Мәліметтер қорының қасиеттері


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 58 б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы: Литера, 2007. - 96 б.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 113 б.
4. 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 117 б.
5. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі (негізгі ережелер) (ҚР МЖМБС 5. 03. 016 2009)
6. Университет ережесі. Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар. УЕ-ХҚТУ-015-2014
7. Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулық. 5В011100 - Информатика және 5В060200 - Информатика мамандықтары. Әдістемелік нұсқаулық жаратылыстану факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген. 2013 жылы 27 тамыз №1 хаттама.
АНЫҚТАМАЛАР
Мәліметтер қоры арнайы түрмен ұйымдастырылған, есептеуiш жүйелердiң жадында сақталатын және объектілер күйін көрсететiн және олардың пәндiк облысында қаралатын өзара байланыстары бар мәлiметтердiң жиынтығы болып табылады.
Мәліметтер қорында сақталатын логикалық құрылымды мәлiметтердiң берiлуiнiң моделі деп атайды.
Мәліметтер моделі - сақтау ортасы ерекшелігіне (компьютер жадысына) тәуелсіз, мәліметтерді белгілі бір құрылымға келтіру тәсілі.
Мәліметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құруға, жүргізуге және көптеген қолданушылармен бірлесіп қолдануға арналған тiл және программалық құралдардың кешені.
Мәлiметтер сөздiгi мәліметтер құрылымы туралы ортақтандырылған сақтауға арналған, мәліметтер қоры файлдардың өзара байланыстары, мәліметтер типі және олардың ұсыныс қалпын, мәліметтердің қолданушыларға арналған саймандары, қорғау коды және рұқсат алуға шектеу қою және т. б. ақпараттарды қамтитын мәліметтер қорының ішкі жүйесі болып табылады.
Мәліметтер қорының администраторы (МҚА) дегеніміз - мәліметтер қорын оның жобалауға, құруына, тиімді қолдануына және оны бақылап отыруына мәліметтер қоры талаптарының орындалуына жауапты тұлға немесе тұлғалар тобы болып табылады.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
МҚ - деректер қоры
МҚБЖ - деректер қорының басқару жүйесі
АNSІ - American National Standarts Institute
VBA - Visual Basic for Applications
DDE - Dynamic Data Exchange
DLL - Dynamic Link Library
SQL - structured query language
QBE - Query by Example
МҚА - Мәліметтер қорының администраторы
Кіріспе
Aвтoмaттaндыpылғaн aқпapaттық жүйелеpдің тиімділігі, мәліметке қoл жеткізудің жылдaмдығымен қaншaлықты қaмтaмaсыз етілгендігі, aқиқaттық, oлapдың тoлықтығынa едәуіp мөлшеpде тәуелді бoлaды. Aқпapaттық жүйе - іс жүзінде бapлық жеpде ядpoсын мәліметтеp қopы құpaйтын интегpaциялaнғaн жүйе бoлaды.
Бaсқapу пpoцестеpін aвтoмaттaндыpу, өнеpкәсіптік немесе сaудa кәсіпopынын бaсқapудың есептеpін шешу, бaнк, oқу opындapы және мемлекеттік құpылымдapды тиімді бaсқapу мен жұмысты жүpгізудің негізінде үлкен көлемдегі мәліметтеpді өңдеу жaтaды.
Қaзіpгі уaқыттa мәліметтеp қopы немесе aқпapaттық жүйелеpді құpудың негізгі бaғыты SQL-сеpвеpге негізделетін мәліметтеp қopын бaсқapу жүйесін қoлдaну бoлып тaбылaды.
Бүгінгі тaңдa aқпapaттық технoлoгиялap өте үлкен қapқынмен дaмудa және бұл жaй бapлығымызғa дa мәлім. Сoңғы технoлoгиялық жетістіктеpдің apқaсындa кoмпьютеpлеp өміpіміздің бapлық сaлaсындa қoлдaнысқa еніп, көптеген жұмыстapын жеңілдетіп, жaңa жетістіктеpге жетелеуде.
XXI ғaсыp aқпapaттық технoлoгиялap ғaсыpы. Сoндықтaн дa біздің өміpімізбен бaйлaнысты кез-келген oқиғa, кез-келген дүние aвтoмaттaндыpылып, құнды aқпapaт көзіне aйнaлып, кoмпьютеp деген мaшинaның өңделуіне түсіп, жік-жікке бөлінуде. Қaзіpгі кезеңнің еpекшелігі үлкен көлемдегі мaтеpиaлдық және шикізaт pесуpстapын пaйдaлaнуғa негізделген индустpиaлды экoнoмикaдaн, негізгі pесуpсы aқпapaт бoлып тaбылaтын aқпapaттық экoнoмикaғa өту. Инфopмaтикa мaмaндapы қoғaмдaғы aқпapaт pөлінің күшеюін біp aуыздaн мoйындaп oтыp. Aқпapaт бapa-бapa қoғaмдық әл-aуқaт деңгейін aнықтaйтын шешуші фaктopғa aйнaлудa. Oл бизнестің стpaтегиялық pесуpсы бoлып қaлыптaсып келеді .
Қaзіpгі уaқыттa кез-келген мекемедегі жұмыстapдың көп бөлігі кoмпьютеpдегі бaғдapлaмaлap apқылы opындaлaды. Oнсыз мекеменің жұмысы aлғa бaспaйтыны бapлығынa белгілі. Менің диплoмдық жұмысымның негізгі мaқсaты oсындaй мекеменің біpі Әлем-ТВ кaбелді телеapнaның төлем қaбылдaу жұмысын aвтoмaттaндыpaтын бaғдapлaмa жaсaу. Сoндықтaн қaзіpгі зaмaндa oсындaй aвтoмaттaндыpaтын бaғдapлaмaлapды құpу өзекті мәселеpдің біpі бoлып тaбылaды.
Зерттеудің міндеттері:
- Мәліметтер қоры
- MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі
- SQL құрылымдық сұраныс тілі
- VBA бағдарламалау тілі
Зерттеу объектісі: Мәліметтер қорының теориясы мен мәліметтер қорын жобалау әдістері, MS Access-тің мүмкіндіктері.
Ғылыми жаңашылдығы: MS Access және онда қолданылатын SQL мен VBA мүмкіндіктерін қоданып бағдарлама құру ұсынылды.
Практикалық маңыздылығы: Құрылған бағдарламаны кабельді телеарнаның төлем қабылдау жұмысын автоматтандыруда қолдану.
Теориялык және әдіснамалық негіздері: Кез-келген саладағы кәсіпорындардың жұмысын автоматтандыру үшін мәліметтер қорын жобалау әдістері, бағдарламаны пайдаланушыға оңтайлы, жеңіл етіп құру тәсілдері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны: Oсы диплoмдық жұмыстa мәліметтеp қopын құpудың теopиясы және oсы теopиялық білімді жүзеге aсыpып көpсету үшін MS Access 2013 мәліметтеp қopын бaсқapу жүйесі мен VBA бaғдapлaмaлaу тілін қoлдaнып кaбелдік телеapнaсының төлем қaбылдaу жұмыстapын aвтoмaттaндыpуғa apнaлғaн бaғдapлaмa құpу қарастырылады. Диплoмдық жұмыс екі бөлімнен, кіpіспеден, қopытындыдaн және қoлдaнылғaн әдебиеттеp тізімінен тұpaды. Біpінші бөлімде мәліметтеp қopының теopиясы, мәліметтеp қopы және aқпapaттық жүйелеp құpу туpaлы ұғымдap, мәліметтеp қopының бaсқapу жүйесінің apхитектуpaсы және қaзіpгі уaқыттa кеңінен қoлдaнылaтын pеляциялық мәліметтеp қopы сипaттaлғaн. Екінші бөлімде бaғдapлaмaлық қaмтaмaсыздaндыpуды жүзеге aсыpу үшін қoлдaнылғaн MS Access мәліметтеp қopын бaсқapу жүйесі және oсы жүйеде қoлдaнылaтын өpнектеp мен VBA бaғдapлaмaлaу тілі туpaлы және oны мәліметтеp қopы және aқпapaттық жүйелеpге қoлдaну мүмкіндіктеpі, бaғдapлaмaны құpу сипaттaлғaн.
1. Мәліметтер қорын құру негіздері
1. 1 Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Көп есептердiң шешiмiнiң негiзiнде ақпаратты өңдеу жатады. Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшiн ақпараттық жүйелер (АЖ) жасалады. Техникалық құралдарды қолданатын, оның ішінде жеке алғанда ЭЕМ-ді қолданатын, ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған деп атауға болады. Қазiргi көпшiлiк ақпараттық жүйелер автоматтандырылған болып табылады, сондықтан оларды ары қарай қысқаша ақпараттық жүйе деп атап кете береміз.
АЖ анықтамасының кең түсiнігі ақпаратты өңдеуiнiң кез келген жүйе болып табылады. АЖ-дың қолдану облысы бойынша мынадай қолданылатын салаларға бөлуге болады: өндiрiс, бiлiм, денсаулық сақтау, ғылымда, әскери iсі, әлеуметтiк салаға, сауда және тағы басқа жүйелер. АЖ-дың мақсаттық функциясы бойынша келесi негiзгi шартты дәрежелерге бөлуге болады: бағдарлаушы, ақпараттық-анықтама, шешiмдер қабылдауды қолдау.
Мәліметтер банкі бұл - өңделетін ақпаратты орталықтандырылған сақтау мен жинақтау функциялары жүзеге асырылған және бiр немесе бiрнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпараттық жүйенің бiр түрi болып табылады.
Жалпы жағдайда алғанда мәліметтер банкі (МҚ) келесi компоненттерден тұрады:
- мәліметтер қоры (бiрнеше базалар) ;
- мәліметтер қорын басқару жүйесi;
- мәлiметтердiң сөздiгi;
- администратор;
- есептеу жүйесі;
- қызмет ету персоналдар.
Қысқаша осы аталған компоненттерді және кейбiр осыларға қатысты маңызды ұғымдарды қысқаша қарап шығамыз.
Мәліметтер қоры арнайы түрмен ұйымдастырылған, есептеуiш жүйелердiң жадында сақталатын және объектілер күйін көрсететiн және олардың пәндiк облысында қаралатын өзара байланыстары бар мәлiметтердiң жиынтығы болып табылады.
Мәліметтер қорында сақталатын логикалық құрылымды мәлiметтердiң берiлуiнiң моделі деп атайды. Мәлiметтердiң берiлуiнiң негiзгi моделіне (мәлiметтердiң моделiне) келесi жатады :
иерархиялық;
желілік;,
реляциялық;
постреляциялық;
көп өлшемдi;
объективтi-бағдарланған.
Мәліметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құруға, жүргізуге және көптеген қолданушылармен бірлесіп қолдануға арналған тiл және программалық құралдардың кешені. МҚБЖ әдетте мәлiметтердiң қолданылатын моделi бойынша танып бiледi. Осылай, мәлiметтердiң реляциялық моделін қолдануға негiзделген МҚБЖ-ні реляциялық МҚБЖ деп атайды.
Алғашқы МҚБЖ-ның бiрi келесi жүйелер болып табылады : IMS (IBM, 1968 жыл), IDMS (Cullinet, 1971 жыл), ADABAS (Software AG, 1969 жыл) және ИНЭС (ВНИИСИ АН СССР, 1976 жыл) . Қазiргi заманғы мәліметтер қорының басқару жүйелерiнiң саны мыңдап саналады.
Қосымша қолданбалы есептерді шешуге арналған ақпаратты өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететiн бағдарламалар немесе бағдарламалар кешенi болып табылады. Біздің жұмысымызда, мәліметтер қоры қолданатын қосымшалар қаралады. Қосымшалар мәліметтер қорына рұқсат алу құралын пайдаланатын, бағдарламалау жүйесiнің көмегімен МҚБЖ-ның ортасында немесе ортадан тыс жасала алады, мысалға, Delphi немесе C++ Builder. МҚБЖ ортасында жасалған қосымшаларды, көбінесе МҚБЖ қосымшалары деп атайды, ал МҚБЖ-дан тыс орталарында жасалған қосымшаларды - сыртқы қосымша дейді.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін көбiнесе МҚБЖ-ның құралдары жеткiлiктi және қосымшаларды пайдаланбауға да болады, өйткені оны құру үшін қосымша бағдарлама құру талап етеді. Қосымшаны басты түрде мынадай жағдайларда құрады, квалификациясыз қолданушыларға МҚ-мен жұмыс істегенде қолайлығын қамтамасыз ету керек болғанда немесе МҚБЖ интерфейсі қолданушыларға ұнамаған жағдайда.
Мәлiметтер сөздiгi мәліметтер құрылымы туралы ортақтандырылған сақтауға арналған, мәліметтер қоры файлдардың өзара байланыстары, мәліметтер типі және олардың ұсыныс қалпын, мәліметтердің қолданушыларға арналған саймандары, қорғау коды және рұқсат алуға шектеу қою және т. б. ақпараттарды қамтитын мәліметтер қорының ішкі жүйесі болып табылады.
Мәліметтер қорының администраторы (МҚА) дегеніміз - мәліметтер қорын оның жобалауға, құруына, тиімді қолдануына және оны бақылап отыруына мәліметтер қоры талаптарының орындалуына жауапты тұлға немесе тұлғалар тобы болып табылады.
Есептеуiш жүйе (ЕЖ) қабылдау процесстерiнiң автоматтандыруын қамтамасыз ететiн, қолданушыларға ақпаратты өңдеп және шығарып береретін өзара байланысты және үйлесімді жұмыс істейтін ЭЕМ немесе процессорлар және басқа құралдар жиынтығы болып табылады. Өйткені МҚ-ның негiзгi функциялары мәліметтерді сақтау және өңдеу болғандықтан, қолданылатын есептеуіш жүйе (ЕЖ), орталық процессорлардың қуаты, сыртқы жадтың тікелей ену мен жедел жадтың көлемі жеткілікті болуы тиіс.
Қызмет көрсетушi персоналдар техникалық және бағдарламалық құралдардың жұмысқа қабiлеттi күйiнде сақтайтын функцияларды орындайды. Олар жоспар бойынша, сонымен бiрге қажетінше профилактикалық, регламенттік, қалпына келтiру және тағы басқа жұмыстарды орындайды.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бұл мәліметтер корын құру, толықтыру, өзгерту және жоюға арналған программалық құрал. МҚБЖ-ның негізгі үш түрі бар:
- Өндірістік әмбебап бағыттағы МҚБЖ;
- Өндірістік арнайы бағыттағы МҚБЖ;
- Нақты бір тапсырыс берушіге арналып жасалынатын МҚБЖ.
Арнайы МҚБЖ бухгалтерлік, қоймалық, банктік және тағы да баска нақты бағыттағы мәліметтер қорын басқару үшін құрылады.
Әмбебап МҚБЖ-лардың нақты қолданыс аумағы белгіленбеген, олар «өмірдің барлық жағдайларына» есептелініп жасалынған және де барынша қиын болғандығ^ан қолданушыдан арнайы білімділікті талап етеді. Арнайы және әмбебап өндірістік МҚБЖ-ларарзан әрі тиімді және де бірден жұмыс атқаруға дайын.
Нақты тапсырыс берушілерге арналып жасалынатын МҚБЖ-лар белгілі бір шығынды болады және оларды дайындау белгілі бір уақытқа созылады. Алайда өндірістік МҚБЖ-ларға қарағанда арнайы тапсырысты МҚБЖ-лар тапсырыс берушінің жұмысының спецификасын максимальды дәрежеде есепке алады, олардың интерфейсі әдетте қолданушыларға жеткілікті түрде түсінікті және олардан арнайы білімді талап етпейді.
Өз архитектурасы бойынша МҚБЖ-лар бір, екі және үш топтық болып бөлінеді:
Біртоптық МҚБЖ-да мәліметтерді басқарудың қажетті логикасы мен олардың визуализациясын қамтамасыз ететін жалғыз топ бар. Ол - клиент.
Екітоптық МҚБЖ-да мәліметтерді басқару логикасының белгілі бір бөлігін МҚ сервері өзіне алады, ал осы уақытта клиент мәліметтердің бейнеленуін қолданушыларға тиімді түрде берілуін қамтамасыз етеді.
Үштоптық МҚБЖ-да МҚ сервері мен клиенттің арасында байланыстыру қызметін атқаратын аралық топ сервер қосымшасы қолданылады. Сервер қосымшасы клиент мәліметтердерді басқаруда және МҚ серверімен байланысты қамтамасыз етуде қандай да бір кедергілерді болдырмайды.
МҚБЖ-ның жеке бөліктерінің орналасуына байланысты жергілікті және желілік МҚБЖ-лар бар.
Жергілікті МҚБЖ-ның барлық бөліктері МҚ-ын қолданушының компьютерінде орналасады. Бір МҚ-мен бір мезгілде бірнеше колданушы жұмыс істеуі үшін әрбір қолданушы компьютерінде жергілікті МҚ-ның өз көшірмесі болуы қажет. Мұндай типті МҚБЖ-ның негізгі кемшілігі мәліметтердің көшірмесінің синхронизациясында, сондықтан да бірнеше қолданушылардың бірге жұмыс істеуі қажет болған жағдаида жергілікті МҚБЖ тіптен қолданылмайды.
Желілік МҚБЖ-ға файл-серверлік, клиент серверлік таратылған МҚБЖ-сы жатады. Мұндай жүйелердің негізгі артықшылығы компьютердің ақпараттык байланысын және бірнеше қолданушылардың бірдей мәліметтермен жалпы нсүмыс істеуін мүмкін ете алғандығында.
Файл-серверлік МҚБЖ-да барлық мәліметтер әдетте әрқашанда желіге қосылған және арнайы осындай мақсатқа арналған жеткілікті күшті машинаның бір немесе бірнеше каталогында орналасады. Мұндай компьютер файл-сервер деп аталады. Осыдан МҚБЖ-ның да атауы шыққан. Мұндай типті МҚБЖ-нің негізгі артықшылығы оны құру мен қызмет етудегі қарапайымдылығында. Барлығы жергілікті желіні айналуға және оған жалғанған желілік операциялық жүйелердің компьютерлерінде орнатуға алып келеді. Біздің бақытымызға орай жұмыс істеуге сәйкес келетін клиенттік орындарда, яғни қолданушылардың компьютерінің арнайы программалық қамтамасыз етуін құру үшін Delphi дүниежүзілік аса танымал Windows операциялық жүйесінің желілік құралдарын қолдана алады.
МҚБЖ-ның жергілікті және файл-серверлі түрлерінің арасында үлкен айырмашылық жоқ екендігін байқау қиын емес, себебі олардың өз МҚБЖ-сының барлық бөліктері клиенттің компьютерінде болады. Архитектурасы бойынша олар біртоптыға жатады, бірақ кейбір жағдайларда сервер қосымшасын қолдана алады. Желіге аса ауырлық түсуі файл-серверлік жүйенің кемшілігі болып табылады. Файл-серверлік МҚБЖ он шақты клиенттік орындары бар кішігірім фирмаларда көп қолданылады. Клиент-серверлік жүйелер желіге деген ауырпалықты анағұрлым төмендетеді, себебі клиент арнайы аралық байланыспен машинада орналасатын мәліметтер қорының сервері арқылы мәліметтермен байланысады. МҚ-ның сервері клиенттен сұранысты қабылдайды да қажет жазбаны іздеп тауып, оны клиентке жібереді. Осылайша, желі арқылы қысқа сұраныс және жалғыз қажетті жазба тасымалданады, тіптен егер де мәліметтері бар сәйкес келетін файл он мыңдаған жазбалардан тұратын болса да серверге жіберілетін сұраныс арнайы структуралық сұраныстар тілінде жіберіледі (SQL - Structed Query Language) . Сондықтан да көбінесе МҚ серверлері SQL - серверлер деп аталады. МҚ серверлері түрлі фирмалармен өңделініп жасақталатын құрделі әрі қиын бағдарламалар. Мысалы, Microsoft SQL Server, Sybase SQL Server, Oracle және т. б. Interbase сервері де Delphi-мен бірге ұсынылатын Borland корпорациясы шығарған SQL сервер болып табылады. Таратылған клиент-серверлі МҚБЖ-лар жүзден мыңға дейінгі клиенттік орындардан тұрады. Әдетте мұндай МҚБЖ-лар республикалық масштабтағы өнеркәсіптерде қолданылады.
1. 2 Мәліметтер қорын басқару жүйесінің архитектурасы
Ғылыми зерттеулер барысында мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің архитектурасы қандай түрде керсетілуі керектігі талқылануда. Бұл мәселе бойынша Стандарттар Жөніндегі Америкалық АNSІ (American National Standarts Institute) Комитетінің ұсынуымен мәліметтер қорларын ұйымдастыруда үш деңгейлік жүйе жасалынды. Жүйе 1. 2. 1-суретте көрсетілген:
Сурет 1. 2. 1 - ANSI ұсынған МҚБЖ-ң үш деңгейлік моделі
- Сыртқы модельдер деңгейі -ең жоғарғы деңгей, бұнда әр модель мәліметтерді өзінше «елестетеді». Әр қосымша өзіне қажетті мәліметтерді ғана өңдейді.
- Концептуалдық деңгей -орталық басқарушы буын, мұнда мәліметтер қоры жалпыланған түрде көрсетілген, яғни берілген мәліметтер қорымен жұмыс істейтін және барлық қосымшалармен пайдаланатын мәліметтерді біріккен түрде көрсету. Концептуалдық деңгей қолдану саласының жалпыланған моделін айқындайды. Кез-келген модельге ұқсас, концептуалдық модель өңдеудегі ең маңызды деген объекттер ерекшеліктерін ғана көрсетеді.
- Физикалық деңгей -файлдарда орналасқан немесе сыртқы ақпарат тасығыштарында орналасқан мәліметтердің өздері.
Бұндай архитектура бірінші және екінші деңгейлер арасында логикалық, сонымен қатар екінші және үшінші деңгейлер арасында физикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Физикалық тәуелсіздік деген, бұл - берілген мәліметтер қорымен жұмыс істейтін барлық қосымшалардың жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып, сақтаулы ақпаратты бір тасығыштан екіншісіне ауыстыру мүмкіндігі.
Мәліметтердің негізгі классикалық модельдері
Мәліметтер моделі деген не? Ақпарат жүйесіндегі орындалып жатқан көптеген үрдістерді айқындау үшін, оларды белгілі бір формаға, нысанға келтіру қажеттілігі туындайды.
Мәліметтерді айқындау, бұл - нақты бір үрдісті ақпарат жүйесінде керсету жөніндегі келісім. Ақпаратты ұсынудың көптеген тәсілдері бар. Мәліметтер қорында ақпарат МҚБЖ ұстанатын мәліметтер моделіне сәйкес ұйымдастырылады. Мәліметтер моделі ақпараттың әр бірлігінің орналасқан жерін және көтеретін үлесін анықтайтын, сонымен қатар мәліметтер бірліктерінің өзара қарым-қатынастарын белгілейтін жоспар, схема.
Нақты мысал келтіретін болсақ, файл үшін және мәліметтер қоры үшін сан нені білдіреді?
Файлда сан, бұл белгілі бір нүктеде пайда болатын қарапайым сан. Мәліметтер қорында сан мәліметтер моделі анықтайтын мәнге ие болады. Мән түрінде, мысалы, бағаны алуға болады 6-7.
Мәліметтер моделі - сақтау ортасы ерекшелігіне (компьютер жадысына) тәуелсіз, мәліметтерді белгілі бір құрылымға келтіру тәсілі.
Өз кезегінде, модель қолдану саласына да тәуелсіз болып келеді. Кез-келген саладан алынған мәліметтерге қатысты, логикалық құрылымға келтіру тәсілі осы мәліметтерді пайдалану ережелерін анықтайды. Әр бір модель өзіндік мәліметтерді құрылымға келтіру жабдықтарымен және әдістерімен сипатталады.
Мәліметтер моделі - ақпараттың бірліктерін, олардың өзара қарым-қатынастарын, сонымен қатар мәліметтерді манипуляциялау да пайдаланатын операцияларды және бүтіндік шектеулерін анықтау ережелері жиынтығы.
Бұл анықтамалардан мәліметтер моделі үш компоненттермен негізделетін қорытындылауға болады:
- мүмкін боларлық мәліметтер кұрылымы;
- әр-бір модель үшін белгіленетін операциялар жиынтығы;
- ақпараттың бүтіндік шектеулері.
Осыған сәйкес мәліметтер моделі өз құрамына мәліметтер қорының логикалық құрылымының, мәліметтерді сипаттау тілдерінің сипаттамаларына негізделеді, сонымен қатар әр модель мәліметтерге манипуляция жасау тілдері көмегімен жазылады.
Жоғарыда қарастырылған МҚБЖ-ң үш деңгейлі архитектурасына сәйкес біз мәліметтер моделі үғынымен әр деңгейге қарасты кездесеміз. Шынында да, физикалық модель берілген операциялық ортада пайдаланатын сақтау құрылымдарында және сыртқы жадыны ұйымдастыруға қатысты категорияларды қарастырады. Қазіргі кезде физикалық модельдер ретінде файлдық құрылымда негізделген мәліметтерді орналастырудың түрлі әдістері қолданылады.
Концептуалдық деңгейде қолданылатын мәліметтер модельдері үлкен қызығушылық тудырған. Оларға қатысты сыртқы модельдер подсхема деп аталады және мәліметтердің концептуалдық моделі қолданатын абстрактты категорияларды пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz