Болмыстың түрлері


Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факултеті
БӨЖ
Тақырыбы : Болмыс және оның түрлері
Қабылдаған: Көлеген Г
Орындаған: Керимбай А
Тобы : Фат-914 А
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Болмыстың түрлері
2. Материяның өмір сүру тәсілдері
3. Қозғалыс және оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Онтология - болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі - "болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар - бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы - дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. . Бар нәрселердің бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді. Бұдан ұғынатынымыз болмыс болмыссыздыққа ауысып жататындығы. Бабаларымыз дүниені «жалған» деп атауы, үнділердің «Ұлы сағым - Мая», ал Гегельдің «жоғала бастаған болмыс», немесе «Дүние дегеніміз - мәңгілік қалыптасу» - дегенінен ұғатынымыз, дүниенің өзгергіштіг і, екінші жағынан қанша өзерісе де - өмір сүріп қала беретіндігі .
Болмыс ұғымына қарсы ұғым- болмыссыздық. Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Прменид болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». бұл ой өмірлік тәжірбиеге сай клмейді. Бұл дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ. яғни, Парменид бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады, яғни ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Теяр де шарденнің «Дүние әлі де жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын негізгі күш - адамзат» - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін - ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені - түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
- Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы
- Адам болмысы;
- Руханилық болмысы;
- Әлеуметтік болмысы;
Заттар мен табиғи үрдістер болмысы ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс - бастапқы және Адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыда алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, Адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш - мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар - шектеулі, өткінші. Табиғат пен ғарыш әлемі субстанционалды. Барлығының негізі - материя. Материя атрибутивті: қозғалыс, даму, өзгеріс, мәңгілік, шексіздік, таусылмастық, объективтілік және т. б.
Материя диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда, объективті нақты және түрі жағынан алғанда сапалық-сандық алуан түрлі, өзінің акциденциалдық-функционалдық көрінісінде таусылмайды. Ол жалпы универсум, онда танымдық-зерттеушілік тұрғыдан үш деңгейді айқындауға болады: мега әлем, макроәлем және микроәлем. Материяның күрделі құрылым екендігі айдан анық. Дамудың диалектикалық концепциясы - универсумды пайымдаудың мүмкін болатын бір ғана позициясын ұстанатын тек философиялық парадигма ғана, ал әр түрлі жаратылыстанымдық-ғылыми концепциялар әлемнің әр түрлі құрамдастары туралы біздің көзқарасымызды тек қана кеңейте алады, мұның бәрі әлемнің бірбеткей иерархиясы тұрғысындағы салыстырмалы түрдегі білім ғана.
Адам болмысы - болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психикалық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге - барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы - мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.
Әлеуметтік болмыс , әлеуметтік философияның ұғымында мәдени-өркениеттік әрекеттің объективті-жалпы үрдісі ретінде, индивидтің өмір қамы үрдісі ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысының күрделі ұйымдасқан үрдісі және индивид санасының интеллектуалды адамгершілік бағдарындағы нақты формасы ретіндегі рухани болмысының стихиясы мен онтологиясы.
Осылайша, әлемдегі Адам болмысы мәңгілік пен өткіншіліктің, шексіздік пен шектіліктің, тұрақтылық пен өзгермеліліктің, субстанционалды анықтық пен бос белгісіздіктің, мәнділік пен тіршіліктің және т. б. арақатынастарымен сипатталады.
Өз кезегінде болмыстың бұл формаларының өз деңгейлері болады. Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі басты мәселе субстанция ұғымы, субстанция мәселесі «алғашқы бастама» жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде пайда болды. Субстанцияны қалай түсінуге байланысты - мәнділіктің өзі ретінде (антиктік гректерде) немесе жоғарғы және абсолюттік негіз құдай ретінде (ортағасырларда), немесе трансценденталдық негіз (Канта - тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде), немесе Абсолюттік рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде (Гегельде), немесе қоғамның экономикалық негізі ретінде (Марксте), немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде (материалистерде), немесе билікке деген ерік ретінде (Ницшеде) және оны танудың әдістері мен тәсілдері мәселені баяндау мен мақсатты негіздеу ережелері ойлап табылып, жасалынды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдер пайда болды, олар:
- Монизм / материалистік немесе идеалистік/
- Дуализм.
- Плюрализм.
Монизм - бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім. Материалистік монизм идеясы бойынша, негізгі ұғым материя болып табылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында материя ретінде белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін философиялық аспектіге ие.
Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады. Материя, олардың болмыс түрлері: қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз байланысты.
Идеалистер барлық құбылыстардың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санайды. Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Гегельдің философиясы болып табылады.
Дуализм - материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализмнің түп төркіні - материализм мен идеализмді ымыраластыру. Дуалистік сананы материядан бөліп алу, идеализмге соқтырады. Әсіресе дуализм Декарт пен Кант философиясына тән.
Плюрализм - дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды мойындайтын философиялық ілім
Болмыс категориясы-философиялық ойлаудың негізі. Онымен адам осы өмірдің, адамның орнын, заттар мен процестердің тіршілігін айқындап бере алады.
Болмыс -бұл өзінің жиынтығындағы обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс-таза тіршілік, ешбір себебі жоқ. Болмыс өзіне-өзі себеп. Обьективті реалдық дегеніміз-табиғат заттарының әлемі, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар мен адамның әлеуметтік заттар әлемі, яғни материалды, социо-табиғи әлем. Субьективті реалдық дегеніміз-адамның, оның санасының, руханилығының психикалық күй әлемі. Болмыстың негізгі түрлері:
1) материалды болмыс
2) рухани болмыс
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz