Этика. Құндылықтар философиясы
9-тақырып: Этика. Құндылықтар философиясы
1. Этикалық ілімдердің тарихи типтері.
Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты. Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдің айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасып таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, -- "малшашпақ" пен "дүниеқоңыздықтың" орта шені; батылдық -- "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек қорқақтықтың" дәл ортасы; қарапайымдылық -- "ұяңдық" пен "ұятсыздықтың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын құлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" -- әсем, сұлу және "agathos" -- ізгі, мейірімді) қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Гедонизм -- грек тілінің "ләззат іздеу, қызыққұмарлық" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты -- өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм -- көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны -- адамның бақытқа жетуі.
2. Этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және міндет, ар-ұждан, еркіндік).
Этиканың категорияларының барлығы табиғи құбылыстарға қатынасы жоқ, ол тек адамға байланысты. Этиканың негізгі категорияларына достық, махабаттық, жомарттылық, мейрімділік, ар- намыс, ұят, абырой, парыз бен қарыз, əділеттік, бақыт, жүздесу т.б.
Достық -- адамдардың бір-бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Достық қарым-қатынас дегеніміз -- жеке адамдардың бірін-бірі жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уакыт және жан-жақты тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.
Махаббат -- достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мөні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай "Махаббатсыз дүние -- бос" деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора-жол- дастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен кауышады. Барлық үлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш -- махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады. Сезім атасы -- махаббат -- құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.
Жомарттық -- басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілділік.
Ізгілік пен зулымдық -- этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгерпгілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық он қылықтар жинақталған.
Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы -- ар мен ұят. Ұят -- адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz