Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Эстетика, Эстетикалық талғам, Эстетикалық тәрбие ұғымдары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту ... ... ... 9

2 ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Балалардың көркем- шығармашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.2 Балабақшадағы эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары ... ... ... ... ... ... .. 14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқандығы белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру - бүгінгі күннің басты сұранысы. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осына халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты оның саналы тәртібі мен мінез - құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамныі әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Зерттеу объектісі - Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Зерттеу мақсаты - баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі көркем өнердегі әсемдікті түсінуіне, оны қабылдауына педагогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту

Зерттеу міндеттері:
- Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
- Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту;
- Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;
Зерттеу әдістері:
Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми әдістемелік, философиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектерге талдаулар жасау, сырттай бақылау, әңгімелеу, табиғи экперимент;
Зерттеу базасы:
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Алия балабақшасында жүргізілді.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Эстетика, Эстетикалық талғам, Эстетикалық тәрбие ұғымдары туралы түсінік
Эстетика - гректің эстетиз деген сөзінен алынған, ол сезімдік, сезіммен қабылдайтын дарындылық деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет эстетика ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің осы аттас кітабына сәйкес қолданылды, бірақ ғылыми ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.
Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымының ерекшелігі туралы айтыс осы күнге дейін оластаған жоқ: әсемдік дегеніміз не? Өйткені оны заттық тұрғыдан сезінбейсің.
Әсемдік - бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес келетін жоғары дәрежедегі терең сезімі. Ерте дәуірдегі суреттерге зер салсақ біз еңбек процесін көреміз: әркім өзінің айналысқан ісіне орай сурет салған: аң аулау, балық аулау, жермен айналысу т.с.с. Соған орай Өмір деген тамаша афоризмімен келіспеуге болмайды: Бірақта әсемдік жайындағы түсінікті субъективтік те кездеседі. Себебі әсемдік жайындағы ұғымды анықтауда көптеген маңызды әлеуметтік-психологиялық факторлардың ықпалы болған: дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшелігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы адамзаттық өлшем бар: ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т.б.
Әсемдікті тану (эстетика) - табиғатта, қоғамда, адамның іс-әрекетінің қай түрінде болмасын, оның қарым-қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым болып табылады. Ақиқат дүниені, ондағы құбылыстар сырын адамның тануы тек ақыл арқылы ғана емес, сонымен бірге түйсік арқылы беріліп, көңіл-күй сезімімен біртұтас қабылданады. Соған сәйкес заттың немесе құбылыстың жетілгендігі, идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адам баласына әсемдіктің ләззатын алып келеді.
Әсемдікті тануға тәрбиелеу- оқушының бойында өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі көңіл күй сезінерлік қатынасты қалыптастыру үрдісі. Мақсаты- оқушы тұлғасының әсемдікті тануын, білім алуын дамыту, рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.
Эстетикалық сезім адам баласы туғаннан бірге пайда болмаған, керісінше ол ақиқат дүниені оқу-тәрбие процесінде тану арқылы қалыптасып дамиды. Біздің елде оны ерте кезден қолға алады: отбасында, балабақшада әдемі ойыншықтармен, суреттермен, балалар әдебиеттерімен, музыкамен, мультфильмдермен танысу барысында жүзеге асырады. Одан әрі ол мектеп жағдайында мақсатты әрі белсенді түрде жүзеге асырылады.
Эстетикалық талғам (сезім) дегеніміз - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қымбат қасиеті. Маркс сөзімен айтсақ: Адам табиғатының (еңбек адамының) тек кең өріс алған объективті байлығының молдығы арқасында ғана адам сезімінің субъективті байлығы пайда болады, әдемілік түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім құлақ пен көз пайда болады, қысқасы адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдері жаңа туып, кейбірі одан әрі дамып отырады.
Ұлы ақын, көрнекті ағартушы, ұлттық педагогика ғылымының іргетасын қалаған Мағжан Жұмабаев эстетикалық сезім туралы кезінде былай деген екен: Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптер мен толқындаған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерек сұлу ай, жұлдызды түн, міне,осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки, искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлі адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Сәулет, сұлу сурет(живопись), скульптура секілді пластика өнері адамның көру сезімін сиқырлап барып жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Ол эстетикалық - мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі, сонымен бірге эстетикалық сапа және эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.
Сонымен қатар, ол қазіргі жағдайда тәрбиенің басқа салаларының нәтижесін көтеруде де қажетті буын болып табылады. Бұған қосымша оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қазіргі қоғамның мәдени реформасының маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Мұндағы негізгі мақсат - тұлғаның тұтас дамуын қамтамасыз ету.
Бұл жастардың эстетикалық тәрбиесінде бірнеше маңызды әлеуметтік қызмет етуге мүмкіндік береді, соның ішінде тұлғаның мәдени ой-өрісінің дамуымен байланысты танымдық; эстетикалық мағлұматтардың идеялық бағытын, эстетикалық идеалдың мазмұнын, талдау және бағалаудың ғылыми және идеологиялық дәлдігін белгілейтін, дүниетанымдық шығармашылықта, қызығушылық әрекетте және әр түрлі шығармашылық қабілеттердің дамуымен байланысты, әрекетпен және мінез-құлықтың эстетикалық нормасы және өлшемінде жүзеге асатын, пәндік-практикалық; соңында, тұлғаның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын, әсерленушілік (эмоционалдық).
Эстетикалық тәрбие, ең ақырында, балалардың әлеуметтік жағдайына, оның жан-жақты даму болашағына, болашық маманның дара эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға сай жүйені құруға ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиенің жалпы мақсаты тұлғаның жоғары дәрежедегі эстетикалық мәдениетін қалыптастырып және шығармашылық әрекетін дамыту. Оның еңбекке, табиғатқа, ғылымға, өнерге, қарым-қатынасқа, спортқа эстетикалық көзқарасын дамыта отырып, тұлғаның шығармашылық күш-қайратының қалыптасуына белсенді ықпал ету.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру көпшілік мәдени-тәрбиелік және эстетикалық тәрбие жұмыстарының барлық жүйесімен тығыз байланыста болып, қоғамның мәдени құрылысының бірегей негізі болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мәдениеттің құрылымын жетілдіру жағдайында өзінің ары қарай дамуын жалғастырады. Ол үшін, ол балалар өмірінің барлық құрылымына ене отыра, оның мәдени әрекетін оқу, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, отбасында, тұрғылықты жерінде нормаға айналдыру барысында, олардың эстетикалық қабілеттері мен рухани қызығушылықтарын дамыту нақтылы өтімді, ықпалды процесс бола алады. Тек осы жағдайда ғана эстетикалық тәрбие мен көпшілік мәдени-тәрбиелік жұмыстарының нәтижесін көтеруге болады. Олардың әдістері, формалары және құралдары динамикалыққа, мақсаттылыққа және икемділікке ие болып, тұлғаның шығармашылық дамуының нақтылы тетігі бола алады.
Сондықтан да эстетикалық тәрбие тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына алғышарттар жасай отыра, балалардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді.
Тәрбиенің бұл саласын жүзеге асыруға табиғат, еңбек, тұрмыс, қоршаған орта, қоғамдық және тұлға аралық қатынастар зор рөл атқарады.
Эстетикалық тәрбие өмірдің барлық әр алуан әсемділігінен ләззат алу қабілетін тәрбиелеу, қоғамның игілігіне шығармашылықпен еңбек ету қажеттілігінің болуын және барлық қабілеттердің үйлесімді дамуына тырысуы- дейді М.Овсянников
Балалардың эстетикалық тәрбиесі- біздің қоғамның негізгі бір міндеті. Сондықтан да қоғамдағы реформалау жағдайы тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы мәселесіне айрықша маңыз беруде. Себебі, эстетикалық тәрбие тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың, соның ішінде этикалық, эстетикалық, саяси сенімдері, адамгершілік мәдениеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы.
1.2 Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту.
Бала алғашқы жастарынан-ақ өзі түйсінбестен жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Сұлу деген сөз балалардың өміріне ерте енеді. Олар алғашқы жастарынан бастап ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды, болмыспен бірге өнер олардың қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие барысында оларда жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылудан сұлулықты саналы түрде қабылдауға көшу жүзеге асады.
Болмысты эстетикалық қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол үшін негізгі нәрсе заттардың сезімдік формалары -- олардың түсі мен дыбысы. Сондықтан оны дамыту үлкен сенсорлық мәдениетті керек етеді.
Бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Форма дыбыстардың, бояулардың, сызықтардың жиынтығы ретінде бей-неленеді. Алайда қабылдау эмоциялық жағынан боялып, оған белгілі қа-тынаспен ұштасқанда ғана эстетикалық қабылдауға айналады.
Эстетикалық қабылдау сезіммен, тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікпен кездесуден туатын қалтқысыз қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдаудан оған эмоциялық жауап қа-тудан оны түсінуге, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс.
Бұл педагогтан үнемі баланың ызасына тиместен, оның өмірін сұлу-лыққа толтыра беруді, айналасының бәрін барынша парасаттандыра беруді талап ететін бейнетті мол еңбек
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері
* Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
* Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын,сезімталдық қабілетін дамыту;
* Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күн-делікті тұрмыс эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауық-тар. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есіндеұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады
Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның алатын орны ерекше. Дегенменде отбасының рөлі де зор болмақ. Балабақша менотбасының бірлескен ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге асыруға болады.
Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беруде табиғаттың да алатын орны ерекше. Біз әрдайым табиғат сұлулы ғын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуан та отырып, табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз.
Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығын сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз. Табиғат сұлулығын сурет бетіне түсіре білуге, сол сұлулықты балалар өз бойына сіңіруге біз мүмкіндік жасаймыз.Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларға халқымыздыңқол өнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз.Өнер балабақша өмірінің алғашқы күнінен бастапақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралыретінде,әлемді біртұтас жағымдымәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап,талдауға,біліктілікке дағдыланады. Бұл қасиеттер бала бойына өте қажет.

2 ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Балалардың көркем- шығармашылық қабілетін дамыту
Эстетикалық талғам адамның өнерде, өмірде, тұрмыста шын сұлулықпен кездесуінен зор қанағат, рухани ләззат алуынан көрінеді. Эстетикалық талғам дегеніміз кең ұғым; ол өнердің терең мағыналы, тамаша шығармаларын түсінуді, содан ләззат алуды ғана емес, табиғаттың, еңбектің, тұрмыстың, киімнің сұлулығын түсінуді де қамтиды.
Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқыту үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі балалар оқу үстінде балалар әдебиетінің, му-зыканың, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен танысады. Балалар өздерінің жасына лайық шынайы өнер шығармаларын тани білуді, сүюді үйренеді.
Халық ертегілерімен, С. Я. Маршактың, С. В. Михалковтың, К. И. Чу-ковскийдің шығармаларымен таныса отырып, П. И. Чайковскийдің, Д. Б. Кабалевскийдің және басқа композиторлардың шығармаларын тыңдай отырып, балалар көркем сөздің, музыканың сұлулығы мен байлығын сезіне бастайды. Осының бәрі оларды шынайы рақатқа бөлейді, естерінде қалады, керкемдік талғамның негіздерін қалыптастырады.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін тәрбиелей отырып, біз оларды қоршаған сұлулықты көруге және сезінуге, оны аялауға үйретеміз. Гүлдің гүлзарда сақталғаны жақсы, ал оның гүл ашып, жұртқа қуаныш дарытуы үшін оны мәпелеп күту керек. Топта жайлылық пен сұлулық туғызатын тазалықты сақтау керек, қорқытпау керек, өзінің ойыншықтарын, кітаптарын жинап қою керек. Сөйтіп, тәрбиелеу және оқыту процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері шешіледі.
Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді.
Мектепке дейінгі балалардың қолынан көркем өнердің барлық түрі: әңгіме құрастыру, өлең шығару, ән айту, сурет салу, жапсыру әбден келеді. Әлбетте, олардың орасан мол өзіндік ерекшелігі бар, ол ерекшелік балалардың шындықты соншалық пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін нәрсенің шындығына сенетіндігінде, көрушілер мен тыңдаушылар жөнінде қам жемейтіндігінде. Осы кезеңнің өзінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттері дами бастайды, бұл ойдың тууынан, оның іске айналуынан, өзінің білімі мен әсерін ұштастыра білуінен, сезімі мен ойын білдірген кездегі ғаламат шынайылығынан көрінеді.
Балалар творчествосының ерекшелігі, сондай-ақ оның мектеп жасына дейінгі балалардың еліктеуі секілді ең айқын ерекшелігіне негізделетінді-гінде. Ол балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жүзеге асыруда кеңінен көрініс табады.
Мектепке дейінгі балалардың творчествосы алдымен нақ осы ойын ар-қылы көрінеді. Балалардың инициативасы бойынша туатын ойындарға оның түпкі ниетінің болуы тән. Әуелі ол әлі тұрақсыз болады, бір сюжет екіншісімен ауысып жатады; балалар ересек тартқан сайын ойынның түпкі ниеті де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік
Балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Мектепке дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Балалардың әрекеті
Пәндер