Еркіндік философиясы


10-тақырып: «Еркіндік философиясы»
- Философия тарихындағы еркіндік түсінігі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Саяси тұрғыдан алғанда еркіндік - еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем. Еркіндік - адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Адамның түсінігіндегі еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф. Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік - нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум. -саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т. б. ) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі - жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т. б. ) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т. б. Шынайы еркіндік - адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
- Позитивті және негативті еркіндік.
Еркіндіктің 2 негізгі типтері бар:
- Позитивті еркіндік ("Мен өз өзіме қожайын ")
- Негативті еркіндік ("Мен ешкімге құл емеспін")
Позитивті еркіндік . Позитивті өз шаманың жеткілікті және жеке дара мүмкіндіктерінлді жүзеге асыру үшін қордың болуы. Саяси философиядағы позитивті еркіндік өзінің жеке әлеуетін іске асыру үшін ресурстардың болуы мен мүмкіндігі ретінде сипатталады. Сыртқы шектеулерден және басқа адамдардың күшпен араласуынан азат болып табылатын негативті бостандыққа қарсы тұру ретінде пайдаланылады. Позитивті еркіндік тұжырымдамасының ажырамас бөлігі ретінде азаматтардың басқаруға немесе ерікті кооперацияға қатысу қабілеттілігімен анықталады деген түсінік болып табылады. Мұндай еркіндік адамға басқа адамдармен және қоғаммен бірігуін жоғалтпай, дербес және бірегей болуға мүмкіндік береді.
Негативті еркіндік. Сыртқы шектеулерден және басқа адамдардың мәжбүрлеуінен азат болу. Яғни, негативті еркіндік басқа адамдардың күшпен араласудан еркіндігі ретінде сипатталады және классизм, сексизм немесе расизм сияқты қоғам ішіндегі әлеуметтік жүйенің шектеулерінен жеке адамның еркіндігі ретінде айқындалатын оң бостандыққа қарсы тұру ретінде пайдаланылады. Бостандықтың теріс ұғымы либертариандық пен классикалық либерализмнің орталық идеясы болып табылады, бұл оны социал-либерализмнен (АҚШ- та қысқартылған атау-либерализм) және социал-демократиядан ажыратады. Исайя Берлин өзінің "Екі еркіндік концепциясы" дәрісінде негативті және позитивті еркіндік арасындағы айырмашылықты сипаттаған. Берлиннің пікірінше, бұл айырмашылық саяси дәстүрмен тығыз байланысты. Негативті еркіндік ұғымы Британдық философтармен байланысты болса, мысалы Локк, Гоббс, Адам Смит, Джереми Бентам, ал оң еркіндік ұғымы-континенттік ойшылдармен-Гегель, Руссо, Гердер және Маркспен тұжырымдалады.
- Тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz