Өмір және өлім. Өмірдің мәні


8-тақырып: «Өмір және өлім. Өмірдің мәні»
- Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім) .
Адам болмысының негізгі категориялары болып еркіндік, өмірдің мәнін іздеу, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, өлім және т. б. табылады.
Бақыт дегеніміз - өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушы- лығына сəйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Бақыт-адам болмысының философиялық санаты ретінде, төрт позициядан қарастыруға болады:
1) Бақыт-тағдырдың мейірімділігі, сәттілік.
2) Бақыт - қарқынды қуаныш жағдайы.
3) Бақыт - ең жақсы игіліктерге ие болу, өмірдің оң балансы.
4) Бақыт-өмірге қанағаттану сезімі.
Сенім - өте сезімтал тәжірибе мүмкіндігі. Құдайға сенуге болады, бірақ діни тәжірибеге күмән келтіріп, оны елес деп санауға болады. Иман ақиқатқа қарай жаныңды ашу, тыныш, әрдайым Құдайдың әр түрлі дауысына құлақ салу, біз кейде Шудың арасында алыстағы тыныш әуен естиміз .
Өмір мен өлім бір-бірінсіз түсініп болмайтын мағынадағы сөздер. Өлімі жоқ өмірді түсіну қалайша қисынсыз болса, өмірі болмаған өлімнің де ешқандай мəн мағынасы жоқ. Жалпы өмірді біз қалай түсінеміз, яғни біз шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап - біз өмір сүреміз, тіпті анамыздың құрсағында жатып біз анамыздың қорегімен қоректеніп, өзіміздің тіршілігіміз үшін жағдай жасап өмір сүреміз. Өмір ол адамзат баласына берген сый. Бұл жарық дүниеде өз өміріңді қуанышқа толы қылып, бақытты өмір сүруің өз қолыңда. Адамының өмірі шексіз дүние емес, оның да бір шегі бар. Яғни ол өлім. Біздің өміріміз қаншалықты жемісті, толыққанды немесе түкке тұрғысыз болса да, ол бəрібір əрқашан да өліммен аяқталады. Өлім ол табиғи заңдылық жəне өзгермейді деген даналарымыздың айтқан сөздері бар. Бұл шыныменде табиғи заңдылық. Мəңгілік деген сөз бар, бірақ ол шын мəнінде қисынға келмейді. Себебі ешқандай зат, адам тіпті мына жердің де бір күні құруы мүмкін. Сондықтан мəңгілік ештеңе жоқ. Уақыты келгенде адам дүниеден өтеді, заттың тозығы жетеді, жер беті жойылады.
- Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Аксиологияның (гр. axia - құндылық және logos- ілім) - «игілік деген не» сұрақты алғашқы рет Сократ қойды. Бірақ, қ ұндылық түсінігі алғашқы рет Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс болмайды, құндылықтың алғышарты, болмыс пен міндеттенуді ажырату.
Құндылық теориясы, құндылық табиғаты туралы философиялық ілімдер, олардың әлеуметтік шындық пен дүние құрылымындағы орны әртүрлі бағыттарда сипатталды. ХІХ-ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Объективті-идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Логикалық позитивизм, құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде таниды. Натуралистік психологизм (табиғат құндылығы мағынасында) - адамның биопсилогиялық түсінігі мен қажеттіліктері. Ал құндылықтың өзі қоршаған шындықтың эмпириялық деректері деп анқталады. Өкілдері: А. Мейнонг, Р. Б. Пери, Дж. Дьюи, К. И. Льюис.
Аксиологиялық трансцендентализм - идеалды болмыс, нормалық болмыстық құндылық, ол сезімдік (эмпириялық) емес, таза трансценденталдық «таза» нормативті санамен байланысты. Өкілдері: Вильгельм Виндельбанд, Г. Риккерт. Олар Канттың сыншылдық идеясына сүйеніп, И. Фихте мен Р. Лотце философиялары тұрғысынан, философияны жалпылай қабылданған құндылықтар туралы сыни ғылым ретірде түсіндірді. В. Виндельбонд бойынша: өмірдің құндылығы - игілік, киелілік, ар-бедел, еркіндік, ізгілік, сүйіспеншілік, сұлулық және ақиқат идеяларының болмысы болады. Әмбебап және мәңгі құндылық ретіндегі ақиқатты табу тәсілін В. Виндельбонд пен Г. Риккерт пән бойынша емес (табиғат туралы ғылым мен рух туралы ғылым) әдіс ретінде бөлді. Табиғат туралы ғылымдар (номотетикалық) әрқашан бар нәрсені зерттейді, рух туралы ғылымдар (идеографиялық) тек бір уақытта болған және ерекше маңызды құндылықтарды қарастырады. Г. Риккерт мазмұнында ақиқат, сұлулық, жеке адамнан жоғарғы киелілік, өнегелік, бақыт және кісі киелігі туатын болмыстың алты сферасымен - логика, эстетика, мистика, этика, дін - байланысы негізінде, құндылық түрлерін ажыратады.
Персоналистік онтологизм - адамның негізі оған тән құндылықтардың бағыныштылығымен анықталады. Адамның бұл құндылық жүйесі реалдық құндылық дүниесі ретінде. Ал құндылықтың сипаты - объективтік. Олар адамның онтологиялық негізін құрайды. М. Шелер абсолютті құндылықтардың бағыныштылық байланысын құрып, құдайды жоғарғы абсолют ретінде негіздеуге ұмтылады. Құдай идеясы Шелерде жоғарғы абсолют, ал құдайды сүю - сүйіспеншіліктің жоғарғы формасы, фундаменталды феноменалдық акт.
- Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz