтқанда таным туралы философиялық ғылым гносеология немесе таным теориясы деп аталады. Бұл ғылым жайлы термин философияға 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррердің еңбектері арқылы енді. Бізге белгілі танымның екі формасы бар. Олар: сезімдік(түйсіктік таным) және рационалдық(логикалық) таным. Әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сезімдік таным дегеніміз - сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзідеп білу. Ал рационалдық таным дегеніміз - логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар:
* тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары;
* білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы;
* ақиқат және оның өлшемдері;
* танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері;
* сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары.

2. Танымның субъектісі және объектісі.
"Таным субъектісі" мен "таным объектісі" гносеологиядағы орталық ұғымдар болып табылады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, мәселен, молекула, атом, адам, тіпті тұтастай табиғат. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

3. Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниені түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм мен агностицизм.
Таным жоғарыда айтылғандай - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің ерекшеліктері
Көркем еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылығын дамыту
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Жанама бейнелеу
Пәндер