Ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау


№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
РЕФЕРАТ
А. С. Макаренконың ұжым туралы ілімі
Тобы:
Дайындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2020 жыл
Тақырыбы: А. С. Макаренконың ұжым туралы ілімі
Жоспар:
I-Кіріспе бөлім
II-Негізгі бөлім
- А. С. Макаренконың ұжым туралы ілімі
- Ұжым туралы жалпы түсінік.
- Ұжымның даму кезеңдері;
- Ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау.
III-Қорытынды бөлім
IV-Пайдаланылған әдебиттер тізімі
1. А. С. Макаренконың ұжым туралы ілімі
А. С. Макаренко еңбектері: “Педагогикалық дастан”; 1933ж “Ата - аналар кітабы”; 1937 ж “Мұнара үстінде таулар”; 1938 ж “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар”т. б. 1939 ж.
А. С. Макаренконың жүйесіндегі ең негізгі идея “Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу”
Ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы. А. С. Макаренко
2. Ұжым туралы жалпы түсінік.
Ұжым (collectives -лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым - ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А. С. Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А. С. Макаренко ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.
А. С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы .
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А. С. Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.
А. С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:
• ұжым алдындағы айқын мақсат;
• ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
• өз арасында міндеттер белгілеуі;
• белгіленген міндеттерді орындауы;
• қатаң тәртіптің болуы;
• өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.
3. Ұжымның даму кезеңдері;
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А. С. Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою бала-ларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
• Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
• Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
• Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы.
• Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А. С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т. б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудық арқасында ұжым-дық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдықталқылау, бағалау жариялылық, әрекеттілігі - қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау . Осыған орай А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А. С. Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызыңты, істер бол-маса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива : балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашың перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы.
Қашық перспектива : келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.
Қоғам адамдары кашьщ перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардық қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып, оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжым өміріндегі дәстүрдің түрлері: мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Ұжымның даму кезеңдері:
1 кезең Педагогикалық талапты оқушылар алдына тікелей мұғалімнің, тәрбиешінің өзі қояды.
2 кезең Талапты педагогпен бірге ұйымдасқан, ұжым мүддесін түсінген активтер (белсенділер) тобы қояды.
3 кезең Педагогикалық талапты бүкіл ұжым болып қоятын дәрежеге жетеді.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А. С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А. С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым - басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л. И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т. Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р. С. Немов, А. Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:
- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған
бірлескен іс-әрекеті;
- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;
- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,
өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т. б. Балалар ұжымы - өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В. А. Сухомлинский) . Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.
А. С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы - перспективалык бағыттарының
болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат. іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А. С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның
оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.
Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы - параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т. б. ) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т. с. с) . Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И. П. Подласый) .
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын, өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.
Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А. С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен
жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz