Диалогтік оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1. Диалог туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ
МЕН МАЗМҰНЫ

2.1. Диалог туралы ой-пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2.2. Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдері мен тенологиялары ... ... .. 8
2.3. Ағылшын сабағында диалогтік оқытуда қолданылатын
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.4. Диалогтік оқытудың оқушы мен мұғалім үшін мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.5. Диалогтік оқытудың оқыту барысындағы тиімділігі ... ... ... ... 18

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

І. КІРІСПЕ

Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде, сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін меңгеру - уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл - деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз әлеуметтік - экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті. Жылдан - жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар саны көбейе бастады, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды. Осыған орай Елбасымыз Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан-атты жолдауында үштұғырлы тіл мәселесіне көп көңіл бөлген, ашып айтсақ Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі керек қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт. Көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек. Еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс -деген болатын. Демек тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы тілдік дамудың негізі болып саналады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі болып танылып отыр.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім білім бұлағы емес, білім бұлағына жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Жаңа технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажеттісін қолдана алу бейімділігін талап етеді.
Диалог сөзі белгілі бір коммуникативтік, технологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Диалог сөз - бұл жағдаяттық-тақырыптық ортақтықпен және коммуникативтік мотивтермен біріктірілген тілдесу актісінде екі немесе одан да көп әңгімелесушілер жүйелі түрде берген ауызша айтылымдарының үйлестірілуі.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.
Зерттеудің мақсаты:
Мектептерде ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытуды қолдана отырып, оның қажеттілігі мен маңыздылығына көз жеткізу, оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігі мен қатысымдық құзыреттіліктерін дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу әрекетінің түрлерін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыру арқылы бір - бірімен диалогтік байланыс арқылы меңгерту.
Курстық жұмыстың практикалық қолданылымы:
Диалогтік оқытуды мектептерде мұғалім мен оқушы арасында кеңінен қолдануға болады. Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыруға мол үлесі бар.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Диалог туралы түсінік

Диалог - (гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.[1]
Диалог сөзі гректің diologos сөзінен пайда болған. Оның мағынасы - жалпы сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара әңгімелесу ұғымын білдіреді. Тіл білімінде ол екі не одан көп адамдардың кезектесіп сөйлесу формасын білдіретін термин ретінде қолданылады яғни, диалог - екі немесе бірнеше қатысушылардың бірігіп, бір тақырып төңірегінде пікірлесуі. Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі болады, келісу, талқылау, сұрақ-жауап, ойдың бірдей шығуы, т.б.
Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.[2]
Диалог - екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.[3]
Біліктіліктері:
Сұрақты мәселені талқылауға қатысу және өзінің ойын жеткізе білу;
Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу;
Сөйлесушінің айтқандарына дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру.
Құрылымы:
Диалогта сұрақ жауап қарсы сұрақ сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және мазмұнды яғни ұзын болуы мүмкін.
Диалогта келесі айтылғандар орын алады:
Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;
Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану.[4] [5]
Соңғы жылдары қоғамның қарқынды дамуына байланысты шет тілдеріне деген қызығушылық арттып келеді. Шетел тілін білудің қажеттілігін әртүрлі себептермен түсіндіруге болады, сол себептердің бірі - жеке тұлғалар өздерін жан-жақты дамыту мақсатында өзге елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білу үшін тілді білу қажеттілігі. Шет тілісіз бұл іс-әрекетті жүзеге асыру қиын болар...
Дүниежүзі халықтарының арасында ең кең таралған тілдердің бірі - ағылшын тілі. Тілді білгеннен кейін арине, қарым-қатынас жасау керек. Қарым - қатынас жасаудың бірден-бір жолы - диалог.[6]
Диалог қатысушысы әрі шешен әрі жақсы тыңдаушы бола білу керек. Диалогты жоспарлау әри қиынға түсіді, бірақ болжауға болады.
Диалогтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірқатар дағдылармен байланысты.
Біріншісі серіктесіңді әңгіме айтуға шақыру, қызығушылығын ояту. Мотивация келесі түрде берілуі мүмкін:
:: Сұрақ, мысалы: Do you like football? Can you swim?
:: хабар, мысалы: I will go to the cinema tomorrow. Бұл хабар екінші адамның реакциясына көзделген, соған байланысты ынталандыру болады
:: өтініштер немесе ұсыныстар, мысалы: Come here, please! Let`s go there
Екінші дағды - басқа адамның сөзіне жауап бере алу дағдысы. Реплика - жауап, реплика - сұрақ бұл құрылым диалогтың басты қаңқасы болып табылады. Диалог құрылымы:
:: Сұрақ - жауап. Мысалы: Are you goiong to school? - No, I am going
Сұрақ - сұрақ. Мысалы: Are you going home? - Why do you ask me?
Ақпарат - ақпарат немесе жауап-жауап, мысалы:
I am going to the library . - So am I!
Ақпарат - сұрақ , мысалы: I am going to the library - Why?
Үшінші дағды - әңгімені ары қарай дамытып, алып кету дағдысы
Шет тілдерін оқытуда диалогтық оқытудың екі жолы бар: дедуктивті және индуктивті.
Дедуктивті тәсілде оқушыларға диалогты құрудың алдында осы диалогтың құрылымдық стандарты ретінде қаралатын үлгі-диалог беріледі.Диалог үлгісі - бірнеше диалогтан тұратын диалог. Диалогтағы грамматика мен лексика берілген тақырыпқа жақын болады. Үлгі диалогты беру кезінде төмендегі жаттығулар орындалады:
:: диалогты тыңдау алдында көрнекіліктер қолдану, дайын сұрақтарды беру, дұрыс-бұрыс сөйлемдерін беру;
:: диалогты рөлге бөліп оқу;
:: кейбір сөздерді алып тасталған диалогты оқу
:: диалогты жартылай аудару;
:: диалогты өздігінен аяқтау
:: диалогты өзгерту және т.б.
Екінші индуктивті тәсіл - білімге және сөйлеуге негізделген тәуелсіз басқару жолындағы диалог элементтерін қамтиды. Бұл тәсіл, алғашқы қадамдардан бастап оқушыларды өздігінен ойлауға, жұмыс жасауға итермелейді. Оқушылар бар білімдері мен күштерін диалогты құруға бағыттайды.
Бірінші кезеңде микро жағдайға негізделген кішігірім әрекеттерді сипаттайтын диалог жүргізіледі. Бұл кезең келесі дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді:
- сұрақтарды құрастыру;
- диалогты ары қарай жалғастыратын жауаптар табу және т.б.
Макро-жағдайдың негізінде диалогтық сөйлеуді оқыту келесі кезеңдерді қамтиды:
:: мұғалімнің басшылығымен диалогтың мақсатын анықтау, ұжыммен құрастырып көру (біртіндеп бұл әрекетті азайтып, оқушылардың өздері жасауға көшу)
:: мұғаліммен сұхбаттасу
:: тәуелсіз диалогтар құру
Макро-ахуал серпінді болып табылады, ол әңгімеге логикалық сабақтастық және сұхбаттасушылар арасында психологиялық байланысты қамтамасыз етету, қолдау үшін ыңғайлы. Жағдай оқушыларға қарым-қатынас жасау қажеттілігін тудыруы керек, оның негізінде тыңдаушы үшін маңызы бар мотивтер мен мақсаттар пайда болады. Бұл диалогтық оқытудағы негізгі міндет және негізгі қиындық.
Диалогтік сөйлеуді үйрену нақтылықпен, мәтінді тыңдаған немесе оқылған, фильм сценарийімен, слайдтармен немесе ауызша берілген жағдаймен ынталандырылуы мүмкін.[7]
Диалог - бірлесіп оқуды жүзеге асыратын оқытудың ерекше әдісі диалог барысындағы өзара әрекет сызбасы мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім диалог бір-біріне ашық және жабық сұрақтар қою арқылы жүзеге асады.
Диалог оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
Диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді.Мұғалімдерге оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуіне көмектеседі.
Зерттеу әдісі жүйесінде сұрақ жауап әдісі маңызды орын алады. Бұған әңгімелесу, интервью, анкета жатады. Әңгімелесу және интервью - ауызша түрде, зерттеушіге керекті тақырып төңірегінде сұрақ қою арқылы жүргізіледі, ал анкета жазбаша түрдегі сұрақ-жауап. Зерттеу әдістемесінде сұрақ-жауап 20 ғасырдың аяғынан кең түрде қолданылып келеді. Қазіргі уақытта кеңінен қолданылады және зерттелушіні жан-жақты зерттеп, сапалы мінездеме беруге көп септігін тигізеді. Әңгімелесу зерттеу әдісі ретінде берілген сұрақтың жауабы бойынша қорытынды жасау жолымен адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін, мінезін және оның білім деңгейін, қызығушылықтарын, іс әрекет түрткілерін және терең тануға мүмкіндік береді. Әңгімелесу әдісі еркін жоспар құрумен, қарама-қарсы ой алмастырумен, еркін сөз айтумен және ой пікірлерін алмастырумен ерекшеленеді.

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың мәні мен мазмұны

2.1. Диалог туралы ой-пікірлер

Диалогтік оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсақ, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери , әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан.[8]
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме - мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі деп көрсеткен. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда салауатты келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақты диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектер мен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Осы пікірмен толықтай қосыла отырып өз сыныбындағы бір отбасының егіз ұлдары, ата-аналарының таңертеңнен - кешке дейін жұмыста болуларына байланысты балалары бала бақшаға бармай, үйде қамауда болған сыртқы ортамен байланыс аз болған.Сол себепті сөздік қоры, сөздерді айтуы түсініксіз. Диалогтық әдісті қолдана отырып оларға мәртебесі төмен сұрақтар қойып, жауап алуға, сөйлетуге тартамын. Осыған тағы бір дәлелі Выготскийдің пікірі: Кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үрдісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді. Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің жақын арадағы даму аймағында жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсеткен. Тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйретуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де білім берудің негізгі құралы деп есептейді.[9]

2.2. Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологиялары

Диалогтік тілдесім барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі. Бұл-диалогтік сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқыту амал-тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді. Диалог барысында пікірлесіп тұрған тұлғалар әрі хабар жеткізуші, әрі хабарды қабылдаушы қызметін атқарады. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін педагогикалық және психологиялық факторлар қарастырылған. Бұл екі фактор бір-бірімен тығыз байланысты.
Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мақсаты -- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту болып табылады. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру өте маңызды.[10]
Диалогтік оқытудың кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады,ол ойды кең жайып жатуды тілейді.
Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, келе жатқан тоғызыншы деген сөйлемге осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.
Бастауыш мектеп оқушыларының монологтік, диалогтік сөзге үйретудің әдіс-тәсілдерін және технологияларын төмендегідей етіп жіктеуге болады:
Әдістер:
-- талдау
-- жинақтау
-- салыстыру
-- сөздік
-- көрнекілік
-- практикалық
-- сұрақ-жауап
-- интервью
Технологиялар:
-- ақпараттық технология
-- дамыта оқыту технологиясы
-- сын тұрғысынан ойлау технологиясы
-- қашықтықтан оқыту.
Ақпараттық технология дегеніміз -- адам қызметінің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығын айтамыз.
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мынадай технологиялар арқылы қалыптастыру ұтымды екені тәжірибе жүзінде дәлелденді. Атап өтетін болсақ, олар:
Диалогтік оқыту технологиясы;
Ойын технологиясы;
Пікірталас технологиясы.
Диалогтік оқыту технологиясы -- оқушылар мен мұғалімнің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауды, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл.
Іскерлік ойындар -- оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытататын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу үлгілері, сөйлесудің әдеби нормалары меңгертіледі.
Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикасы өте бай, себебі, ол мәселе эмоциямен, экспрессиямен байланысты: диалогтің осы түрінің (ауызекі стиль) стиларалық екенімен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына сәлемдесу, әңгімелесу, үлкендермен және жолдастарымен сөйлесу кезінде сыпайы, анық, таза, дәл және мәдениетті сөйлеуді меңгерту қажет. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктіктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де -- мәдениеттілік.[11]

2.3. Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытуда қолданылатын әдістер

Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді, өйткені тілдің құрылысы бірінші дыбыстық жүйеден құрылады, бірақ сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады. Әр пәннің өз қиындығы бар, ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес. Жалпы ағылшын тілін оқытудың мақсаты шет тілін іс жүзінде меңгеру оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану. Білімділік мақсаты - шет тілінде сөйлеуге үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, түсіну арқылы қарым қатынасты нығайтуға ұмтылу болып табылады. Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ - өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып ой - өрісі дамиды.
Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Сабақ үстінде оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, осы жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуі тиіс.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.
Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай білімді бірлесіп алуда және пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ -- жауап, рөлдік ойын, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
Мысалы: сұрақ -- жауап әдісі -- ағылшын тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады.
Сонымен қатар, оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қою (thick and thin question). Мысалға сұрақтарды who? what? демей, why?, why do think so? деп қою арқылы оқушының ойлауына түрткі болуға болады.
Ой шақыру сұрақтары:
- Do you like to go to the cinema?
- How often do you go to the cinema? (once a week, twice a month, never, etc.)
- What kind of films do you like the most?
- Can you name some popular films made in Kazakhstan?
- When did you last go to the cinema and what film did you see?
Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануда болатын өзгерістер:
- бірден көп сұрақ қоймау;
- оқушыларға ойлауға уақыт беру;
- орынсыз сұрақтар қоймау;
- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану;
- оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау;
- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.
Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі - диалог сөз. Диалогтік оқыту оқушыларды қажетті қарым-қатынас жасай білуге қалыптастырады. Бұл әңгімелесушіні тыңдай білу, тілдесуге кірісу, оны қолдауды білдіреді және диалогтік оқыту оқушылардың кітаппен жұмыс істей білу және т.б. тәрізді оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосады.
Диалогтың жүзеге асырылуы мақсаттың қалыптасуы арқылы қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты, ал ол өз кезегінде сөйлеушілердің қатысым жасауының қажеттілігін туындатады. Диалогтың қалыптасуы, одан әрі дамуы сөйлеушілер мақсатына тікелей тәуелді. Тәжірибе барысында жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолдану.
Білім беру барысында диолог негізгі рөл атқаратыны белгілі. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігі жөнінде жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі. Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімдерге оқушылардың қандай білім деңгейінде екендігін түсінуге көмектеседі.
Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
Бір - бірімен ашық сұхбатқа түседі. Ағылшын тілін оқытуда біздің негізгі мақсатымыз оқушының сөздік қорын дамыту, диалогке түсу, ағылышын тілінде еркін сойлеу ге заман талабына сай білім алуында.
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда керегесі кең, терезесі тең елу елдің қатарына кіргендіктен, елімізде заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технолгоиялар енгізілуде. Оқушылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекеттенушілік дамымаса, барша білім өлі білім болып қалады; оқушыларымызды ойлануға ғана емес, сонымен бірге тілеп, қалауға да үйрету қажет.Сол себептен әр сабақта диалогтік оқытуды кірістіру керек.Төрткүл дүниені танудың өзі сұрақ қоюдан басталады. Диалог дегеніміз-өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуға ерекше қызмет атқарады. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды.[12]
Тиімділігі: Сабақта диалогтік оқытуды жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді байқауға болады оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Әуел бастан оқушылардың ерекшелігі жас ерекшелігі мен пәнге деген зерттеушілік кезде қызығушылықтарын түсіне келе мектептегі өткізген әр сабағымыздың мақсаты оқушыларды жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл мәдениетін қалыптастыруға,өз ойларын еркін жеткізуге тіл байлықтарын,сөздік қорларын арттыру үшін сол нәтижеге жету болатын. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы жағдаяттарды ескере келе, әр сабақта диалогтік оқытудың маңызы оқушыларым үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алды.
Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастайды. Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылар өз ойларын ашық түрде білдіре бастайды. Басқа адамдардың да, өздерінің де жаңа бір идея туғызатындығына, оны өз ортасында салып айтуына болатынын түсіне бастайды. Жаңадан туындаған өз идеяларын, пікірлерін дәлелдеуге қызығушылықтары артады. Тиыннан теңге құралатыны сияқты,білім де оқығанның түйірлерінен құралады дегендей, сөз байлықтары аз балалармен қандай жұмыс жасауға болатынын диалогтік оқыту арқылы ашуға болады. Бүгінгі таңда тіл мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. Балалардың сөздік қорларын әрі қарай қалай жетілдіруге болады?- деген сұрақ жалғыз мені емес, барлық мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін дамытуда сұрақтардың түткі болуына, сынақтан өткізу және қайта бағыттау, тиімділігіне оңтайлы жол ашады. Әр сабағымызда оқушымыз өз ойын еркін жеткізсе, тілінің шеберлігін, шешендігін көрсетсе, сабақта толығымен ойын жеткізіп сөйлесе, оның жауабын тыңдап, жоққа шығармай, кемшілігін көңілге тимей, қолдау көрсете отырып, түзетсек мақтау, мадақтай сөздермен айтып отырсақ оқушы ойын еркін жеткізетін болады. Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім болмақшы. Сабақтарымызда әр түрлі сұрақ-жауап арқылы оқушының сыныппен қарым-қатынасын жасата отырып, білім алуына ынтымақтастырып, сөйлеу қабілеті дамытуымыз керек.[13]

2.4. Диалогтік оқытудың оқушы мен мұғалім үшін мәні мен маңызы

Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар. Партадағы жұмыссыздық-аса қатерлі қауіп-деген екен В.Сухомлинский. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Мәселелерді жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы-басты нысана болып алынуымен байланысты. Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту төмендегі бағыттардан тұрады:
-қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздей білу;
-ақыл-парасатты игеріп, ойлау, сезім қабылдауын арттыру;
-өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгерту;
-қарым-қатынас мәдениетін сақтау білу;
-қоршаған ортада өз орнын, жеке ролін анықтай білу.
Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігіне байланысты. Заманауи білім беру оқушының білім беру үдерісіндегі дербестігіне, соның ішінде өз бетімен оқу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамытуға оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптастыруға негізделеді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалог маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар: әңгіме-дебат, кумулятивті, зерттеушілік. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше өз сабақтарымда мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасындағы диалог пен әңгімелесу шығармашылықпен тиімді өтетіні, оның өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасатыны тәжірибе жүзінде байқадым. Выготский танымдық дамудың, оқушылар өздерінің Жақын арадағы даму аймағында жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды орындаған уақытта жанындағы адамдардың көмегіне сүйенеді.Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын, және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде диалог құруға арналған стратегия ретінде Талқылау жөніндегі серіктестерді пайдалануды көздеген. Жалпы оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды. Ендеше, оқушыға қалай оқытудың жолын үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады.[14]
Жаңа заман талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында қабілетті балаларға білім беруде, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан-қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан-ерекше дарынды балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Оқушыларды шығармашылыққа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін диалог әдісімен бойындағы қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мынадай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мыналар:
1.Әр бастауыш сынып оқушылары суретке қарап әңгіме құрастырады, яғни өзіндік көзқарасы, қабілетіне орай әр оқушы шығарма жазады, шығармашылық қабілетін арттырады.
2.Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтайды.
3. Рөлге бөліп оқыту.
4.Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5.Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
6.Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
7. Шығарма, мәтін құрастыру.:
-Тақырып бойынша;
-Жоспар бойынша;
-Тірек сөздер арқылы.
8.Өлең құрастыру.
-Дайын өлең жолдарының бір, екі жолын беру арқылы.
-Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері:-Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы:-түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: -сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту:-толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау:- сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға шығармашылық қабілетті арттыруға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, журналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Өткізген сабақтарымда оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі-аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсайды, ынталанады, ойларымен бөліседі, пікірлеседі, білімді бірлесіп алады, өз білімдерін толықтырады. Проблеманы шешуде өз идеяларын ортаға салып, талқылайды, оған баға береді, және ұжымдық білім мен түсініктері қалыптасады. Топпен жұмыс жүргізгенде әңгімелеріне қарай ой-пайымдаулары айқындалып, олардың топ алдында, жұрт алдында сөйлеу мәдениеттері қалыптасады. Тыңдап қана қоймай, оқушылар тапсырманы белсенді орындайды, ынтасы артып, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары артатындығы байқалады.[15]
Білімді бере салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырдым. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім. Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды. Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін - бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі. Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Ал, кейбір оқушыларды сырттай бақылағанда олардың тапсырманы орындауларында өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланбағанын көруге болады. Себебі, ондай оқушылар көмекті сырттан күтеді. 1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің Ой мен тіл атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін баса айтты. Сондай-ақ, олардың сөздік қорларын молайта түсуде, одан әрі дамуына мұғалімдер мен құрдастарының көмегі қажет. Диалогтік оқытудың сабақ беруде маңызы зор. Сұрақтың нақты, дәл және анық болып құрылуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынуы жақсы нәтижеге жетудің бір жолы болып табылады. Оқушы топпен жұмыс жүргізгенде берілген тапсырмаларды бірлесе отырып, оны бір-біріне түсіндіре отырып орындаса, сөздік қорлары дамиды.
Мұғалім нені, қалай оқытатынын біліп қана қоймай, оқу үрдісін шебер ұйымдастыра білуі керек. Соның нәтижесінде балаларда Нені үйренуім керек?, Қалай үйренуім керек? деген сұрақтар туындайды. Оқушы енжар тыңдаушыдан сыни тұрғыдан ойлай білетін дербес тұлғаға айналуы тиіс.
Табыс табысты тудырады. Мектепте нашар оқушы болмауы керек. Мұғалімнің басты мұраты - оқушының ең кішкентай табысының өзін байқап, оны қолдау. Бала оқу-танымдық қызметте белсенді болуды қалайды. Заманауи сабақ оқушылардың шығармашылығы мен танымдық күшін белсендірілгенде, танымдық аясын кеңейтуге бағытталғанда, өзіндік шешім қабылдай білуге итермелегенде ғана қызықты болып, қуаныш әкеледі.
Блум түймедағы әдісін қолдану оқу-тәрбие үрдісінде тұлғалық бағыт беріп, саралап оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.[16]
Жұмыс барысында диалогтік оқытуды қолдану және бұл әдістің тиімділігіне тоқтала өтсек:
Балаларды идеяларын жүзеге асыруға үйретеді. Әрбір идея дұрыс болуы керек деген талап қоймау керек;
Өз идеяларын жұрт көзінше батыл айта білуге үйретеді;
Қиялдай білуге үйретеді;
Басқалардың сөзін бөлмей, олардың пікірімен санаса білуге үйретеді.
Сабақтың басты мақсаттарының бірі - тіл мәдениеті жоғары, сауатты оқырман тәрбиелеу. Сабақтар дербестікке, шығармашылыққа, тілді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, диалог жүргізе білуге, оқылған нәрсеге тұлғалық қарым-қатынасқа, мәдени мұраны сақтай білуге деген жауапкершіллікке, бірлікті, қоғамды, адами мәдениет пен оның қызметін сезінуге шақырады.
Сабақтарда диалогтік қарым-қатынас жүзеге асырылады.
Мысалы : 1) оқылатын мәтіннің авторы мен оқушылар арсындағы диалог;
2) мұғалім мен оқушы арасындағы диалог;
3) оқырман ретінде оқушылардың өзара диалогі;
4) оқулық авторы мен оқушылардың арасындағы диалог.
Осыған байланысты диалогке негізделген бірлесен қызметті жаңаша ұйымдастыру керек. Мұғалімнің рөлі - оқушылардың білім, білік дағдыларын толық меңгеруін қамтамасыз ететін бағыттаушылық рөл. Диалог - мұғалім жақсы тыңдаушы бола алатын, өз пікірі мен беделін алға тартпай, әңгіме жүргізе алатын, серіктес рөлін орындаушы қарым-қатынас түрлерінің бірі.
Оқу үрдісін зерделеу бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді, ғалымдар диалогтің сабақта басты орын алатынын дәлелдеді. Диалог сыныпта оқушылардың интелектуалды дамуына, оқудың нәтижелілігіне игі әсер етеді.
Диалогтік оқыту арқылы өз ойын еркін білдіретін тұлға - толыққанды, өмір сүруге бейім, өмірлік тәжірибелерді ұстана білетін білім иесі. Сондықтан, сабақтарды диалогтік оқытудың белсенді әдістерін біріншіден, оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру, үшіншіден, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін өздеріне сенімділігін арттыра отырып дамыту, төртіншіден, оқушылардың диалогтік оқыту арқылы сөйлеу тілін дамытады.[17]
Сабақтарда диалогтік оқыту әдісін қолдану барысында, мынадай мақсат қоюға болады:
-- балаларды мәселені өз бетінше шеше алуға үйрету;
-- көбірек ойлауға, жиі сөйлеуге, өз ойлары мен тілдерін белсендлендіруге үйрету.
Бұл технологияның міндеті: оқушыны білімді өзі алуына үйрету. Оқытушы диалог жүргізу арқылы балаларға сабақ тақырыбын өздері ашып, мәселе бойынша өз пікірлерін ұсынуды тапсырады. Сабақ барысында бұл пікірлер тексеріледі.
Диалог барысында оқушылар оны жүргізудің тәсілдерін әр түрлі деңгейде меңгереді. Бірінші деңгей -- өзіндік МЕН-мен диалог, яғни өз ойымен, өзімен қарым-қатынас жасайтын тұлғалық деңгей. Екінші деңгей - түрлі бағыттардағы іс-әректтерді МЕН және басқа арқылы талдайтын тұлғалар арасындағы деңгей. Диалогтің үшінші деңгейі - мультидиалог -- бір мезгілді бір нәрсені талқылайды.
Диалогсіз сабақты елестету мүмкін емес. Сабақтың басынан-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы диалог жүре бастайды. Барлық психолог әлемдегі ең басты құндылық - адами қарым-қатынас, кейде ауру адамды емдеу үшін дәрі ғана емес, жақсы сөз бен қарым-қатынастың маңызы зор деген тұжырымға келді.
Диалог түрінде оқыту оқушылардың ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санаймын. Оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогке қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері
Әңгіме дебат
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын Сатылай кешенді оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Шетел тілі мұғалімі
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Мектептегі химия сабақтарында жоғары деңгейдегі диалог ұйымдастыру мәселесі
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Мектептегі информатика курсындағы Excel бағдарламасын меңгеру негіздері
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Пәндер