Өндірістегі жазатайым оқиға
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Реферат
Тақырыбы: Жұмысқа байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу
Орындаған: Палуан К.
Қабылдаған:
Тобы:403 ФӨТҚ
Шымкент - 2020
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Өндірістегі жазатайым оқиға
2. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру және оларды есепке алу
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.
Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары;
Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
Кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
Қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
Қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;
Қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
2. Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:
1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтіру кезінде;
2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде;
4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің көлігінде;
6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;
7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса;
8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс уақытының алдында немесе одан кейін жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын жерінен) жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса, өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.
Мәселен, Оңтүстік облыстық еңбек инспекциясының мәліметтері бойынша жыл басынан бергі алты айдың көлемінде орын алған 53 жазатайым оқиғаның салдарынан 56 адам зардап шексе, 10 адам қайтыс болды. Соңғы жылдары жазатайым жағдайлар азайды деген энергетика саласының өзінде соңғы айларда салдары өлімге апарып соққан 3 жазатайым оқиға орын алып отыр. Олардың барлығының әлі нақты бағасы берілер, бірақ, бүгінде бір жағдай анық: Мақтаралда электр есептегіш құралын орнату бойынша шебер Б.Тұрғанбаевтың өлімі өндіріспен байланысты және оның қайғылы жағдайға ұшырауына мекемедегі ұйымдастырушылық жұмыстардың жеткіліксіз дәрежеде екені болғаны айдан анық. Осы қайғылы 3 жағдайдан кейін, облыс бойынша осы саладағы барлық қызметкерлерді қайта оқытып, олардың білімдерін тексеру қажет деген қорытындыға келіп отырмыз. Жалпы алғанда, өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері ретінде қауіпсіз еңбек тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, жұмыстарды қанағаттанғысыз дәрежеде ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібінің бұзылуы, жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қадағалаудың болмауы, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтың өткізілмеуі секілді кемшіліктерді айтуға болады.
Күнделікті тіршілікте еңбек қауіпсіздігіне оқытуға, нұсқаулықтан өткізуге көпшілік басшылар мән бермейді. Ал, бірақ, дана халқымыз күзе мың күнде емес, бір күнде сынады деген емес пе? Кезінде қырым қанды безгенінен көз жұмған Түркістандық дәрігерлерге қатысты оқиғаға байланысты сол кездегі денсаулық сақтау министрі ақ халаттылардың өздерін кінәлаған жағдай болғанын білесіз. Мен бұған қарсы болдым. Өйткені, өзгенің өмірін аман алып қалам деп, өздері ажал құшса, қалай біз оларды кінәлауымыз керек? Менің білуімше, марқұм хирург өте тәжірибелі дәрігер болған. Бірақ, адам қанша тәжірибелі болса да, қателеседі. Оның ота жасау барысында медициналық қолғабы жыртылып кетіп, отаны жалаңаш қолмен жалғастыра берген. Ота ұзақ болған. Негізінде мұнда жұмыс берушінің де кінәсі бар. Жұмыс беруші ота жасайтын бөлмеге еңбек қауіпсіздігі бойынша арнайы нұсқаулықты іліп, онымен маманды таныстыру қажет еді. Тауардың сертификаты болуы керек. Барлық салада тәуекел көзі болады, сондықтан басшылар тарапынан осының барлығы орындалып, бақылауға алынуы қажет. Осыны жасамады ма, демек, жұмыс беруші кінәлі. Ал, аталған талаптардың барлығы орындалып, осыдан кейін де мамандар қателікке жол беріп жатса, онда жұмыскердің өзі ғана кінәлі болып шығады. Біздің қызметтің қиындығы сол - әр жағдайға жіті көңіл бөліп, әділ қарау керек.
Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдік мас болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты себеппен орындаған кезде;
2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді.
Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтініш жасауының әрбір жағдайы туралы жұмыс берушіні және мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ қатерлі кәсіптік ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.
Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек испекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;
3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші:
1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауға тиіс.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
4) мыналарды:
* жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);
* нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
* зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
* зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
* зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
* аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;
* комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды береді.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 324-бабына сәйкес
1. Арнайы тергеп - тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
* төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
* мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады.
Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz