Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Орындаған: Бабаназар Балнұр
Тобы: АП-19-1дк1
Қабылдаған: Батыр Эленора
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Кіріспе
Систематика -- өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігі туралы ғылым. Тірі организмдер дүниесі 2 млн, оның 500 мыңы өсімдіктер. Осындай көп түрлі өсімдіктер дүниесімен шұғылданатын ғылым саласы -- өсімдіктер систематикасы деп аталады.
Систематика -- биологиялық ғылымдардың арасында өте ертеде пайда болған ғылым салаларына жатады, себебі адам барлық кезеңдерде де өзін қоршап түрған әлемді түсінуге ұмтылған. Өсімдіктер түрлеріне: нақты атаулар беруге, оларды бір-бірінен ажыратуға, түрге бөліуге тырысқан.
Алайда систематика саласы нақты жетістіктерге XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында қол жеткізді. Соңғы кезеңдерге дейін систематика термині таксономия термині сияқты қабылданған. Таксономия түсінігін ғылымға енгізген швейцар ботанигі -- О.П.Декандоль.
Огюстен Декандоль
(1778 - 1841)
Таксономия грек тілінен аударғанда таксис- сап, қатар; номос -- заң дегенді білдіретін организмдердің жіктелуі туралы ғылым.
Қазіргі кезде систематиканың қарастыратын мәселелерінің ауқымы кеңейген. Организмдерді жіктеу оның қарастыратын мәселелерінің бірі ғана болып табылады.
Систематика ғылымының негізгі міндеттері:
біздің планетамызда мекендейтін өсімдіктер дүниесін сипаттап жазу
өсімдіктер дүниесінің тарихи даму жолын анықтау.
өсімдіктер ішінен мол өнім беретін пайдалы түрлерін анықтау.
Физиология, биохимия, генетика ғылымдары саласында жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының бір де біреуі түрдің нақты анықтамасы болмаса жүргізілмейді.
Қазіргі кезде систематика фундаменталды ғылым ретіңде ғана емес, сонымен қатар синтетикалық ғылым ретінде де мәні бар екендігін биологтар ғана емес, басқа да ғылым өкілдері де мойындаған. Систематиканың ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуде маңызы зор.
-- Систематикамен тығыз байланысатын ғылымдар:
экология;
эволюциялық биология;
геоботаника;
химия;
физика;
география;
геология;
математика.
Систематика ғылымы туындаған мәселелерді шешуде биологиялық ғалымдардың мәліметтерін қолданады, олар:
-- морфология, анатомия, эмбриологая, цитология, экология, генетика, биохимия, молекулалық биология, физиология.
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Төменгі сатыдағы өсімдіктер жайындағы ілімнің негізін алғаш қалаушылардың бірі көрнекті орыс ғалымдарының бірі -- Л.С.Ценковский (1822-1887) болды.
Ол зерттеу жүргізген ғылымдар:
төменгі сатыдағы өсімдіктердің онтогенезі мен генетикалық байланыстары;
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ең төменгі түрлерінің арасында айқын тұрған шек жоқ, олардың шығу тегі бір деген тұжырымдама жасады.
А.А.Еленкин (1873-1942) көк-жасыл балдырлардың систематикасын зерттеуде көп еңбек сіңірді.
Көк-жасыл балдырлардың жүйесін бір ретке келтірді.
Б.К.Қалымбетов пен С.Р.Шварцман -- төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерді зерттеп, оларды бір-бірінен ажыратуда көп еңбек сіңірді.
Көп томдық Споровые растения Казахстана деген атпен алғаш рет кітап шығарды.
Қазақстанда:
Х.Ж.Жұматов -- вирустарды алғаш зерттеп, ботаниканың вирусология саласының дамуына елеулі үлес қосты.
М.Ә.Айтхожин -- өсімдік жасушасының құрамында информасоманың болатынын алғаш ашты.
О.А.Абдрахманов -- жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған алғаш рет қазақ тілінде Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы кітабын жазды.
Өсімдіктердің филогенетикалық жүйесін жасау әдістері
Өсімдіктердің филогенетикалық жүйесін жасауда төмендегі әдістерді жиі қолданады.
Салыстырмалы - морфологиялық әдіс.
Бұл әдіс арқылы бір өсімдіктің вегетативтік және генеративтік органдарының морфологиялық белгілерін салыстыра отырып, оның қандай систематикалық топқа жататындығын, шығу тегі мен басқа өсімдіктер түрлерімен туыстық қатынасын анықтауға болады. Барлық жасанды, табиғи және филогенетикалық системалардың негізі салыстырмалы морфологиялық әдіске сүйеніп жасалған.
Анатомиялық әдіс.
Бұл әдіс өсімдік органдарының анатомиялық кұрылымына негізделген. Өсімдік органдарының анатомиялық құрылымын зерттеу арқылы олардың бір-біріне туыстық қатысы, шығу тегі жайында қорытынды жасауға болады. Анатомиялық және морфологиялық талдаулар жасай отырып, төменгі сатыдағы өсімдіктердің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы мен ұқсастығын анықтауға болады. Бұл әдіс өсімдік физиологиясымен тығыз байланысты, өйткені өсімдіктердің құрам бөліктерінің физиологиялық қызметін анықтау арқылы оларды толық зерттеп, біртұтас организм екенін білуге болады.
Эмбриологиялық әдіс.
Ұрықтың, тұқымның және өсімдіктің жеке органдардың онтогенезін зерттеу арқылы олардың өзара байланысын анықтауға болады. Осы әдіс арқылы Гофмейстер, Горожанкин және т.б. ғалымдар төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, архегониялы өсімдіктер мен жабық тұқымды өсімдіктердің арасындағы туыстық байланыстың барлығын анықтады. Эмбриологиялық әдіс салыстырмалы морфология шеше алмайтын өсімдіктер органдарының гомологиясы мен аналогиясы туралы мәселелерді де шешеді. Сондықтан бұл әдіс өсімдіктердің салыстырмалы морфологиясымен тығыз байланысты.
Морфологиялық - географиялық әдіс.
Систематикалық кіші бірліктерді - түр мен туыстың, туыс пен тұқымдастың арасындағы систематикалық байланысты анықтау үшін қолданылады. Мұнда өсімдіктердің жер шарының аймақтары мен белдеулеріне қарай бөлінуіне және жеке өсімдік түрлері мен туыстарының әрбір жерге таралу заңдылықтарының себептеріне, оның таралу шегіне (ареалына) сүйенеді. Өсімдіктің сыртқы формасы белгілі бір тіршілік жағдайына байланысты қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік түрінің тараған белгілі бір ареалы болады. Бұл әдіске сүйену арқылы өсімдіктердің жер бетінде таралуына тікелей сыртқы ортаның әсер ететінін және өсімдіктердің белгілі бір ортада тарихи қалыптасатындығын анықтауға болады.
Экологиялық - морфологиялық әдіс.
Бұл әдіс морфологиялық-географиялық әдіспен тығыз байланысты. Себебі, экологиялық зерттеулер өсімдіктің физиологиясымен және морфологиясымен тікелей ұштасып жатады. Өсімдіктің белгілі бір түрі арнаулы тіршілік жағдайында ғана өсе алады. Сонымен қатар, өсімдіктер өздері қоршаған ортаға эсер етіп, жаңа орта жағдайына сай бейімделеді. Организмнің осы жағдайдағы тіршілігіне байланысты жергілікті ерекшеліктер пайда болады. Сондықтан өсімдіктің тіршілік жағдайы морфологиялық жағынан талдау жасағанда, әсіресе түрішілік және туысаралық мәселелерді шешуде ерекше орын алады.
Биологиялық әдіс.
Бұл әдіс кейбір өсімдіктер топтарының туыстық қатысы мен шығу тегін анықтауда қолданылады. Бұл әдіс екі өсімдік организмінің құрамындағы ұқсас заттардың болуына негізделген. XIX ғасырда өсімдіктердің химиялық құрамы оның систематикалық ерекшеліктеріне байланысты болатындығы анықталды. Көп өсімдіктердің топтарына әр түрлі химиялық қосылыстар тән.
ІІалеоботаникалық әдіс
Бұл әдіс филогенетикалық системаға аса маңызды деректерді беріп отырады. Өткен геологиялық кезеңдерде болған өсімдік қалдықтарын зерттеп, ертедегі өсімдік дүниесінің бейнесін анықтайды. Өсімдіктердің қазба қалдықтары белгілі бір геологиялық дәуірдегі таралуын, дамуын және олардың тегі болған басқа өсімдіктер топтарымен алмасуын дәлелдейді. Мысалы, төменгі сатыдағы өсімдіктер топтары Жер бетінде бірінші пайда болған, одан кейін мүктәрізділер және т.б. Бұл дәлелдемелер өсімдіктердің филогенетикалық системасын жасауға негізгі материал болуымен қатар, оның қорытындыларының тірегі болып саналады.
Гибридтік әдіс
Бұл әдіс арқылы форма, түр, туыс және басқа да систематикалық бірліктерге жататын өсімдіктерді өзара будандастыра отырып, олардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz