Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ


№1 Билет
1. Мазхаб және фирқа ұғымдарының арасындағы қайшылықты байланысты түсіндіріңіз. Ислам тарихындағы діни және саяси айырмашылықтарды, жаңа идеяларды және осы идеялар төңірегінде жинақталған ірілі-ұсақты, ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған жамағаттарды анықтау үшін классикалық дереккөздерде біршама терминдер қолданылған. «Мақалат» осы терминдер арасында алғаш алдымыздан шығатын термин болып табылады. Осы сөздің жеке түрі болып табылатын «мақала» «идея», «сөз», «сенім», «ұйғарым» деген мағыналарды білдіреді. Ислам мазхабтары шығармалары әр топ өкілдерінің өз көзқарастарын жақтау және өзге көзқарастарды сынға алу арқылы басталған. Осы мақсатта жазылған шағын еңбектерге «мақалат» деп ат берілген. Белгілі идея төңірегінде топтасқандар «асхабу-л-мақалат» деп аталған. Асхабу-л-мақалат сөзінің мақалалар, яғни, алуан түрлі идеялар мен ойлардың маманы, осылар жайлы еңбектер жазған адамдар, бүгінгі сөзбен айтар болсақ, мазхабтар тарихшылары үшін де қолданылған. Әбу-л-Хасан әл-Ашари ислам мазхабтарын және олардың негізгі идеяларын танытатын атақты еңбегін «исламның өкілі болып табылатындардың пікірлері» деген мағынаға сәйкес келетін «Мақалату-л-Исламиун» деп атаған. Көбінесе «фырақ» деп аталатын «фырқа» кең түрде қолданылатын термин болып табылады. Саяси және теологиялық мақсаттардан пайда болған топтармен қатар өздерін исламға жатқызатын діни, философиялық және саяси топтар «фырқа» терминімен аталған. Төменде баяндалатын атақты 73 фырқа хадисі осы терминнің пайда болуына мұрындық болғандықтан оның діни терминге айналуына себепші болған және бүгінге дейін қолданылады. Наубахтидің «Фырақу-ш-Шиа» (шииттік топтар), одан кейінірек жарыққа шыққан Бағдадидің «әл-Фарқ байна-л-Фырақ» (топтар арасындағы айырмашылықтар) атты еңбектерінде фырқа еңбектің атауы ретінде қолданылған. «әл-Милал уа-н-Нихал» атты еңбегінің атауында Шахристани өзіндік ерекшелікке ие, осыған орай, ағымдарға бөлініп кеткен топтардың сенімдерін білдіру үшін қолданған «нихла» (көпше түрі нихал) термині жоғарыдағы терминдер тәрізді кең таралмаған. «Сенім» және «ақида» мағынасын білдіретін «нихла» сөзі кейінгі дәуір еңбектерінде аса кездесе қоймайды. Кітаптың атауының келесі бірі - «милла» (көпше түрі милал) деп исламнан тысқары діндерге берілген. Яғни, милал - діндердің, нихал - ағымдардың көзқарастары деген сөз. «Мазхаб» (көпше түрі мазахиб) терминіне келер болсақ, исламдағы ағымдар мен бағыттар әдебиетінде көбінесе мақаланың келесі бір балама атауы ретінде «сөз», «сенім» мағыналарында қолданылған. Филолог ибн Манзур мазхаб сөзі «ұстанатын сенім» деген мағынаны білдіретінін алға тартқан.
2. Дағуатшылар ұйымының қызметіне талдау жасаңыз. Пайғамбарымыз (с. ғ. с) : «Яхудилер 71 топқа, христиандар 72 топқа, үмметім де 73 топқа бөлінеді. Осы 73 топтың ішіндегі біреуі ғана жәннатқа барады, ал қалған 72-сі тозақтық болады», - деген. Сонда қасында тұрған саңлақ сахабалардың бірі орнынан тұрып: «Уа, Алланың елшісі! Жәннатқа баратыны қайсы?», - деп сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Менің және сахабаларымның жүрген жолымен жүргендер», - деп жауап берген болатын (Әбу Дәуіт, Суннат 1; Ибн Мажа, Фитан 17) . Осы хадисті алға тарта отырып, Ислам әлемінде ақиқат жолын ұстанғандарды - «Әһлу Сүннет уәл-жамаға» деп атайды. Сүннет жұрты және жамағаты ұстанымы әу бастағы Пайғамбар заманындағы сахабалардан, одан кейінгі табиғиндер дәуірінен бастауын алады. Олар қай кезде, қандай жағдайда болмасын Құран мен сүннетке жүгінген еді
Таблиғи жамағат (араб. : جماعة التبليغ , урду: تبلیغی جماعت , «(дін) тарату жамағаты») - Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған
Таблиғшылар атауы - араб тіліндегі «әт-Таблиғ» сөзінен шығып - жеткізу мағынасын береді [2] . Ал Ислам дінінің сенімі бойынша пайғамбарларға тиесілі 5 сипат бар. Олар: 1. Әс-Сидқ (шыншыл, турашыл) ; 2. Әл-Әмәнә; 3. Әл-Исмәт (күнәсіз) ; 4. Әл-Фәтәна (зерек, алғыр) ; 5. Таблиғ (жеткізу) . Міне, осы бес сипаттың бірі «әт-Таблиғ». Қазіргі таблиғшылардың пайымдауынша, өз атауларын пайғамбарға тиесілі болған осы сипатқа сүйенеді. Сондай-ақ, олардың түсінігінше бұл сөзді «дінді жеткізу», «тарату» мағынасында қабылдап, оның негізін дәстүрлі Исламдағы «дін уағыз-насихат» негіздерінен тысқары қалады. Өйткені, ғұламаларымыздың Исламдағы дін уағыз-насихат негіздері мен жүйесін Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері аясында қарастыратыны сөзсіз. Ал, таблиғи жамағат өкілдері арасында ішінара кең тараған терминдерге тоқтала кетсек, олар: дағуат, таблиғ, ілім алу, фазаилул амал, машура, гаш, баян, әмірсап. Олар сонымен қатар, дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елдімекендерді аралап, уағыз айтумен айналысады. Таблиғи жамағатының негізгі 4 айлық сапарлары - Үндістан, Индонезия және Пәкістан елдеріне бағытталған. Таралмыш діни ағымдардың ішінде өзінің жүріс-тұрысы және киіну стилімен бірден көзге түсетін «Таблиғи жамағат» ұйымының қызметі Қазақстандағы мұсылман үмметінің наразылығын оятып қана қоймай, құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Қазақстан Республикасының 2011 жылдың қараша айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында белгіленген тәртіп бойынша құзыретті органда діни бірлестік ретінде тіркеуден өтпеген бұл ұйымның ендігі қызметі ел аумағында заңсыз болып табылады. Прокуратура органдарының ұсынуымен 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен аталған діни ұйымның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынды. Алайда аталмыш ұйымның идеологиясын ұстанушылардың әлем бойлай кеңінен таралып, қызметтерін заңды тұлға ретінде тіркемей емін-еркін жалғастыруы осы мәселеге қатысты бірқатар сұрақтарды тудыртады. Елдегі діни ахуалды реттеуге қатысты бастамалар үшін маңызды деп аталып кеткен сұрақтар осы тақырыптың өзектілігін айқындамақ.
№2 билет
1) Исламдағы құқықтық және доктриналдық мектептердің айырмашылығын көрсете отырып олардың сүйенетін негіздерін талдаңыз???
1. Сунниттер өз арасында діннің практикалық жағына байланысты төрт мектепке (мазһаб), сенім негіздері (ақида), яғни доктриналдық тұрғыдан үш мектепке бөлінеді. Бұл мектептердің арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер негізінен діннің кейбір жекелеген, екінші деңгейлі мәселелеріне қатысты. Әйтпесе діннің басты негіздерінде барлығы дерлік ауызбіршілікте. Бұл мектептер мыналар:
А) Құқықтық мектептер (Фиқһ мазһабтары) : Ханафи мазһабы, Малики мазһабы, Шафи мазһабы, Ханбали мазһабы.
Ә) Доктриналдық мектептер (Ақида мазһабтары) : Матуриди мазһабы, Ашари мазһабы, Салафия мазһабы.
Яғни құқықтық мәзхабтар фиқхта ферғи мәселерде талдайды десекте болады. Өиткені шариғатта ненің халал, харам екендігін үкімін береді. Ал доктриналық мәзхабтарда асли мәселелер қозғалады Алланың сипаттары, сенім, иман ету деген мәселелер қозғалады.
2) Әбу Ханифаның иман негіздері жайлы көзқарастарының сунниттік теологияның қалыптасуындағы ықпалын айқындаңыз???
Иман негіздерін Әбу Ханифа жеке түсіндірген:Алланың барлығы, тағдыр және құлдардың іс-әрекеттері, пайғамбарлық, ақыретке иман, иман-күнә, күпірлік, имамат, жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару.
Әбу Ханифаның ойынша иман тілмен айтып, жүрекпен бекітуден тұрады. Амал иманның бір бөлігі емес, одан кейін келетін нәрсе. Адам иманының күшімен Аллаға құлшылық етеді, ораза ұстайды, қажылыққа барады. Әйтпесе намаз қылып, ораза ұстағандығына немесе қажылыққа барғаны үшін иман етпейді. Шындығында Құран-Кәрімде иман амалдан бөлек қарастырылған. Амалы жоқ адамға да мумин деген. Иман ете тұрып парыз амалдардан біреуін орындамаған адам күнәһар болады және бұл ісін халал деп есептемейінше күнә жасау бір мұсылманды діннен шығармайды. Оның азап көруі немесе кешірілуі Алланың қалауына байланысты. Мұндай адамдардың кешірілетіндігінен үміт етіліп, азап көрулерінен қорқылады.
БИЛЕТ №3
1. Исламдағы мазхабтардың пайда болуындағы саяси себептердің рөлін талдаңыз. Мазһабтың сөздік мағынасы араб тілінде «жол, баратын жер» дегенді білдіреді. Ислам терминологиясында мазһаб - белгілі бір бағыт, ілім, құқықтық-доктриналдық мектеп, дүниетанымдық жүйені білдіретін ауқымды категория болып табылады. Ислам тарихында мазһаб сөзі жалпы алғанда сенімдік (ақида, доктриналдық), саяси және құқықтық (фиқһтық) тұрғыда жүйеленген көзқарастардың барлығы үшін қолданылған. Исламда мазһабқа бөлінушіліктің себептері туралы көптеген еңбектер жазылған. Ислам тарихында діни және саяси топтар қалыптасуы барысында «асхабул мақалат» деп айтылған. Мұның себебі кейбір ғалымдар қоғамдағы оқиғаларға қатысты шағын «мақалалар» жазып, өз көзқарастарын білдіріп отырған.
- Саяси себептер: Шахристани өзінің еңбегінің кіріспесінде Исламдағы қантөгістерге себеп болған жағдайлардың ең басында халифалық мәселесінің тұрғанын баса айтады [5] . Батыстық шығыстанушылар да мазһабтардың шығуында саяси себептердің маңызды орын алатынын көрсетеді. Хз. Мұхаммед Пайғамбардың өлімінің артынша жасалған жиналыста Әбу Бәкір халифа тағайындалады. Алайда бұл жағдай Саъд ибн Убаденің халифалығын қолдап тұрған ансарлар, пайғамбардың жаназа жұмыстарымен жүріп жиналысқа қатыса алмай қалған және Алидің халифа болуын қалайтын Хашимұлдары, Әбу Бәкірді халифа еткен мухажирлер және бүкіл үміткерлерді мойындамай бейтарап қалушылар болып сахабалардың төртке бөлінуіне әкеп соқты. Мұнымен қоса Осман халифтың билігінің екінші жартысында ортаға шыққан саяси тұрақсыздық ұшыға түсіп халифаның өлтірілуімен аяқталады. Бұл жағдайлар саяси мақсат пен түсінікке негізделген кейбір топтардың қалыптасуына себеп болды. Осы топтар саяси пікірлерін негіздеу немесе саяси мақсаттарының астында жатқан мүдделерін көрсетпеу үшін діни мәтіндерге арқа сүйейді. Алидің әскерінен бөлініп кеткен харижиттер осындай жағдайдан туындаған мазһаб болып табылады. Сондай-ақ халифалық төңірегіндегі талас-тартыстарда Алидің тарапында болғандар уақыт өте келе өзгерген саяси жағдайларға байланысты топтарға бөліне бастайды. Халифалықтың Али мен оның ұлдарына тиесілі екендігі туралы бір көзқараста болғандарымен, жекелеген мәселелерде бір-біріне қайшы бірнеше діни-саяси топтар пайда болады. Саяси себептер харижиттік пен шииттік секілді екі үлкен топтың қалыптасуына себеп болумен қатар, басқа да мазһабтардың пайда болуында маңызды рөл ойнаған.
2. Уаххабизм діни саяси ағымының қалыптасуы мен даму жолдарын талдау арқылы сыни пікір беріңіз. Салафия немесе Уахабия термині Сауд Аравия жерінде 18-ғасырдың аяғында бастау алған саяси діни қозғалысқа қатысты айтылады. Негізін қалаушы - Мухаммад ибн Абдул Уаххаб. Оның толық аты-жөні Мухаммад ибн Абдул Уаххаб ибн Сулейман ибн Мухаммад ибн Ахмад ибн Рашид әл Мушшарафи әт-Тамими. Нақты туған жылы белгісіз, шамамен 1703 жылы Нәдж аймағында Уяйна деген қалашықта дүниеге келген. Әкесі Абдул Уаххаб Бану Тамим тайпасында атақты ғалым болған. Жас кезінде әкесінен Ахмад ибн Ханбалдың мазхабы бойынша фиқһ ілімін оқыған. Ағасы Сулеймен де сол уақыттағы атақты ғалымдардың бірі еді. 12 жасында қажылыққа Мекке, Мадинаға барып кейін үлкен ғалымдардан білім алып ілімін шыңдайды. Уахабизмнің пайда болу себептері мен олардың мақсаттарына келер болсақ, жария болған мақсат және жасырын құпия мақсат болып екіге бөлінеді. Жария жұрт аузындағы мақсаттары - Алланың бірлігіне, серік қосуға жоламауға, бидғат атаулыдан алыс болуға үндейді. Ал шынайы негізгі мақсаттары ол мұсылман үмметінің ішінен ірткі салу, бір-біріне айдап салу, исламның атына кір келтіру, батыстың айтқанына бағындыру, оларға тәуелді ету. Өйткені, әу баста ислам жаулары мұсылмандармен бетпе-бет келіп, соғысуға шамалары келмейтін, талай жорықтарда жеңіліс тапқан болатын. Пайғамбарымыз (ﷺ) кезінен басталған күрес, Умаяттар, Аббаситтер, Аюбилер, Мамлюктер кезінде де жалғасты, сол ғасырларда бетпе-бет келген ірі соғыстардың ешбіреуінде мұсылмандарды жеңген емес. Ақырында мұсылмандармен соғысу әдісін ең соңғы ислам империясы - Осман империясы кезінде тапты. Мұсылмандардың ішінен ірткі салу. Сол кездегі араб жазирасының түгелімен Осман халифатының астында болғанын тілге тиек етіп, арабтардың ұлтшылдық намысын оятты. Сол уақытта Мухаммад ибн Абдул Уаххабтың керағар ұстанымы өте дәл сәйкес келген еді. Өйткені, ол өзіне ермегендерді күпірлікке шығарудан тайсалмады. Уахабшылардың негізгі сипаттарына тоқталатын болсақ: 1- Ақидадағы (сенімдегі) ауытқу. Олар Аллаға дене, пішін береді. Олардың мұсылман бауырының сенімін анықтау үшін ең бірінші сұрайтын сауалдары «Алла қайда?». Олар Алланы тақтың үстінде аспанда орналасқан, түннің бір уақытында жерге түседі оның қолы, аяғы, жүзі бар деп сенеді.
2- Адасуларының бірден-бір көрінісі сенім тұрғысында Ашғари, Матуриди ақидаларын адастыға шығарады. Кейбір пәтуаларда кәпір деген де үкім бергендер болған.
3-Сопылықтың барлық түрін жоққа шығарады. 4- Исламдағы мазһабтарды мойындамайды, тек өздерінің ғалымдарына (Ибн Таймия, ибн Абдул Уаххаб, Ибн Баз, ибн Усаймин т. б) шақырады. 5- Оларда ең маңызды болған мәселелердің бірі қабірлерге құран оқу, дұға жасау мақсатында зиярат қылумен күрес. 6-Тауасулдың кез-келген түрін жоққа шығару. 7- Олардың сенімі бойынша мұсылмандардың негізгі бөлігі кәпірлер, мүшріктер, ақидада қателескендер, бидғатшылар. Алланың құтылған тобы тек өздері екеніне иман келтіреді. 8- Олардың сыртқы келбеттеріндегі ерекшеліктер Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде келгендей тақырланған шаштар. Бұл алғашқы уахабшыларда міндетті болған амалдар еді. 9-Олардың пайда болу тарихынан тек мұсылмандармен күрес жүргізгенін байқайсыз. Ешуақытта жалпы мұсылмандардың мәселесін көтерген емес. Әлемдегі көптеген мұсылман мемлекеттерінде соғыстарды тоқтатуға өз үлестерін қоспады керісінше басқыншы мемлекеттерге қолдау көрсеткені баршаға мәлім.
4-Билет
1-Шииіттік мәзһабтар және олардың діни іліміне талдау
Шииттіктің қалыптасуы туралы ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. «Шиа» араб тілінен аударғанда «жақтас», «көмекші», «партия» және «фырқа» мағыналарын береді. Термин ретінде «шиа»-Хз. Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Хз. Али және ұрпағының имамдық үшін ең лайықты кісілер екенін және мұның қасиетті мәтіндер (Құран және Сүннет) арқылы бекітілгеніне сенетін қауымға берілген есім. Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң сахабалар мұсылман қауымын басқаратын біреуді шұғыл түрде іздестіруге кіріседі. Алғашқы имамның Али екендігін айтатын шииттер «Өсиетнама» немесе «Қалам-қағаз» оқиғаларын дәлел келтіреді. Тіпті кейбір Құран аяттарын да көрсетеді. Алидің халифалығы тұсында шииттердің мынадай бағыттары болғаны айтылады:
Муфаддила (Парасат иелері ) : Алиді сахабалардың ең жоғарысы және халифа болуға бірден-бір лайықты адам екендігіне сенетіндер. Бұлар барлық сахабаларды құрметтейді. Исламға қарсы ешбір әрекеттері жоқ. Муфаддилалар уақыт өте келе сунниттермен қосылып кетеді. Түйе және Сыффин соғыстарында Алиді қолдап жақтағандар осылар.
Сабба (Абдуллах ибн Сабашылар) : Алидің сахабалардың ең ұлысы, әрі халифалыққа ең лайықты екендігіне сенбейтін бүкіл басқа сахабаларды лағынеттеп, балағаттайтын шииттік топ. Бұлар алғашқы үш халифаны өздеріне тиісті емес орынды әділетсіз түрде алған адамдар деп есептейді. Имамия және Иснаашария осы Саббаның жалғасы болып табылады.
Ғалия (Шектен шыққандар) : Алидің тәңір екендігін алға тартатын Абдуллах ибн Сабаның жақтастары. Ибн Саба алғашқы рет «өсиет» және «рижъат» (қайта оралу) доктриналарын, яғни Мұхаммед пайғамбар Алиді бір өсиетпен халифа еткенін және Мұхаммедтің өлмегенін, халифалықты Алиге беру үшін қайта келетінін сенім түрінде насихаттайды. Бұлар Алиге «сен құдайсың» деп сәжде еткен уақытта бір бөлігін өртетіп, бір бөлігін жер аудартып жібертеді. Али, ислам сенім жүйесіне зиян келмесін деген мақсатпен Ибн Сабаны дарға астырады.
Шииіттер өз іштерінде топтарға бөлініп кеткен. Олар: Қайсаниттер, Зәйдиттер, Имамиттер, «Шеткі» шииттер, Исмаилиттер, Дурзиттер және Нусайриттер.
Қайсаниттер Алидің ұлдары Хасан мен Хусейннің өлімінен кейін бірінші болып бөлініп шықты. Олар Алидің ханиф тайпасынан шыққан күңнен туған баласы Мұхаммед ибн Ал Ханафияны имам деп жариялады. Олар өздерінің мойнына «жазықсыз өлтірілген» Хусейін үшін кек қайтаруды жүктеген. Ал Мухаммед ибн ал ханафияны мойындамағандар Хусейннің кіші Али деп аталып кеткен баласын мойындайды. Оның мирасқоры ұлы Mұхаммед ал Бақыр, оны көбісі мойындағанымен саяси енжарлығына байланысты қабылдамаған топтар болған. Олар оның ағасы Зәйд ибн Алидің қасына жиналып Зәйдиттер тобы құрылды. Зәйдиттердің негізгі мақсаты - Али әулетінен тараған имам басқаратын теократиялық мемлекет құру болды. Бұлар шииіттердің ішіндегі суннаға ең жақыны. Зәйдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай, имаматқа келуге тек қана Пайғамбар әулетінің ғана құқы бар, яғни имамат тек Фатимадан және оның ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Зәйдиттер ислам мемлекетінің имамсыз уақытша тіршілік етуіне болатындығын мойындайды және түрлі қауым мен түрлі елдерде - егер олардың арасындағы қарым-қатынас қиындаған болса - бір мезгілде бірнешеме имамдар шығуына болатындығын қабыл алады.
Имамиттер Али әулетінен шықан 12 имамды мойындайды. Имамат Пайғамбардың өз аузынан айтылу арқылы немесе алдыңғы имамның ауызынан шығу арқылы қолдан қолға беріледі. Мойындалатын имамдар әулетінен шыққан адамдар таусылған соң Мұхаммед әл- Махди «жасырын» имам болып жарияланды, сөйтіп «кіші жасырыну» деп аталатын кезең басталды. «Жасырын» имам туралы идея VІІ ғ. соңында пайда болған еді. Имам өз қауымының тағдырын сырттай жіті бақылап отырады, бірақ көрер көзге көрінбей жетекшілік етеді деп айтылады. Төртінші сафир өлер алдында өзінен кейін келетін ізбасарды қалдырмаған көрінеді. Сондықтан да «үлкен жасыру» басталып кетті. Ол имамиттердің түсінігі бойынша, әлі күнге дейін жалғасып келе жатса керек. Тоғызыншы ғасыр соңында иснашиттер деп те аталды.
Ғулат Олардың «шектен шығып кетулерін» Алиді және оның ұрпақтарын құдайдай көруден байқауға болады. Шеткі шииттердің жалпы алғанда барлығына ортақ сенім негіздері бар. Олар:
- Алланың қасиеттерін имамдарына және адамдарға ұқсатады. Құдайды материалдық тұрғыдан елестетеді. Алиді тәңір деулері осыны көрсетеді.
- Шектен шыққан шииттер көбінесе құдайдың имамдардың және адамдарың денесіне еніп, бірігетініне сенеді. Имамдардағы рухтың тәңір екендігін қабылдай отырып, тәңір деп біледі.
- Өлген адамның рухының жағдайға байланысты келесі бір адамның немесе хайуанның денесіне өтетініне сенеді.
- Шеткі шииттердің барлығы Ислам дінінің тиым салған нәрселерін өздеріне рұқсат деп біледі.
Исмаилиттер алтыншы имам болып есептелетін Жафар ас-Садықтың ұлы Исмаилды және одан кейінгі оның ұлы болып табылатын Мұхаммедті имам деп есептейтіндерге айтылады. Исмаилиттер Низарилер және Мусталилер болып екіге бөлінді
Мусталиттер басты ерекшеліктері мынау:
- Вилаят (Имамат) : Алидің имам екенін мойындау сенім негіздерінен болып табылады.
- Исламдағы бес уақыт намазды қосып үш рет оқиды. Құлшылықтан кейін имамдарды еске алады.
- Зекет беру міндетті парыз болып есептеледі. Зекет арнайы адамдар тарапынан немесе көсемдері тарапынан жиналады. Жиналған зекет көсемге беріледі. Ол жамағаттың қажеттіліктеріне жұмсайды.
- Қажылық Меккеде орындалады. Сонымен қоса Кербела секілді жерлердегі имамдардың мазарларына зиярат етіледі.
- Имам және көсемдердің талабын орындау үшін жанымен, малымен жихад ету парыз.
Назарилер намазды бір «дұға» деп түсіндіреді. Күніне үш уақыт намаз оқиды. Намаздарында бүкіл мұсылмандар секілді Қағбаға емес, имамдары отырған жаққа қарайды. Кербела топырағынан жасалған «мөр»деп аталатын керамитке сәжде етеді. Рамазан және құрбан мейрамдарында басқа мұсылмандармен бірге намазға тұрады. Ирандағы Низарилер болса еш намаз оқымайды.
2-Әбу Ханифаның иман амал қатынасы туралы көзқарастары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz