Философия тарихындағы адамның негізгі бейнелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
7-тақырып: Философиядағы адам мәселесі
1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) - деп есептейді.
Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады, - деп айтқан. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны - біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология - бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер жəне басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Адам деген кім? - деген сұрақ адам философиясының негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сократты адам философиясының негізін салушы - деп те айтады. Оның көзқарасынша, адам ойлаушы, ақылды жан ретінде ақиқатқа өзінің күшімен жетуі тиіс. Сократтың қолданған əдісіне Аристотель индукция деген атау беріп, жалпы ортақ ұғымдардың анықтамасы ретінде зерделеді. Антикалық философияда Платон мен Аристотель адам туралы тұтас теорияны қалыптастырды. Адамның денесі мен рухы бір-біріне қандай қарым-қатынаста болады деген сұрақтарды қарастырып, адам бір уақытта руханилық пен ақылдылықты ұштастыра алады, - деп ой түйді. Платон адамның жеке бөлек өмір сүруінің мүмкін еместігі туралы көзқарасты дамытты. Ал Аристотель адамның жалпы мəнімен бірге жеке табиғаты туралы айтып, оның жалпы мəні нақты, жеке табиғатынсыз жүзеге аспайды, - деп көрсетті. Адам ұғымы барлық адамдарға тəн ортақ ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық жүйелерден ерекше өзіне тəн өмір сүру ерекшеліктерін көрсетеді. Яғни, адамзат ерекше материалдық шындық ретінде өмір сүреді. Адам туралы айта отырып, көбінесе жануарлардан ерекше адамның орта жағдайларына тек бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге өзінің мақсаттарына сəйкес оған белсенді түрде əсер етіп, оны өзінің қажеттіліктері мен тілектеріне сай бейімдей алатындығына басты назар аударады.
Философия адамды танымның, іс-əрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек қарастыра отырып, мəңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мəнін жəне оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық жəне əлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, адам-əлем жүйесіндегі жалпылық жəне мəндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады.
2. Философия тарихындағы адамның негізгі бейнелері.
Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мəні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мəселелер болып табылады. Адам феноменінің мəні мен қалыптасуын түсіндіруде əртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған. Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нəтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену.
Ал ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы - құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше , өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады.Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны нирвана деп атайды.Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам мәселесін ең жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және іс - әрекет туралы
Антика мәдениеті жайлы
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Орыс философиясы
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні
Орыстың діни философиясы
Философия және дүниетаным
Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары
Пәндер